Loading...
Larger font
Smaller font
Copy
Print
Contents
ҮЛЫ ШАЙҚАС - Contents
  • Results
  • Related
  • Featured
No results found for: "".
  • Weighted Relevancy
  • Content Sequence
  • Relevancy
  • Earliest First
  • Latest First
    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents

    19-тарау - Түнекті жарып шыққан нұр

    Құдайдың басшылығымен жер бетінде жүріп жатқан діни және реформациялық қозғалыстар барлық ғасырларда да керемет ұқсас екен. Құдайдың адамға деген қарым-қатынасының ұстанымдары езгерген жоқ, сол қалпы. Қазіргі уақыттағы маңызды козғалыстар бұрынғының тәжірибесімен бекітіліп, өткен ғасырлардағы шіркеудің басынан кешкен оқиғалары біздің заманымызда баға жетпес сабақ болып табылады. Құдай адамзат баласын құтқару жолындағы ұлы еңбекте Киелі Рух арқылы қалаулы кұлдарына жетекшілік егігі жатқаны туралы Киелі Жазба анық айтады. Алла игі ісге адамдарды кару ретінде пайдаланады. Жер бетіндегі әрбір жанның орындайтын ез міндеті бар. Олардың әрқайсысына Алла атқаратын қызметіне байланысты және уақыт талабына сай жеткілікті білім береді. Соған қарамастан бірде бір адам, Аспан оны қанша бағалағанымен Құдайдың кұтқару жоспарын, тіпті соның уақыгында іске асырып жатқан жоспары мен көздеген мақсатын толық түсіне алмайды. Адамдар Құдайдың берген тапсырмасын орындап жатқандарымен, бұл хабардың мағынасына түбегейлі барлау жасай алмайды. «Зерттеу арқылы Құдайды таба аласың ба? Жаратушыны толық біле аласың ба?». «Менің ойым сендердің ойларыңа ұқсас емес және сендердің жолдарың - Менің жолым емес”. «Аспан жерден қаншалықты биік болса, Менің жолдарым да сендердің жолдарыңнан соншалықты биік және Менің ойым да сендердің ойларыңнан соншалықты жоғары, өйткені Мен Құдаймын, Маған ұқсас ешкім жоқ” - дейді Шексіз Алла. Ең басында Алла, соңында не болагынын біледі (Әйүп 11:7, Ишая 55:8-9, 46:9-10). Тіпті Киелі Рухпен шабыттанған пайғамбарлардың өздері, ғасырдан ғасырға қажетіне сай Құдай халқына айтылуға тиісті болған өз хабарларындағы кеңес пен насихаттың қаншалықты маңызды екенін түсіне бермеген. Петір Ізгі хабар сыйлайтын құтқарылу туралы айта отыра былай деп жазады: «Құдайдың сендерге беретін рақымы туралы алдын ала айтқан пайғамбарлар кезінде осы құтқарылу жайында мұкият ізденіп, зерттейтін. Оларға дарыған Мәсіхтің Киелі Рухы Оның төзуге тиісті азаптары және бұған жалғасатын салтанатты ұлылығы жөнінде алдын ала хабарлағанда, пайғамбарлар бұл оқиғалардың қалай және қай уақытта болатынын білуге тыры- сты. Бірақ оларға осы пайғамбарлық кызметтерін өздері үшін емес, сендер үшін аткарғандыктары білдірілді. Ал қазіргі заманда уағыздаушылар Мәсіх туралы Ізгі хабарды көктен жіберілгсн Киелі Рухтың жетелеуімен сендерге әкелді. Осы тамаша хабарға тіпті періштелер де қызығып, түсінуге ұмтылады» (1 Петір 1:10¬12). Пайғамбарлар өздеріне берілген аяндарды толық түсінбегендерімен, өздеріне түскен жарыкты толык қабылдауға тырысқан. Олар бойларындағы Мәсіхтің Рухы «қай уақытқа және қанша уақытқа нұсқап тұрғанын”, «іздеген және зерттеген». Мәсіхшілер дәуірінде өмір сүрген Құдай халқы үшін ұсынылған бұл аяндарда қандай сабақ берілген. Оларға солардың өздері үшін емес, біз үшін берілген және уағыздалған аян ашылған. Бұл сақабалар өздеріне түсіп тұрған жарықты болашақтағы ұрпақтары үшін тиянақты түрде зерттеп, оны кейінгілерге шабыттана отырып сүйіспеншілікпен жеткізе білген. Сол туралы ойланыңыздар. Олардың киелі кұлшыныстарын көктің сыйыпа немқұрайдылыкпен қарайтын кейінгі ғасырлардың мәсіхшілерінің енжарлығымен салыстырып көріңіздер. Көктен гүскен сыйды дүниенің қызығына салынып алған қазіргілер қалай қабылдайды? Олар, аяндардың мағынасын түсіну мүмкін емес дейді және соған өздері риза. Ұят емес пе? Шектеулі адамға, әр қайсысына озіне ғана тән пайызбен жұмыс жасайтын миымен Құдайдың жоспарын ұғу қиынға соғады. Соған қарамастан Құдайдың берген жарығын қабылдамаудың бірден бір себебі, адам ойының шектеулілігі емсс, оныи немкұрайдылығы мен адасушылығы. Өйткені адамдар, тіпті Құдайдың қызметкерлерінің өздері кей кездері өз пікірлері, аңыз болған әңгімелер, жалған ілімдердің қармағына ілігіп, Құдай Сөзінде жазылған акиқатты шамалап қана ұғады. Дәл осылай Иса Мәсіхтің шәкірттері Үстаздары жанында болған кезде айтқан сөздерін дұрыс ұкқан жоқ. Олар жердің патшалығы туралы ойлап, енді біздің ұстазымыз патша сайланып, Исраил дүниеге билік құрады деп мәз болды және олар алда Мәсіхті күтіп тұрған қасірет пен өлім барын білген жок. Иса Өзі оларды: «Енді уақыт жетіп, Құдайдың патшалығының жер бетіне орнайтын кезі таяп қалды. Теріс жолдан тайып, Құдай жолына түсіп, Ізгі хабарды қабыл алындар” деген хабармен жұмсады (Марка 1:15). Бұл хабар жайлы Даниял пайғамбарының кітабының тоғызыншы тарауында жазылған. Періште айтқан алпыс тоғыз рет жеті мерзімі Иса Мәсіхке дейінгі уақыт аралығы болатын және айтулы патшаның келуін Оның оқушылары куана - куана күтті. Олардың ойынша Елші келіп, Иерусалимде таққа отырып, дүние жүзіне патшалық етуге тиісті болды.ҮШ 222.1

    Оқушылар Исаныңтапсырмасын орындап, жеткізіңдер дегенхабарын жеткізді, бірақ сол хабардың мағынасын өздері білмеді. Өз уағыздарында олар Даниял пайғамбарының тоғызыншы тарауының жиырма бесінші өлеңінде берілген аянға сүйенді, ал Мәсіхтің өлімі туралы жазылған келесі өлеңге көңіл аударған жоқ. Патшалардың Патшасының қандай жоспары барын олар біле алмады. Өйткені олар бала кездерінен бастап жердегі патшалықгың ұлылығын ғана мойындап келген болатын. Сол себепті олар Исаның айтқан сөзін де, аянның мағынасын да түсінген жоқ. Оқушылар өздеріне жүктелген міндетті орындап, яхудейлерге келетін құт береке жайлы хабарлап болған соң, өздерінің Ұстаздарының Дәуіттің тағына отыратынын көреміз деп ойлады. Бірақ оның орнына шәкірттер Ұстаздарының келеке мазақ болып, өтірікші деп айыпталып, ақыры айқыш ағашқа керілгенінің куәсі болды. Осы кездері олар қатты қайғыдан құса болды. Мәсіх Аянда берілген уакытта дүниеге келді. Оның қызметінің барлық кезінде де Киелі Жазбада берілген куәліктер орындалды. Ол кұтқарылу хабарын уағыздады және «билікпен сөйледі». Тыңдаушылары мойындағандай бұл хабар көктен келген болатын. Мәсіх Исаның көктен келген Елші екенін Құдай Сөзі мен Оның Рухы растады. Күйзеліске ұшырап, қобалжығандары соншалықты, олар Исаның оны күтіп тұрған қасірет пен өлім бары жайлы айтқан сөздерін ұмытып та кетті. Егер Назареттен шыққан Иса Мәсіх Елші болса, олар осылай қайғыруға тиісті ме еді? Тірілетін жексенбінің алдындағы мұңды сенбі күні Құтқарушы бейітте жатқанда, шәкірттерінің жанын жегідей жеген осы ой болды.ҮШ 223.1

    Сол қайғылы түн оларды түнекке орап тастағанымен, Құдай шәкірттерін қалдырған жоқ. Ол жайында пайғамбар былай деп жазады: «Мен түнекте тұрғаныммен, Алла менің жарығым. Ол мені түнектен шығарып, Өзінің ақиқатын көрсетеді». «Мен соқырларды олар білмейтін жолдармен жетелеймін, түнекті жарыққа айналдырамын, қисық жолдарын түзетемін, ешқашан оларды қалдырмаймын» - дейді біздің Жаратушымыз (Мих.7:8,9; Жыр 138:12; 111:4; Ишая 42:16). Оқушылардың жариялаған Ізгі хабары түп-түгел шын және сол кездері ол нұсқап тұрған оқиғалар болып жатты. «Уақыт толды, Құдай патшалығы жақындады” - деген болатын олар. Даниял пайғамбарының кітабының тоғызыншы тарауындағы Исаға дейінгі алпыс тоғыз рет жеті мерзімі өткеннен кейін, Мәсіх Иордан өзенінде Жохан пайғамбарының қолынан шомылу рәсімінен өтіп, Киелі Рухпен майланған болатын. Ал оқушылар уағыздаған «Құдай Патшалығы” Мәсіхтің өлімімен орнады. Бұл арада жердегі патшалық туралы емес, тіпті киелілер келіп Жаратушыларының алдында қызмет ететін көктегі мәңгілік патшалық туралы да айтылып тұрған жоқ (Даниял 7:27). Киелі Кітапта сөз болатын «Құдай патшалығы” бұл игілік және даңқ патшалығы. Ол туралы елші Пауыл еврейлерге жазған хатында айтады. Біздің әлсіздігімізді түсінетін мейірімді Аратүсушіміз - Мәсіхке мезгей отыра елші былай деп жазады: «Сондықтан береке мен бірлік тағының алдына өжеттене келейік, өйткені осы жерде біз мейірімділік пен игілікке бөленеміз” (Евр. 4:16). Сонымен игілік тағы дегеніміз игілік патшалығы, өйткені тақ дегеніміздің өзі патшалық. Мәсіхтің Өзі көптеген мысалдарында адамдардың жүректеріне әсер ететін Құдайдың игілігіне кеңіл аударту үшін «Аспан патшалығы” деген сөзді пайдаланады. Сонымен даңқ тағы дегеніміз даңк, патшалығы және Құтқарушымыздың сөзінен осы патшалык туралы естиміз: «Қасиетті періштелерін ертіп ғаламат ұлылықпен көктен Адамзат Ұлы келген соң салтанатты тағына отырады және Оның алдына барша халық жиналып әкелінеді” (Матай 25:31,32). Бірақ бұл болашақта орнайтын патшалық. Ол патшалық Иса Мәсіх II рет жер бетіне келмейінше орнамайды. Игілік патшалығы адам баласы ең алғаш рет күнә жасап, кінәлі болған адамзатты құтқару жоспары құрылып жаткан кезде орнаған болатын. Ол кезде сөз болып отырған патшалық кұрылған жоспарға сай және Құдайдың уәдесінің арқасында бар болды, ал адамдар өздерінің сенімдерімен сол патшалықтың азаматтары болып саналды. Бірақ Исаның өлімі ғана бұл патшалықты толық бекітті. Исаның жердегі қызметі басталғаннан кейін де еш ризашылығы жоқ, бір беткей надан халықтан шаршаған Ол Ғолгота құрбандығынан бас тартуына болушы еді. Егер де Иса Мәсіх Гетсимания бағында барлық адамзат баласының күнәсін арқалап, жаны қиналып, зұлымдықтың тостағаны қолында дірілдеп тұрған сәтте, маңдайынан төгілген қанды терді сыпырып тастап, адамзат өзі жасаған күнәсінің ауыртпалығын өзі көтерсін десе, біздер үшін казір жұмақтың есігі жабық болған болар еді. Бірак Иса ауыртпалықты көтерді, Ол адамзаттың құрбанына айналып, айқыш ағашқа керіліп, ақырғы демінің алдында «Орындалды» деген кезде, дәл осы сәттен бастап адамзатты құтқару жоспары орындала бастады. Сонау Бейіш бағында күнәға батқан жұбайларға берген уәдесін Құдай орындады. Аян ретінде ғана беріліп тұрған уәделі игілік патшалығы енді орнады. Шәкірттері үміттерінің бір жола сөнгені секілді көңілдері құлазып қабылдаған Исаның өлімі, керісінше олардың үміттерін шыңдады және әділдіктері мен сенімдерінің мықты дәлелі болды. Қасіретке толы бұл оқиға әрбір ғасырларда өмір сүріп жатқан Адамның ұлдары мен қыздарына мәңгіліктің есігін ашты. Және ол барлық замандардағы имандылардың мәңгілік өмірінің орталық нүктесі болмақ.ҮШ 224.1

    Исаның оқушыларының кеңілдерінің суығандарына қарамастан Шексіз мейірімділік ылғи көрініп отырды. «Мына адам секілді ешқашан ешкім сейлеп көрген емес» - деп Құтқарушы жайлы айтылған ілімнің күші оқушылардың жүректеріне әсер етіп, Алланың игілігі оларды баурап алғанына қарамастан, шәкірттердің Исаға деген сүйіспеншіліктерінің таза алтынына бұл өмірдің мақтаншақтығы мен өркөкіректігінің өтірігі араласты. Тіпті сол бір салтанатты сағатта Құтқарушыларына Гетсиманияның көлеңкесі түсіп тұрғанның өзінде: «кімнің мөртебесі көтеріңкі” деп, олар бір бірлерімен тайталасумен болды (Лүқа 22:24). Шәкірттер тақ жайлы, төж жайлы, атақ жайлы армандап жатқан кездерінде оларға керісінше қасірет, жан азабы, сот сарайы және айқыш ағаш жақын тұрған болатын. Исаның шәкірттері Оның сөздерінің мағынасына терең ой жүгіртіп ойланбады. Олардың ойлағандары жер бетінің байлығы болатын: «атақ пен даңқ, кім кімнен жоғары болады, кім кімнен озып түседі»деген ниетте жүретін. Осындай күнәкар ойлардың қамауында жүргендіктен, олар көп қасірет шекті. Құдайдың сөзін толық ұқпағандарымен, Оның бұйрығын орындап, Ізгі хабарды уағыздағандары үшін Алла оларға Өз батасын берді. Енді олар Исаның өліп, үш күннен кейін қайра тірілгені жайлы хабарды баршаға таратулары керек болды. Дәл осы жұмыс үшін Құдай оларды сынақтан өткізіп шыңдады. Иса қайра тірілгеннен кейін Еммаусқа қарай бет алып кетіп бара жатқан оқушыларына жолықты. Осылайша Мұса пайғамбардың заманынан бастап Өзі жайлы айтылған хабарды оқушыларына ұғындыра бастады (Лүқа 24:27). Сол сәтте оқушылардың жүректері дір ете түсті, сөйтіп олардың сенімдері жаңарып сала берді. Өзі ұғындырып бергендіктен емес, рәміздерде және бейнелеме заңның тасасында, сондай-ақ Көне Өсиеттің аяндарында даусыз дәлелдемелер беріліп тұрғандықтан Иса оқушыларының жүректерінде ақиқаттың мәңгілік таңбаланып қалғанын қалады. Исаның шәкірттері өздері ғана саналы сенімге ие болып қоймай, Ол туралы ілімді күллі әлемге жариялауға тиісті болды. Олар өз көздерімен көріп, өз қолдарымен ұстаған сияқты айғақтарға ие болулары керек еді. Сол себепті де Иса оларға Көне Өсиеттегі жазудың құндылығы мен маңыздылығына олардың көңілін аударды. Енді окушылар өздерінің сүйікті Ұстаздарының ежелгі Мұса және басқа да пайғамбарлар жазып кеткен «Тұлға» екеніне көздері жетіп, әлемнің Құтқарушысымен бетпе-бет кездескен кезде, жандары жайдарыланып кетті. Солай олардың жүректерінде айнымас сенім пайда болды. Иса көкке көтеріліп кеткеннен кейін де, олар үнемі ғибадатханада жиналып, Құдайдың есімін мадақтап отырды. Мәсіхтің масқара өліммен өлгенін ғана білетін адамдар, Оньщ шәкірттерінің жүзінен қайғы мен мұңды керуге асықты, бірақ керісінше қуаныш пен ризашылықты ғана көре алды. Алдағы жұмысқа олар жақсы дайындалды. Олар мықты сынакка түсіп, енді бәрі бітті-ау деген кездерінде Алланың Сөзі жеңімпаздана отыра орындалды. Осыдан кейін олардың сенімдеріне қалайша дақ салынып, қалайша сүйіспеншіліктерінің жалыны өшпек? Қайға мен қасірет уақытында олар жандары үшін қауіпсіз және мықты зәкір саналатын берік жұбаныш пен үмітке ие болды (Евр. 6:18,19). Олар даналық пен Құдайдың шексіз күшінің куәгерлері болды және «Өлім де, өмір де, періштелер де, бастапқы да, күш те, нақты кезде, болашақ та, биіктік те, шыңырау да, ешқандай жан иесі оларды Құдайдың махаббатынан алыстата алмайтынына” нық сенді. «Осы азаптың барлығна біздерді сүйіспеншілікке Бөлегеннің күшімен шыдап келеміз” - дейді олар. Өйткені «Құдай Сөзі мәңгілік”, «Ендеше кім үкім шығара алады? Мәсіх Иса біз үшін өлді, Ол қайта тірілді де. Содан Ол Құдайдың оң жағынан орын алып, бізді қолдауда» (Рим.8:38,39,37; ІПетір 1:25; Рим. 8:34). Алла: «Менің халқым ешқашан ұятка қалмайды»дейді (Жое. 2:26). «Кешке жылап-сықтау басым болса, ал таң ата қуаныш тосып тұрады» (Жыр 29:6).ҮШ 225.1

    Иса қайтадан тірілгеннен кейін, оқушыларымен тағы кездескен кезде, олар Мәсіхтің маңдайындағы жараның орнын аяқтарында, қолдарында қалған адамдар үшін тесілген шегенің іздерін көрді. Оқушылар Құтқарушыларымен сөйлесіп тұрған кезде, олардың жүректері лаулап жанып тұрды. Иса қолын жоғары көтеріп, оларға Өз батасын беріп: «Сендер барып, бар әлемге Ізгі хабарды уағыздаңдар», «Ақыр заманға дейін Мен сендермен бірге боламын»деп уәде етті. Елу күндік мереке кезінде оқушылардың бастарына Киелі Рух қонғанда, Тәңірлері олармен бірге екенін сезінген шәкірттердің жүректерін сүйіспеншілік кернеп, қуаныштарында шек болмады. Ендігі жерде оларды да Тәңірлері секілді құрбандық жолы мен азап тосып түрса да, олар Ізгі хабарға деген қызметі мен «тақуа тәжін” жердегі тақтың атағына, яғни Мәсіхтің соңынан әуелде ерген кезінде үміттеніп күткен жердегі патшалыққа айырбастай алар ма еді? Әрине жоқ. Армандағанымыздан және сұрағанымыздан да артығын бере алатын Біреу оларды Өзінің қасіретімен бірге қуанышына да қатыстырды. Бұл жердің балаларының көбін даңққа бөлейтін, мәңгілік асып-тасып жататын салтанатқа кенелтетін қуаныш және онымен елші Пауыл айтқандай жер бетіндегі өткінші қызықты салыстыруға бола ма?ҮШ 227.1

    Мәсіхтің бірінші рет келер кезіндегі Ізгі хабар Патшалығын уағыздаған оқушылардың уайымдары мен тәжірибелері Оның екінші рет келетінін уағыздап жүрген шәкірттердің тәжірибелерінің сәулесі секілді. «Уақыт толды, Құдай патшалығы жақындады” деп уағыздаған оқушылар секілді Миллер де өзін қолдаушылармен бірге Киелі Жазбада белгіленген ең ұзак соңғы пайғамбарлык мезгіл жуырда тамамдалады, сот күні тақау, сонан соң мәңгілік патшалық орнайды деп уағыздады. Оқушылардың уақытқа байланысты уағызы Даниялдың кітабының тоғызыншы тарауында айтылатын жетпіс рет жетіні нұсқауға негізделді. Миллер мен оның пікірлестерінің уағызы жетпіс рет жеті ішіне кіретін 2300 күннің аяқталатыны туралы айтты (Дан 8:14). Аналар да мыналар да ұлы пайғамбарлық периодтың әр түрлі бөліктерін негіз етті. Алғашқы шәкірттердей Уильям Миллер мен оның пікірлестері өздері уағыздап жүрген хабардың мағынасын толық ұқпады. Шіркеуде билік кұрып тұрған адасушылықтар оларға аяндағы маңызды жерлерді түсінуге кедергі жасады. Сондықтан Құдайдың берген хабарын уағыздағандарымен, оны толық түсінбегендіктері кейін олардың уайымға салынуына әкеліп тіреді.ҮШ 227.2

    Даниял пайғамбарының кітабының 8-ші тарауы 14-ші өлеңінде жазылған «2300 кештер мен таңдар, сонан соң қасиетхана тазарады»деген жолдарды ол өзінше, жер тазарады деп ұқты. Өйткені сол уақыттардағы жалпы көзқарас бойынша қасиетхана деп жер саналды. Сондықтан бұл даталарды санай келе ол 1844¬mi жылды есептеп шығарып, осы жылы Мәсіх Иса келіп жерді отпен тазартады деп есептеген. Оның қателесуінің басты себебі де Қасиетхана дегеніміз - жер, деген қате ілімді қабылдағандығы еді.ҮШ 228.1

    Исраил халқында басты діни қызметкер жылына бір рет құрбандыққа шалынған малдың қанын алып киелінің Киелісінің ішіне кіретін болған. Ал халык, болса оның шығуын күтіп, сыртта түрған. Бұл Құдай халқының қызметінің соңғы бөлігі. Және ол көктегі болып жатқаи қызметтің рәміз ретінде берілген жердегі бейнесі.ҮШ 228.2

    Шынында 1844-ші жылы Мәсіх Иса адамзат баласы үшін төгілген қасиетті қанын алып, көктегі киелінің Киелісінің ішіне кірген екен. Және Ол Өзінің халқының басынан көктегі кітаптарда жазылып қалынған күнәларын алып тастағаннан кейін, киелінің Киелісінен шығады. Бұл Оның қызметінің соңғы кезеңі болып саналады. Сонан соң Ол күшімен және атағымен күллі періштелерін ертіп бұлттың үстінде жер бетіне келіп, Өз халқын жоғары көтеріп әкетеді. Сол ұлы күні әр адамның тағдыры мәңгілікке шешіледі. «Әр пенде өздерінің істеген істеріне қарай сыбағаларын алады” - дейді Калимат Алла (Аян 22:12). Бұл жұмыс жайлы періштенің бірінші хабарында айтылған: «Құдайдан қорқындар, Оның есімін мадақтаңдар, өйткені сот басталды» (Аян 14:7). Кезіндегі Құдайдың хабарлаңдар дегенін жұртқа хабарлагі, бірақ сол хабардың мағынасын толық түсіне қоймаған елшілер секілді, Миллер де өзінің пікірлестерімен 2300 күн өткеннен кейінгі болатын оқиға жайлы дәл солай қателескен болатын. Ол Дан. 8:14 пен Аян 14:7 берілген хабарды ғана уағыздап, аянның 14 тарауында басқа да уағыздалуға тиісті хабарлар барына көңіл аударған жок. Оқушылар жетпіс рет жетінің соңында қандай патшалық орнауға тиісті екенін білмегендері секілді 2300 жылдың соңында қандай оқиға болатынын адвентистер де білмеді. Оның басты себебі ақиқатқа тоскауыл жасап тұратын, қателесіп жүрген көпшіліктің пікіріне көп көңіл бөлінетіндігі. Ал соңында күткендері орындалмай қалғандықтан сенімдегілердің жандары құлазып, көңілдері қайтып қалады.ҮШ 228.3

    Десе де бұл Құдайдың жүректерінде не барын көрсету үшін Өз халқына жіберген сынағының бір түрі болатын. Миллердің хабары шіркеуді сынау және тазарту үшін берілген еді. Адамдар жүректерінің жерге не көкке тиесілі екеніне көздері жетуі керек болды. Олар Құтқарушыны жақсы көреміз деген еді, енді бастарына осындай күн туып тұрған кезде, оларға дегендерін дәлелдеуге мүмкіншілік берілді. Жүрттар дүниенің қызыгы мен құрған жоспарларынын бас тартып Тәңірлерін қуанышпен қарсы алуға дайын болды ма? Бұл да болса адамзаттың рухани жағдайын өзіне алдын ала көрсету үшін берілген Алланың мейірімінің бірі болатын. Олар өздерінің рухани жағдайларына көңіл аударып, жүректеріне үңілулері керек болды. Түңілулерінің басты себебі өз хабарларын түсінбегендігінің нәтижесі болғанымен, соның ақыры оларға жаксылык әкелуге тиісті болды. Алланың хабарын қабылдадық, яғни Оның келуіне дайынбыз дегендердің жүрекгері тексерілді. Осылай қамығып, көңілдері құлазып тұрған кезде олар аяқтарын нық басып тұра алар ма екен? Құдай Сөзіне сенгенді қоя ма? - деген сұрақтар туындайды. Немесе қай жерде кате жіберіп алғандарын тексеру үшін, Құдайға мінәжат ете отырып, Киелі Жазбаны қайтадан зерттеуге кіріседі ме екен? Біреулер айтулы хабарды корыққандарынан, уақытша сезімге берілгендіктерінен кабылдаған болар. Біреудің жүрегін сенімсіздік пен күмәнданудың тасқыны жарып бара жатқан болар. Дәл осы кезде әр адамның шынайы пиғылы аныкталды. Сонда көп адамдар Біз Тәңірді жақсы көреміз және Оның келуін күтеміз деген болатын. Болмаса олар «Күйеу жігіт” кешіккендіктен күнкендері орындалмай қалып, күллі дүние өздерін келеке мазақ еткен кезде сенімдерінен бас тарта ма? Немесе Құдайдың оларға деген пиғылын түсінбей, Тәңірдін Сөзімен расталып тұрған ақиқаттан бас тарта ма? Бұл сынақ Сөз бен Құдайдың Рухының ілімін шынайы сеніммен қабылдағандардың табандылығын, яки мықтылығын анықтайды. Бұл қиналу (уайым) адамдардың теориясына сене салмай Киелі Жазбаның өзін өзі түсіндіріп беруіне мүмкіндік беру керектігін үйретеді. Қателескендерінің салдарынан тартқан тақсіреттері оларға көп нәрсені ашуға тиісті болды. Ол күллі мәсіхшілер әлемі кеңінен қабылдайтын, бірақ Киелі Жазбамен расталмайтын ілімнің жетегінде жүрмей Жазуды терең зерттеу керектігін көрсетті. Бұл мәсіхшілерге алғашқы шәкірттердей сынақ уағында түсінбегендері кейіннен ашылатын болады. Алғашқы оқушылардың бастарынан өткізген қиындықтарын бұлар да керді. Бәрі бітті деген кездің өзінде бұлар қамықпады. Қателескендерінің нәтижесінде бастарынын еткен сынаққа қарамастан өздеріне деген Құдайдың сүйіспеншілігінің арылмайтынын түсінді. Жеке бастарының төжірибесінің арқасында бұл азаматтар Құдайдың шын мәнінде өте мейірімді де зор махаббат иесі екеніне көздері жетті және Киелінің жолдары Оның аяндары мен өсиеттерін сақтайтындар үшін рақымшылық және ақиқат болып табылатынын ұқты.ҮШ 229.1

    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents