Loading...
Larger font
Smaller font
Copy
Print
Contents
ҮЛЫ ШАЙҚАС - Contents
  • Results
  • Related
  • Featured
No results found for: "".
  • Weighted Relevancy
  • Content Sequence
  • Relevancy
  • Earliest First
  • Latest First

    2-тарау - Алғашқы ғасырлардағы қуғын-сүргін

    Иса Мәсіх оқушыларына Иерусалимнің басына түсетін касірет пен Өзінің жер бетіне екінші рет келуіне байланысты кейбір оқиғаларды айтқанда, Ол болашақты, Оның жер бетінен кетіп, оған қайрадан қайтып келер аралықтағы өз халқының көретін қасіретіне нұсқаған болатын. Құтқарушы Зәйтүн тауының үстінен Құдай үйінің төбесіне шүйлігіп тұрған дауылды көрді. Ғасырлар тұңғиығына үңіле келе, Өзінің ізбасарларының аяусыз қуғын сүргінге ұшырайтыны кез алдынан өтті. Болашақта болатын қайғылы хабарды, Раббымыз бір екі-ақ ауыз сөзбен, қысқаша ғана баяндады (Матай 24:9,21,22). Исаның ізбасарлары Оның жүріп өткен қиын жолымен жүруге тиісті. Оның жаулары қаншалықты көп болса, Оған сенушілердің де жаулары көп болады.ҮШ 22.1

    Алғашқы шіркеудің тарихы оны дәлелдеп берді. Құтқарушының сөзі орындалды. Жер мен дозақтың біріккен күші Мәсіхке, яғни Оның ізбасарларына қарсы тұрды. Құдайсыздар Ізгі хабардың жеңетінін сезіп, мәсіхшілікті жойып жіберу үшін ештеңеден тайсалмады. Қуғын-сүргінің оты маздай түсті. Ақиқаттың жаулары мәсіхшілерді үйлерінен қуып шығып, баспанасыз қалдырды. Бірақ олар осы азапқа шыдап бақты, таяқ та жеді, тұтқынға алынып, қараңғы қапасқа да қамалды (Евр. 11:36-38). Көпшілігі өз сенімдерін қанымен дәлелдеді. Қара да, төре де, бай да, кедей де, білімді де, сауатсыз да, аяусыз қырғынға ұшырады.ҮШ 22.2

    Елші Пауылдың шеккен азабымен, Неронның уақытында басталған бүл қуғын-сүргін бірнеше ғасырға созылды. Аштық та, оба да, жер сілкіністері де, болып жатқан көптеген соққылардың бәрі мәсіхшілердің кесірі деп есептелді. Олар ақшаға қызыққан пенделердің сатқындығының кұрбаны болды. Мәсіхшілерді мемлекеттік көтерілісшілер, діннің жауы, мұқым қауымның жарасы деп кінәлады. Оларды тірідей жабайы аңдарға жеуге тастап немесе амфитеатрларда тірідей өртеп жіберіп отырды. Кейбіреулерін айқыш ағашқа керсе, енді біреулерін аңдардың терісіне тігіп, жабайы жырткыштардың жұлғылауына тастаған. Мәсіхшілердің қазасы той-думандарда көпшіліктің ойын-сауығының негізгі бөлігіне айналды. Жұрт мәсіхшілердің көрген азабымен, ажал алдындағы жанкешті қиналысына қол соғып, олардың өлімдерін күлкімен қызықтаған.ҮШ 22.3

    Сөйтіп Исаның ізбасарларын қайда жүрсе де, аң аулау кезіндегі жабайы аңдарды аңдығандай қуғындаған. Оларға үнемі жасырынуға тура келді. Мәсіхшілер жетіспеушілікке, азапқа, жауларының назасына шыдап, шөл даланы, тау мен тасты, үңгірлерді мекен етті (Евр. 11:37,38). Римнен шеткері, жер астынан ұзындығы бірнеше шакырымга жетерлік жол қазылған. Осы қараңғы жер астында олар өздерінің каза болған бауырларын жерлеген. Қуғын-сүргін басталған кезде, олар осы жерден өздеріне тыныштык тапқан. Тіршілік Иесі жер бетіне екінші рет келгенде, осы қараңғы үңгірлерден Исаның аты үшін қасірет шеккендер шығады.ҮШ 23.1

    Соншалықты азапты қуғын-сүргін кезінде, бұл Исаның ізбасарлары өздерінің сенімдеріне кіршік түсірмеген. Қаншалықты ыңғайсыз болғанымен, күннің көзін көрмей, қапаста жатса да еш өкініш білдірмеген. Олар бір-біріне сүйеніш болып, бірін бірі жүбатып, алдарына сеніммен, шыдамдылықпен, үмітпен қараған. Құдайға деген сенімдеріне берік ие болып, оны ештеңеге айырбастамаған. Көрген зорлық-зомбылықтары мен тартқан азаптарын, олар мәңгілік бақыт пен тыныштыкка жеткізетін баспалдақ деп таныған.ҮШ 23.2

    Мәңгілік өмірге ие болу үшін, жалған бостандықтан бас тартқан (Евр. 11:35). «Мені де қуғындады, Менің соңымнан жүрген пайғамбарларды да қуғындады, сендерді де қуғындайды”,деген Ұлы Оқытушының сөзін олар жадында жақсы сақтаған. Тіпті олар мәңгілік бостандық жолында азап шеккендері үшін қуанған және қуаныштары әнге ұласқан. Маздап жанған оттың ішінен олардың үндері, шынайы ниеттерінің сазы мәңгілікпен жалғасқан. Шындықтың құрбанына айналған олар, көкке назарларын аударғанда, одан Тіршіліктің Тынысын, Мәңгіліктің Иесінің періштелерімен оларды қолдап тұрғанын көрген. Оның: «Өлгенше сенімдеріңе берік болыңдар, сонда Мен сендерге мәңгілікті сыйға тартамын» - деген үнін естіген (Аян 2:10 ).ҮШ 23.3

    Құдай жолында қызмет етіп жүргендерді қанша құртам дегенімен, ібілістің барлык іс - әрекеті орындалмай шықты. Исаның туын ұстаушылар бірінің соңынан бірі кұлап жатканымен, ұлы шайқас жалғаса берді. Олардың жеңілісі керісінше жеңісіне айналды. Құдайдың елшілері өліп жатқанымен, Оның ісі алға басты. Ізгі хабар жалғасын тауып, Құдай сөзін қабылдаушылардың қатары көбее түсті. «Өлтіріңдер, қамауға алыңдар, қастандық жасаңдар, сендердің әділетсіз әрекеттерің, біздің жазықсыз екенімізді дәлелдейді» - деген үн жаңғырып жатты. Мұндай әділетсіздікті көрген халық, Исаның туының астына жиналды. Мыңдаған сенушілер қамауға алынып, зынданға тасталды, өлтірілді, бірақ олардың орнына басқалары тұрды. Исаның шынайы шындығының жолында апат болғандар - ажал отын жеңгендер. Оларға мәңгілік өмір сыйға тартылатын болады. Көрген азаптары мен зорлық - зомбылықтары сенушілердің басын біріктіре және Құтқарушыларына жақындата түсті. Олардың қажымас қайратын, таза ниетін көрген ібілісті жақтаушылар, енді оны тастай беріп, Исаның жағына шықты. Өзінің туының шайқалғанын сезген ібіліс, оны ала салып Құдай үйінің үстіне орнатуға бел байлады. «Егер Исаның ізбасарларын жолынан тайдырсам, Құдай олардан бетін бұрады, сонда олар торға түскен торғайдай, менің қақпаныма түседі»деп есептеді ол. Сөйтіп, әзәзіл* айла жасап, жеңілмеудің қамын ойластырды. Қуғын-сүргін тоқталып, оның орнына алдамшы және қауіпті тыныштық орнады. Құдайсыздар мәсіхшілердің дінін түбегейлі қабылдамағанымен, оның кейбір бөліктерін қабылдады. Исаны Құдай Ұлы деп есептеп, Оның өліп, қайра тірілгеніне сенеміз - деп арыз тастағаны болмаса, өздерін күнәкарлармыз деп санамады жөне ешқандай тәубаға келмеді. Сенімді жартылай мойындай отырып, сенетіндерге өз дегендерін істетіп, бірігудің жолын іздеді. Енді Құдай үйі қауыпты жағдайда тұрды. Қамауға алыну, қанаушылық, от пен қылыш бұл қауіппен салыстырғанда жанның рахатымен бірдей еді. Кейбір мәсіхшілер олармен ортақ келісім жасаудан бас тартты. Ал кейбіреулері болса олармен бірігуді жөн көрді. Осылай істеген жағдайда ғана, құдайсыздарды толық дінге енгізуге болады - деп есептеді дүмбілез мәсіхшілер. Исаның сенімді ізбасарлары үшін бұл қайғылы уақыт болды. Өйткені жалған сенушілердің атын жамылып шіркеуге ібіліс кірген еді. Сенетіндердің басым көпшілігі кейінгі көзқарасты колдап, мәсіхшілер мен құдайсыздардың арасында одақ құрылды. Құдайсыздар өздерін мәсіхшілерміз деп жариялап, сыйынатын бейнелерін, Исаның, Мариям қыздың және басқада киелілердің бейнелерімен айырбастап, өз дәстүрлерін әрі қарай жалғастыра берді. Ырым-жырым шіркеуден берік орын алды. Мәсіхшілердің діні азып, Құдай үйі өзінің тазалығы мен күшін жоғалтты. Дегенмен бар ниетін шындыққа бағыттап, Қүдайға табынатындар да болды. Исаның ізбасарларымыз дейтіндер екі топқа бөлінді. Бірінші топтағылар Иса Мәсіхті өнеге тұтып, өз қателерін түзеуге ұмтылса, екінші топтағылар күнәларын ашық жария ететін қажетгі шындықты байқамауға тырысты. Әр уақытта, тіпті жайбырақат кездің өзінде де Құдай үйіне ниеттері таза емес адамдар көптеп келетін. Құтқарушымыз Құдай үйіне ашықтан ашық күнәкарлық жасайтын адамдарды қабылдауға болмайды деп үйреткен. Дегенмен Ол күнәкарларды жанына жақын ұстаған, оларға өз өмірін өнеге еткен, сөйтіп қателерін көруге мүмкіндік берген. Он екі оқушысының ішінде сатқын да болды. Яхуданы бойындағы көптеген кемшіліктеріне қарамастан, оқушыларының қатарына қабылдаған. Яхудаға қатесін көріп, тәубаға келуіне мүмкіндік әбден болды. Ол өзіне түскен жарықты, оны қоршаған мейірімділікті көргісі келмеді. Күнәкарлыққа мойын ұсынып, ібілістің құрған торына түсті. Осылайша қара күштің иесіне өздігінен берілді. Қатесін көрсеткендерге қатты ренжіп, акыры сатқындыққа дейін жетті. Күнәсына көз жұмып, оны байқамауға тырысқан адам, өзінің Құтқарушысын сатып жіберген Яхуда секілді, зұлымдык іске дайын тұрады. Құдай үйінде өздерін тазамыз деп есептеп, ал шын мәнінде жүректері зұлымдыққа толы жандар жиі кездесіп тұрады. Оған біз Анани мен Зәпираны мысал ретінде келтіре аламыз. Олар Құдай жолына бәрін бердік деп, ақшаның бір бөлігін тығып қойып, мұқым қауымды алдады. Бірақ Исаның Рухы олардың өрекетін әшкереледі. Осыдан кейін сұмырайлар мен заң бұзушылар Құдай Рухынан сескенетін болды. Шындық жүретін жерде олар қала алмады. Әсіресе қуғын-сүргін кезінде Құдай үйінде шындық іздегендер ғана қалды. Ал куғын-сүргін тамамдалсымен сұмырайлар Құдай үйіне қайра жиналды, сөйтіп ібіліс өзінің зұлымдық әрекетін жалғастырды.ҮШ 23.4

    Бірақ шындықтың Иесі мен зұлымдықтың иесінің арасындағы айырмашылық аспан мен жердей болғандықтан, олардың әрқайсысының ізбасарларының да бастары бірігуі мүмкін емес еді. Сенімдегілердің бір бөлігі құдайсыздармен бірігіп, шындық жолынан тайып кеткенде, ібілістің куанышында шек болмады. Сөйтіп, адасқандарға билігін мықтап жүргізген шайтан, Құдайдың адал перзенттеріне оларды айдап салды. Құдай үйінде алауыздық пайда болды. Имандылықтың түп тамыры болып саналатын Киелі Кітапқа мән берілмей қойды. Құдай сөзін уағыздағандарды есерсоқ деп есептеп, қуғынға ұшыратты. Ұзаққа созылған шайқастан кейін шынайы мәсіхшілер пұтқа табынатындарын қоймаған, жаңылысып тұрғандарына қарамастан өздерін әділетті санап, солайша шындықтан бас тартқан шіркеуден бөлініп шығып, олармен байланысын үзбек болып шешім кабылдады. Бұл шіркеудің тазалығын сақтап қалудың және Құдайға , Оның Сөзіне адал болып қалудың жалғыз жолы еді. Балалар олардьщ жаман өнегесін қабылдамас үшін, болашақ ұрпақты қауіптен корғау үшін, шындық жойылмас үшін бөлінуге тура келді. Олар Құдайға деген шынайы қарым-қатынастарына қарама-қайшы келмейтін кез келген келісімге баруға дайын болды, бірақ бірлікті сақтап қалу үшін ақиқаттың ұстанымдарын садақа қылып шашуға болмайтын еді, өйткені бұл дүние өте қымбат бағаға сатылып алынған болатын. Егерде бірлікті сақтап қалудың басқа жолы болмаса, олар бөлінуге, тіпті шайқасқа да дайын болды.ҮШ 25.1

    Осы ержүрек азаматтар ие болған ұстанымдарға Құдай халқы көңіл аударғанда, шіркеудің де және күллі өлемнің де жағдайлары қаншалықты жақсарған болар еді. Мәсіхшіліктің негізі және бағанасы болып саналатын бұл ілімге әлемнің, әсіресе Құдай халқының немқұрайдылық танытуы Исаның шынайы ізбасарларын қатты алаңдатады. Бұл ұстанымдар соншалықты маңызды емес деген пікір қазіргі кезде беки түсуде. Адамзаттың құбыжығына айналған бұл ой, яғни шіріген ілім шайтанның қызметкерлеріне күш беріп, оларды қолдап тұр. Бір кездері Құдайдың адал құлдары қарсы шайқасқан, тіпті соны жою жолында өмірлерін кұрбан еткен жалған ілім мен қателіктерді қазіргі кездегі Исаның ізбасарлары атанатындар инабаттылықпен қабылдауда.ҮШ 26.1

    Алғашқы месіхшілер шын мәнінде ерекше халық болатын. Олардың мінез-құлқы, шайқалмас сенімі құдайсыздардың тыныштығын бұзды. Сан жағынан есептегенде аз халық болғанымен және қолдарында ешқандай билік болмағанымен, арсыздар олардан қорыққан үстіне қорқа түсті. Сол үшін кезінде ар-ұждансыз Қабыл Әбілді жек көргеніндей, күллі арсыз әлем бұл тақуаларды да жек көрді. Исаның ізбасарлары қиындыққа мойымай күресе отырып, Оның салған ізімен жүріп келеді. Неліктен Ізгі хабарды әлемнің жаршысы дейді? Ишая пайғамбар уәделі Құтқарушының туатыны туралы хабарлағанда, Оны әлемнің Патшасы деп атаған болатын. Періштелер келіп Иса Мәсіхтың туғаны жайлы шопандарға айтқанда, олар: «Құдіреті күшті Құдайым жасасын, бар әлемде бейбітшілік орнап, адамзат бақытқа кенелсін!” (Лұқа 2:14) — деп ән салған еді. Бірақ бұл ізгі хабар мен Исаның «Мен әлемге бейбітшілік әкелгем жоқ, қылыш әкелдім” (Матай 10:34) деген сөзінің арасында қарама-қайшылық бар сияқты. Дегенмен, тереңірек ойлана келетін болсақ, бұл айтылған сөздер қарама-қайшы емес, керісінше байланысы бар. Ізгі хабар - әлемнің жаршысы. Мәсіхшілік - бұл ақиқаттың біріккен түйіні, ол әлемге бақыт, бірлік, өмір таратады. Исаның діні, Оның сөзін қабылдаушылардың басын біріктіреді. Исаның дінінің басты міндеті, адамдарды бір бірімен жөне Құдаймен татуластыру. Алайда тұтас алғанда әлем Исаның жауы, ібілістің билігінде тұр. Адамдар, Ізгі хабардың өздерінің канына сіңіп қалған әдетіне қарама-кайшы келетінін көріп, қарсылық білдіреді. Құдай сөзінің тазалығы олардың күнәсін әшкерелейтін болған соң, құдайсыздар оны уағыздаушыларды өлтіріп, көздерін жойды. Құдай сөзі адамдар арасында осылайша күрес тудыратын болғандықтан, Ізгі хабарды Иса қылышпен салыстырады. Құдайдың адал құлдарының қуғын-сүргінге ұшырап, қасірет шеккенін көрген кейбір сенімі әлсіздер арасында түсінбеушілік, жасқаншақтық пай- да болды. СҰмырайлар мен алаяқгар жақсы өмір сүріп, ҚҰдайға бағынғандар қасірет шегетін болғандықтан, кейбіреулері тіпті Аллаға артқан үмітінен айрылды. Неліктен әділетті және мейірімді Құдай осыншама зұлымдықты кере тұра, ара түспейді?деп сұрақ қойылады. Бұл сұрақ бізді толғандыруға тиісті емес. Жаратқан Құдайдың зор махаббат Иесі екеніне шек келтіруге болмайды. Құтқарушымыз болашақта болатын қуғын-сүргінді болжай отырып: «Қызметші Иесінен артық емес, Мені қуғындағандар, сендерді де кугындайды» - деп айтпап па еді? (Жох. 15:20). Исаның ізбасарларының көрген азабы, Исаның көрген азабынан зор емес. Егер әлем бізді жек көріп қинаса, өлім жазасына ұсынса, онда біздер Исаның салған жолымен жүріп келе жатқанымыз.ҮШ 26.2

    «Тәңір Ие уәдесін орындауды үзаққа созбайды» (2Петір 3:9). Құдай бізді сшқашан ұмытпайды жөне тағдырдың тәлкегіне қалдырмайды. Дегенмен Құдайдың еркін орындағысы келетіндер алданып калмаулары үшін арсыздардьщ өз болмысын толық көрсетулеріне мүмкіндік береді. Қарны ашпаған адам, аштықтың не екенін біле ме? Жаны азапқа түспеген адам зорлық-зомбылықтың не екенін қайдан түсінеді? Ол бізді сынайды, сенімімізді шыңдайды. Қасірет біздің жанымызды да, тәнімізді де тазартады. Арсыздардың гүлденуі, имансыздардың көрген рахаты, көздің елесі тәрізді уақытша нәрсе. Барлық айтқан сөздерің, істеген істерің, тіпті ойлаған ойларың үшін де жауап беретін уақыт тақау. Құдайдың адал перзенттерінің шеккен азабы үшін арсыздар толық жауап береді. Пауыл пайғамбар кезінде былай деген болатын: «Исаның тазалығын қабылдағандар, қуғынға ұшырайды» (2 Тім. 3:12) Ендеше қазір неліктен қуғын-сүргін тоқталды? Оның жалғыз ғана себебі бар. Иса Мәсіх пен Оның оқушыларының кезіндегідей емес, қазіргі уақыттың діні өзінің тазалығы мен киелілігін жоғалтқан. Қазіргі кезде мәсіхшілер сенімі дүниеге кең түрде тарап отыр, оның кұлаш жаюының басты себебі Киелі Жазбадағы ақиқаттардың аяқ асты етілуі. Құдай сөзі толық зерттелмейді, Оның заңын кіршіксіз орындап жатқан ешкім жоқ. Шіркеулер сал ауруына үшыраған, Құдайға ұнамды емір сүріп жатқан жан жоқ деуге болады, барлығы күнәмен ымыраға келіп, онымен бірігіп алған. Егер қазіргі мәсіхшілер, ежелгі мәсіхшілердей жүректері таза, ниеттері шынайы, сенімдері берік, Аллаға шын берілген жандар болса, онда қуғын-сүргіынің жалыны қайрадан жарқ еткен болар еді.ҮШ 27.1