Loading...
Larger font
Smaller font
Copy
Print
Contents
ҮЛЫ ШАЙҚАС - Contents
  • Results
  • Related
  • Featured
No results found for: "".
  • Weighted Relevancy
  • Content Sequence
  • Relevancy
  • Earliest First
  • Latest First

    30-тарау - Адамзаттың қас жауы

    «Сенімен әйелдің арасына, сенің тұқымыңмен әйелдің тұкымының арасына өшпенділік саламын, ол сені бастан соғатын болады, ал сен оны өкшеден шағатын боласың” (Жар. 3:15). Адам күнә жасағаннан кейінгі Құдайдың шайтанға шығарған бұл үкімі, сонымен қоса барлық ғасырларда өмір сүріп жатқан адамзат балаларыньщ бастарынан кешетін ұлы шайқасқа нұсқап тұрған аян болатын.ҮШ 324.1

    «Араларыңа өшпенділік саламын” дейді Алла. Бұл жауласу өзінен өзі пайда болған сезім емес. Адам Құдай заңын бұзғанда оның табиғаты да өзгерді (бүлінді), сөйтіп шайтан мен екеуінің арасында үқсастық пайда болды. Ойлап қарасақ күнәкар адам мен күнә әкесінің арасында алауыздық жоқ, қайта достық бар. Екеуі де Құдайдан безгендіктің салдарынан күнәға батты. Содан бастап ұлы өтірікші тыныштығын жоғалтты, тек алданғандар оның ізімен жүргенде ғана албастының жаны жай табады. Сол себепті де азып кеткен періштелер мен жексұрын адамдар заңсыз одақтасты. Егер де Құдай олардың істеріне араласпағанда, шайтандар мен адамдар бірігіп Құдайға қарсы соғыс жариялаған болар еді. Шайтан періштелерді алдап өз қақпанына түсіргендей адамдарды да азғырып, оларға күнә жасатуға тырысты, себебі оған өзінің жауъшгерлерінің қатарын көбейту керек болды. Албасты да және Құдайдан безген періштелер де Мәсіхті бірдей жек көреді, ал басқа сүрақтарға келгенде олардың ойларында елеулі айырмашылық бар. Дегенмен галамның Патшасына қарсы шайқас олардың бастарын біріктіріп тұр.ҮШ 324.2

    «Сенімен әйелдің арасына, сенің тұқымыңмен әйелдің тұқымының арасына өшпенділік саламын” деген сөздерді естігенде шайтан қатты қобалжыды, өйткені енді оның мүмкіндіктері шектеулі болмақ. Басқаша айтқанда адамның, шайтанның күші мен әсеріне қарсы тұруға мүмкіндігі болады.ҮШ 324.3

    Мәсіх адамдарға көмектесіп, оларды сүйіспеншілік пен мейірімділікке бөлегенін көргенде, шайтан адамзат баласын бұрынғысынан да бетер жек көріп кетті. Ібіліс Құдайдың жаратқан ғажайып жан иелерін зұлымдық жасауға итермелеп, Жаратушының атына кір келтіргісі келеді. Және барлық жерді бақытсыздықка ұшыратып, барлық кекті уайымға батырам деп ойлайды. Ең соңында мұның бәріне адамды жаратқан Құдай кінәлі деп жарияламақшы.ҮШ 324.4

    Мәсіхтің адамға беріп тұрған берекесі оған шайтанға қарсы тұруына көмектеседі. Онсыз адам шайтанның құлы болатыны сөзсіз. Иса адамға кара күштің иесіне қарсы тұра алатын күш береді. Сол себептен оның бойында күнәға деген жек көрушілік пайда болып, ол тән құштарлығына төтеп бере алады. Міне жоғарыдан келетін күш дәл осылай әсер етеді.ҮШ 325.1

    Мәсіхтің рухы мен шайтанның рухының арасындағы қарсылық, әлемнің Исаны қалай қарсы алғандығынан жақсы керінеді.ҮШ 325.2

    Яхудейлер Одан бас тартты, бірақ Ол мына дүниеге кедей болып келгендіктен емес, Исаның жетіспеген жердің кемшілігін артығымен толтыратын күші барын олар жақсы білді. Яхудейлердің Оны жек көргендерінің басты себебі, олардың заңсыз істерін әшкерелеп тұратын Исаның касиетгілігі мен тазалығын жақтыртпауы. Мәсіхтің Құдайға берілгендігі жүгенсіз кеткен халықты кінәлады. Албасты мен оның періштелері зұлым адамдармен бірігіп алып ақиқаттың Қорғаушысына қарсы шықты. Жаратушыға арналған жауыздық, Оның ізбасарларына да бағытталды. Күнәнің кесапат екенін көріп, одан бас тартқан адамдарды шайтан жек көреді және оларға өзінің әзәзілдерін айдап салады.ҮШ 325.3

    Ақиқаттың үстанымдарына деген жек көрушілік, оның қорғаушыларын кінәлау және куғындау күнә мен күнәкарлар бар жерде жалғаса бермек. Шайтан мен Мәсіхтің ізбасарларының арасында келісім болуы мүмкін емес. Албасты мен зұлым адамдарға айқыш ағаштың соккысы әлі күнге дейін оңай тиіп тұрған жоқ. «Мәсіх секілді таза өмір сүргісі келетіндер қуғынға ұшырайды» (2Тім. 3:12).ҮШ 325.4

    Шайтанның ізбасарлары үнемі оның билігі мен патшалығын бекітуге тырысып келеді. Сол үшін олар Исаның ізбасарларын аяктан шалып құлатуға бар күшін салады. Көздеген мақсаттарына жету үшін олар Киелі Жазбаны керісінше талқьшап, соған басқаларын иландырғысы келеді. Ібілістің Құдайды масқаралағысы келгеніндей, оның ізбасарлары да Құдай халқын қарамайлағысы келеді. Мәсіхті айқыш ағашқа шегелеген қара күш, Оның халқының да көзін жоюды армандайды. Осы айтылғандардың барлығы басында айтылып кеткен аянда суреттелген болатын: «Мен сенімен әйелдің, сенің тұқымыңмен әйелдің тұқымының арасына өшпенділік саламын”. Бұл шайқас ақыр заманға дейін созылады.ҮШ 325.5

    Сол шайқасқа арнап Ібіліс бар күші мен қуатын жинауда. Неліктен албастының алдында қомақты кедергілер тұрған жок? Here Исаның жауынгерлері парықсыз, тым салбыр? Себебі олар Мәсіхтен алыстап кеткен. Сол себепті де күнә оларға кесір болып көрінбейді. Немесе басқаша айтатын болсақ олар күнәнің жүрек айнытатындай жиіркенішті екенін бақыламайды. Бұлар Мәсіх секілді күнәға қарсы тұрмайды, өйткені зұлымдық қандарына сіңіп кеткен байғүстар күнәнің қаншалықты кесапат әкелетінін, оның қалай ойрандайтынын, қаншалықты жауыз екенін толық ұқпайды. Албасты адамдардан дұрыс тойтарыс алмай тұр, өйткені имандылар Ібілістің қаншалықты зұлым екенін және соншалықты күшті екенін білмейді. Көпшілік жандар оны дұрыс бағалай білмейді. Адамдардың алдында қолынан көп іс келетін, мықты және өте қауіпті жау тұр. Бұл - зұлым періштелердің бастығы, әскери қолбасшылары, адамзаттың ата жауы - Ібіліс (шайтан). Ол әбден ой сараптамасынан өткен жауыз жоспарымен адамдардың құтқарылуларына кедергі жасау үшін, олардың Құтқарушылары Иса Мәсіхке қарсы шайқас жүргізуде. Имандылар және олардың рухани үстаздары шайтан жайлы өте аз айтады. Олар тіпті Ібілістің барын да ұмытып кеткен сияқты. Ал бұл қатыгез де зұлым жау адамдардың аттаған адымдарын аңдып тұрады. Ол жанұялардың өмірлеріне араласады, қаланың кез келген көшелерінде жүреді, дұға оқу жиындары онсыз өтпейді, ол мемлекет кеңестеріне, сот отырыстарына қатысады. Барлық жерлерде адамдарды алдап шатастырып, зұлымдық жасауға итермелейді. Оларды әр қилы тәсілдермен үгіттеп бір - бірлеріне қарсы кояды. Жанұяларды бұзады, халықтарды бір - бірлерімен жауластырады. Байғүстарды бір - бірлеріне айдап салып қырылыстырып, бірін біріне өлтіртеді. Ал Мәсіхшілер болса, болған іске көніп «жазу солай шығар” деп жүре береді. Ібілістің ежелден бері істеп келе жатқаны жауластыру, қағыстыру, арандату. Ол имандылар мен имансыздардың арасындағы кедергілерді алып тастап, оларды араластырып жіберді. Енді имандылар күнәға көзін жұмып қойып, күн көру парыз деп жүре береді. Сонда олардың кұдайсыздардан қандай айырмашылығы болғаны? Ежелгі кездегі Исраил кәпірлермен осындай тыйым салынған қатынасқа түсіп, күнәға белшелерінен батқан болатын. Қазіргі кездегі Исраил да (имандылар) бұрынғылардың өнегесін аудырмай қайталауда. Қазіргі ғасырдың құдайы - Ібіліс, көзге көрінбейтін шынайы Алланы бейнелеп тұрған Мәсіхтің жарығын ешкімге көрсетпеу үшін адамзаттың санасын жалған ілімдерімен уландырып жатыр (2Қор.4:4). Сол себепті де Исаға шын жүректен берілмегендер, шайтанның құлы болып табылады. Көкейіне жарық түспегендер күнәні әлпештеп, өздерін - өздері ақтаумен болады. Ал жүректері тазартьшғандар күнөні жек көреді және оған қарсы тұрады. Құдайсыздар мен арамдардың араларына баруды жақсы көретіндер күнәға қарсы тұра алмайды, яғни оны қабылдауға дайын тұрады. Өйткені шайтан олардың көздерін жауып, нақтылы жағдайды көрсетпей тастайды. Мұндай орта оларға жаман әсерін тигізіп, байғұстар шындықты өтіріктен айыра алмайды.ҮШ 325.6

    Зұлым әлемнің салт-дәстүрлерін қабылдай отыра шіркеу (ғибадатхана) әлемді Исаға жақындатқанның орнына , езі әлемге жақындап барады. Бара-бара күнә оларға жиіркенішті болып көрінбейді. Шайтанның нөкерлерімен қарым - қатынас жасайтындар, акыры олардың бастығынан қорқуды қояды.ҮШ 327.1

    Парызымызды орындау кезінде біз де Даниял пайғамбары секілді сынаққа түссек, Құдайдың әлбетте бізге көмектесетініне күмәнданбай-ақ қоюға болады, бірақ өзімізді - өзіміз тексеру үшін сынаққа әдейілеп барсак, ерте ме кеш пе сүрінетініміз мәлім.ҮШ 327.2

    Мынау күнәкар болуы мүмкін емес дегендерді албасты өз ісіне жиі пайдаланады. Дарынды және білімді адамдар өздерінің жүрген түрған орталарында әрине сыйлы, дегенмен бүл жетістіктер Құдай қорқынышының орнын толтырмайды. Дарындылық, мәдениеттілік - сөз жоқ, Құдайдың берген сыйы. Дегенмен бұл сыймен батаның орнын толтырам деп үміттенетіндерге және де айтулы жетістіктерді жұртты Құдайға жақындату үшін емес, керісінше Одан алыстату үшін пайдаланатындарға ол міндетті түрде қарғыс болып тиеді. Көпшілік мәдениеттілік және жақсы нақыштар адамның Құдайға жақын екендігін дәлелдейді деп қателеседі. Ондай әдет кез келген мәсіхшінің бойында болуы және Құдай жолындағы қызметке жұмсалуы керек, әйтпесе ол зұлымдыққа жетелейтін кұшке айналады. Кейде дарынды, жоғары мәдениетті адамдардың өнегесіз жолға түсіп алатыны соншалықты, олар бірден шайтанның каруына айналады. Мұндай адамдар Исаның қауіпті жауларының қатарларын кебейтіп, білімсіз, мәдениетсіз, тоқшар жандардан бірнеше есе асып түседі.ҮШ 327.3

    Шынайы салауат айтып, дұға окып, Құдаймен тығыз карым-қатынас жасаған Сүлеймен пайғамбар бар әлемді қайран қалдырған даналыққа жеткен болатын. Бірақ ол даналықтың қайнар көзінен бұрылып өз күшіне сене бастағанда, бірден сынақтың жемтігіне айналды. Данышпан патшаға берілген таңғажайып өнер оны зұлымдықтың қаруы етті.ҮШ 327.4

    Шайтан адамдардың санасын уландыруға тырысқанымен, мәсіхшілер бұл шайқастың «қан мен тәнге қарсы шайқас емес, аспанның астындағы зұлымдыктың рухына қарсы” шайқас екенін естен шығармаулары керек (Еф. 6:12). Ғасырлар бойы бізге айтылып келе жатқан сөз: «Қалғып кетпеңдер, сақ болыңдар, өйткені аждаһа кімді жалмасам екен деп, жақын жүр” деп ескертпей ме? (1Петір.5:8). «Шайтанның әзәзілдігіне қарсы тұруға дайын болу үшін, Құдайдың күшімен қаруланыңдар» дейді бізге Киелі (Еф. 6:11).ҮШ 327.5

    Адам атаның заманынан бастап біздің уақытымызға дейін Алланың және адамзаттың жауы - Ібіліс ойрандаумен, қиратумен, өлтірумен, жұртың көзін жоюмен айналысып келеді. Енді ол шіркеумен (ғибадатхана) соңғы шайқасқа түсуге дайындалып жатыр. Исаның ізімен жүретіндер онымен шайқасады.ҮШ 327.6

    Құдайға ұқсас болғысы келетін кез келген адам әлбетте шайтанның оғына ілігеді. Құдай үшін қызмет етіп албастының қулығын өшкерелеп, адамдарға Мәсіхті танытқандар, Исаның шәкірті Пауылдың: «Құдайға шын қызмет ету көздің жасынсыз, сынақсыз, қорлықсыз болмайды» - деген куәлігіне қосылады.ҮШ 328.1

    Шайтан Мәсіхті талай сынады, бірақ ылғи өзі жеңіліске ұшырап отырды. Иса біздің бақытымыз үшін шайқасты. Оның жеңісі біздің де жеңіске жетуімізге көмектеседі. Мәсіхтен көмек сұрағандар, міндетті түрде оны алады. Адам шайтанға бағынбаса, шайтан оны күштеп көндіре алмайды. Ол адамды кез келген қасіретке ұшырата алады, бірақ оны ешқашан ластай алмайды. Исаның жеңісімен шабыттанатын Оның ізбасарлары күнәға, яғни шайтанға қарсы батыл түрде шайкасуы керек.ҮШ 328.2