Loading...
Larger font
Smaller font
Copy
Print
Contents
ҮЛЫ ШАЙҚАС - Contents
  • Results
  • Related
  • Featured
No results found for: "".
  • Weighted Relevancy
  • Content Sequence
  • Relevancy
  • Earliest First
  • Latest First
    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents

    36-тарау - Жалтартпас жанжал

    Әуел бастан-ақ ібілістің көздеген мақсаты Құдайдың қасиетті заңын жою болатын. Дәл осының себебінен ол аспаннан куылған еді. Албасты көкте бастаған шайқасын жерде жалғастырып, адамдарды Құдай заңын бұзуға итермелеуде. Түгел заң бүзылса да, немесе оның бір бабы бұзылса да нәтиже біреу. «Біріне кінәлі, барлығына кінәлі болады» (Жақ. 2:10). Албасты ақиқаттың жолын көрсететін жалғыз ғана кітапты қырық саққа бұрмалап, оны өзінің қызметкерлері арқылы кері талқылап, адамзатты адастырумен айналысып келеді. Ақиқат пен адасушылықтың арасындағы соңғы шайқас - Алланың заңы мен адамның заңының, дәлдеп айтқанда шынайы дін мен аңыз болған діннің арасындағы шайқастың тамамдалу кезеңі.ҮШ 372.1

    Қазір ақиқатқа қарсы шайқасатын күштердің бірігіп жатқан кезі. Құдай сөзіне дұрыс көңіл боліп жатқан жандар өте аз. Киелі Кітап барлығының қолында болғанымен, оны шындап қабылдап жатқандар көп емес. Имансыздык күнәкар дүние түгілі, ғибадатханаларда кең етегін жайған. Құдайға деген сенімнің бағанасы болып саналатын ілімнен көпшілік жандар бас тартуда. Өздерінің даналықтарына риза болып жүрген адамдар Киелі Жазбаға сенуді қойған. Киелі Рухпен шабыттанып еңбектенген азаматтармен мазмүндалған дүниенің жаратылуы туралы шежіре, адамның күнәға батқаны, Жаратқанның адамдармсн татуласу үшін құрған жоспары, Құдай заңының ешқашанда өзгермейтіндігі күллі мәсіхшілермен болмаса да, солардың біразымен мойындалмайды. Өздерін білімді және зерек деп санайтын олар Киелі Жазбаға мүлтіксіз сену кемістік деп есептейді. Киелі Жазбаны сынау немесе оны өз беггерінше талқылау дарындылық және білімділік деп бағаланады. Көптеген діни қызметкерлер «парыз» (Құдай заңы) деген ескірген ұғым, ал оған әлі күнге сснетіндер «аянышты күйдегі байғұстар” деп ұғындырады. Осылайша ақиқатты қабылдамайтындар, оның негізін Қалаушыны да қабылдамайды. Құдайдың заңын аяқ асты ететіндер, заң Шығарушының беделін мойындамайтын тоң мойын тоқшар жандар. Тас пен ағаштан пұттарды қашап шығару қаншалықты оңай болса, жалған ілім мен теориялардан жалған құдайды ойлап шығару да соншалықты оңай. Жара- тылыс арқылы, Мәсіх және Оның Сөзі арқылы ашылып тұрған Тірі Құдайға сенетіндер аз ғана. Көпшілігі тірі Құдайдың орнына фөлсафаны (философия) құдай қылады. Мыңдаған адамдар табиғатты құдай санайды, бірақ оны жаратқан тірі Алланы мойындамайды. Ежелгі кездердегідей қазіргі мәсіхшілер әлемінде де пұтқа табынушылықтың неше түрлі қалыптары кездеседі. Өздеріне өздері сеніп жүрген данышпандардың, философтардың, саясатшылдардың, журналистердің, тектілердің, колледж бен университеттердің және кейбір діни оку орындарының мойындайтын қүдайларының финикиялық Күн құдайы - Ваапдан аз-ақ қана артықшылығы бар.ҮШ 372.2

    Құдай заңын орындау міндетті емес деген тұжырым адам баласы үшін өте қауіпті. Мәсіхшілер әлеміндегі адасушылықтардың бір де бірі соншалықты дөрекі түрде айтылмаған. Кез келген мемлекеттің өзінің ата заңы бар және сол елдің азаматтары оны орындауға міндетті. Заңсыз мемлекет - мемлекет болып тұра алмайды. Сонда әлемнің Жаратушысы ғаламды заңсыз баскарып түр деп ойлау ақылға қонбайтын сандырақ емес пе? Ата заңды орындаудың қажеті жоқ, ол адамдардың бостандығын шектейді деп қандай қызметкер айта алады, айтқан күнде, мінбеде қанша тұра алады екен? Мемлекеттің заңын орындамау Құдай заңын орындамаудан да әрі қылмыс деп кім айта алады? Күнәкарлар мен тақуаларды айқындап көрсетіп тұратын дүниенің өлшеуіші - Құдай заңы жойылып қалғанша, заңы жоқ мемлекетте емір сүрген оңай болар еді. Шындап келсек Алланың заңын орындайтындарға басқа заңның керегі де жоқ, өйткені баскасы өзінен өзі орындалады. Құдай заңын аяқ асты ету неменеге өкеліп тірейтінін білесіздер ме? Ондай тәжірибе бар. Атеизм орнаған кезде Францияның жағдайы қандай болғаны бәріне де мәлім. Құдайдың қол астынан шығатындар қатыгез жендеттің қолына тиеді. «Құдайға бағынбаймыз” дейтіндер өздерінің қалай жүгенсіз лағып кеткендерін сезбей де қалады. Әсіресе Жаратқанның бағыттауынан тыс қалу бостандықты сүйетін жастар үшін қауіпті. Құдай заңына қалай болса солай қарауды үйретіп, бүліктің тұқымын себетіндер кейіннен өздері тұтылады, яғни кара дауыл өз бастарына шүйлігеді. Құдай заңы ұмытылған жерде, көп ұзамай адам заңы да ұмытылады. Құдай өнегесіздікті, іштарлықты, өтірікті жек көргендіктен, күнәкарлар, опасыз істеріне шектеу қоятын қалыптасқан заңды алып тастағылары келіп тұрады. Оны шегерген күні өздерін не күтіп тұратыны олар үшін жаңалық. Егер заңды орындау міндет емес болса, оны неге бүзбасқа? Онда адамның жеке меншігіне қауіп төнеді. Адамдар бір бірлерінің мүлкін тартып алады, мықтылар баиды. Өмірге деген қызығушылық жоғалады. Неке заңы жойылады. Күшті жақынының әйелін тартып алады. Заңның төртінші бабына қоса бесінші бабы да бұзылады. Балалары өздерінің бұзылған табиғаттарының айызын қандыру үшін ата аналарын өлтіреді. Өркениетті дүние қарақшылардың ошағына айналып, жер бетінен бақыт деген жоғалып кеткен болар еді. Адам Құдай заңын орындаудан босатылады деген ілімнің өзі бірден кесірге жол ашып беріп, өнегелік пен тәртіптілікті әлсіретіп жібереді. Заңсыздық, нысапсыздық жөне бұзылғандық үстімізден сел болып құйьшып жатыр. Көпшілік жанүяларда албасты өзін еркін сезінеді. Оның туы іштарлық, аңдысу, тән құмарлығына жол бері, екіжүзділік, жақтыртпаушылық, бәсекелесу, үрыс-керіс, сатқындық берік орын алған көптеген мәсіхшілердің үйлерінің төбесіне де тігілген. Қоғамдық өмірдің негізі болуға тиісті діни ұстанымдар мен ілімнің жүйесі әбден қопсыған. Құдайдың заңы мен ұстанымдарының ірге тасы шашылып қалуға дайын болып, борып түр. Түрмеге түскен қылмыскерлер жасаған қылмыстары үшін сый-сияпатқа бөленуде. Олар туралы баспасөздерде жазылады, сөйтіп олардың өнегелерін басқалары қайталайды. Ал шайтан болса өз жоспарының жемісті болғанына өте риза. Әліде болса Құдайдан қорқатындар бұл зұлымдықтарды тоқтату үшін, не істеуге болатынын ойлаулары керек. Сот сатқын. Биліктің басында отыратындар жемқор. Нысапсыздық копшіліктің санасын уландырған. Заң қызметкерлері алудың қамын ойлап түрады. Имандылық деген жоғалған.ҮШ 373.1

    «Осылай әділдік кері қуылып, адалдық тым алыс қалады. Шындық сот алаңында* сүрініп құлап, ақиқат арамызға кіре алмайды” дейді бізге Киелі Кітап (Ишая 59:14). Папаның билік құрған заманында Киелі Кітапты оқуға, зерттеуге тыйым салынғандыктан тоқшарлық, надандык гүлденді дейміз, ал қазіргі діни бостандық кезінде Құдай заңын аяқ асты қылудың себебі қандай? Қазір албасты жұрттан Киелі Кітапты тартып ала алмағандықтан, кездегеніне жету үшін басқа тәсілдерді пайдалануда. Атап айтқанда, адамдардың Киелі Кітапқа деген сенімдерін жойып жатыр, «Құдай занын орындау міндет емес» деген тұжырымды шығарып, сол арқылы Алланың парызын орындатпай, керісінше оны бұзғызуда. Албасты бұрынғы уақыттағыдай қазір де шіркеудің көмегімен көздеген мақсатына тақап келеді. Діни ұжымдар Киелі Жазбада айқын мазмұндалып тұрған атақсыз ақиқатты тыңдаудан бас тартуда. Сол ақиқаттармен күресу үшін неше түрлі ілімдер шығарылады, соның нәтижесінде халык, арасында сенімсіздік тұқымы себілуде. Адамның жаны мәңгілік және өлгеннен кейін ол саналы түрде өмір сүреді деген папаның жалған ілімі спиритизмге жол ашты. «Мәңгілік дозақ” жайлы іліммен танысқаннан кейін, Жұрт Киелі Жазбаға сенуді КОЙДЫ. Адамдарға Құдай заңының төртінші бабын орындау керектігі жайлы түсініктемелер беріле бастаған кезде, өздеріне бөгет болып тұрған баптан қүтылу үшін, белгілі мұғалімдер «Құдай заңы тіпті керек те емес» деп арыз тастап тұр. Осылайша олар заңды да, сенбіні де барынша аяк асты еткізуде. Мәсіхшілер әлемінде болып жатқан неше түрлі заңсыздықтар үшін олар қатаң жауапқа тартылады. Дәл осы мұғалімдер әлемнің бұзылып бара жатқандығының себебі «мәсіхшілік сенбінің, яғни жексенбінің кемсітілуінде, сондықтан жексенбінің міндетті түрде сақталуы дүниеге имандылықты қайтаратын еді” дейді. Бұл талап, сенбі жайлы ең көп уағыздалған мемлекет АҚШ-тан шығып тұр. Осы арада өнегеліктің көрсеткіштерінің бірі болып саналатын қанағатшылдыққа шақыру, жексенбіні сақтауға шақыратын қозғалыспен өріліп жатыр. Айтулы қозғалыстың қорғаушылары өздерін бостандықтың күрескерлеріміз деп есептейді және оларға қосылудан бас тартатындарды балағаттайды. Тамаққа уды білдіртпей қосуға болады, бірақ ол тамақты уланбаған деп айтуға бола ма? Керісінше мұндай ас өте қауіпті, себебі оның түрі ешкімді қауіптендірмейді. Албасты дәл осылай ерекет жасайды. Ақиқатқа өтірікті ешкім байқамастай етіп араластырып жібереді де, оны тап-таза шындық ретінде жұртқа ұсына қояды. Жексенбінің сакталуын жақтайтындар Киелі Кітаптың ұстанымдарына сәйкес келетін, халыққа қажетті реформаны қолдауы мүмкін. Десе де бүған қоса олар Киелі Жазбаға қарамакайшы келетін талаптарды да ұсынғандықтан, Құдайдың кұлдары бұл бағыттағы қозғалыстың мүшелерімен біріге алмайды. Құдайдың заңын адамның заңымен алмастыратындарды ақтау мүмкін емес.ҮШ 374.1

    Екі үлкен жаңылысушылык - адамның жаны өлмейді және жексенбі қасиетті деген ұғымдар, халықты албастының билігінде қалдырады. Біріншісі адамдарды спиритизмге жакыпдатады, екіншісі оларды Риммен біріктіреді. АҚШ-тың протестанттары бірінші болып шыңыраудың арғы жағынан спиритизмге қол созады, онан соң Римге қолын беру үшін шыңыраудан аттап өтеді. Кейін осы одақтың әсерінен айтулы мемлекет ар-ұжданын таптап өтіп, Римнің соңынан ереді. Спиритизм кеңінен және тереңірек түрде мәсіхшілдікке ұқсас болуға кұнығып алған. Бұл ұқсастық оның қулығына көп күш қосып тұр. Албасты жарқ-жұрқ еткен періштенің кейпіне енеді. Ол неше түрлі жалған кереметтерімен көпшілікті алдайтын болады. Сырқат адамдар әр түрлі ауруларынан айығып шығып оған иланып, оның соңынан ереді және олар тағы да басқа табиғидан жоғары құбылыстардың куәсі болады. Бұл рухтар Киелі Жазбаға сенетіндерін хабарлап, шіркеу институттарына сенетіндерін айтады. Халық болса бұл күшті - Құдайдың күші деп қабылдайды. Сонан соң мәсіхшілер мен кәпірлердің арасында ешқандай айырмашылық байқалмай қалады. Шіркеуге қатысы жоқтар нені жақсы көрсе, шіркеудің мүшелері де соған қызығады. Сөйтіп шайтан олардың бастарын біріктіріп, барлығын спиритизмнің қатарына енгізеді. Жалған кереметтерді шынайы шіркеудің белгісі деп есептейтін католиктер бұл өтірікке қатықтай ұйиды, ал ақиқатты қалқан қылып ұстаған протестанттар қолдағы қаруларын тастай сала католиктердің соңынан ере жөнеледі. Католиктер, протестанттар, қарапайым халық - барлығы өлі игіліктің тұтқынына түседі. Бұл одақты олар мың жылдық патшалыққа жеткізетін ұлы қозғалыс деп есептейді.ҮШ 375.1

    Албасты халыққа спиритизм арқылы өте жоғары сатыдағы діни сенімнің жүйесін ұсынған болып, өзін игілік сыйлаушы мейірбан қылып көрсетеді. Содан кейін оның нағыз бұзақы екенін ешкім елемейді, мыңдаған халық ажалына қарай адымдайды. Ұстамсыздық жұртты ақылынан ауыстырады, оның соңынан бұзылғандық, қантөгіс және басқа да қайғылы оқиғалар жалғасады. Әсіресе албасты соғысты жақсы көреді, соның көмегімен құрбандарын қанмен, кесірмен арамдап мәңгілікке көз жұмғызады. Халықтарды бір біріне айдап салу арқылы көздеген мақсатына жетеді, өйткені шайқасушы жақтар албастының қолындағы ойыншыққа айналып, ақырдың күніне, яғни Мәсіхтің келетін кезіне дайындалу керектігін мүлдем ұмытады. Албасты табиғаттың құпиясын көп зерттеген, Құдай оған қаншалықты мүмкіншілік берсе, соншалықты ол табиғаттың күшін де пайдаланады. Өткенге көз жүгіртіп көріңіздер, шайтанға Әйүп пайғамбарын қинауға рұқсат берілгенде, не болғаны барлықтарыңызға мәлім болар? Пайғамбардың табын-табын малдары ұшты-күйлі ғайып болды. Үй іші, балалары, қызметшілері бірінің соңынан бірі қырылды. Бір бақытсыздықтың соңынан екіншісі келіп тұрды. Тек Құдай ғана Өзінің жаратқан пендесін қатыгез жендеттің қолына түсірмей қорғай алады. Бірақ мәсіхшілер (христиандар) әлемі Құдайды және Оның адамзатқа бақыт сыйлайтын қасиетті заңын ұмытқан. «Мені кім ұмытса, соны Менде ұмытамын» дейді Раббым Алла. Жер Құдайдың батасынан құр қалды. Өзіне қарсы шықкандарды Құдай қорғамайды, сейтіп олар ібілістің қолына емін еркін тиеді. Шайтан болса, біреулерін гүлдендіріп шылқыған байлық беріп естерін кетіріп қояды, екіншілерін керісінше қайыршылыққа ұшыратып, алғашқыларға өшіктіреді. Енді біреулеріне бейнет пен қайғы беріп қапаландырады. Көкірегі соқыр пенделер осыньщ барлығына Құдай кінәлі деп есептейді.ҮШ 376.1

    Албасты өзін жұрттың алдында олардың ауруларын емдеп кетіретін ұлы дәрігер ретінде көрсетеді. Ал шын мәнінде ол біздің планетамызға ауру мен қасірет әкелді. Халқы көп қалалар үйіндіге айналып босап қалады. Дәл осы іспен ібіліс қазір тығыз айналысуда. Төтенше жағдайлар, суда да, күрлықта да болып жатқан кесапаттар, жер жерді шалып жатқан өрт, дауылдар, борандар, жер сілкіністері - осының барлығы албастының еркімен болып жатқан зұлымдықтар. Аштық пен жалаңаштык та оның ісі. Ол жағымсыз буландырулар арқылы ауаны уландырып, мыңдаған халык, неше түрлі індеттерден қырылып жатыр. Аурулардың түр-түрі пайда болып, адамзатқа қауіп төніп тұр. Белгісіз сыркаттардың салдарынан адамдар да, малдар да өлуде. «Жарық дүние де, жер де қамығады, өйткені әлемнің тұрғындары Құдайдың қасиетті заңын аттап өтіп, жарлықтарын өзгертіп, өсиеттерін бүзып жерді әбден арамдады» - деп жазылған Жаратқанның сөзінде (Ишая 24:4,5).ҮШ 376.2

    Ұлы етірікші «осы болып жатқан пәлелердің барлығы Құдайға қызмет ететіндердің қырсығы” деп кінәнің барлығын соларға артып, басқаларын соған иландырады. Барлық жерлерге «сенбіні сақтайтындар жексенбіні арамдады, олар халық арасына бүлік туғызып жұртты Құдайдың батасынан күр қалдырды» деп, хабарландырылады. Күнөкарлар болып жатқан қасіреттерге, керісінше солардың өздерінің күнәларын әшкерелеп, оларды шындыққа баулығысы келген Құдайдың адал құлдарын кінәлайды. Осылайша кезінде Құдайдың қызметкеріне тағылған кінө қайра Оның халқына жапсырылады. Сонда Ахаб: «Сен бе Исраилге ылаң салып жүрген» деп Ильясты қарамайлаған болатын. Бұған Ильяс: «Мен емес Исраилге бүлік салып жатқан, Құдайдың дегенін орындамай Шұғайыптың соңынан ерген сен және сенің әкеңнің үйі” деп жауап берген еді (ЗПат.18:17,18). Сол кезде ашуға булыққан кара тобыр Ильясқа не істесе, ендігі жерде де сол оқиға қайталанатын болады. Спиритизмнің найзасы жай адамдарды тыңдағаннан гөрі Құдайды көбірек тыңцайтындарға бағытталады. Спириттер «біз Құдайдың елшілеріміз деп жексенбіден бас тартатындарды өз сөздеріне сендірмек болады, олар адамдар Құдай заңына капай бағынулары керек болса, мемлекеттің де заңына солай бағынулары керек” - деп жариялайды. Олар әлемде болып жатқан неше түрлі ұждансыз істерге күрсініп, соған қоса «Жексенбі күнін бұзу өнегелік пен ізетгілікті әлсіретіп жібереді» деп, діни окытушыларды қолдай бастайды. Сол кезде мүндай жалған ілімнен үзілді кесілді бас тартатындарды не күтіп тұрғаны айтпай-ақ та белгілі болар.ҮШ 377.1

    Албасты әуелде аспанда шайкасты қалай бастаса, жерде де дәл сондай әрекет жасайды. Бас кезінде ол Алланың билігін жай ғана ықшамдағысы келген сыңай танытты, бара-бара ол «Құдайды құлатам” деп ойлады. Оған қоса өзі немене- ге кінәлі болса, соған Құдайға адал болып қалған періштелерді кінәлады. Рим шіркеуі де дел осы тәсілдерді пайдалануда. Папа өзін «Құдайдың орынбасарымын” деп хабарлап, шын мәнінде Жаратқанның заңын өзгертіп, өзін Алладан жоғары қойғысы келді. Рим билік құрған заманда Құдайдың сенімділері «зұлымдар” деп жарияланды. Олар «албастының сыбайластары» аталып, жауларының қолдарынан қиянат шекті. Біздің заманымызда да дәл солай болады. Құдай заңын таза күйінде орындайтындар, керісінше оны бұзатындар деп жарияланып, жазаға тартылады.ҮШ 377.2

    Құдай адамды күшпен көндірмейді, адам өз жолын өзі таңцауға ерікті, бірақ Ол ненің жақсы, ненің жаман екенін көрсетеді. Ал ібіліс болса үнемі қанаумен айналысады. Ол адамды алдайды, алдауға көнбейтіндерді жазалайды. Ол халықты күшпен қорқытып ұстап, өзіне сиындырғысы келеді. Дегеніне жету үшін үкімет билігін, діни билікті, қараны, төрені барлығын пайдаланады.ҮШ 378.1

    Сенбіні ұмытпай сақтайтындар «халық жауы» атанады. Жаңбырдай болып жауып жатқан қасіреттерге солар кінәлі деп табылады. Оларды мемлекетке бағынбайтын бұзақылар деп атайды. Үкімет басындағылар Құдайдың еркімен тағайындалғандар, сондықтан да бұл басшыларға бағыну керек, Құдай заңын орындау соншалықты міндетті емес дейтін дін қызметкерлері халықты теріс жолға салатын уағыздар айта бастайды. Олардың дегендерінен бас тартып, Құдайдың парызын орындайтындар айыпқа тартылады, жазаланады. Бұл Аллаға адал болып қалған азаматтардың сөздері бүрмаланады, істері кері талқыланады, ниеттері қараланады.ҮШ 378.2

    Протестанттық шіркеулер Киелі Жазбаның ақиқат екенін дәлелдейтін куәліктерден өздері болса бас тартып, ал ақиқатты қабылдайтын жандардың шынайы сенімдеріне тойтарыс беруге Киелі Жазбадан ешқандай дәлел таппағандықтан, олардың үндерін өшіруге тырысады. Және өздері оны ашық мойындамағандарымен, барлық мәсіхшілер әлеміне жалғасып папаның қойған талаптарын орындайды, ашып айтқанда «папаның сенбісін» қабылдайды. Абыройлары жетіспей жатса күш жұмсайды. Саясатшылардың сатқындығы әділеттілікке деген сүйіспеншіліктің және ақиқатқа деген сый-сипаттың күл талқанын шығарады. Сөйтіп бір кездері ақиқаттың туын тіккен АҚШ тың билеушілері мен заң шығарушылары қоғамның көңілінен шығу үшін барлық халықтан жексенбі күнді құрметтеуді талап етеді. Қымбат бағаға сатылып алынған ар-ұждан бостандығының күлі көкке бірақ ұшады. Осы арада пайғамбардың айтып кеткен сөздерінің орындалғанын көре аламыз: «Айдаһар әйелге қаһарын төгіп, оның езге де ұрпақтарымен - Құдайдың бұйрықтарын орындап, Исаның Ізгі хабарына ие болып жүргендермен шайқасқа шығады» (Аян 12:17).ҮШ 378.3

    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents