Loading...
Larger font
Smaller font
Copy
Print
Contents
ҮЛЫ ШАЙҚАС - Contents
  • Results
  • Related
  • Featured
No results found for: "".
  • Weighted Relevancy
  • Content Sequence
  • Relevancy
  • Earliest First
  • Latest First
    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents

    39-тарау - Қасірет мезгілі

    Сол күндері сенің халқыңның балаларын қолдап тұрған ұлы ханзада Михайл шығады, адам баласы жаратылғаннан бері болып көрмеген қиын замандар келеді, бірақ өмір кітабында есімі жазылып қойылғандардың барлығы құтқарылатын болады (Дан. 12:1).ҮШ 394.1

    Үшінші періштенің хабары уағыздалып болғаннан кейін, Құдайдың мейірімі жердің тұрғындарын өз еркіне қалдырады. Құдай халқы өз ісін аяқтап «соңғы жаңбырды”, «Алланың берген қуанышын» қабылдап, алдағы келе жатқан сынаққа дайын тұр. Періштелер жан жаққа асығуда. Жер бетінен қайтып оралған періште, өз ісінің аяқталғаны жайлы хабар береді және Құдайға адал болып қалғандардың Жаратқанның таңбасын алғанын айтып жеткізеді. Сол сәтте Иса Өзінің көктегі қасиетханадағы арашашы қызметін аяқтайды. Ол екі қолын жоғары көтеріп, қатты дауыспен «Орындалды» деп хабарлайды. Оның: «Әділетсіздер әділетсіз істерін жалғастырып, арамдар арамдықтарын жасай берсін, ал әділдер әділеттілік жасап, қасиеттілер қасиеттілене берсін» деген салтанатты арызынан кейін көктегі сарбаздар бастарындағы тәждерін шешеді (Аян 22:11). Осы кезде әр адамның тағдыры шешілетін болады. Мәсіх татуластыру ісін аяқтап, Өзінің меншікті халқының күнәларын тегістеп тастайды. Мәсіхтің азаматтарының саны көбееді, Иса олардың патшасы болып, олар Исаның халқы болады.ҮШ 394.2

    Мәсіх қасиетханадан шыққаннан кейін, жер беті түнекке шомады. Осы масқара заманда тақуалар қасиетті Құдайдың алдында аратүсушісіз өмір сүрулеріне тура келеді. Албасты шексіз билікке ие болып, зұлымдарды ешкім тоқтатпайтын болады. Құдайдың шыдамы таусылады. Әлем оның заңын аяқ асты етіп, Өзін жек көріп, Оның мейірімін қабылдамаған болатын. Сондықтан әділетсіздер үшін мейірім мезгілі өте шығады. Үнемі қарсылық білдіргендіктен Құдайдың Рухы оларды тастап кетеді. Алланың мейірімінен жұрдай болған бүл бейшаралар зүлым жаудың қарамағында қалады. Сонда албасты жердің тұрғындарын соңғы рет зор қасіретке шалықтырады. Періштелер адамзаттың құмарлығының тізгінін босатсымен, жауласушылық апаты қоздана түседі. Бар әлем сұмдық жазаға тартылады.ҮШ 394.3

    Мысырдың барлық тұңғыштарының кезін жойған бір ғана періште жердің бетін зар илеткен болатын. Дәуіт пайғамбар халыкка санақ жүргізіп, Құдай алдында күнәға батқанда, жазалаушы періште келіп барлығын жайпап кеткен еді. Құдайдың әмірімен киелі періштелер келіп әділетсіздерді қырып салған. Құдай Өзінің әлемді қорғап тұрған қолын тартып алғанда, жындар да дәл солай істейтін болады. Олар сәті түскенде жерді бос қалдырмақшы болып, өз уақыттарын тосып отыр.ҮШ 394.4

    Құдай заңын орындаушыларға әлем «жерге қасірет әкелушілер» деп қараған болатын. Енді ол қайғы, уайым, апат, соғыс, жанжал, жауласушылық, өш алу, қантөгіс сияқты жаман жағдайлардың барлығын солардың есебіне жазады. Соңғы ескертуді жетелеп тұрған күш кұдайсыздарды қаһарына енгізеді, сөйтіп олар осы хабарды қабылдағандардың барлығына қарсы шығады, ал албасты болса өшпенділіктің отын одан сайын қоздыра түседі.ҮШ 395.1

    Кезінде Құдайдың болған жерінің босап қалғанын, яғни Оның яхудейлерді тастап кеткенін білмеген дін қызметкерлері, күнәға батпақтап батып отырғандарына қарамастан, ездерін Құдайдың қалаулы халқымыз деп есептегендерін қоймаған. Баяғысынша Құдайға қызмет етіліп, құрбан шалынып, Алланың Рухани Ұлының қанын төккен халыққа бата сұралып, сонымен қоса Исаның шәкірттерінің оміріне шабуыл жасалып отырған. Дәл сол секілді қасиетханада шешім қабылданып, әлемнің тағдыры шешіліп қойылғанын жер бетіндегі жандар білмейтін болады. Киелі Рухсыз қалдырылған халық діни салт-дәстүрлерін жалғастырып, Құдайға қызғанышпен қызмет еткен болып жатады.ҮШ 395.2

    Барлық мәсіхшілер әлемінде сенбі күнінің төңірегінде талас пайда болғандықтан, діни билікпен мемлекеттік билік бірігіп, барлығынан жексенбі күнінің сақталуын талап етіп, жұртқа оны таңып қояды. Ондай бұйрықтан бас тартқан аздаған топты көпшілік жек көріп, оларды қуғындайды. Сонан соң барша халық бүлік пен заңсыздыққа батқанша, аздаған тобырдың көзі жойылуы керек деген шешім қабылданады. Он сегіз ғасыр бұрын Мәсіх Исаға осыған ұқсас кінө тағылып: «Бір бүтін ұлт өлгенше, бір бүлікші өлсін” деген шешім қабылданған болатын (Жақ. 11:50). Сонда: «Бәрінен де дұрысы осы болар” деген еді Каиафа. Енді де шығарылған шешім олардың көңілдеріне қонымды көрінеді. Сөйтіп олар сенбі күні туралы заңды орындайтындарға қарсы қаулы шығарады. Айтулы қаулы бойынша сенбіні сақтаушылар қатаң жазаға тартылуға тиісті болып, анықтаулы уақыттан кейін халық оларды өлім жазасына ұсынуға бостандық алады. Осы дамыған ғасырда сатқын - протестанттар имандыларға, кезінде католиктер Алланың парызын орындаушыларға не істесе, соны істейді.ҮШ 395.3

    Құдай халқы Жақып пайғамбарының тартқан азабын тартады. «Бейбітшілік емес, торығу мен қорқыныштың дауысын естіп тұрмыз. Барлығының түрлері бозарып кеткен. Қандай қайғы десеңізші! Бұған ұқсас күн болып көрмеген, бұл - Жақыптың торығу уақыты, бірақ ол одан айығып шығады» (Ерм. 30:5-7) - дейді Шексіз Алла.ҮШ 396.1

    Түнімен қасірет шегіп, бауырының гаһарынан оны қорғап қалуға Құдайдан тілек тілеп дұға оқып шыққан Жақыптың кері Алланың халқының да басына келеді (Жар.32:24-33). Оның тартқан тақсіретін Құдай халқы да көреді. Әкесінен Есауға тиесілі батаны опасыздық жолмен алған Жақып, ағасының қаһарынан қорқып, алыста жүріп өмір еткен. Кейін Алладан «еліңе қайт» деген бұйрықты алып, әйелдері мен балаларын, қызметшілерін ерітіп, мал мүлкімен туған жеріне бет алады. Орта жолға тақағанда, қарулы жасағын ерітіп оған қарсы ағасы келе жатқаны жайлы хабарды естіп Жақыптың үрейі ұшады. Оны тек қорқыныш кана емес, ар-ұжданы да қинаған еді. Оның бір кездері жасаған күнәсінің қырсығынан қаншама халық қырылып қалуы мүмкін ғой. Жалғыз ғана үміті - Құдайдың мейіріміне деген сенімі еді. Дұға оның қорғаны болуға тиісті. Ағасының алдында күнәсін жуып шаю және қауіптің басын қайтару үшін ол қолынан келген барлық мүмкіншілікті жасады. Дәл солай Исаның ізбасарлары да қасірет мезгілінің алдында өздерін жанындағыларға дұрыс жағынан көрсетіп, ар-ұжданның бостандығына төніп тұрған қауіптің бетін қайтару үшін бар күштерін салулары керек.ҮШ 396.2

    Жақып өзінің камығып түрғанын ешкімге білдіртпес үшін, жақындарын өзінен алыс аттандырып жіберіп, салауат айтып Құдайдан шын тілек тілеу үшін жалғыз қалып қояды. Ол Алланың алдына бар күнәсін жайып салып, Оның мейірімі үшін Жаратқанға ризашылығын білдіреді. Жапан түзде жалғыз қалған пайғамбар дұғасын жалғастырып, тілек тілеп, Алланың алдында мойынсұнады. Бір мезетте біреу оның иығына қолын қояды. Беймөлім біреуді өлтіруге келген жау екен деп, ол барынша қарсыласып багады. Таң ата бейтаныс оған табиғидан жоғары күш көрсетеді. Оңайлықпен ешкімге де беріле қоймайтын мықты адам сол мезгілде сал ауруына ұшырағандай әлсіреп кетті. Жақып езінің қарсыласының кеудесіне басын қойып, өксіп - өксіп жылай берді. Пайғамбар өзінің періштемен күрескенін сонда ғана білді. Қаншама уақыт абыржудан, жанын жегідей жеген ұяттан, күнәдан қасірет шеккен ол, өзінің кешірім алғанына сенімді болғысы келді. Құдайы қонақ кетпекші болып дайындалып еді, Жақып Оның етегіне жабысты. «Жібер Мені, өйткені таң атып келеді» деген Періштенің сезіне қарамастан, бабамыз үстаған жерінен айрылмай: «Батаңды бермейінше жібермеймін” деп жалынды. Қандай сенім десеңізші! Қандай қажырлық пен жігерлік! Егер Жақыптың сөзінен өзімшіл мақтаншақтық байқалса, сол жерде өліп кете барған болар еді. Бірақ ол өзінің әлсіздігін байқататын күнәкардың жігерлігін көрсетті, сонымен қоса өсиетін сақтайтын Алланың мейіріміне деген сенімін білдіртті. «Ол Періштемен күресті және үстем болды”, шынайы сенімімен, талмастай жігерлігімен, таза ықыласымен және Аллаға деген зор сүйіспеншілігімен Жаратқанға жүрегін иген пайғамбар Көктің Үлылығына ұнамды мінез танытты. (Ош. 12:4). Пайғамбар мойынсұну, тәубасына келу, жанқиярлық мінезімен көктің кеңілінен шықты. Ол бар ниетімен Құдайдың берген уәделеріне сенді, ал шексіз махаббат Иесінің жүрегі бұл зарлы үнді естімей қойған жоқ. Осы жеңістің белгісі ретінде күнәні еске салып тұратын оның бұрынғы аты жеңіске меңзейтін басқа атпен алмастырылды. Енді ол ағасының қаһарынан қорықпады, Алла оның қорғаушысы болды. Ұзақ түн бойғы күресте албасты бабамызды зор кінәлі сезіндіріп, әзін тығырыққа тіреп, көңілін қалдырып, оның Құдайға деген сенімін тартып алғысы келді. Жақып торығуға дейін жетті, бірак Алланың көмегінсіз өлетінін тағы да жақсы білді. Сондықтан Құдайдан қол үзбей Алланың оны кешіруін бар ниетімен жалбарына отыра сүрай берді. Пайғамбар өзінің мақсатынан бас тартқан жоқ, ұстағанынан айрылмай табанды түрде жалынып, Періштенің батасын алды.ҮШ 396.3

    Есауды Жақыпка айдап салғандай әзәзіл қасірет кезінде зұлымдарды Құдайдың меншікті халқына айдап салады. Ол Жақыпты кінәлағандай имандыларды да кінәлайды. Албасты жердің тұрғындарын, өзімнің азаматтарым деп есептейді, бірақ Алланың парызын орындайтын аздаған топ оған бағынбайды. Ұлы өтірікшіге осылардың көзі қүрыса жеңісі толык, болатындай көрінеді. Киелі періштелер оларды қорғайды, ендеше олардың күнәлары кешірілгені, бірақ көктегі қасиетханада бұлардьщ тағдырларының шешіліп койғанын шайтан әлі білмейді. Әзәзіл бұл халықтың күнәларын есептеп қойған, сондықтан Аллаға айтулы халықты жаман жағынан көрсетіп, олар менімен бірге өлуге тиісті деп талап етеді. Егер Құдай әділетті болса, албастының көзін жойып, ал күнәкар планетаның басқа тұрғындарын кешіруі мүмкін емес. Бұл жандар менің табысым (жемтігім), сондықтан олар менің қолымнан өлулері керек деп арыз тастайды.ҮШ 397.1

    Албасты, Құдайдың меншігіндегі халықты кінәлап тұрғандықтан, Тәңір Ие бүлардың зор сынақтан өтуіне албастыға ерік береді. Имандылардың Құдайға деген сенімдері, үміттері, табандылықтары қатаң сынақтан өтеді. Өткен өмірлеріне көз жүгірткен бұл жандар жақсы істерінің жоқтың қасы екенін байқайды. Олар өздерінің өте әлсіз, түкке тұрғысыз екендерін сезінеді. Албасты оларды неше түрлі жаман ойлармен үрейлендіріп, сенімдерін үзгісі келеді, солайша Құдайға сатқындық жасатам деп үміттенеді. Жаудың қоршауында қалған Құдайдың балаларын торығуға дейін әкеліп тірейтін қуғын-сүргін мен қорқыныш емес, «кешірілмей қалған күнәларымыз бар ма екен?” - деген ой болады. Бұл ой олардың жандарын жегідей жейді. Ондай адамдар Құтқарушының: «Сен Менің азаптарда төзімділік таныту туралы бұйрығымды орындап келгендіктен, Мен де осы дүниенің адамдарын тексеруге арналған, бүкіл жер бетінде болатын азапты сынақ кезінде сені қорғаймын” (Аян 3:10) деген уәдесіне сенімді бола алмайды. Егер олар күнәдан тазарғандарына сенімді болса, ешқандай азап та, өлім де оларды үрейлендіре алмаған болар еді. Егер олар қасиетсіз, яғни ақталуға түрғысыз болса, онда кесірлері өздерін өлімге қарай тартып, Құдайдың қасиетті Есімі масқараланғаны. Жан жақтан Құдайға қарсы астыртын әрекеттің белгісі байқалады, олар бүл азғындық тезірек аяқталса екен деп тілейді. Бүлік тамамдалсыншы деп Аллаға жалынғандарымен, зұлымдыққа қарсы шығуға жөне оны тоқтатуға өлсіз болғандарына өздерін кінәлі сезініп, қиналады. Егер де олар өмір бойы, үнемі, үздіксіз өздерінің күшін, жігерін, қабілеттерін Алланың жолындағы қызметке жұмсағанда, албасты оларды мүнша қинай алмаган болар еді.ҮШ 397.2

    Олар Құдай алдында мойынсұнып, Алла бұрында көптегеи күнәларымызды кешірген болатын деп, Оның берген уәделерін естеріне ала бастайды.ҮШ 398.1

    «Менімен одақ құрып, Менің қорғауымды сұрай ма? Онда Менімен келісімге түрсын» (Ишая 27:5). Тілеген тілектеріне дереу жауап келмегенімен, Құдайға нық сенген олар мінәжаттарын ері қарай жалғастырады. «Батаңды бермей жібермеймін” деп Жақып Періштенің етегінен қалай ұстаса, бұлар да Құдайдың білегінен мықтап ұстап алады.ҮШ 398.2

    Егер Жақып жасаған күнәсі үшін алдын ала тәубасына түспегенде, оның дұғасы қабылданбай, Алла оны құтқармаған болар еді. Қасірет мезгілінде де дәл солай болмақ. Адамның кешірілмей қалған күнәсі болса, қайғы мен қорқыныш оны жеңеді. Торығу оның сенімін үзеді, сондықтан ол кұтқарылуын сенімді түрде сұрай алмайды. Өздерінің түкке тұрғысыз екенін терең түрде сезінгендердің кұпия күнәсі болмайды. Олардың күнәлары сотта алдын ала қарастырылып, тегістеліп тасталады, сондықтанда олардың естеріне ештеңе түспейді.ҮШ 398.3

    Албасты «Құдай аздаған күнәға көңіл аудармайды» деп, соған адамды сендіргісі келеді. Бұл өтірік. Құдай өділетсіздіктің қандай түрі болса да, аз болсын, көп болсын қолдамайды, ақтамайды, өйткені күнә Құдайдың жүрегін айнытады. Күнәларын жасырып қалуға тырысатындардың немесе өздерін өздері ақтайтындардың істері көктегі кітапта жазулы қалпында қалады. Сондықтан да ондай адамдар албастының жемтігіне айналады. Ақырдың күніне дайындықты болашақтағы уақытқа жылжытып қоятындар, оған ешқашанда дайын болмайды. Ондайлардың жағдайлары өте нашар болмақ. Соңғы сұмдық шайқасқа дайындалмай, соған қарамастан өздерін мәсіхшілерміз деп атайтындар сол кезде жанталасып күнәларын ақтара бастайды, ал арсыздар болса, оларды мазақ қылып, уайымдарын күлкіге айналдырады. Олардың тәубәларына келуі Есаудікіне немесе Яхуданікіне өте ұқсас болмақ. Олар күнә жасап, жанындағыларды зар илеткендері үшін жыламайды, сол күнәнің соңынан алатын жазаларынан қоркып жылайды. Басқаша айтатын болсақ, олар күнәні жек көрмейді, кінөлі болғандарына өкінбейді де, алдарында күтіп тұрған жазадан қорқып қиналады. Мұндай адамдар бастарына төніп түрған қауіп өтсімен, ежелгі кездегі перғауын секілді, бұрынғы әдеттерін қайта бастайды.ҮШ 398.4

    Жақып пайғамбарының өмір тарихы бізге жақсы сабақ болуы керек. Құдайға жан дүниесімен берілген адамдарды қорғау үшін және жұбату үшін, Алла өзінің періштелерін жібереді. Имандыларды өте зор бейнет күтіп тұр, лаулаған от оларды жүтып алуға дайын, бірақ ұста жалыннан алтынды қалай тазартып алып шықса, мейірімі күшті Құдай Ие де өзінің меншікті халқын сынақтан өткізіп тазартып алып шығады. Құдайдың Өз халқына деген махаббаты ешқашан езгермейді, бірақ Оның халқы міндетті түрде лаулаған пештен өтуі керек, сонда жалын олардың жанын тап-таза қылып шығарады.ҮШ 399.1

    Қасірет уақытында бізден талап етілетіні шыдамдылық, сабырлық, аштықты жеңіп шығатын жігерлік, қатаң сынақ кезінде әлсіреп кетпейтін мықты сенім. Сол қасірет мезгіліне дайын болу үшін барлық жан сынақтан етеді. Жақыгі дер кезінде шешім қабылдап тұрып, табандылық танытқандықтан бейнетті жеңіп шықты. Бұл жеңіс оның адал тілегінің күшін байқатады. Құдайдың уәдесіне мығым сенгендер жеңіске жетеді. Ал өздерінің «Мен» дерінен бас тартпағандар, Алламен қанша күресіп, дұға оқыса да, тілегендерін ала алмайды. «Алламен күресу» дегенді түсінетін адамдар өте аз. Бар күшін салып, Құдайды сабылып жүріп іздейтіндердің сандары көп емес. Қамығудың қатты толқыны шайып, тұңғиыққа әкете жаздап тұрған сәттерде Алланың берген уәделеріне мығым сеніп, сабыр сақтайтындардың саны жоқтың қасы.ҮШ 399.2

    Сенімі нашарларға төніп тұрған қауіп ете зор, олар албастының қарамағынан шыға алмай, ар-ұждандарын зорлайтын қаулыға бағынатын болады. Бұлар тіпті сынақ мезгілінен бірдеңе қылып өткен күннің езінде, қысымға ұшыраған кезде уайымға беріліп кетеді. Өйткені олар әр істің ақырын Құдайдан күтіп үйренбеген. Кеңшілік кезінде алмаған сенім сабақтарын, таршылық кезінде үйренулеріне тура келеді. Бұл ілімді Құдайдың аяндарына сүйене отыра қазір танып білуіміз керек. Періштелер шынайы және әбден ойланып айтылған дұғаларды жазып алып отырады. Құдаймен қарым-қатынас жасаудан бaс тартқанша, өзімшіл ләззаттан бас тартқан дұрыс. Құдайсыз жүріп байып, жайланып, құрметке бөленіп рахаттанғанша, Құдаймен жүріп шектен тыс жоқшылықта өмір еткен ғанибет. Қайырсыз байлықтан, қайырлы кедейлік мың есе артық. Адамдар Шексіз Алламен үздіксіз карым-катынаста болулары үшін дұғаны ешқашан ұмытпаулары керек. Егер біз Алланың барын ұмытсақ, онда Ол біздің алтын пұттарымызды, әдемі үйлерімізді, құнарлы жерлерімізді тартып алып, Өзінің барын есімізге салуы мүмкін.ҮШ 399.3

    Біздің жастарымыз Құдай жолын таңдаса, өздерін күнәдан қорғап қала алады. Егер әлемге көктің соңғы ескертпелерін таратушылар Құдайдың батасын қалай болса солай салқын, салбыр, немқүрайды түрде сұрамай, керісінше жалындап тұрған оттай ниетпен және нағыз сеніммен сүраса: «Мен Құдаймен бетпе-бет кездестім және жаным аман қалды” (Жар. 32:30) деген болар еді. Онда Аспан оларды Құдайдың көңілінен шыққан, күнәні жеңген ханзадалар деп атайды.ҮШ 400.1

    Жуырда жер бетінде ешқашан болып кермеген қасірет уақыты келеді. Сонда бізге үлкен тәжірибе ауадай қажет болады, ондай тәжірибе бізде әлі болған жоқ жөне ондай тәжірибені алуға адамдардың көпшілігі ерінеді де. Болғаннан гөрі болады деген қорқыныштылау секілді. Десе де бұл жолы барлығы өзгеше болмақ. Ең жанды деген қиялдың өзі сол кездері болатын ауыртпалықты суреттеп бере алмайды. Әр адам Құдайдың алдында өзі үшін жауап береді.ҮШ 400.2

    «Нүх та, Даниял да, Әйүп те балалары мен қыздарын өздерінің әділеттіліктерімен құтқара алмайды, тек қара бастары ғана құтқарылады” дейді Раббым Алла (Езк. 14:20).ҮШ 400.3

    Үлы Басты Діни Қызметкер адамзат баласын Құдаймен татуластыру қызметін жасап жатқан кезінде, біздер Исаға ұқсас болу үшін бар күшімізді, жігерімізді салуымыз керек. Біздің Құтқарушымыз неше түрлі бақылаудан өткен, бірақ ешқашан алданып көрген емес. Албасты адамның жүрегінің әлсіз жерлерін іздейді және оның аялап ұстап отырған күнәсін керсе, дереу іске кіріседі. Сонда адам езінің мінезінің бақылаудан шығып кеткенін байқамай да қалады. Мәсіх Өзі жайлы: «Осы күнәкар дүниенің әміршісі (шайтан) жақындап келеді, бірақ оның Менімен ортақ ештеңесі жоқ” (Жох. 14:30) деген болатын. Албасты Мәсіхті жеңетіндей Оның бойынан ешбір кесір таба алмады. Иса Құдайдьщ заңы бойынша өмір сүрді, Оның бойында ешқандай күнә болған жоқ. Қасірет уақытында албастыға қарсы шығып, оны жеңеміз дейтіндер Мәсіхтен екі елі айнымай тұрулары керек.ҮШ 400.4

    Бүл өмірде біздер Мәсіхтің адамдар үшін төгілген қанына деген сеніммен күнәдан тазартылуымыз керек. Құтқарушымыз өлсіздігімізді Оның күшімен, надандығымызды Оның даналығымен, арамдығымызды Оның еңбегімен жеңуге шақырады. Біздер Алланың мектебінде дәріс алып, тамаша момын жандар болып шығуымыз керек. Құдай бізге дұрыс жол сілтеп, өміріміздің шынайы мақсатына бағыт береді. Сондықтан да мінезімізді түзеу үшін Киелінің ұсынып тұрған кұралдарының барлығын пайдалана білейік. Аялдап қалу мен немқұрайдылық жанымыз үшін өте қауіпті. Жохан бабамыз: «Жер мен теңізде тұратындар корқыңдар! Себебі әзәзіл теменге, сендердің қастарыңа түсті. Ол өз уақытың аз қалғанын біледі, сондықтан қатты ашулы” деген дауысты естіді (Аян 12:12). Бабамызды бұл сөздерді айтуға мәжбүрлеген шындық қаншалықты қорқынышты десеңізші! Ақыртақаған сайын әзәзілдің ашуы өрши түсуде, ал қасіретуақытында оның зұлымдық істері ең жоғарғы нүктесіне жететін болады.ҮШ 401.1

    Сонда біз жындардың биліктерінің белгілері - жалған кереметтерді көреміз. Жындар бар әлемнің тұрғындары мен патшаларын алдап өз торларына түсіретін болады. Өздерін Мәсіхпіз деп жариялайтын адамдар шығады. Олар, бізге көктен аян берілді деп, ауруларды сауықтырып, тағы да неше түрлі гажайып істер жасайды, бірақ бұл істері Киелі Жазбадағы кепілдемелерге қарама-қайшы келеді.ҮШ 401.2

    Бұл ұлы драманың соңы албастының езін Мәсіхпін деп жариялауымен аяқталады. Шіркеу Құтқарушыньщ келуіне үміттерінің орындалғаны ретінде карайтыны жайлы баяғыда арыз тастаған болатын. Енді ұлы өтірікші Мәсіх келіп қалған секілді көрініс жасайды. Ол жердің өрбір бөліктерінде адамдардың алдында әулие секілді пайда болып, езінің жарығымен маңайын нұрландырып жібереді. Осы кейпінде ол аянда айтылып кеткен Жохан пайғамбарының суреттегеніндей Құдайдың Рухани Үлына өте ұқсас болады (Аян 1:13-15). Оның даңқы бүрын соңды адам баласының кергенінен асып түседі. «Мәсіх келді! Мәсіх келді!» деп жан жақтан шыққан салтанатты әндер өуені шарықтатады. Халық оның алдына жығылады, ал ұлы өтірікші екі қолын жоғары көтеріп адамдарға батасын береді. Оның дауысы жұмсақ жөне сазды болып шығады. Албасты Мәсіхтің бір кездері айтқан сөздерін қайталап, ауруларды сауықтырып, жұртты әбден есінен тандырады. Сонан соң сенбіні жексенбіге ауыстырғанын айтып, енді бәріне жексенбі күнін сақтауды бұйырады. «Періштелердің әкелген хабарынан бас тартып, әлі де болса жетінші күнді сақтайтындар, менің атымды масқаралайды» деп арыз тастайды. Қандай жеңістік бермейтін, күшті өтірік десеңізші!ҮШ 401.3

    Шимион сиқыршының сөзіне алданып қалған самариялықтар секілді, қарапайымдардан бастап атақтыларға дейін «Бүл Қүдайдың Үлы күші» (Елш. 8:10) деп, барлығы оған иланады. Бірак, Қүдайдың халқы алданбайды. Өйткені олар Киелі Жазбадан жалған мөсіхшіліктің болатыны жайлы ақиқатты жақсы біледі. Жасанды Мөсіх хайуанға табынып, оның белгісін алғандарға батасын береді. Ал Киелі Жазбада хайуанның белгісін алғандарға Қүдайдың қаһары төгіледі деп жазылған.ҮШ 402.1

    Оның үстіне шайтанға, жер бетіне келуін Мөсіхтің келу тәсілдеріне үқсастыруға тыйым салынған. «Сол кездері жалған пайғамбарлар мен жасанды Мәсіхтер келіп, неше түрлі көзді алдайтын ғажайыптармен жүрттың барлығын алдап, тіпті қалаулылардың өздерін де жаңылыстыруға тырысады» дейді бізге Киелі Кітап. «Мінекей ол шөл далада десе, шықпаңдар, түкпір түкпірлердегі бөлмелерде десе сенбеңдер, өйткені найзағай шығыстан шығып, батыс жақтан қалай көрінсе, Адамзат Үлының келуі де солай болмақ» (Матай 24:24-27,31 ;25:31; Аян 1:7; ІСал. 4:16,17). Мәсіхтің келуін алдамшы түрде жасап келтіру мүмкін емес. Бүл оқиға бөріне белгілі болады жөне оны жер бетіндегілердің барлығы көреді.ҮШ 402.2

    Тек Киелі Жазуды жақсы білетіндер, ақиқатты сүйіспеншілікпен қабылдағандар ғана ондай өтірікті Жазбаның көмегімен өшкерелей алады.ҮШ 402.3

    Барлық адамдар сынақтан өтіп, шынайы месіхшілер іріктеледі. Адамдарға бүл үлы күнге дайындалуға шайтан барынша кедергі жасайды. Соңғы кездері жүрт күн көрудің, дүние жинаудың және басқа да көптеген іс-шаралардың қамымен айналысып кетті. Бүл да шайтанның жүмысының нәтижесі. Ол сынақ мезгілінің сіздерге байқаусызда, үйлеріңізге түскен үрыдай болып кенеттен келуін қалайды.ҮШ 402.4

    Әр түрлі мөсіхшіл билеушілері арқылы Қүдайдың парызын орындайтындарға қарсы шығарылған қаулы, оларды үкімет билігінін корғауынан қүр қалдырады. Сол кездерде бүл жандар бас сауғалап, қалалар мен ауылдарды тастап, тау менен тасты, шөл даланы, үңгірлерді паналап босып кетеді. Көпшілік жандар адам аяғы баспаған тауларды мекен етеді. Кезіндегі Пьемонта мөсіхшілері секілді бүл мөсіхшілер де осынау тауларды өздерінің қасиетханасы етіп, соны берген Алланың есімін көкке шарықтатады (Ишая 33:16). Дегенмен айтулы халықтың көпшілігі, оның ішінде неше түрлі үлттьщ екілдері бар - қатардағылар мен атақтылар, байлар мен кедейлер, ақтар мен қаралар ете қатыгез жөне өділетсіз құлдыққа салынады. Құдайдың сүйікті халқы өте ауыр күндерді бастарынан өткізеді. Өлім жазасына кесіліп, түрмеге қамалады, жер астындағы зындандарға тасталып, аштан өлтіріледі. Неше түрлі тәсілдер пайдаланылып, хайуандықпен азапталады. Оларға ешкімде көмекке келмейді, тіпті дауыстарын да естімейді.ҮШ 402.5

    Осындай шақтарда Құдай оларды ұмыта ма? Топан суы қаптағанда Нұх пайғамбары ұмытылды ма? Аспаннан от түсіп, қағынған қалалар бүтіндей жоқ болып кеткенде Лұт ұмытылды ма? Немесе Раббым Алла, Мысыр елінде пүтқа табынушылардың ортасында қалған Жүсіпті ұмытты ма? Жаулары қуғынға ұшыратқан Ильяс пайғамбары, қарацғы, сасық шұңкырдың ішінде капаланып отырған Еремия, лаулаған пештің ішіне түскен ер жүрек азаматтар немесе арыстанның апанына тасталған Даниял ұмытылды ма?ҮШ 403.1

    Ал Сион болса: «Құдайым мені тастап кетті, Ол мені үмытты!” дейді. Емшектегі баласын анасы ұмыта ма? Егер ол ұмытса да, Мен сені ешқашанда ұмытпаймын. Сенің бейнеңді алақандарыма сызып қойғам» дейді мейірімді Алла (Ишая 49:14-16). «Сендерге соқтыққандар, Менің кезімнің қарашығына соқтыққандары” (Зек. 2:8). Құдайдың қызметкерлері түрмеге қамалғандарымен, олардың жандарын Алладан бөлектеу мүмкін емес. Адамның жанын түсінетін, оның әлсіз жерлерін білетін мейірімді Құдай Иенің жердің билігінен жоғары екенін білмейтін кім бар? Ол қапаста қамалып жатқан жандарға періштелерін жіберіп, қап-қараңғы жерлерді жарқыраған сарайларға айналдырады. Өйткені ол жерлерде отырғандардың, бір кездерде Пауыл мен Сила Філіп қаласында қамауда отырып, түн жарымда дұға оқып, ән салғаны секілді, имандары мол болады.ҮШ 403.2

    Құдайдың қалаулыларын қуғындағандар жазаларын алады. Алланың шыдамдылығы жексүрындарға небір өжеттілік береді, бірақ Құдай асықпайды және кешігіп те қалмайды. Арсыздар Оның қаһарының тостағанын толық ішеді. «Өйткені Жаратқан Ие ежелде Перасим тауының маңында және Гибеон алқабында қаһарлана қозғалғаны сияқты енді осында келмек. Ол Өзінің әдеттен тыс әрі таңқаларлық ісін жүзеге асыратын болады» (Ишая 28:21). Мейірімді Аллаға біреуді жазалау «жат қылық». «Мінекей Мен бармын, бірақ күнәкардың өлгенін қаламаймын» (Езк. 33:11) дейді Алла. Құдай адамды жақсы көреді, Ол мейірімді, шыдамды, шынайы, кешірімді, бірақ күнә мен қылмысты жазасыз қалдырмайды.ҮШ 403.3

    «Құдай шыдамды және Ұлы, бірақ заңсыздық жасаушыны жазалайды” (Мыс. 34:6,7; Нқм. 1:3). Басқаша аудармасында былай айтылады: «Құдай үкімді өте қатал түрде шығарады жәпе аяқ асты етілген заңның беделін қалпына келтіреді”. Алла адамды жазалағысы келмейді, сондықтан оны тәубәсына келер деп кеп күтеді, заңсыздықтың тостағаны толғанша тосады, бірақ сол мейірімділікпен араласпаған Құдайдың гаһарының тостағаны толған кезде, күнәкарларға оны толық ішулеріне тура келеді.ҮШ 403.4

    Мәсіх кектегі қасиетханада Өзінің аратүсушілік қызметін аяқтаған кезде, айуан мен оның мүсініне құлшылық етіп, маңдайына немесе қолына оның таңбасын қабылдаған әркім де Құдайдың нағыз ашу ызасының «шарабы” құйылған тостағаннан ішетін болады (Аян 14:9,10). Құдайдың халқы құтқарылмас бұрын әлемге жіберілетін жаза, яхудейлер онан босанып шықпастан бұрынғы Мысырға төгілген жазадан да сұмдық болады. Жохан пайғамбар болашақта болатын оқиғаны былай деп суреттейді: «Хайуанның белгісін алып, оған табынғандардың үсті басын неше түрлі іріңдеген жаралар басып кетеді”. «Теңіз өлген адамның қанына ұқсап, ондағы тіршілік иелері қырылып қалады”. «Өзендер мен сулардың барлығы қанға айналады”. Бұл сұмдық ауыртпалық, дегенмен Құдай өділетті және Оның тарапынан зұлымдарға жіберілетін жаза да әділетті. Оның періштесі: «Әрдайым бар және мәңгі жасайтын Қасиетті Жаратқан Ие, Сен әділеттісің. Шығарған осы үкімдерің де өділ! Сол адамдар Сенің пайғамбарларыңньщ қанын төккендіктен, оларға қан ішкіздің, соларға осы лайық” - дейді (Аян 16:2-6). Олар Құдай халқын өлім жазасына ұсынып, олардың қанын арқалады. Сез етіліп тұрған адамдар тікелей барып ешкімді өлтірмегендерімен солардың ықпалымен жасалған қылмыс өз қолдарымен жасағанмен бірдей саналады. Иса, әділетті Әбілден бастап өлтірілген күллі пайғамбарлардың қанын яхудейлердің мойнына артқан болатын, өйткені олар да сол зұлымдықтарды жасаған адамдардың рухтарымен қаруланып алған еді және дәл солардай қылмыс жасауға дайын тұрды.ҮШ 404.1

    Онан соң күннің көзіне «адамдарды күйдір» деп, бұйрық берілді. Сондықтан олар қатты аптапқа ұшырады (8,9 тақпақтар). Осы кездердегі адамдардың жағдайларын пайғамбар былай деп суреттейді: «Жер наразылық білдіріп жатыр, ейткені нан кұрыды. Барлык, ағаштар кеуіп қалды, сол себепті күлкі мен қуаныш та жоғалды”. «Мал біткен маңырап қалды, ейткені өсімдік атаулы жанып кетіп, судың бәрі кеуіп қалды». «Өлең зарға айналды, өлгендердің саны өте көп болғандықтан, өзгелері оларды көрінген жерде үнсіз тастап кетіп жатады» (Жое. 1:10-12,17-20; Амос. 8:3).ҮШ 404.2

    Бірақ бұл жазаға жер бетіндегі жандардьщ барлығы бірдей үшырамайды, болмаған жағдайда жер бетінде бір де бір жан қалмаған болар еді. Бұл пенделердің басына түскен ең сұмдық жаза болып табылады. Сынақ мезгілі аяқталғанға дейінгі адам баласының көрген жазасы мейірімділікпен қатар жүрген болатын. Мәсіхтің адамзат үшін төгілген қаны арашашы болып, олар тартуға тиісті толық жазаларын тартқан жоқ, бірақ соңғы сот кезінде пенделерге төгілетін Құдайдың қаһары мейірімділікпен араласпайды.ҮШ 404.3

    Сол күні Құдайдың мейірімінен бас тартып келген көпшілік жан Одан пана іздейтін болады. «Мінекей Мен жерге аштық жіберемін - нанның аштығы мен судың аптабы емес, халық Құдайдың сезін іздеп зарығатын болады. Теңізден теңізге дейін, солтүстіктен шығысқа дейін жұрт Алланың сөзін іздеп шүбырады, бірақ оны таба алмайды” (Амос 8:11,12) - дейді Құдай.ҮШ 405.1

    Құдайдың халқы да қасіреттен тыс қала алмайды. Қуғын-сүргінді де, қысымды да, аштыкты да, жалаңаштықты да көреді, бірақ өлмейді. Кезінде бабамыз - Ильястың қамын қарастырған Құдай Ие жанымыздан өтіп кетпейді. Бастарындағы әрбір шаштары саналып қойылған бұл жандар аштық кезінде тойып жейді. Арсыздар аштан қырылып жатқан кезде, періштелер әділеттілердің қамдарын ойлап, олардың мүдделерін қарастырады. Өйткені шындықты жақсы көретіндерге нан берілетін болады, олардың суы ешқашан таусылмайды. «Мына бейшара, мүсәпір халқым су іздеп таба алмай жүр. Олар шөлдеп таңдайлары кеуіп қалады. Бірақ Мен - Жаратқан Иелері олардың мінәжаттарына құлақ асамын. Мен, Исраил сиынған Құдаймын және оларды ешқашан жалғыз қалдырмаймын» (Ишая 33:16;41:17).ҮШ 405.2

    «Зөйтүн ағашы гүлдемесе де, жүзім ағашы жемісін бермесе де, егін шықпай қалса да, мен қуанамын, өйткені менің жүрегім Жаратқан Иемнің барына шаттанады” (Абқ. 3:17,18).ҮШ 405.3

    «Құдайым менің Құтқарушым және Қорғаным. Күндіз күннің көзі, түнде ай маған жамандық жасай алмайды. Ол мені торға түсуден сақтайды, Оның қанатының астында қауіпсіз боламын. Оның ақикаты менің корғаным әрі қалқаным. Түнде қара түнек қорқыныштан, күндіз жау оқтарынан сескенбеймін, түнде жүретін індет ауруларынан, һәм тал түсте басыма төнген апаттан қорықпаймын, қасымда мыңдағандар қаза тауып, оң жағымда он мыңдап қырылғанда маған зақым келмейді де. Тек болып жатқанды көріп тұрамын, зұлымдардың жазаланып жатқанын байқаймын. Мен Тәңірге сенім артып келемін. Алла тағаланы панам етемін. Басыма енді жамандық түспейді, үйіме ешбір апат төнбейді» (Жыр. 120:57;90:3-10).ҮШ 405.4

    Адамның көзімен қараған кезде ежелгі уақыттағы азап шеккендердей Құдайдың балалары өз сенімдерін қанымен дәлелдеуі керек секілді болады. Олар, шынымен де Құдай бізді қалдырып кеткен екен деп қорқады. Бұл күйзелу уақыты. Олар күні түні Құдайға мінәжат етіп, құтқарылуларын тілейді. Ал арсыздар болса: «Сендердің сенімдерің қайда? Егер сендер Құдайдың халқы болсаңдар, неге Ол сендерді біздің қолымыздан босатып алмайды?» деп бұларды келемеждеп, күлкі қылады. Бірақ имандылар айқыш ағашқа шегеленген Иса Мәсіхті естеріне алады. Сол кездің діни қызметкерлері мен дін басшылары: «Басқа жандарды құтқарған болатынсың, ал Өзіңді Өзің құтқара алмай тұрсың! Егер Ол Исраилдың патшасы болса, айқыштан босанып шықсын, сонда біз Оған сенейік” (Матай 27:42) деп Исаны мазақ қылып, күлген болатын. Жақыпқа ұқсап олар да Құдаймен жекпежекке түсті. Байғұстардың көздерінен іштеріндегі болып жагқан шайқас көрінеді. Барлықтарының түрлері бозарып кеткен. Бірақ олар Құдайға мінәжат етулерін қойған жоқ.ҮШ 405.5

    Егер бұл халықтың рухани тұрғыдан көре алатын көздері болса, онда олар маңайларын қоршаған періштелерді көрген болар еді. Періштелер олардың тілектерін естіп тұрады және барлық қимылдарын не бір аяушылыкгіен бақылайды. Құдайдың қызметінде тұрған рухтар (періштелер) сенетіндерді қауіптен құтқару үшін, Әміршінің аузынан шығатын сөзін тосып тұрады. Дегенмен шамалы шыдау керек. Құдайдың меншікті халқы тостағандарын толық ішіп, Қүдаймен шарг жасасуы қажет. Құдайдың кешіккелі жатқаны қаншалықты азапты болғанымен, Оған сенетіндердің тілектеріне ең керекті жауап та осы. «Алла қашан ерекет жасайды екен» деп күту, олардың рухани өмірлерінде жетіңкіремей тұрған сенімдерін, үміттерін, шыдамдарын шыңдайды. Десе де қалаульшар үшін қасірет уақыты қысқартылатын болады.ҮШ 406.1

    «Құдай Өзінің таңдап алған, Оған күні түні жалбарынатын адамдардың мүдделерін қорғай ма? Сендерге шын айтамын, Құдай олардың қамын тезірек қарастыруға асығады” (Лұқ. 18:7,8). Ақыр адамдардың ойлағанындай емес, әлдеқайда тезірек келеді. Бидай бір бөлек іріктеліп, Құдайдың қоймасына әзірленеді, ал кебек екінші жаққа іріктеліп, отқа тастауға дайындалады.ҮШ 406.2

    Күзетте тұрған, өз міндеттеріне жауапты көктегі сенімді сарбаздар қалғымайды. Құдайдың заңын орындайтындарды елім жазасына ұсыну уақыты анықталып қойғанымен, олардың дұшпандары бұл қаулыны белгіленген уақыттан бүрын іске асыруға тырысады. Дегенмен Аллаға адал болып қалған жандарды қорғап тұрған қарауылдың қатарын ешкім бұзып өте алмайды. Қуғын-сүргін уақытында қалалар мен ауьшдардан қашып шыққан кейбір жандарға шабуыл жасалады, бірақ оларға қарсы көтерілген семсерлер сынып, шыбық құрлы қауқары болмай қалады. Енді біреулерін жауынгерлердің киімдерін киген періштелер қорғайды.ҮШ 406.3

    Барлық ғасырларда да Алла қасиетті періштелер арқылы Өз халқын қорғап, оларға бостандық сыйлаған. Періштелер адам өміріне белсенді түрде араласады. Олар кейбір адамдардың алдарында найзағай секілді жаркылдаған киіммен пайда болған, біреулеріне қарапайым жолсерік ретінде де кездескен. Неше рет адам бейнесіне еніп, тақуалармен жолыққан. Жол жөнекей шаршаған жолаушы секілді тал түсте ағаш түбінде дем алып жатқан кездері де болған. Көпшілік адамдар оларды қонақ ретінде қарсы алған. Түнде жолынан адасып қалған адамдарға олар жол сілтеген. Құрбан шалынатын отты өз қолдарымен тұтатқан кездері де болған. Олар зынданның есігін ашып, Құдайдың қызметкерлерін бостандыққа шығарған. Құткарушының кабірінің алдына қойылған үлкен тасты алып тастау үшін жерге періште бейнесімен түскен.ҮШ 407.1

    Адам бейнесіне еніп, олар көптеген жиналыстарға қатысады, сол секілді арсыздардың жиындарына да барады. Бір кездері олар Содом қаласына келіп, оның тұрғындарының істерін жазып әкеткен болатын. Алланың адам баласына деген мейірімі мол ғой, Құдаймен ниеттес болып жүргендердің тілегі бойынша, Раббым Алла адамзатқа тиесілі жазаны шегіндіріп, көпшіліктің тыныштығын соза түседі. Құдайға қарсы кетеріліс жариялайтын бұл көпшілік, өздері мазақ қылып, қысымға ұшырататын Жаратушының аздаған халқына өмір бақи міндетті екенін сезбейді де.ҮШ 407.2

    Бұл әлемнің билеп-төстеушілері олардың кеңестерінде періштелердің жиі сөз сөйлейтіндерін білмейді де. Адамдар оларды тыңцайды, сынайды тіпті ажуалап балағаттайды. Көптеген отырыстарда, сот мәжілістерінде бұл көктің хабаршылары адамзат тарихындағы ең терең білімдерді көрсетеді. Олар езгідегілерді ең қабілетті, сөзге шебер деген адвокаттардан артық қорғай алатындарын дәлелдейді. Періштелер Құдайдың ісіне кедергі келтіретін зұлым жоспарларды бұзады. «Қауіп төніп тұрған сағаттарда және қайғырып тұрған кездерде Құдай Иеден қорқатындарды, Оның періштелері келіп бейнеттен құтқарады” (Жыр. 33:8).ҮШ 407.3

    Құдайдың меншікті халқы зор үмітпен өздерінің Патшаларының келуін тағатсыздана күтіп отыр. Күзеттегілерден: «Түннің қай уағы?” деп сұрағанда, олар: «Таң атуға жакын қалды, бірак әлі түн!» деп бірден жауап қайтарады (Ишая 21:11,12). Таудың жоғарғы жағындағы коюланыгі тұрған бұлттарға жарықтың сәулесі түсіп келеді. Жуырда Оның даңкы шығып, Әділеттіктің Күні пайда болады. Тақуалардың мәңгілік күндерінің басы - таң және арсыздардың мәңгілік түндерінің басы - қаранғылық жақындап келеді.ҮШ 407.4

    Құдайдың балалары жанталасып салауат айтып, дұға оқып, Құдайға тілектерін бірінің соңынан бірін жіберіп, мінәжаттарын жалғастырып жатқанда көрінетін әлем мен көрінбейтін әлемнің арасындағы шымылдық аздап ашылады. Сол кезде олар: «Мықты болыңдар. Көмек тақау. Жеңімпаз Мәсіх Өзінің қалжыраған жауынгерлеріне мәңгілік өмірдің тәжін дайындап қойды” деген сөздерді естиді. Сонан соң олар: «Мінекей Мен сендермен біргемін. Қорықпаңдар. Барлық қасіреттерің мен уайымдарың маған белгілі. Сендер Мен шайқасқан жаумен шайкасып жатырсындар. Мен сендер үшін шайқастым, Мен үшін сендер жеңімпаздан да жоғарысыңдар» деген Исаның дауысын таниды.ҮШ 408.1

    Ең қажетті сөтте бізге Құтқарушы келеді. Кекке апаратын жол Оның ізімен нұрланған. Біздің денемізді жыртқан тікенектер, Оның денесін де жарақаттаған болатын. Арқалап келе жатқан айқыш ағаштарымызды бізден бұрын Ол арқалаған. Жанымызға сая таппастан бұрын қатыгез шайқастан өтуімізге тура келеді. Қасірет уақыты Құдайдың халқы үшін сұмдык сынақ, бірақ сол кезде кез келген шынайы Мәсіхші аспанға қараса, оны қоршаған уәде кемпірқосағын көреді.ҮШ 408.2

    «Жаратқан Иенің азат еткен халқы Сионға ән шырқап қайтып келеді. Олар мәз-мейрам болып, мәңгі бақи куаныш пен шаттыққа кенеледі. Ал қайғы мұң атаулы бастарынан лезде мәңгілікке алыстап кетеді. Жаратқан Ие таңдаулы халкына былай дейді: «Мен, Өзім Сені жұбатып, сүйенішің боламын. Қалайша сен ажалды пендеден шошынып, адам баласынан қорқасың? Ол солып қалатын шөп секілді, өткінші емес пе? Ал өзіңді жаратқан Тәңір Иеңді ұмытып кетесің! Мен әуел баста аспан кеңістігін жаратып, жердің негізін салғанда шексіз құдіретімді көрсеткен едім. Here сен өзіңе зорлық-зомбьшық жасаған жауыңның қаһарынан күн ұзағына үрейің ұшып қорқасың? Рас, ол сені қырып жоймақшы болды. Ал қазір сол қанаушыңның қаһары қайда?ҮШ 408.3

    Тұтқындар жуырда азат болады. Олар шұңқырда еліп те қалмайды, нансыз да болмайды. Себебі Мен сенің Иеңмін. Теңізді буырқантып, толқындарын гүрілдетуге құдіретім жетеді. Оның есімі - Ғаламның Иесі. Аузыңа айтатын сөздерімді саламын. Сені қолымның аясында ұстап қорғаймын” (Ишая 51:11-16).ҮШ 408.4

    «Енді жаны азап шегіп қиналған, шарап ішпей мастанған Менің сөзімді тыңда. Жаратушы Тәңір Иең - халқы үшін күрескен Құдайың былай дейді: «Мен қаһарыма толы тостағанды қолыңнан қайтып аламын. Керісінше сені азапқа салған дұшпандарыңа сол тостағаннан ішкіземін». Олар саған: «Жерге етпетіңнен жат! Үстіңнен басып өтейін» деп бұйыратын. Осылай сен олардың аяқтарымен басатын жолы болып, арқаңды тосып, бағынуға мәжбүр болған едің» (Ишая 51:21-23).ҮШ 408.5

    Ғасырлар түңғиығына көз жіберіп қараған Алла жердің билеп төстеушілерінің Оның халқын қыспаққа алатын уақытының тақап келе жатқанын көрді. Жаратушы Ие олардың аштыққа ұшыраудан және жәбірленуден қорқатынын тағы да біледі. Дегенмен исраилдің көз алдында қара теңізді қақ жарған Құдай меншікті халқын жаудың жұлмалауында қалдырмайды. «Олар Менің халқым болады, Мен олардың Құдайы боламын, баласын аялайтын адамдай Мен де Өз халқымды мейіріміме бөлеймін» дейді Шексіз Алла (Малахи. 3:17). Егер сол уақытта Мәсіхтің ізбасарларының қаны төгілсе, ол бір кездердегі азапталғандардың төгілген қанындай Құдайдың егістігінде өз жемісін бермеген болар еді. Олар өздерінің адалдықтарымен басқаларды ақиқатқа сендіретіндей қылып куәландыра алмаушы еді, өйткені мейірімділік толқыны арсыздардың қатып, тас болып қалған жүректеріне соғылып, кері қайтары анық болатын. Ендігі жерде тақуалар жауларының жемтігіне айналса, түнектің ханзадасы есі кеткенше қуанған болар еді. Жыршы: «Соққы келген күні Құдайым мені жасырып, көрінбейтін жерге тығып қояр еді, сөйтіп биіктаудың үстіне шығарар еді” (Жыр. 26:5) дейді. «Халқым Менің, барып мекендеріңе тығылып, соңдарыңнан есіктерінді жауып, Тәңірдің қаһары өткенше бір сәтке жасырына тұрыңдар, өйткені заңсыздықтарына байланысты жердің тұрғындарын жазалау үшін Құдай Ие тұрағынан шығып келеді» дейді ізбасарларына Иса Мәсіх (Ишая 26:20,21). Құдайдың келуін сабырлықпен күтіп, есімдері емір кітабында жазылып қойылғандар қандай бақытты жандар десеңізші! Олардың құтқарылулары шынымен де ғажайып іс болмақ.ҮШ 409.1

    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents