Loading...
Larger font
Smaller font
Copy
Print
Contents
ҮЛЫ ШАЙҚАС - Contents
  • Results
  • Related
  • Featured
No results found for: "".
  • Weighted Relevancy
  • Content Sequence
  • Relevancy
  • Earliest First
  • Latest First
    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents

    20-тарау - Діни ұйқыдан ояну

    Исаның ІІ-ші рет жер бетіне келетіні туралы хабардың Оның халқымен уағыздалуына ықпал еткен діни ұйқыдан ояну жайлы періштенің бірінші хабары жазылған Жохан пайғамбарының аянының 14-ші тарауында алдын ала айтылып кеткен болатын. Мұнда біз қолында Ізгі хабары бар, көктің ортасында ұшып келе жатқан періште жайлы оқимыз және онда: «Құдайдан қорқыңдар, Оның есімін мадақтаңдар, өйткені сот басталды және жер мен көкті, суды жаратқан Құдайға тағзым етіңдер” - делінген (Аян 14:6-7).ҮШ 231.1

    Бұл хабардың маңыздылығы оның періштемен хабарлануында. Жаратқан Ие айтулы хабар арқылы орындалуға тиісті жұмыстың ұлылығын, қаншалықты биік екенін көрсету үшін оны көктің хабаршысының тазалығы, атағы және күші арқылы суреттеп тұр. Періштенің «көктің ортасымен үшуы» «жер бетіндегі барлық тайпалар мен буындарға, ұлттар мен халықтарға» не болатынын алдын ала хабарлап тұрған «зор дауысы» бұл хабардың күллі жерге жедел түрде тарайтынын көрсетеді. Сондықтан ол періштенің хабарымен пара-пар.ҮШ 231.2

    Бұл хабар айтулы қозгалыс басталуға тиісті кезеңге жарығын шашып тұр. Ол «мәңгілік Ізгі хабардың» бір бөлігі және ол соттың басталғаны туралы айтады. Адамзахтың құтқарылуы жайлы хабар барлық ғасырларда да айтылып келеді, ал дәл осы хабар сот басталған кезде, ақырдың тақап қалған кезінде таратылып тұр. Аяндарда соттың алдында болуға тиісті оқиғалар жайлы айтылады. Әсіресе ол Даниял пайғамбарының кітабына қатысты. Ақырдың уақытына байланысты берілген бұл хабарды Даниял пайғамбарына мөрлеп, бекітіп үстап тұру бұйырылды. Өйткені уақыты жеткенше бұл хабар жариялануға тиісті емес болды. Бірақ ақыр тақаған кезде, оны көпшілігі оқып, көздері ашылады делінген (Даниял 12:4).ҮШ 231.3

    Елші Пауыл ғибадатханаға Иса Мәсіхті біздің уақытымызда күтпеңдер деп ескерткен болатын. Себебі күнәкар адам келіп, шегінушілік болмай, ол күнҮШ 231.4

    келмейді (2Сал .2:3) делінген. Біз «Күнә адамы” басқаша «заңсыздықтың кұпиясы»,ҮШ 231.5

    «өлім баласы», «зұлымдық” деп аталған күнәкар адам келіп, шегінушілік болмай Тәңіріміздің келуін күте алмаймыз, бұл сипаттама - 1260 жыл бойы билік құрған папаның мінездемесі. Ол барлық мәсіхшілер әлеміне темір тізесін батырып, күллі шынайы мәсіхшілердің қанын көл-көсір ағызған болатын. Және ол мерзім 1798-ші жылы аяқталды. Осы мерзімге дейін Мәсіх Исаның келуі мүмкін емес еді. Исаның шәкірті Пауылдың бұл ескертпесі 1798-ші жылға дейінгі барлық мәсіхшілер дәуіріне қатысты. Сонан соң Иса Мәсіхтың ІІ-ші рет жер бетіне келетіні жайлы хабар уағыздалуға тиісті болды.ҮШ 231.6

    Оның алдындағы ғасырларда бұл хабар жайлы әлем ештеңе естіген жоқ. Пауыл ол туралы уағыздады, десе де бауырларының назарын Тәңірлері келетін алыс уақытқа аударды. Оны тіпті реформаторларда уағыздаған жоқ. Мартин Лютер Құдайдың соты басталуға шамамен 300 жылдай уақыт бар деп есептеді. Бірақ 1798-ші жылдан кейін Даниял пайғамбарының кітабынан мөр алынып, білім кеңейіп, көпшілік соттың таяу екені жайлы айта бастады.ҮШ 232.1

    XVI-шы ғасырдағы реформация секілді, әр түрлі мемлекеттердегі мөсіхшілер әлемінде бір мезгілде адвентистік қозғалыс басталды. Америкада, Еуропада көптеген рухани адамдар айтулы аянды қайта-қайта оқып, ақырдың таяп қалғанын білді және соған көз жеткізерліктей дәлелдемелер тапты. Әр түрлі мемлекеттерде Жазбаны мұқият зерттеп Құтқарушының келетін уақыты жақын деген шешімге келген жеке-жеке мәсіхшіл топтар пайда болды.ҮШ 232.2

    Миллер аянды талқылап бергеннен үш жыл откен соң 1821 -ші жылы Құдайдың ІІ-ші рет жер бетіне келетіні жайлы хабарды «әлемдік миссионер” Иосиф Вольф уағыздай бастады. Вольф Германияда еврей жанұясында дүниеге келді. Оның әкесі раввин (діни оқытушы) болатын. Мәсіхшілер дінінің шындық екеніне оның кішкентай күнінен-ақ кезі жеткен еді. Иосиф өте зерек бала болды, ол үлкендердің Елші (Мессия) келіп, Исраилдың қайта жаңарып құрылатыны жайлы әңгімелерін жиі еститін. Назареттен шыққан Иса жайлы ол кеп сұрақтар қойып жүрді. Бір күні бала өзінің қойған сүрағына: «Ол өте ақылды еврей болатын, өзін «Елші” деп атағаны үшін, трибунал үкім шығарып, оны өлім жазасына ұсынды»деген жауап алды. Неліктен Иерусалим қиратылды?, біздер неге құлдықта жүрміз?деген сұрақтарға әкесі: «Өйткені біз - яхудейлер, пайғамбарларды көп өлтіргенбіз” - деп жауап берді. Иса да сондай пайғамбарлардың бірі болған ғой, сол үшін ол да өлтірілген деген ой баланың көкейінен шықпай қойды. Бұл ой балаға маза бермегені соншалықты, үлкендердің тыйым салғанына қарамастан ол шіркеуге жиі барып, есік алдында тұрып уағыз тыңдайтын болған. «Елші келгенде біз жарқыраған болашақ иесі боламыз” - деп, мақтанды бала бірде өзінің көршісіне. Ол адам мәсіхші болатын. Вольф бұл кезде жеті жаста еді. «Балам Елші дегеніміз Назареттен шыққан Иса Мәсіх, Оны сенің бабаларың басқада пайғамбарларды өлтіргендей айқыш ағашқа керіп елтірді. Сен үйіңе барда Ишая пайғамбарының кітабының 53ші тарауын оқып шық” - деді оған әлгі адам. Сол кезде Иса Мәсіхтың Құдайдың рухани Ұлы екеніне көзің жетеді. Бала үйге келе салып кітапты ашып оқып, таң калды. Назареттен шыққан Исаның өмірінде Елші туралы аян қандай дәлдікпен орындалған? Шынымен де менің мәсіхші көршім рас айтқан болар? Енді бала өзінің әкесінен осы жерді түсіндіріп беруін талап етті, бірақ табанды, салқын үнсіздікке тап болды. Әкесі жұмған аузын ашпады. Содан кейін бала әкесінен ештеңе сұрамайтын болды. Бірақ оның ақикатты білуге деген қүштарлығы арта түсті. Ата-анасы оның білгісі келген акиқатын одан мұқият түрде жасырды. Осыдан бастап ол өзіне мамандық және дін таңдап, өз бетімен жол табу үшін әкесінің үйінен біржола кетеді. Бұл оның 11 жаска толған уағы болатын. Бала біраз уақыт туыстарының үйінде тұрады, бірақ олардың дінінен бас тартқаны үшін, туыстары оны куып жібереді. Иврит сабағын беріп күнін көріп, әрі білімін толықтырып ол бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Осылай күн көрістің қамымен жүріп, ол Рим католиктік шіркеуінен бірақ шығады, солардың дінін қабылдайды. Елші ретінде өз халқының оргасына оралып, дін уағыздаушы болуды армандайды. Ойлағанын іске асыру мақсагымен ол Рим миссионерлік колледжіне түседі. Бірак бұл жерде де ол ашық сөйлеймін деп жүргенде «еретик” деген атқа ие болады. Соған қарамастан Вольф шіркеуде реформа жүргізуді талап етті. Әуелде құрметтеген папаның өкілдері кейін оны Римнен қуып жібереді. Осылайша оның Римнен кетуіне тура келді. Рим шіркеуі Иосифты біраз уақыт бақылауға алып, кейіннен оның өз көзқарасынан бас тартпайтынына көзін жеткізгеннен кейін басына бостандық беріп, қалаған жағына қоя береді. Сөйтіп ол Англияға келіп, протестанттардың дінін қабылдап, ағылшын шіркеуінің мүшесі болады. Бұл жерде ол екі жыл рухани төлім алғаннан кейін, 1821-ші жылы өзінін миссионерлік ісін бастайды. «Ауырпалық атаулыны басынан кешкен» Исаның жер бетіне бірінші рет келгені туралы ұлы ақиқатты шын ниетімен қабылдаған Вольф, Оның салтанатты түрде ІІ-ші рет жер бетіне қайта оралатынына аяндардың нақтылы нұсқау беріп түрғанын да көрді. Исаның бірінші рет жер бетіне келгені қаншалықты айғак болса, Оның екінші рет жер бетіне келетіні соншалықты айғақ екенін ол өз басы жаксы түсінді. Бірінші per келгенде Ол адамзаттың күнәсін Өз мойнына алып, оның жолында құрбан болса, екінші рет келгенде Ол Өз қауымын ақтап, оларды алып кетуі үшін Құтқарушы және Патша ретінде келетінін өз халқына уағыздады. Назареттен шыққан, қасірет пен ауыртпалықтың не екенін білетін, біздің күнәміз үшін аяғы мен қолы шегеленіп, токты ретінде кұрбандыққа шалынған Иса нағыз Елші. Ол Яхуданың патша таяғы қолынан алынып, белінен билігі кеткен кезінде бірінші рет келгені секілді бас періште хабарлап керней тартылғаннан кейін, бүлттың үстінде тұрып екінші рет жер бетіне келеді және Зәйтүн тауының үстіне тұрады, содан бір кезде тіршілік атаулыға ие болуға Адам атаның қолына берілген, бірақ ол кейіннен жоғалтып алған билік Мәсіх Исаның қолына тапсырылады (Жар. 1:26;3:17). Ол жер бетінің Гіатшасы болады. Күрсіну мен жылау тоқталып, барлық жерде қуаныш пен мадақтау жыры шарықтайтын болады. Исаның құрбандығын қабылдап бұл өмірден өткендер бірінші оянады (1Сал.4:16; ІҚор.15:23). Бірінші рет қайта тірілу дегеніміз осы. Сонда тек адамдар ғана емес, жануарлар да өзгеретін болады (Иіиая 11:6-9) және олар Исаға бағынады (Жыр 8). Жер бетіне бейбітшілік орнайды. Бұл тамашаны көріп Алла: «Өте жақсы” - дейді.ҮШ 232.3

    Вольф Құдайдың жер бетіне ІІ-ші рет келетініне мінсіз сенді. Оның пайғамбарлық мезгілдер мен ақырдың уақытын анықтауы Миллердің анықтаған уақытынан шамалы өзгешелеу болды. Басқалардың «Күні мен сағатын ешкім білмейді» деп Жазбадағы сөздерге нұсқағанына, ягни міңкелеріне түк кірмей отырадымыс деген лақабына Вольф: «Күні мен сағаты ешқашан белгілі болмайды деп Тәңіріміз айтты ма? Інжір ағашының жапырақтарын жайғанына қарап жаздың жақын екенін сезетініміз секілді (Матай 24:32) Оның келетін уақытының тақау екенін анықтайтындай замана белгілерін қалдырмап па екен? Егер Алла Өзі Даниял пайғамбарының кітабын оқып, оны түсінетін болыңдар деп бұйрық берсе, қалайша біз дым білмей отырамыз? Даниялдың кітабында уақыты аяқталғанша ол сөздер мөрленіп тұрады делінген (бұл жерде пайғамбардың уақыты туралы айтылады). Сондай-ақ (Дан.12:4) «көпшілік оны оқып, білімдері кеңееді” делінген. Сонда Тәңір Ие адамдардың Оның келетін мезгілін сезбей отыратындарын емес, дәл күні мен дәл сағатын білмейтіндерін ескертеді. Біз Алланың дәл келетін күні мен сағатын ғана біле алмаймыз. Кезінде Нұһ пайғамбары кемесін әзірлегендей, уақыт белгілеріне қарап біздер де қиямет күнінің тақау екенін біліп, соған дайындалуымыз керек.ҮШ 234.1

    Жазбаны жалпылама талқылау жүйесіне немесе оның бұрмалануына қатысты Вольф былай деп жазады: «Мәсіхші шіркеулерінің басым көпшілігі Жазбаны дұрыс түсінуден қалған және де буддистердің «бақытты болашақ дегеніміз адамдардың бір жерден екінші жерге кедергісіз әуемен еркін қалықтауы” деген елес жүйесіне еліктеп кеткен. Олар «яхудей” деген сөзді «пұтқа табынушы» деп оқу керек, «Иерусалим» деген сөзді «Шіркеу” деп түсіну керек, «жер» дегеніміз «аспан”, ал « Тәңір үйі тұрған тауға көтерілу» дегенді «методистердің үлкен тамаша жиыны” деп түсіндіреді.ҮШ 234.2

    1821-ші және 1845-ші жылдар аралығында, 24 жыл бойы Вольф дүние жүзін аралады. Ол Африкада Египет пен Абиссиниюде, Азияда - Палестина, Сирия, Персия, Бухара, Индия елдерінде болды. Америка Құрама Штаттарында болып, қайтар жолында киелі Еленаның аралына тоқтап, сол жерде уағыз айтқан. 1837 жылдың тамызында Нью-Йоркте болып, осы қалада уағыз айтқан. Онан соң Филадельфия және Балтиморда болып, ақыры Вашингтонға жетті. Ол бірде экс - президент Джон Куинси Адамстың ұсынысы бойынша Конгресс палаталарының бірінде уағыз айтты және бұл сенбі күні болатын. Бұл лекдияны Конгресс мүшелері, Виргиния епископы, діни қолбасшылар және Вашингтон азаматтары ұйып тыңдады. Дәл осындай хабарламасымен және Мәсіх Исаның біздің өмірімізге тікелей басшылық жасайтыны жайлы лекциялармен сез сөйлеп, сонымен қоса Азияда болған кезіндегі тәжірибелерімен Нью-Джерси штаттарында, Пенсильванияда бөлісті. Доктор Вольф барлык, жерлерде, тіпті түкпір - түкпір аймақтарды аралағанның өзінде күзетсіз жалғыз жүрген. Солай жүріп неше түрлі қауіпті басынан өткерген. Оны жаулары соққыға жығып, аш та ұстаған, құл ретінде сатылып, үш рет өлім жазасына ұсынылған. Бірнеше рет қарақшылардың колына түсіп неше рет өліп, неше рет тірілген. Бірде оның мүлігін біреулер ұрлап алып, қар жауып тұрған тау ішінде суыктан мұздап қалған аяғын әрең басып ол жүздеген миль жаяу жүріп өткен. «Қарумен жүріңіз” деген ұсыныстарға ол, «мен дұғамен қаруланып аламын және те жакынын жақсы көретін адам оған қалай кару жұмсамақшы?»деп жауап беретін болған. Ол өзімен бірге ағылшын және еврей тілдерінде жазылған Киелі Кітапты үнемі қалдырмай ұстап жүрген. Соңғы саяхатын еске ала отыра ол: «Мен Киелі Жазбаны қолымда ылғи ашық ұстайтынмын және күшімнің осы Кітапта екенін, оның қуаты мені қолдайтынын сезетінмін» - дейді.ҮШ 235.1

    Ақыры Құдай сотының басталғаны жайлы хабар жердің басым көпшілік аймағына тарап болғанша ол тынымсыз еңбектенген. Вольф еврей, түрік, парсы, үнді халықтарының және басқа да халықтардың арасында жүріп, олардың тілдерінде Құдай патшалығының жақындап қалғаны жайлы уағыздар айтқан.ҮШ 235.2

    Бұхарада жұрген кезінде Алланың жер бетіне 1І-ші рет келетіні жайлы ілімді өркениеттен алыс жатқан аймақтағы адамдардың білетіндеріне оның көзі жетті. Йемена жеріндегі арабтардың «Сеера» атты кітаптары бар екен, онда Мәсіх Исаның ІІ-ші рет жер бетіне келетіні жайлы жазылыпты. Йеменада мен Рехавтың балаларымен алты күн бірге болдым - дейді ол. Олар жүзім отырғызбайды екен және шарап та ішпейді екен. Олар Рехавтың баласы, мейірбан қария Ионадавты жиі есгеріне алады. Сол жерде Даннан тараған Исраил халқының балалары да бар екен. Олар да Рехавтың ұрпақтары секілді Исаның аппақ бұлттың үстінде, мыңдаған періштелерін ерітіп салтанатты түрде келетінін біледі екен және Оны бар ниеттерімен күтуде. Басқа миссионердің айтуынша мүндай ілім Татарстанда да бар екен. Татардың бір молласы Исаның ІІ-ші рет қашан келетінін бір дін уағыздаушы елшіден сұраған екен және оның бұл жайлы ештеңе білмейтінін керіп, мүндай да надан мұғалімдер болады екен-ау деп таң қалыпты. Сол молла Исаны шамамен 1844-ші жылы келетініне сенімді болған екен.ҮШ 235.3

    Англия жерінде Исаның келетіні жайлы хабар 1826-шы жылдан бастап уағыздала бастаған. Америкадағы секілді дәл уақыты белгіленбегенімен, бұл жерде де Исаның атағы және күшімен салтанатты түрде келетіні жайлы ілім кеңінен тараған. Ағылшын жазушысы Муран Броктың айтуынша ағылшын шіркеуінің шамамен 700-дей діни кызметкерлері «Ізгі хабар Патшалығын» уағыздаумен айналысқан. Сол секілді Тәңірдің 1844 жылы келетіні туралы хабар Ұлыбританияда да кеңінен тараған. Осы арада АҚШ тан әкелінген кітапшалар таратылып, кітаптар мен журналдар қайта басылып шыққан. 1842-ші жылы тегі ағылшын Роберт Уинтер Америкада адвентистер ілімін кабылдап, Ізгі хабарды отандастарына жеткізу үшін еліне қайтып оралған. Онымен бірге басқа адамдар да сол іске араласып, айтулы хабар Англияның әр түрлі беліктерінде уағыздалды.ҮШ 236.1

    Оңтүстік Америкада шіркеудің неше түрлі тартыстарымен жүріп надандыққа шомып қалған Лакунза атты иезуит, тегі испандық, Киелі Жазбаны оқығаннан кейін Исаның келетіні жайлы хабарды мойындап, оны қабыл алған. Бірақ ол жайлы тікелей хабарлап айтуға Римнен қорыккандығынан өзін бет бұрған яхудей ретінде таныстырып және ойын шығарма түрінде жазып, оны «Равви-бен-Ездра» деген атпен баспадан өткізіп, жер-жерге таратқан. Лакунза XVIII-ші ғасырда өмір сүрген, бірақ оның кітабы 1825-ші жылы ғана Лондонға жеткен және ағылшын тіліне аударылған, сонымен қоса Исаның ІІ-ші рет жер бетіне келетіні жайлы хабарлас болған ағылшындардың сол сұрак маңайындағы кызығушылығын тереңдете түскен.ҮШ 236.2

    Германияға бұл хабарды XVIII-ші ғасырдың сыншысы, көрнекті дін зерттеуші, лютеран шіркеуінің діни қызметкері Бенгель таратқан. Білім алғаннан кейін Бенгель теология сабактарымен айналысқан, ал оған жас кезінен бастап жетілген байыпты, рухани ақылы, өз білімін езі байытуға деген құштарлығы сеп болған. Көптеген басқа да жастар секілді, оның рухани өмірінде де күдіктену деген көп болған. Кейіннен сол кездерді еске ала отырып, оның жастық шағын ауыр жүкке айналдырып, жүрегіне жебе болып қадалған күдіктер жайлы ол терең сезіммен айтады. Вюртбенгерс шіркеу сотының мүшелігіне енгеннен кейін, ол діни бостандықты корғауға тұрды. Шіркеудің құқығын қолдай отырып, ол сонымен қоса адам өзінің арына сәйкес әрекет жасайтынын айтып, ешкімді де күштеп шіркеуде ұстауға болмайтыны жайлы ұсыныстар жасады (Британия энциклопедиясынан). Бенгельдің сіңірген енбектерінің әсері оның отанында осы уақытқа дейін байқалады.ҮШ 236.3

    Бірде ол уағыз айтуға дайындалып отырған кезінде, аянның 21 -ші тарауын оқып отырып, Исаның ІІ-ші рет жер бетіне келетіні жайлы хабарға кезі түсіп, кенеттен не бір жарыққа бөленгендей болды. Пайғамбардың суреттеп бсрген оқиғаның ұлылығы, көп мәнді болғаны соншалықты, осы мезгілден бастап ол басқа ештеңе жайлы ойлай алмады. Келесі күні осы сурет тағы да оның көз алдына келді. Сол мезгілден бастап ол Ашық кітапта берілген аяндарды зерттеуге кірісті. Оның даталарды есептеп шығаруында Миллердің санағымен аз ғана айырмашылықтар болды. Бенгельдің еңбектері барлық мәсіхшілер елдеріне кеңінен тарады. Оның аяндарға қатысты көзқарасы Вюртенберг жерінде және Германияның да кейбір бөліктерінде қабылданды. Ол өлгеннен кейін де бұл хабар таралуын тоқтатқан жоқ, қозғалыс ұлғая түсіп Мәсіхтің екінші рет жер бетіне келетіні жайлы хабарды Германия және баска да мемлекеттер естіді. Сенімдегілердің кейбіреулері Россияға келіп, колониялар құрып Ізгі хабарды уағыздады және осы күнге дейін уағыздап келеді. Бұл шырақ Франция мен Швейцарияда да жарк етті. Кезінде Фарель мен Кальвин реформация ілімін таратқан Женевада, енді Госсен «Ізгі хабарды” уағыздады.ҮШ 237.1

    Госсен студент кезінің өзінде-ақ сол кездегі Еуропада XVIII-ші ғасырдың аяғымен XIXшы ғасырдың басында үстемдік кұрған рационализм рухына бой ұсынып, кейіннен діни дәрежеге көтерілгеннің өзінде ақиқат жайлы көп ештеңе біле қойған жоқ. Керісінше скептицизмді* кебірек қолдады. Жас кезінде ол аяндарды оқығанды жақсы көретін. Ролланның «Ежелгі тарихын” оқығаннан кейін, Даниял пайғамбарының кітабының екінші тарауына көңіл бөлгеннен кейін, ол аяндардың тамаша бір дәлдікпен орындалатындарына және тарих жазбаларында өз орындарын тапқандарына таң қалды. Осыдан кейін ол Киелі Кітаптыц бірден бір ақиқат екеніне көз жеткізіп, өмір тасқынына түскен кездерінде оны неше рет зәкір ретінде қолданды десеңізші. Рационализм ілімі оны қанағаттандырмады, тек Киелі Кітапты зерттей отыра және үлкен жарыққа ұмтылуының арқасында ол нағыз иманға қол жеткізді. Аяндарды зерттей отыра ол ақырдың алыс емес екенін білді. Бұл хабардың салтанаттылығына шаттанған Госсен өз куанышын жұртпен бөліскісі келді. Бірақ «Даниял пайғамбарының кітабындағы аяндардың мағынасын түсіну қиын, құпиясы көп” - деген кепшіліктің пікірі, оның жолына неше түрлі кедергілер қойды. Сол себепті ол Фарельдің тәсілдерін пайдаланып, уағыздарын балалардан бастап, солар арқылы ата-аналарын да қызықтырмақ болды. Неліктен ол өз жұмысын балалардан бастады? Бұл оның еңбегінің маңызсыздығынан емес, керісінше оның балаларға дайындаған әңгімелері нағыз ақиқат болатын. Және баға жетпес осы ақиқатты ол бәріне түсінікті болатын калыпта мазмүндап бергісі келді. Егер ақиқат балалардың кекейлерінде өз ізін калдырып, оның тобы көбейе бастаса, онда бұл сез үлкендердің де жүректеріне жетер деген ниетте болды. Бір сөзбен айтатын болсақ жұрттың оны естігенін қалады, бірақ бірден үлкендерден бастаса олай болмай қалама деп қауіптенді. Сол себепті де ол әуелі ең кішкентай адамдарға барды. «Мен баларды жинадым және іштей былайша ойландым: егер кішкентайлар мені қызығушылықпен тыңдаса, онда менің не айтқым келгенін гүсінгені, онда дәл осындай екінші топ жиналуы мүмкін, сол кезде үлкендер де айтылып жатқан хабар барып тыңдауға тұрарлық екен деп ойлауы мүмкін. Олай бола қалған жағдайда істің алға қарай басқаны”. Осылайша Госсеннің еңбегі ақталды, балалардан кейін оны үлкендер де келіп қызығушылықпен тыңдайтың болды. Тыңдаушылардың ішінде қарапайым адамдар ғана емес, ғалымдар мен беделді адамдар да болды. Тіпті Женеваға бөтен жерлерден келген қонақтар да бұл лекцияларды тыңдап, сонан соң өз елдерінде уағыздайтын болған. Табысына шабыттанған Госсен өз лекцияларын жариялай бастады және де діни қызмет француз тілінде жүретін шіркеулер оған қызығушылық танытады деп үміттенді. «Балаларға арналған насихатты жариялай отыра мен шын мәнінде оларды «аяндар құпия жөне түсініксіз» дейтін үлкендерге үсындым”. Егер де оларды балардың өздері түсінетін болса, оны несі түсініксіз? Мен ез мөжілісханамды осы аяндармен сондай таныстырғым келді. Олар дер кезінде айтылып тұрғандай. Аяндарды зерттеу бізді болатын сынақтарға шыңдап, сергек болуға және Иса Мөсіхті үмітпен күтуге көмектеседі — деп жазды ол.ҮШ 237.2

    Госсен Женевада француз тілінде рухани тәлім беретін ең сүйікті де, сыйлы дін уағыздаушылардың бірі болғанымен, шамалы уақыттан кейін ол өз қызметінен шеттетіледі. Жазғырудың жалғыз ғана себебі, оның еңбек барысын- да шіркеудің жансыз және рационалистік катехизисінің орнына Киелі Жазбаны пайдаланғандығы. Кейіннен ол дін мектебінің мұғалімі болып орналасты, ал жексенбі күні бұрынғыша балаларға Киелі Жазба бойынша сұрақ-жауап ретінде сабақ жүргізді. Оның аяндарды зерттеуі үлкен қызығушылық туғызды. Госсен көп жылдар бойы кітап беттерінен, мұғалімдік орнынан, мінбеден халыққа жақсы ой салып, Тәңірдің келетін мезгілі тақау екеніне нұсқайтын аяндарға көпшіліктің назарын аудара отыра мәнді еңбек атқарды.ҮШ 238.1

    Мәсіх Исаның ІІ-ші рет жер бетіне келетіні жайлы хабар Скандинавияда да кең түрде тарай бастады. Осыдан кейін көпшілік адамдар рухани ұйқыдан оянып, өздерінің қаншалықты күнәкар екендерін мойындап, Құдайдан күнәларына Исаның атынан кешірім өтінді. Мұндай әрекетке мемлекет шіркеуінің басшылары қарсы келіп, кейбір таза ілімді уағыздаушы қызметкерлерді қамауға алып, зынданға тастады. Басқадай хабаршылар болса, оларды ауыздарын ашпауға мәжбүр етті. Сол кезде Құдай өз қаруы ретінде балаларды таңдап алды, себебі мемлекеттік заң жастары кәмелетке толмағандарға ешқандай жаза қолдана алмайтын болды. Ал балалар болса, тоқтаусыз сөйлеп, ақиқатты жариялады.ҮШ 239.1

    Уағыздың мұндай түрі негізінде қауіптің алдын алуға беріліп тұрған ескертулерді тыңдау үшін үйлерінде жұрт жиналатын қарапайым еңбеккерлердің арасында танымал болды. Бұл ақикаттың жаршылары көбінесе қарапайым жанүялардың балалары болатын. Жастары 6-7 ден аспаған кішкентай балалар Құтқарушыны жанындай жақсы көрді, Оның киелі талаптарын мүдіртпей орындауға тырысты. Олардың әр кайсысыныц ой-өрісі жастарына сай келетін. Дегенмен халык арасына шығып сөз сөйлеген кездерінде Құдіретті күштің Иесі оларды жетелеп тұрғаны бірден байқалатын. Тіпті Киелі Кітаптағы өлеңдерді жатқа айтып: «Құдайдан қорқыңдар, Оның Есімін мадақтаңдар, өйткені сот басталды» - деген кездерінде олардың дауыстары да ерекше шығатын болды. Балалар адамдардың күнәсін айтып, оларды үялтып, әдепсіздік пен кесірді ашық ешкереледі. Бұл кішкене қызметкерлер халықты Исаның жолына түсуге, ОныңҮШ 239.2

    ІІ-ші рет жер бетіне келетін кезіне дайын болуға, Құдайдың қаһарына ілігіп қалмау үшін төубаға түсулеріне шақырды.ҮШ 239.3

    Халық болса, олардың уағыздарын ұйып тыңдады. Құдайдың Рухының күші жүректерге әсер етті. Адамдар күнәларын тастап мінездерін өзгертіп, тәрбиеге көніп жаман әдеттерін қалдырып, қолдарына Киелі Жазбаны алып зерттеп өмірлеріне едәуір өзгерістеренгізді.Тіпті мемлекеттікшіркеудіңқызметкерлерінің өздері де бұл өзгерістерді көріп, таң қалды және мүның Құдайдың ісі екенін мойындауларына тура келді.ҮШ 239.4

    Скандинавия еліне Ізгі хабарды тарату Құдайдың еркі болатын және жаулары Оның хабаршыларының үндерін өшіріп тастаған кезде, Алла бастаған ісін аяқтау үшін кішкене балаларды сөйлетті. Мәсіх Иса Иерусалимге жақындаған кезінде, адамдар қолдарына пальма бұтақтарын ұстап: «Дәуіттің баласы келе жатыр!»деп, қуанышты ән салып Оны қарсы алып жатқан кезінде, іші күйген парызшылар: «Мыналардың үндерін өшірмейсің бе»деп назаланған болатын. Сонда Иса: «Болып жатқан оқиғаның барлығы аяндардың орындалғанын көрсетеді. Ал егер де халықтың үні өшсе, тастар сөйлейтін болады» - деп жауап берген еді.ҮШ 240.1

    Шынында діндарлардан қауіптенген халық үндемей қалған кезде, Құдай үйінің ауласына кіріп кеткен, коркыныш дегенді білмейтін балалар: «Дәуіттің баласы жасасын!»деп, ондерін жалғастыра берген (Матай 21:8-16). Парызшылар қатты қамығып Исаға: «Мыналардың не айтып тұргандарын естімейсің бе?” дегенде, Иса оларға: «Сендер балалар мен емшектегі нәрестелердің аузымен Өз есіміңді мадақтайсың, дегенді оқымап па едіңдер?» - деп оларға жауап берді. Иса бірінші рет келген кезде балалар арқылы әрекет жасағанындай, екінші рет келетіні туралы хабарды тарататқызу үшін, айтулы іске балаларды жұмылдырды.ҮШ 240.2

    Исаның ІІ-ші рет жер бетіне келетіні жайлы Ізгі хабар барлық халықтарға, гілдерге, руларға және тайпаларға міндетті түрде таралуы керек. Егер үлкендер қорқып, сойлемей қойса, олардың орындарына балалар сөйлейтін болады.ҮШ 240.3

    Вильям Миллер мен оның пікірлестеріне Ізгі хабарды Америкаға тарату жүктелген болатын. Дәл осы мемлекет ұлы адвентистік қозғалыстың орталығына айналды. Бірінші періштенің хабарына қатысты аян осы жерде кеңінен орындалды. Осы жерден Миллердің және оның еңбектестерінің кітаптары басқа да мемлекеттерге тарады. Миссионерлер өздерінің жүрген жерлерінің бәрінде Исаның екінші рет жер бетіне келетіні туралы қуанышты хабарды халыққа таратып отырды. Ізгі хабар шер шарының шет шетіне жеткізілді. Барлық жерлерде: «Құдайдан қорқыңдар, Оның Есімін мадақтаңдар, өйткені сот басталды»деген акиқат жаңғырып жатты. Жұрт Иса 1844-ші жылдың көктемінде келеді деген пайғамбарлық куәлікке кеп көңіл бөлді. Бұл жайлы бір штаттан екінші штатқа айтылып таралып жатты және көпшілік оны қызығушылықпен тыңдады. Халық пайғамбарлық мезгілдердің дұрыс есептелгеніне көз жеткізіп, өздерінің ежелгі кезқарастарынан бас тартып, ақиқатты қуанышпен қарсы алды. Дін қызметкерлерінің көпшілігі өз көзқарастарын өзгертіп, қызметтерін, алып отырған айлықтарын, бір сөзбен айтқанда жеп отырған нандарын қалдырып, Исаның жер бетіне ІІ-ші рет келетіні жайлы хабарды көпшілікке жеткізу үшін жолға шықты. Бірақ ондайлардың сандары аса көп те болған жоқ. Көбінесе бұл міндетті өз мойындарына алған қарапайым еңбеккерлер болатын. Фермерлер өріс даласын, шеберлер аспаптарын, коммерсанттар саудасын, қызметкерлер кеңсесін қалдырып, Ізгі хабарды уағыздауға кірісті. Соған қарамастан аткарылатын кызметтің мөлшерімен салыстырғанда елшілердің саны тым аз болды. Шіркеудің аянышты күйі, белшесінен күнәға батқан халық, өз кінәларын мойындауға шамасы келмей тоң мойын болып қалған жандар - осының барлығы ақиқатты уағыздаушы жаршылардың ауыр жүгіне айналды. Соған қарамастан бұл қызметкерлер қажырлы еңбек етіп, халықты тәубаға келтіріп, құтқарылу жолын көрсету үшін жандарын салды. Албастының қарсы тұрғанына қарамастан айтулы жұмыс қарқынды түрде алға басты, соның нәтижесінде көптеген адамдар адвентистік ілімді қабыл алды.ҮШ 240.4

    «Келе жатқан гаһардан кашып құтылу үшін күллі мүмкіндікті жасаңдар» деп, Құдайға сенетіні болсын, сенбейтіні болсын, күнәкарларды тәубаға шақырған дауыс күллі жерлерде жаңғырып жатты. Исаның алдында келіп, Оған жол ашқан Жохан пайғамбары секілді ақиқатты уағыздаушылар ағаштың түбіне балта шапқандай табанды түрде халықты тәубаға түсуге шақырды. Олардың алаңдаулы, тынышсыз, қауіпке толы уағыздары шіркеудің мінбелерінен айтылатын уағыздарға мүлдем ұқсамады. Бұл ақиқат қарлығаштарының уағыздары өте жалынды болды және оларға қарсы тұруға ешкімнің амалы қалмады. Діндарлар езімшіл сенімнен, бейқамдықтан оянды. Олар ездерінің адасушылықтарын, дүниеге деген сүйіспеншілігін, имансыздықтарын, менменшілдіктерін, езімшілдіктерін көрді және өздерінің қаншалықты аянышты күйде тұрғанын білген олардың көпшілігі бар жүректерімен Құдайды іздей бастады. Жердегімен ғана шектеліп жүрген бұлар енді назарларын көкке аударды. Киелі Рухпен шабыттанып алған айтулы жандар: «Құдайдан қорқыңцар, Оның Есімін мадақтаңдар, өйткені сот басталды» - деген жалынды хабарға өз дауыстарын қосты.ҮШ 241.1

    Жан жақтан көздері жасқа толған күнәкарлар: «Біз не істеуіміз керек?»деген сұрақтар койьш жатты. Басқаларды шығынға ұшыратқан киянатшылдар, сол шығынның орнын толтыруға асыкты. Енді олар бұрынғы әдеттерімен үзілді кесілді қоштасып, жаңаша өмір сүре бастады. Құдайдың киелі қолының астынан пана тапқан бұл жандар басқаларды да өз қатарларына қосылуға шақырды. Ата-аналары балаларына бұрылып, балалары ата-аналарына қарай бұрылды. Тәкәппарлық пен менменшілдік олардың қарым-қатынастарына енді кедергі жасай алмады. Адамдар тәубәларына келіп, бір бірлерінің алдында өздерінің жасаған қылмыстарын мойындады, жақындарының құткарылып қалуына қам жасады және бір бірлерінің тілектерін тілей бастады. Кейбіреулері түнімен көз ілместен күнәларын кешіруді өтініп, Құдайға жалбарынумен болды. Енді біреулер өздерінің де, жақындары мен көршілерінің де тілегін тіледі.ҮШ 241.2

    Байлар да, кедейлер де, атақтылар да, қарапайым халық та адвентистердің жиындарына қарай ағылды. Олар Исаның ІІ-ші рет жер бетіне қайтып оралатыны жайлы ілімді естуге бар ниеттерімен асықты. Құдай Ие, Оның қызметкерлері өздерінің сенімдерінің негізін мазмұндап болғанша қарсыласу рухын тежеп тұрды. Кейде ақиқатына куәгерлік жасауға Құдайдың Рухы оларға күш бере отыра әлсіз қаруды пайдаланды. Мұндай жиындарда періштелердің оған қоса қатысатыны сезілетін және күн сайын көптеген адамдар сенетіндердің қатарына қосылып жатты. Сондай-ақ олар бұл уағыздарды үндері шықпастан, бір адамдай тыңдайтын болған. Осындай сәттерде көк пен жердің арасы жақындап қалғандай сезіледі екен. Құдайдың күші кәрілердің де, жастардың да, балалардың да бойларынын көзге түсерліктей байқалды. Үйлеріне қайтып бара жатқан кездегі ер адамдардыңҮШ 242.1

    Алланың есімін мадақтаған әндері түннің тыныштығын бұзды. Бұл жиындарға қатысқан адамдардың бір де бірі сол кездегі рухани атмосфераны ұмыта алмас.ҮШ 242.2

    Исаның келетін мезгілінің дәл белгіленуі қауымның барлық салаларындағы көпшілік адамдарға ұнамады. Олардың іштерінде шіркеу қызметкерлерінен бастап күнәға белшелеп қалған қылмыскерлерге дейін бар болатын. Осылайша Киелі Кітапта берілген аяндардың тағы бірі орындалды. Сонда: «Ақыр тақаған кезде менменшіл ұрысқақтар шығып: Исаны келеді дегені кәне? Жаратылыс басталғаннан аталарымыз өле бастағаннан бері бәрі бәз баяғысынша жалғасуда” - дейді екен (2 Петір 3:3-4). Құтқарушыны жақсы көреміз дейтіндердің көпшілігі: «Исаның келетінін барлығымызда білеміз. Бірақ Оның келетін мезгілін белгілеудің не қажеті бар?» - деген сұрақтарды жаудыра бастады. Ал жүректерді оқи білетін Тәңір Ие бәрін біліп тұрған болатын. Олай деулерінің себебі, сол адамдар әлемді шындықпен соттайтын Құдайдың келуін шын ниеттерімен қаламады, өйткені өздері сол күнге дайын емес еді. Опасыз құлдар жүректерді сынайтын Алладан қорықты, Онымен кездесуден сескенді, өйткені сыннан өте алмайтындарын сезді. Құткарушы бірінші рет келген кезде Оны қарсы алудан бас тартқан яхудейлер секілді, бұлар да Исамен жүздесуден шошынды. Сондықтанда олар Жазбадағы анық дәлелдемелерді тыңдамақ түгілі, Құдайды шынайы сезіммен күтіп отырған адамдарды келемеждеді, мазақ қылды. Сонда ібілістің және оның жындарының қуанышында шек болмады. Зұлымдықтың төбеті: «Егер халқы Оның келгенін қаламаса, онда сүйіспеншіліктерінің жетіспей жатқаны ғой” деп, тікенді сөздерін Мәсіхке және Оның періштелеріне бағыттады.ҮШ 242.3

    «Күні мен сағатын бір де бір адам білмейді» деген сөздер адвентистік ілімнің карсыластарына таптырмайтын дәлел болды. Киелі Кітапта «Құдайдың қай күні, қай сағатта келетінін ешкім, тіпті періштелер де білмейді, тек Құдай Әке ғана біледі» - деп жазылған (Матай 24:36). Құдайдың келуін шын қалайтындар бүл сұраққа Киелі Кітапқа үйлесімді түсініктемелер береді де, ал керісінше оны қаламайтындар оны керісінше талқылайды. Мәсіх Иса соңғы рет мәжілісханада болғаннан кейін Зәйтүн тауының үстінде оқушыларымен сұхбаттасқанда оларға сол естелік сөдерді айтқан еді.ҮШ 243.1

    Исаның оқушылары: «Ақыр заман қашан болады және Сен қай уақытта қайтып келесің” - деп Оған сұрақ қойған кездерінде, Иса замана белгілеріне нұсқап: «Осы айтылғандарды көрген кезде, ақырдың алыс емес екенін, есіктеріңнің сыртында тұрғанын біліңдер» - деген еді. Құтқарушының бір сөзі екінші сөзінің мөнісін жоймайды. Оның келетін күні мен сағатын ешкім білмегенімен, айтылған белгілерге қарап әркім* - ак ақырдың алыс емес екенін түсіне алады. Бұл белгілерге көз жұмған адамдар, топан суы қаптаған кезде суға кеткен жандар секілді мәңгілікке көздерін жұматын болады. Сол тарауда жазылған мысалда сенімді және сенімсіз қызметшілер қарама-қарсы қойылған, сондай-ақ: «Қожайыным жуыр арада келмейді» деген қызметшінің тағдыры сипатталады. Бұл мысалда Мәсіхтің Оны күткендерге және күту керектігін басқаларға хабарлаған қызметшілерге және Тәңірдің келетінін теріске шығарған қызметкерлерге қалай қарайтыны анық айтылады.ҮШ 243.2

    «Сергек болыңдар!” «Қожайыны келген кезде, ұйықтамай күтіп отырған қызметші шынайы бақытты” - делінген (Матай 24:42,46). (Бұл жерде рухани ұйқы туралы айтылады). «Сергек болмасаң сені іздеп табамын, қай кезде табатынымды сезбей де қаласың” (Аян 3:3).ҮШ 243.3

    Елші Пауыл былай дейді: «Жаратушысының келуін күтпегендерге, Исаның келуі түнде үйіне түскен ұрымен бірдей болады”. «Олар бейбітшілік, қауіпсіздік” - деп өздерін ездері жұбатып жатқан кездерінде зарарға шалдығады және одан ешкім қашып құтыла алмайды. Сонымен қоса Құдайды күтіп отырған жандарға ол былай дейді: «Бауырластар! Сол күн қапелімде келетіндей сендер түнекте емессіңдер, ейткені түнектің емес жарықтың балаларысыңдар» (ІСал 5:2-5).ҮШ 243.4

    Сонымен Киелі Жазбада Мәсіхтің келетін мезгілінің тақау екеніне қатысты, адам түсініксіз жүруі керек деп ойлайтындай негіздеме жоқ екенін көреміз. Сыныққа сылтау іздегендей ақиқаттан бас тартқысы келгендер сол түсініктемелерді тыңдамады. Дөрекі мысқылдаушылар, тіпті Мәсіхтің сайланған қызметкерлерінің өздері тоқтаусыз: «Сол күн мен сол сағатты ешкім де білмейді» - деп қайталаумен болды. Халық рухани ұйқыдан оянып, құтқарылудың жолдарын іздей бастағанда діни ұстаздар ақиқат пен адамдардың араларына тосқауылдар қойып, Құдай Сөзін кері талқылап, олардың корқынышын сейілтпек болды. Құдай бейбітшілік туралы айтпағанмен, арсыз күзетшілер зұлымдықтың көкесімен бірігіп алып: «Бейбітшілік, бейбітшілік” - деп айғайлай берді. Мәсіхтің уақытындағы парызшылар секілді олар өздері де Құдай патшалығына кіруден бас тартты және басқаларға да кедергі жасады. Мұндай адамдар жазықсыз жандардың қанын арқалайтын болады.ҮШ 243.5

    Ақиқатты бірінші болып қабылдағандар шіркеудің қарапайым мүшелері болатын. Киелі Кітапты егдей - жегдей талдағандар аяндардан қате таппады, діндарлардың әсерінен тыс тұрып Жазбаны өз бетімен зерттегендер, оның беделіне сүйеніп, адвентистік ілімді қабыл алды.ҮШ 244.1

    Көпшілікжандар,Исаның келетіні туралыестігілері келмеген, өзбауырларының тарапынан қуғынға ұшырады. Кейбір адамдар шіркеудегі жағдайды сақтап қалу мақсатында ашылып тұрған ақиқатты елемеуге тырысты, яғни жұмған ауыздарын ашпалы, ал енді біреулері болса керісінше Аллаға адал болып қалам деушілерге Оның сеніп тапсырған ақиқатын жауып ұстау қисынсыз екенін сезінді. Осылайша көп жандар Исаның келетіндігіне сенгендері үшін шіркеу мүшелігінен шығьш қалды. Бұл жандар өздерін: «Менің атым үшін сендерді жек көрген бауырларьщ: «Әуелі Ол бізге Өзінің атағын көрсетсін, сонан соң біз сендердің қуаныштарыңды көрейік” - деп жазылған пайғамбар сөзімен жұбатты. Бірақ кейін олар ез істеген істері үшін ұялатын болады» ( Ишая 66: 5).ҮШ 244.2

    Періштелер жерде жүріп жатқан жұмыстардың нәтижелерін мұқият бақылап отырды. Шіркеулер ақиқаттан бас тартқан кезде олар қатты қинапды. Адвентистік ақиқатпен сынақтан өтпеген адамдар әлі көп болды. Ештеңенің анық-танығына көздерін жеткізіп алмай адвентистердің ілімі — күнә деген байламда тұрған әйелдерінің, күйеулерінің, ата-аналарының, балаларының даттауымен адасушылыққа кіріп кеткендер көп болды. Періштелерге бұл адамдардың өмірлерін мvқият бақылауға алу бұйырылды, өйткені Құдайдың тағынан оларға басқа жарық түсуге тиісті болды.ҮШ 244.3

    Ал бұл ілімді қабыл алғандар, Құтқарушының келуін тағатсыздана күтті. Ай- тулы уақыт жақындаған сайын олар бұл мерекеге салтанатты түрде өзірленді. Тәңірлерімен сұхбаттасқаннан ләззат алып, керемет болашақ жайлы ойланды. Исаны күтіп отырған сол уақыттарында тамаша үмітті сезінген жандардың бір де бірі оны ешқашан ұмытпайтын болар. Сол күнге бірнеше апта уақыт қалғанда, жұрт жердегі барлық жұмыстарын доғарды. Олар соңғы сағатын күтіп, тесек тартып жатқан жандардай өз ойларына сан рет көз жүгіртіп, мәңгілікке біржола дайындалды. Ешкім де Құдаймен жүзбежүз кездесеміз ғой деп, үстеріне жақсы киімдерін киіп, әшекей бұйымдарын таққан жоқ, өйткені олардың барлығы да Аллаға керегі Исаның қанымен жуылған адамньщ тап-таза жүрегі ғана екенін жақсы білетін. Егер қазіргінің адамдары сол кездегі адамдардай өздерінің тәкаппар мінездерін сындырып, Құдайға бой ұсынып тәубәларына келсе, мына дүние қаншалықты рухани бай болған болар еді. Өкінішке орай қазіргі заманда күнәсі үшін қайғырып, оған кешірім өтініп, Құдайға күні-түні мінәжат етіп, жалбарынып жатқан жандар өте аз. Оның басты себебі адамдар Жаратқанға деген жанды сенімдерін жоғалтқан. Соның салдарынан олар Құдайдың жомарттықпен төгетін игілігіне де ие бола алмайды.ҮШ 244.4

    Алла Өз халқын сынақтан өткізуді жөн көрді, сол себепті олардың аяндарда берілген пайғамбарлық периодтарды есептеу кезінде жіберген қателерін өздеріне көрсетпей Өз қолымен жауып тастады. Адвентистер қателесті, тіпті олардың қарсыластарының ішіндегі керемет деген ғалымдардьщ өздері бұл кателіктерді байқай алмай қалды. Олар: «Сендердің жыл санауларың дұрыс, осы айтулы жылы керемет бір оқиға болуға тиісті, бірақ бұл Миллер алдын ала хабарлағандай Мәсіхтің жер бетіне ІІ-ші рет келетін уақыты емес, бар өлемнің Құдайға бет бұратын мезгілі»деді.ҮШ 245.1

    Шынында айтулы мерзім өтті, бірақ Иса келмеді. Оны шын ниетімен күткендер қатты қиналды және түңіліп қалды. Десе де Құдай ойлаған мақсатын орындады. Алла адамдарды қатал сынақтан өткізді. Өйткені Оны күткендердің ішінде, Құдайдың келуін шынымен де қалағандар да, сонымен қоса тек қорыққандарынан күткендер де болды. Олардың Құдайға үстіртін ғана бой ұсынғандары өмірлеріне, жүректеріне нендей бір езгеріс енгізе алмады. Кейін олар: «Біз Исаның келетініне сенген жоқпыз, сол себепті бүл жөнінде қайғырмаймыз да» - деп арыз тастады. Дәл осы жандар Алланы шындап күткендердің сезімдерін күлкіге айналдырды. Бірақ Иса және көктегі барлық қауым, қатал сынақтан ете отырып Жаратушыларына адал болып қалған Құдай халқының мұңын жақсы ұқты жөне олардың өмірлерін зор сүйіспеншілікпен бақылап отырды. Егер көрінбейтін әлем мен көрінетін әлемнің арасындағы шымылдық ысырып тасталса, онда барлық жер шары Алланың адал құлдарын періштелердің, ібіліс пен оның кара күштерінің жебесінен қалай қорғап тұрғандарының куөсі болған болар еді.ҮШ 245.2

    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents