Loading...
Larger font
Smaller font
Copy
Print
Contents
ҮЛЫ ШАЙҚАС - Contents
  • Results
  • Related
  • Featured
No results found for: "".
  • Weighted Relevancy
  • Content Sequence
  • Relevancy
  • Earliest First
  • Latest First
    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents

    1-тарау - Құтқарушының сүйіспеншілігі мен зор шыдамдылығы

    «Ең болмағанда сен бүгін өзіңді ненің құтқара алатынын білсең ғой шіркін! Бірақ қазір мұны біле алмайсың. Жауларың саған қарсы бекіністер құрып, қоршап, жан-жақтан қыспақтайтын күндер басыңа туады. Олар сені қиратып, тұрғындарыңды өлтіреді де, күл-талқанынды шығарып, жермен-жексен етеді. Себебі сен Құдайдың өзіңді құтқаруға келген кезін түсінбедің» (Лүқ. 19:42-44).ҮШ 8.1

    Иса Зәйтүн тауының үстінен Иерусалимге қарады. Оның алдында сұлу бейне көрініп жатты. Яхудейлер тойлайтын құтқарылу мейрамы басталды. Осы мейрамға ел-елден Жақыптың үрін-бұтақтары жиналды. Бақшалары мен жүзім ағаштарының арасынан қажылыққа келген адамдардың шатырлары орналасқан жасыл жазықтықтан сатыланып тұрған жоталар, бой көтерген сарайлар және Исраил астанасының қуатты бекіністері көрінеді. Сионның қызы менменшілдене «Мен патшайыммын, қасірет те шекпеймін” дейтін секілді. Ол бір кездері жыршы «Әсем де биік Сион тауы - күллі әлемнің куанышы, таудың солтүстік жағындағы Ұлы Патшаның астанасы» - деп көтеріңкі көңіл күймен жырлағандай, осы күні де өзіне өзі риза болып, кектің көңілінен шығатынына сенді (Жыр 47:3). Исраил астанасы сұлу ғимараттарымен, зәулім сарайларымен, бау-бақшаларымен, жасыл жоталарымен көздің жауын алады. Ғибадатхана өзінің сұлу келбетімен көрген жанды таң қалдырады. Күн сәулесі оның мәрмәр қабырғаларына, алтын күмбезі мен қақпасына түсіп, шағылысып жатты. Бұл «сұлулықтың биік шыңы» яһудейлердің мақтанышы болатын. Бірақ Исаны қобалжытқан бұл бейне емес еді. Қалаға жақындай бере, Ол жылап жіберді (Лұқ. 19:41). Оны патшадай қылып қарсы алып жатқан мыңдаған халықтың қуанышы, олардың салған өні таудың үшар басына шарықтап жатқан кезінде, өлемнің Құтқарушысының бойын қайғы мұң кернеді. Құдайдың Ұлы, уәделі Құтқарушы, әмірі ажалды жеңетін Тәңір Ие, өлгендерді жердің құшағынан шығаратын Раббымыз бүгін жылап тұрды. Бұл қайғының көз жасы еді.ҮШ 8.2

    Ол Өзі үшін қайғырған жоқ. Оның көз алдында Гетсимания бағы, онда күтіп тұрған қасірет бар еді. Ол құрбандыққа шалынатын тоқтыларды өткізетін қақпаны көрді және Өзі де құрбандықтың Тоқтысы ретінде сол қақпамен өтуге керек болды. (Ишая 53:7). Айқышқа керілетін жер - Ғолғота жазығы да алыс емес еді. Түнекке оранатын осы жолмен Мәсіх өтуге тиісті болды, өйткені Ол күнәнің Құрбаны болатын. Оның кеңіліне қаяу түсірген бұл да емес еді. Оның мұңаюының басты себебі тәубаға келмеген Иерусалимнің тұрғындары болды. Көптеген ғасырлар бойы Алланың рақымына бөленген яһудейлердің тарихы Исаның көз алдынан өтті. Міне Мориа тауы. Дәл осы жерде, болашақта болатын кұрбандықтың белгісі ретінде Құдайдың адал құлы құрбандыққа мойын ұсынған. Осы жерде барлық имандылардың әкесімен мейірімділік заңы бекітілген (Жар. 22:9,16-18). Сол арада, кінэлі болған адамзат үшін шалынатын Құрбандықтың рәмізі және Оның аратүсушілік қызметі саналатын, құрбан шалынатын жерден көкке кетерілген жалын жазалаушы періштенің қолындағы найзасына тосқауыл жасады (ІШеж. 21). Құдай Иерусалимді жер бетіндегі барлық жерлерден артық санады. «Өйткені Жараткан Ие Сионды таңдады, оның жердегі Өз тұрағы болуын қалады» (Жыр 131:13). Осы жерде бірнеше ғасырлар бойы пайғамбарлар Құдай ескертулерін уағыздады. Осы жерде Құдайдан адал тілек тіленіп, болашақтағы Ұлы Құрбандыкка нұсқайтын күнделікті кұрбан шалынып отырған. Осы арада Жаратқан Ие өсиет сандығының үстіне бұлт болып қонды. Осы жерде жер мен көкті жалғастырып тұратын сатының негізі орналасқан. Бұл сатының бір жағымен періштелер көктен жерге түсіп, екінші жағымен қайра көкке кетеріліп, адам баласының мүдцесін Жаратушы Иеге жеткізіп отырды (Жар. 28:12, Жохан1:51). Егер Исраил халқы Құдайға адал болып қалғанда, Иерусалим Құдірет Иесінің таңдаулы қаласы болып қалатын еді (Ерм. 17:21-25). Бірак барлығы олардың ойлағандарындай болып шықпады. Бір кездегі Құдайдың қалаулы халкынын, тарихы қайғылы әңгіме болып қала берді. Исраилдіктер Көктің игілігіне қарсы тұрып, артықшылықтарын теріс пайдаланды, яғни асыра сілтеді, беріліп тұрған мүмкіндікті пайдаланбады. Олар аспаннан жаңбырдай болып жауған жақсылықты түсінбеді, асқақтап, кекіректерін көтере түсті. Құдайдың жіберген елшілерін үрып-соғып, пайғамбарларын балағаттаумен болды (2Шеж.36:16,15). Десе де Алланың адам баласына деген рақымы мол ғой. «Ол адам баласын жақсы көреді, Ол мейірімді, шыдамды, жанашыр және шыншыл» (Мыс. 34:6). Яхудейлер қанша Құдайға қарсы шыққанымен, Құдай олардан бетін бұрған емес. Оларға Өзінің елшілерін жіберіп, шындықты үнемі уағыздаған, өйткені Оның Өзінің тұрағы мен халқына жаны ашыды (2Шеж. 36:15). Дегенмен тоң мойын болып қалған халыққа Алланың берген жақсылығын түсінуі оңай болған жоқ. Сонда Құдай оларға, көктегі ең «қасиетті Сыйды” тарту етті.ҮШ 8.3

    Тәубасына келмей тұрған халықты құтқарып қалу үшін Құдай Әке жерге Өзінің Ұлын жіберді. Бұл - оларды Мысыр елінен аман-есен алып шығып, жолжөнекей қауіп-қатерден қорғап отырып, уәделі жеріне жеткізген Иса Мәсіх болатын. Мәсіх оларды Мысырдан тамаша жүзім бұтасындай аялап өкеліп, басқа халықтарды олардың алдынан қуып шығып, гүлденулеріне жағдай жасады. (Жыр 79:9). Жүзімді құнарлы қыраттың беткейіне орналастырып, маңайын шарбақпен қоршады. Оны күтіп қарау үшін қызметкерлерін жұмсады. Жүзім ағашына тағы да не істеуіме болады - дейді Ол, - баққа Мен істемеген не қалды? Тәңір, ағашым жақсы жемістер береді деп күткен болса, ол жабайы жемістер берді. (Ишая 5:1¬4). Сонда да ағашынан жақсы жемістер аламын деп үміттенген Ол, түп орнымен құрып кетуінен қорғап қалу үшін баққа Өзі келді. Ол ағаштың түбін қопсытып, суарып, кепкен бұтақтарын кесіп алып тастап, күтіп бақты. Сүйікті жасыл желегін құтқарып қалу үшін барлық жағдайларды жасады.ҮШ 10.1

    Үш жыл бойы Ол өз халқымен бірге болып, ауруларды емдеп, қамыққанға пана болып, ақсақтың аяғын, соқырдың көзін қалпына келтіріп, кереңнің құлағын естіртіп, өліні тірілтіп, Ізгі хабарды уағыздаған (Елш.10:38, Лұқа 4:18, Матай 11:5). «Барлык қайғырғандар мен қамыққандар Маған келіңдер, Мен сендерге тыныштық беремін” деген аяулы үн - Исаньщ үні болатын (Матай 11:28). Санасыз халықтың Оның мейіріміне зұлымдықпен жауап беріп, махаббатын жерменжексен қылғанына қарамастан, Иса оларды бәз-баяғысынша бар ниетімен жақсы көрді (Жыр. 108:5). Ол өзі үшін емес, халық үшін өмір сүрді. Алдына келген жанды кеудесінен итерген жоқ. Соған қарамастан естігені жала, кергені тек жоқшылық болды. Игілік толқыны жүректері тас болып қалған адамдардың кеудесіне соғылып шексіз махаббат пен аяушылықтың куатты толқынындай оларға кейін қайтып жатты. Бірақ Исраил езінің Жалғыз Көмекшісін, ең жақын Досын қабылдамады, Оның сезін құлаққа аспай, әрбірден соң Оны келеке мазақ қылды. Сөйтіп олар үшін үміт және мейірім мезгілі өте шықты, өйткені Құдайдың шыдамының тостағаны толған болатын. Бірнеше ғасырлар бойы топталған қасіреттің бұлты енді олардың төбесіне шүйлікті. Ал олардың көмекке келуге дайын тұрған Жалғыз Досын айқыш ағаш күтіп тұрды. Бір кезде Құдайдың қалаулы халқы болған Исраил үшін Исаның өлімімен, мейірім мезгілі де аяқталды. Иса үшін бір адамның өлімінің өзі орны толмас өкініш болса, енді оның алдында бір тұтас ұлт тұрған болатын. Ысрайыл халқының күнә үшін шеккен азабын көріп, пайғамбарлардың көз жастары көлге айналған. Еремия пайғамбар күнөнің тұтқыны болып, өлімге душар болған ұлдары мен қыздарының сорақы жағдайын көргенше, көзінің жастың бұлағына айналғанын қалаған еді (Ерм. 9:1,13:17). Неліктен бірнеше жыл емес, бірнеше ғасырды алдын ала керіп тұрған Иса, көзінен парлаған жасты тоқтата алмады? Өйткені Ол бұл қаланың үстінен, Жаратушы Иеміздің мекендеген жерінен, қолында қылышы бар, қыруға келген Әзірейіл періштені көріп тұрды. Зәйтүн тауының үстінен қалаға көз салған Иса, қаланы сыртынан коршап алған жауды, аласапыран соғысты, нан сұрап жылаған баланың дауысын, ананың зарын, күл-талқан болып қираған қаланы көріп, көзі жаспен тұманданды. Ол тек осы бейнені ғана емес, одан тереңірек, ғасырлар тұңғиығындағы бейнені де көрген еді. Теңіздің жағалауындағы құмдай болып шашылып қалған халык. Бұл Құдайдьщ қаһары толған тостағаннан тамған тамшы ғана. Ал ақыр заманда, Құдайдың сотына түскен әрбір жан, соңғы үкімнен кейін, бұл тостағанды толық ішуіне тура келеді. Көреген көзбен көріп тұрған Иса үшін, бұл ауыр азап. Оның аузынан: «Елшілерді таспен ұрып, пайғамбарларды соққыға жыккан Иерусалим, балапандарын қанатының астына жинайтын құс секілді, Мен сендерді қанша жинақтағаныммен, сендер көнбедіңдер (Матай 23:37). Шіркін күллі халықтардың ішінен даралап алған Менің халқым оған ненің игілік өкелетінін білсе ғой! Мен әлі де болса төреші-періштенің қолын ұстап тұрмын. Сендерді тәубашылықка шақырамын..., бірақ өкінішке орай бәрі зая. Оның аузынан: «Сендер тек пайғамбарлар мен елшілерді ғана емес, өздеріңнің Құтқарушыларыңды да кабылдамадыңдар. Иерусалим, олгеніңе өзің кінәлісің” - деген сөздер шыккан болатын. Сендер шынайы емірге ие болу үшін Маған келуден бас тартасыңдар (Жох. 5:40).ҮШ 10.2

    Иса Мәсіх Иерусалимді бар әлемнің бейнесі ретінде көрді. Бұл жерде бір ғана қаланың тағдыры жайлы емес, барлық халықтардың, бар әлемнің тағдыры, күнәға белшесінен батып, оны мойындамай тас болып катып қалған, өз өліміне өзі асығып бара жатқан адамзат тағдыры туралы айтылып тұрған еді. Иса Өзінің бар жан-тәнімен күнөкар адамның кайғысыи сезінгендіктен жаны ашып, қайғылы дауысы шықты. Ол күнәнің нәтижесі - бақытсыздықты, көздің жасын және қанды көрді. Күллі қайғы мен қасірет шеккендер үшін Оның жүрегі ауырды және бәріне де жеңілдік сыйлағысы келді. Көмектің жалғыз ғана қайнар көзіне бой ұсынғандар өте аз болғандықтан, Оның қолы адамзатгың қайғысының ағынын тоқтата алмады. Адамдарды мәңгілік ажалдан құтқарып қалу үшін Ол жанын тапсырса да, мәңгілік өмірге ие болу үшін Оны аздаған адамдар ғана кабылдады.ҮШ 11.1

    Мұны көрген күллі аспан күңіренді!!! Жаны күйзелген Шексіз Алланың Ұлы қасіреттің жүгін арқалаған екен! Бұл көрініс барлык, аспанды қайран қалдырды. Бұл бізге күнөнің зардабының қаншалықты ауыр екенін көрсетеді, өйткені Құдай Заңының бұзылуының нәтижесінде күнәкар болған пенделерді құтқару Шексіз Қуат Иесінің Өзіне қиынға соқты. Болашаққа пайғамбарлық назарын аударған Иса кезінде Иерусалимнің түбіне жеткен қателік жөне қайғы-қасірет соңғы замандарда да билік құратынын көрді. Яхудейлердің жасаған күнәларының ең ауыры Исаны қабылдамауы, ал адамзат баласының күнөсінің ең ауыры көкте де жерде де Жаратқанның билігінің негізі болып табылатын Құдай заңын аяқ асты қылуы. Адамдар Құдайдың берген заңын жек көретін болады жөне одан бас тартады.ҮШ 11.2

    Шайтанның тұтқынына айналған миллиондаған халық. He қылған адасушылық десеңізші! Көзі емес, көкірегі соқыр болған жандар!ҮШ 12.1

    Яхудейлер тойлайтын құтқарылу мейрамына екі күн қалғанда Мәсіх соңғы рет мәжілісханада болып яхудей басшыларының екі жүзділіктерін әшкерелеген болатын. Мәжілісханадан шықсымен Ол оқушыларын ертіп Зәйтүн тауына барды және жасыл шөптің үстіне жайғасып, тағы да қалаға қарады. Ғибадатхананың қабырғаларына, мұнаралар мен сарайларға көз тастады. Ғибадатхана касиетті таудың басындағы төжі секілді көрінді.ҮШ 12.2

    Жыршы мыңдаған жыл бұрын Израильге деген мейірімі үшін, осы ғибадатхананы Өзінің тұрағы еткеніне Теңір Иеге риза болып, Оның есімін жырлаған болатын. «Тұрағы Оның Иерусалимде, Киелі үйі Сион төбесінде”. «Орнына таңдап алды Яхуда руын, әрі Өзі қатты ұнатқан Сион тауын. Киелі үйін зәулім аспандай орнатты, жер іспетті оны мәңгілікке нығайтты» (Жыр 75:3,77:68,69).ҮШ 12.3

    Тарих бойынша, ең алғашқы ғибадатхана, ысрайыл халқының гүлденіп тұрған шағында салынған болатын. Бұл үшін Киелі Рухпен шабыттанған Дөуіт пайғамбар оның негізін қалауға дайындалып, көп қазына жинаған (ІШеж. 28:12,19). Ал бұл аты әйгілі ғибадатхананы салған, тарихта есімі қалған ең данышпан патша, Сүлеймен пайғамбар еді. Бұл ғибадатхана өте зәулім де, сұлу еді, жер бетінде оған тең келетіні болмаған. Дегенмен, Әгей пайғамбарының айтуынша: «Кейінгі ғибадатхананың атағы, алғашқысынан да жоғары болады». Бұл жөнінде Жаратқан Иеміз былай дейді: «Көрген жанды таң калдырамын, келем деушілерге есігі ашық болады, атағын көкке шарықтатамын» (Хақ.2:9,7).ҮШ 12.4

    Шынында да Навуходоносор патша қиратып бұзған ғибадатхана, Иса Мәсіх гуылмастан 500 жыл бұрын қалпына келтірілген еді. Сүлеймен патшаның салған ғибадатханасын көзі көрген жандар, кейінгі салынып жатқан ғибадатхананың алғашқыдай сұлу болатынына күмөн келтіріп, іштей өкініп жылаған. Пайғамбар олардың көңіл күйін былай деп сипаттайды: «Атағы көкке шарықтаған бұл Үйді, бұрынғы көрген көздерден кім қалды? Оның қазіргі күйі айтуға тұрарлық па?” (Хак. 2:3, Езре 3:12). Дөл осы мезетте бұл ғибадатхананың атағы бұрынғыдан асып түседі, - деген уөде берілген болатын. Дегенмен, екінші ғибадатхана біріншіден сұлулығы жағынан асып түсе алмады. Екінші ғибадатханаға алғашқыдағыдай шапағат шұғыласы да шашылған жоқ. Құрбан шалу кезінде аспаннан от та түскен жоқ. Алланың атағының бұлты да көрінбеді. Оның ішінде Құдірет Иесінің заңы сақталған сандығы да болған жоқ. Құдаймен тілдескен кезде, Ол бұрынғысындай жауап та қайырмады. Бірнеше ғасырлар бойы яхудейлер Хаққай пайғамбарға берілген уөде орындалды деп дәлелдеумен келді, дегенмен менменшілдік пен сенімсіздік олардың сана сезімдерін баурап алған болатын, сол себепті олар өздеріне берілген аянның шын мәнін түсіне алмаған еді. Екінші ғибадатханаға Алланың атағының бұлты қонбағанымен, ол, ішіне Назареттен келіп кірген, аурудың тәнін, жаралының жанын емдеген әйгілі Дәрігер, Ұлы Оқытушы, күнәкар пенденің табиғатын қабылдаған, әлемнің Иесі - Иса Мәсіхтің жарығымен нұрланған болатын. Сол себепті де екінші ғибадатхананың атағы алғашқы ғибадатханадан жоғары болды. Бірақ Исраил көктен түскен Сыйды қабылдамады. Сол күні қарапайым Оқытушының өлімімен, ғибадатхананың атағы да жойылды. «Үйлерің өздеріңе бос қалды»деген Құтқарушының сөзі орындалды (Матай 23:38).ҮШ 12.5

    Исаның шәкірттері ғибадатхананың қирайтыны жайлы хабарды естігенде, әрі таң қалып, әрі қорықты. Бұл ғибадатхананы безендіруге халықтың 40 жыл бойғы еңбегі мен қазынасы кеткен болатын. Ол үшін ұлы Ирод Яхудей және Рим қазына сарайларынан қаражат бөліп беріп отырған. Тіпті Рим императорының өзі, оған ақшадай сыйлық беріп тұрды. Осы үй үшін Римнен үлкен ақ мәрмәр тастар жеткізілген. Олардың кейбіреулерінің өлшемдері өте үлкен болды. Осы ақ мәрмәрге Құтқарушының назарын аудара отырып, шәкірттері Оған былай деп сұрақ қойған: «Ұстаз! Қарашы, қандай сұлу тастар, қандай керемет ғимараттар!” (Марқа 13:1). Бұл сөзге Иса былай деп жауап берді: «Шын айтам, бұл тастардан түкте қалмайды, барлығы қирайды” (Матай 24:2,3).ҮШ 13.1

    Исаның шөкірттері Иерусалимнің қирауын, Оның екінші рет жер бетіне келетін мезгілімен байланыстырған, яғни олардың ойларынша Иса келіп, ғаламдық империяның тағына отырып, тәубаға келмеген яхудейлерді жазалап, халықты Римнің езгісінен азат етуге тиісті болды. Құтқарушы соның алдында оларға «мен екінші рет қайтып келемін” деп ескерткен болатын. Сондықтан Иерусалимнің сотқа тартылатыны туралы естігенде, олар Исаның екінші рет келетіні жайлы ойлады да, Зәйтүн тауының үстінде отырғанда, Оған былай деп сұрақ қойды: «Ақыр заман қашан келеді? Сенің жер бетіне қайта келуіңнің қандай белгілері бар?» (Матай 24:2,3).ҮШ 13.2

    Бірақ мейірімге толы Жасаған Иеміз оларға болашақты болжамады. Егер Иса оларға болатын оқиғаны ашып айтса, шөкірттерінің аза бойы қаза болып, қайғыға ұшырайтын еді. Исаның сөзі оларға толық түсінікті болмағанымен, уақыт өткен сайын, олар айтылған сөздердің мөнін біртіндеп ұғуға тиісті болды. Исаның айтқан сөздері екі мәнді еді. Біріншісі Иерусалимнің басына түсетін азапты, екіншісі ақыр заманда адамзат баласының басына түсетін азапты білдіреді.ҮШ 14.1

    Иса оқушыларына Құдайдан теріс бұрылып, Құтқарушыларын айқыш ағашқа керетіндері үшін яхудейлерді күтіп тұрған сот туралы айтып берді. Сол масқара оқиғаның алдында белгіленген аяндар орындалуға тиісті болды жөне де айтулы уақыт білінбей, байқаусызда келмек. Құтқарушы оқушыларына Даниял пайғамбарына берілген аянды айтты: «Сонымен, киелі жердің құлдырап, бос қалғанын көргенде, яхудей жерінде қалған адам тауға қашып тығылсын» (Матай 24:15-16, Лұқа 21:20). Киелі жерге құдайсыздардың (Римнің) туы тігілгенде, мәсіхшілер қашып құтылуға тиісті. Алдын ала айтылып қойылған белгілер пайда болсымен, олар қашуы керек. Барлық яхудей жеріндегілер және Иерусалимнің тұрғындары бұл белгіге бағынуға тиісті. Үйдің төбесінде отырган жандар бағалы заттарын алу үшін, үйдің ішіне кіруіне болмайды, бау-бақшада жұмыс істеп жүрген адамдар, киімдерін алмакка, оларды тастаған жерлеріне қайтып оралуларына болмайды. Бұл қасіреттен қашып құтылам деушілер бір минут бөгелмеуі керек.ҮШ 14.2

    Иродтың патшалық еткен кезеңінде Иерусалим өзінің сұлулығымен ғана емес, қаланың қабырғаларының және бекіністерінің мықтылығымен, географиялық орналасуының ыңғайлылығымен әйгілі болған еді. Оны қиратып бұзам деушілерге, Нұх пайғамбарын есалаң деп атағандай, ат қойылған болар еді. Бірақ Мәсіх Иса былай деді: «Жер мен көк өтер, бірақ Менің сөзім мәңгі болмақ» (Матай 24:35). Яхудейлердің жасаған күнәсі үшін, Иерусалимге Құдайдың қаһары түсті, сейтіп оның тағдыры шешілді.ҮШ 14.3

    Миха пайғамбар арқылы шексіз Құдай былай дейді: «Алла бізді сақтайды деп, Құдай атымен ант беріп, дұрысты бұрыс қылып, өтірікті шын қылып, ақша үшін оқытып, сыйлық үшін үкім шығарған Иерусалимнің әміршілері, Жақып үйінің басшылары сендер тыңдаңдар”. (Мих.3:9-11).ҮШ 14.4

    Бұл сөздер Иерусалимнің тұрғындарының жалған тазалықтарын ашық суреттейді. Құдай заңын орындап жүрміз деп мақтанып, шын мәнінде заңды олар барынша аяқ асты қылған. Олар Иса Мәсіхті жек көрген, өйткені Исаның тазалығы олардың шынымен кім екендерін өшкереледі. Оның таза және күнәсіз екенін біле тұра, олар Исаның өлімі ғана барлық ұлтты қауіпсіздендіреді деп шешкен. «Егер Оны тірі қалдырсақ, барлық халық Оның соңынан еріп кетіп, Римдіктер келіп біздің жерімізді басып алады” (Жох. 11:48). Егер Оны өлтірсек, онда яхудейлер қайтадан күш алып, біріккен ұлт болып қала береді деп есептеген. Сөйтіп олар дін мұғалімдерінің шешімдерімен келісіп, бүтін бір ұлт кұрығанша, бір адам құрысын деп ойлаған.ҮШ 15.1

    Осылайша яхудей басшылары өз қолдарын ғана емес, барлық Иерусалимді қанға бояды. Күнәнің үстіне күнә қосып, жазықсыз жанды өлтіргендеріне қарамастан, яхудейлер ездерін Құдайдың қалаулы халқымыз деп есептеулерін қоймаған. Пайғамбар өз сөзін жалғастыра келе былай дейді: «Сион жыртылып тасталған аңыз далаға айналады, Иерусалим қирап, тау болып үйіліп қалады, оның орны орманды жотаға айналады» (Мих. 3:12).ҮШ 15.2

    Иса Мәсіх Иерусалимнің тағдыры туралы айтып кеткеніне шамамен 40 жыл толса да, Құдай өз шешімін шегіндіріп, шыдамдылықпен күтті. Шынымен де Құдайдың мейірімінің шегі жоқ. Оның Ізгі хабарын қабыл алмай, жіберген Елшісін айқыш ағашқа керіп өлтірген тоң мойын, тәртіпсіз халықтың айуандық әрекетіне шыдаған Шексіз Алланы, таусылмас махаббат Иесі деп анық айта аламыз. Жемісін бермейтін Інжір ағашы туралы мысал Құдай мен яхудей халқының қарым-катынасының белгісі ретінде қарастырылған. «Орын алғызбай мына ағашты кесіп таста” - деген бұйрык берілді (Лұқа 13:7), бірақ Құдай бұл қаланың тағдырын шешуді біраз уакытқа шегіндірді. Мәсіх және Оның келуінің мақсаты жайлы білмейтін көптеген яхудейлер бар болатын. Ата-аналары бас тартқан ақиқат болашақ ұрпаққа жетуге тиісті еді. Құдай оларға өз жарығын пайғамбарлар және олардың ізбасарлары арқылы жеткізбек болды. Айтылған сөздің орындалғанын, олар тек Исаның туылуымен, өмірінен ғана емес, Оның өлуімен қайра тірілгенінен де көруге тиісті еді. Балалар ата-бабаларының жасаған күнәларына жазықты болмайды, дегенмен, егер олар өздеріне түскен жарықты қабыл алмаса, онда сөзсіз бабаларының сыбайластары болып шығады және жазаға бірдей тартылады.ҮШ 15.3

    Құдайдың рақымы түсіп, мейірім мезгілі созыла түскен сайын, яхудейлер тәубаға келгеннің орнына, қасарыса түсті. Исаның шәкірттеріне қастық жасап, өз тағдырларын өздері шешті. Құдай оларды бұрынғыша қорғамады, сөйтіп олар өздерінің қалап алған басшыларының, яғни ібіліс пен оның қараңғы күштерінің қоршауында қалды. Бірақ ібіліс олардың бойларында зұлымдықты қоздыра берді. Олардың бойларын ашу-ыза кернеп, өз басшылары етіп олар зұлымдықты таңдады. Қатыгездіктерімен бұлар шайтанға өте үқсас болды. От басында да, қоғамда да іштарлық, жеккөрушілік, ашушаңдық, кісі өлтіру берік орын алды. Қауіпсіз жер, тыныштық көрінбей кетті. Дос-жарандар, туған-туысқандар сатқындыққа ұшырады. Ата-аналары балаларын өлтіріп, балалары ата-аналарын өлтіруге дейін жетті. Халық көсемдері билік жүргізуден қалды. Жүгенсіздік оларды қатігез жауыздыққа ұшыратты. Яхудейлер Құдайдың адамзат баласын құтқаруға жіберген Елшісіне жала жауып, Оған үкім шығарып, өлім жазасына бұйырды. Енді міне, сол жала оларды тыныштықтан айырды. Бұрын олар «Киелі Исраилды көзімізге көрсетпеңдер» (Ишая 30:11)деп, соған байланысты ісәрекеттер жасаса, енді міне олардың тілегі орындалды.ҮШ 15.4

    Олар тіпті Құдайдан қорқуды қойды. Сөйтіп діни билік те, қоғам билігі де ібілістің қарамағына толық тиді. Ара-тұра соғысушы жақтардың көсемдері бірігіп өз құрбандарын талан-таражға салса, кейін қайра бір-біріне қарсы кантогіс шайқастарын жалғастырған. Құдайдан қорқып, адамнан ұялу деген оларда болған емес. Тіпті ғибадатханаға келіп Құдайға сыйынушыларды елтіріп, топ-тобымен қалдырып кетіп жатты. Бойларын жауыздық билеп алғаны соншалыкты, олар, біз Иерусалимді қиратудан қорықпаймыз, өйткені ол Құдайдың иелігіндегі қала деп ашық жариялады. Өздерінің сөздеріне дәлел ретінде, олар жалған пайғамбарларды жалдады, сөйтіп жалған «шындықтарын» уағыздады. Көпшілік халық, көктен жерге Құдай түсті, Ол бізді құтқарады деп сенді. Бірақ Исраил Құдайдың панасынан құр қалған болатын. Бір бірінің қанын судай ағызған исраил халқы туралы, Иерусалимнің қирауы туралы, Иса Мөсіхтің айтып кеткен сөздері мүлтіксіз орындалды. «Біреуге қандай өлшеммен өлшесең, өзіңе де сондай өлшеммен өлшенеді» (Матай 7:2). Осы соққының дәлелі ретінде, неше түрлі белгілер мен таңғажайып құбылыстар болып жатты. Түнде ғибадатхананың үстінен бір түрлі жарық көрінетін, ал күн батарда, бұлттың үстінен, шабуылға дайын тұрған атты әскерлер көрінді. Түн мезгілдерінде ғибадатханада тағзым етуші діни адамдар ғажайып дыбыстардан қорқатын болды, жер сілкініп «Осы жерден тез кетейік” деген үн шықты. Жиырма шақты адам жабылып, әрең ашатын қаланың шығыс жақ қақпалары, салынып тұрған темір құлыптарға қарамастан, түнде өздігінен ашылып қалатын болды. Жеті жыл бойы бір көреген Иерусалимнің көшесінде жүріп, қаланы күтіп тұрған ауыр азап пен соққы барын хабарлаумен болды. Күнітүні жалықпай: «Шығыс жақтан шыккан үн! Батыс жақтан шыққан үн! Дүниенің төрт бұрышын ұстап тұрған желдің үні! Ғибадатхана мен Иерусалимге қарсы шыққан үн! Күйеу жігіт пен қалыңдыққа қарсы үн! Халыққа қарсы шьщқан үн!»деп айтуын токтатқан жоқ. Бұл ғажайып адамды нөкерлер ұстап әкетіп, ұрып соққанымен, Ол ешқандай қарсылық білдірмеді, тіпті Оның үні де шықпады. Бар қайталай бергені: «Иерусалим мен оның тұрғындарының басына қайғы бұлты төніп тұр” - деген сөздер еді. Көрегеннің дауысы қаланың қайғысын бөліскеннен кейін ғана өшті. Иерусалимнің қирауы кезінде, Құдайға шын ниетпен берілген адамдардың бірде бірі қаза болған жоқ. Өйткені Иса Мәсіхтің шәкірттері, болатын қасірет жайлы алдын ала хабардар болған. «Иерусалимді қоршап алған әскерлерді көргенде, Яхудей аймағындағылар тауға қарай қашыңдар, қаладағылар тез қаладан шығыңдар» (Лұқа 21:20,21) делінген. Цестияның басшылығымен қаланы қоршап алған римдіктер, неге екені белгісіз, кенеттен Рим бас қолбасшысының әмірімен, ешқандай себепсіз кейін шегіне бастады. Қаладан шыққан яхудейлер шегінген әскерлерге қарсы шабуылға кеткенде, қаладағы мәсіхшілер мүмкіндікті пайдаланып, бір мезетті зая кетірмей, Иорданның арғы бетіндегі, Перее деген жердегі Пеллу қаласына қашып құтылды. Бұл мүмкіндік Құдайдың мәсіхшілерге берген белгісі еді. Яхудей әскерлері Цестияның әскерін куып тығып, оларды құртып жіберуге дейін барды. Цестиялықтар зордың күшімен жинақталып, әскерлерін әрең жинады. Яхудейлер болса, ешбір шығынсыз Иерусалимге қайтып келіп, жеңістерін тойлады. Бірақ бұл жеңіс көздің елесі тәрізді, жалған жеңіс еді. Яхудейлер римдіктердің алдында бас имейтіндіктерін көрсетті. Сөйтіп олар өздеріне деген римдіктердің өшпенділіктерін коздыра түсті. Тит келіп астананы қайрадан қоршауға алған кезде, Иерусалимнің үстінен қайғы бұлты қаптады. Бұл ашымаған нан мейрамының кезі еді. Жан жақтан Иерусалимге миллиондаған яхудейлер жиналған болатын. Ac жақтарының қоры дүрыс бөліп беріп отырғанда, бір шама уақытқа жететін еді, дегенмен соғысушы партиялар барлық қорды талантаражға салып, қалада аштық басталды. Бидай өте қымбат бағамен мөлшерлеп қана сатылды. Аштықтың тақсіретін тартқандар былғары белбеу, аяқ киім және басқада былғары заттарды кеміре бастады. Түнгілікте кейбіреулер қаланың сыртына шығып, жабайы өсімдіктердің жемісін жинады. Ұсталып қалғандары айуандықпен жазаланып, қазаға ұшыраса, қашып құтылғандарын өз адамдары соққыға жықты. Қолдарында билік түрған күштілер әлсіздерді тонап, соңғы үзім нанын алып жатты. Әрине ол аштықтың салдарынан істелген әрекет емес, өз қорларын толықтырудың әрекеті болатын. Мыңдаған адам індет пен аштыктан қырылды. Соның салдарынан халықтың бойынан сүйіспеншілік пен аяушылық сезімдері де көрінбей кетті. Күйеулері әйелдерін тонаса, керісінше әйелдері күйеулерін тонады. Балалары қартайған ата-анасының аузындағысын жұлып жеді. «Анасы емшектегі нәрестесін ұмыта ма?»деген пайғамбардың сүрағына, қоршаудағы қаланың ішінен жауап табуға болатын еді (Ишая 49:15). Әйелдер балаларын пісіріп, ездеріне корек қылды (Жоқт. 4:10). Осы оқиғадан он төрт ғасыр бұрын берілген аян, енді міне орындалып жатты. Ол аянда: «Байлық пен баршылықтың ортасында қалықтаған, қазынаға шомылған әйел, жау қыспағына түскенде, күйеуін жек көріп, өз тапқан балаларын жасырып жейтін болады»делінген (Заң 28:56-57).ҮШ 16.1

    Рим басшылары яхудейлерді қорқытып, қыспаққа алып, берілуге можбүр етпекші болды. Қолға түскендерін кала бекінісінің алдында айқыш ағашқа керіп өлтірді. Жосафат және Ғолғота (маңдайтөбе) жазығы осындай айқыш ағаштарға толып кетті, тіпті олардың арасынан өту мүмкін болмай қалды. Сөйтіп: «Оның қаны біздің және біздің балаларымыздыц мойнында»деп Пилаттың алдында, яхудейлердің өздеріне атқан қарғыстары, бастарына оқ болып тиді (Матай 27:25).ҮШ 18.1

    Тит бұл қантөгісті тоқтатуға дайын еді. Дала мен жоталар толы өліктерді кергенде оның жаны түршікті. Зөйтүн тауының үстінен Құдай үйінің сұлулығына сүйсінген ол: «Бір тасқа да соқтықпаңдар»деп өз адамдарына бұйрық берді. Тит Құдай үйінің тазалығына кіршік түсіргісі келмейтінін айтып, яхудей басшыларына соғысуға басқа жерді ұсынды. Иосиф Флавий өз өмірін, қаласын, Құдайға бас иетін жерін сақтап қалу үшін, қандастарынан Титтің ұсынысын қабыл алуды өтінді. Яхудейлер, Құдай үніне құлақ түрмей, өздерінің соңғы жақтаушыларын садақпен атып өлтірді. Титтің ғибадатхананы қүұтқарып қалу үшін жасаған әрекеттерінің бәрі болмай шықты. Осылайша Алланың айтқан сөзі айдай орындалды. Яхудей басшыларының қасарысқандықтары, қалада болып жатқан қылмыстар Римдіктерді таң қалдырды әрі шошындырды, ақыры Тит оларды шабуыл жасап алмақшы болды. Бірақ ол, өз сарбаздарына: «Ғибадатхананы бұзбаңдар!»деп әмір етті. Десе де оның бұйрығына ешкім көңіл аударған жоқ. Түнде Тит өз шатырына дем алуға кеткенде, яхудейлер шығып, ғибадатхананың сыртындағы сарбаздарға бас салды. Жекпе-жек кезінде бір сарбаз отта жанып жатқан ағашты алып, галереяға лақтырып жіберді. Осы жерде қолма-қол өрт басталып, ғибадатхананың сырты ортене бастады. Тит өрт болып жатқан жерге тез жетіп, өртті сөндіруге бұйрық берді. Бірак оның сөзін енді тыңдаған ешкім болмады. Ашуға булыккан сарбаздар жанып жатқан ағаштарды ғибадатхананың ішіне лақтырып, тығылған адамдарды өлтірді. Ғибадатхананың сәкілерінен қан судай ақты. Мыңдаған яхудейлер қаза болды. Жан жақтан «Ихавод” - «атағы жойылды” деген айғай шығьга жатты.ҮШ 18.2

    Тит ызаланған сарбаздарды тоқтата алмады. Ғибадатхананың ішкі жағына кірген Тит, оның сұлулығына қайран қалып, сыртқа жүгіріп шығып, сарбаздардың отты дереу сөндіруін талап етті. Центурион Либералис өзінің билігін пайдаланып бұл зұлымдықты тоқтатпакдіы болды, бірақ императордың атағынан, оған деген сарбаздардың сый-сияпатынан, олардың яхудейлерге деген ашуы мен кегі асып түсті. Оған дүниеге деген қызығушылық қосылды. Өйткені жан-жақтан алтын жарқырап жатты, өрттің арасынан алтын одан сайын сұлу болып көрінді. Сарбаздар, бұл ғибадатханада шегі жоқ байлық, қазына жасырылып жатыр деп ойлады. Байқаусыз сәтті пайдаланып, бір сарбаз ішкі жақтағы жартылай ашық тұрған есіктің ішіне отты лақтырып жіберді. Сол-ақ екен, ғибадатхана түптүгел оттың құшағында қалды. Түтінге тұншыққан офицерлер кейін шегінді де, ғибадатхананың тағдыры бір жола шешілді.ҮШ 19.1

    Бұл аласапыранды көріп римдіктер шошыса, яхудейлер не ойлады екен?ҮШ 19.2

    Қаланың ортасындағы ең биік жер жанартау* жарылғандай болып көрінді. Алтын жалатылған балқарағай ағаштары қып-қызыл жалынға ұқсады. Сұлу ғимараттар өртеніп жатты. Жалынның жарығынан арғы жақтағы төмпешіктердің үстінде, отқа қарап есі кетіп тұрған адамдардың бейнесі көрінді. Қаланың сырты да, оның жоғарғы жағы да қаптаған халық, олардьщ кейбіреулерінің бетінен өкініштің ізі байқалса, енді кейбіреулері ызаға булыққан. Оттың құшағында қалып өртеніп жатқан көтерілісшілердің жан түршігерлік дауысы, сарбаздардың айғайы, құлап жатқан мәткелердің гүрсілі араласып кетті. Қантөгістің ең зоры қаланың ішінде болып жатты. Еркектер мен әйелдер, кәрілер мен жастар, діншілдер мен көтерлісшілер жанталасқан шайқасқа кіріскен. Өлтірушілерден гөрі, өлгендердің саны асып түсті. Тіпті аяқ басатын жер де болмай қалды. Қала қан сасып кетті.ҮШ 19.3

    Ғибадатхана қирағаннан кейін, қала римдіктердің қолына тиді. Кейіннен барлық жерді қарап аралап шыққан Тит, мұндай мықты бекіністі бұзатын ешбір қару жоғын, оның қолына қаланың Қүдайдың күші аркылы ғана тигеніне көзі жетті. Яхудейлердің мақтанышы, Құдайға құлшылық ететін киелі жері жыртылып тасталған аңыз далаға ұқсады (Ерм. 26:18). Қантөгіс кезінде миллионнан артық адам қаза болды. Қалғандары құлдыкка түсіп, Рим амфитеатрларындағы жабайы жануарлардың езуінде кетті, ал енді біреулері, үйсіз күйсіз жер шарына тарады.ҮШ 19.4

    Яхудейлер өз кісендерін өздері соғып, Құдайдың қаһарыныңтостағанын өздері толтырған болатын. He ексең, соны орасың. Бұл туралы пайғамбар былай дейді: «Өз мойныңды айбалтаға өзің тостың, Ысрайыл!”, «Өзівді өзің шалып құлаттың» (Ош. 13:9,14:2). Олардың көрген қасіреті Құдайдың қарғысы деп, ұлы көтерілісші (ібіліс) өзінің жасаған іс-әрекетін жасырып қалмақшы. Құдайдың мейірімін қабыл алмай, Оған қарсылық білдірген яхудейлер, шайтанның ойыншығына айналды. Осылайша ібіліс өзінің ойындағысын іске асырды. Иерусалимнің қирауы кезіндегі оқиға мұның көрнекті дәлелі.ҮШ 20.1

    Біздер Иса Мәсіхтың берген тыныштығы мен бейбітшілігі үшін, Оған қаншалықты парыздар екенімізді түсіне алмаймыз. Адамзатты ібілістін әрекетінен қорғап тұрған Құдайдың күші. Шайтанды тізгіндеп, адамзатты қорғап тұрған, Құдайдың жаксылығын өтеу үшін, біздің өміріміз де жетпейді. Бірақ кейбір жандар, Құдайды қабыл алмай, өздерін өздері корғаусыз қалдырады. Құдай ешкімді де күшпен ұстамайды. Құдаймен бірге болам деушілерге құшағын айқара ашады. Ал Оны қабылдамайтындар «не ексе, соны алады”. Шайтанның аңдып тұратыны да сол. Құдай заңын орындамау, Оның көптеген ескертулеріне көңіл аудармау, күнәға деген құштарлық - адамзаттың қас жауы. Құдай Рухына үнемі қарсылық білдіретін адам, ібілістің құрған торына түседі, зұлымдықтың кұрбаны болады. Иерусалимнің қирауы - біз үшін ашык сабақ. Бұдан біз, Құдайдың күнәні жек көретінін, күнәкарларды жақтамайтынын анық байқай аламыз.ҮШ 20.2

    Иерусалимнің көрген қасіреті, болашақтағы адамзат баласын күтіп түрған қасіреттің айнасы. Яхудейлердің астанасының босап қалғаны, болашақтағы болатын ұлы оқиғаның әлсіз ғана келеңкесі. Құдай заңын аяқ асты қылған, бұл әлемнің тағдыры шешілер кезде, адамзат баласы көз көріп, құлақ естімеген қасіретке душар болады. Осы туралы ойлаған кезде жүрегің қалай сыздамайды? Құдайдың әмірін орындамағандардың не болғанын білдік. Ал болашақта болатын оқиға тіпті де бұлыңғыр. Бұрынғылардьщ тарихы - бұл шайқастың, тіресудің, ұрыс-жанжалдың, қан төгістің ұзын тізбегі (Ишая 9:5). Ал болашақта, Киелі Рух жексұрындардың, адамзаттың құштарлығының, ібілістің зұлымдығының тізгінің босатқан кезінде не болмакшы? Иә, ол кезде барлық әлем ібілістің билігінің неге әкеліп тірейтінін өз көзімен көретін болады.ҮШ 20.3

    Бірақ Иерусалимнің қирауы кезінде қашып құтылғанындай, «өмір кітабына есімі жазылып қойылған» Құдайдың адал құлдары құтқарылады. Иса Мәсіх жер бетіне екінші рет келіп, оларды алып кетуге уәде берген. «Сонда көктен белгі пайда болып, барша халық, даңқы және күшімен бұлтың үстінде келе жатқан Адамзат баласын көреді. Ол дүниенің бір шетімен екінші шетіне дейінгі өмір сүріп жатқан, езінің қалаулыларын аспанға көтеріп әкетеді” (Матай 24:30,31). Ал Оның ізгі хабарын қабыл алмағандар, Құдайдың аузының рухы арқылы қаза болады (2 Сал.2:8). Ежелгі кездегі Исраил секілді, олар өздерін өздері өлтіреді. Олардың түптеріне өздерінің заңсыздықтары жетеді. Күнәнің оларды Құдайдан алыстатып жібергені соншалықты, Исаның келуі оларға жалын болып тиеді.ҮШ 20.4

    Сондықтан Исаның ілімін бар ниеттеріңізбен зерттеңіздер. Сол кезде, Иерусалимнің қирауы туралы оқушыларына алдын ала айтқанындай, Ол қазір де, ақыр заманның тақағаны туралы айтып, бізге белгі беріп тұр. Болашақта болатын қасіреттен кұтылып, Құдаймен бірге болам деушілерге мүмкіндік бар. Осы мүмкіндікті пайдаланыңыздар. Өз жүректеріңізді зерттеп, Құдайға бағыныңыздар. Иса бізге былай дейді: «Күн де, ай да, жұлдыздар да белгі береді, жер бетіндегі жандар теңселіске ұшырайды» (Лұқа 21:25, Матай 24:29, Марқа 13:24-26, Аян 6:12-17). Осы белгілер пайда болысымен, ақырдың тақау екенін біліңіздер «алыс емес, есігіңнің сыртында» (Матай 24:33). Ақыр заман күндеріне дайын болыңыздар, Құдайды естен шығармаңыздар (Марқа 13:35) делінген Киелі Кітапта. Бұл үнге кұлак түргендер, түнекте қалмайды, келер күнді дайындықпен қарсы алады. Ал күтпегендердің күйі не болмақшы? Кезінде, Иерусалимнің тұрғындары, Құтқарушының алдын ала айтқан хабарына қалай немқұрайды қараса, қазіргі заманның адамдары да, ақырдың келетіні жайлы хабарға көңіл аударып жатқаны шамалы. Бірақ, ол күн келгенде, күтпегендер үшін болатын оқиға, төбелерінен түскен жаймен бірдей болады. Жұрт өздерінің күнделікті күйбең тірлігімен айналысып, сататындары сатып, алатындары алып, дүние қорушылар дүниелерін қорып, дін көсемдері жайбыракат үнмен тыныштыкты, жалған жақсылықты уағыздап, нәрестені тербетіп үйықтатқандай, адамзатты ұйқыға бөлеп жатқанда, түн ішінде, қапыда үйіңе түскен ұрыдай болып ақырдың күні де жетеді. Адамгершілік қасиеттен жұрдай болған азғындар үшін, Құдай заңын аяқ асты етіп, Оның үніне құлак түрмеген, сөзіне иланбаған адамзат үшін, қылышын сүйретіп мәңгілік ажал келеді. Одан ешкім қашып құтыла алмайды (1Сал.5:2-5).ҮШ 21.1

    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents