Loading...
Larger font
Smaller font
Copy
Print
Contents
ҮЛЫ ШАЙҚАС - Contents
  • Results
  • Related
  • Featured
No results found for: "".
  • Weighted Relevancy
  • Content Sequence
  • Relevancy
  • Earliest First
  • Latest First

    26-тарау - Ақиқат қорғаушылары

    Ишая пайғамбарының айтуынша соңғы күндері сенбі күнін мерекелейтіндер қайта пайда болады. Алланың сөзі: «Әділеттілікті корғаңдар, шындықты жақтаңдар, өйткені құтқарылатын күн алыс емес, тақау қалды». «Сенбі күнін сақтап, ардақтап Құдайға құлшылық ететін басқа тайпалардың балаларын да, Мен Киелі тауымның үстіне шығарып, қуантамын” - дейді Жаратқан Иеміз (Ишая 56:1,2,6,7). Осы жерде Құдай барлық адамзат баласының басын біріктіретіні жайлы айтады. Жаратушы Тәңір Ие жер аударылып, шашырап кеткен исраилдіктерді қайтадан жинамақ. Ол былай деп жариялайды: «Мен халқымды жинап алып, оларға басқаларды да қоспақпын!» (Ишая 56:8). Сенбі күнін сақтағандарға батамды берем - дейді Шексіз Алла. Осы жерден біз сенбі күні туралы заңның ақырға дейін сол қалпында қалатынын байқаймыз. Жаратқан Иеміз пайғамбардың аузымен бізге: «Енді ескертулерім мен тәлімдерім жазылған қағаздарды бүктеп, байлап, шәкірттерімнің көз алдында мөрлеп, соларға сақтатып қой!» дейді (Ишая 8:16). Құдай заңыньщ мөрі, яғни таңбасы - бұл сенбі туралы заң. Заңның бұл тармағының калған тоғыз тармағынан айырмашылығы, онда зан Шығарушының аты мен атағы хабарланады. Басқа тармақтарда кімнің билігімен заңның беріліп тұрғаны айтылмайды. Папалық билік сенбіні өзгерткен кезде, заңнан мөр алынып тасталды. Исаның ізбасарлары Құдайдың жоғары билігін көрсететін сенбі күні туралы заңды қайтарып, Құдай заңының мәртебесі көтерулері керек.ҮШ 290.1

    Киелі Кітап ақиқаттың жалғыз ғана өлшеуіші. Егер басқа ілімдер мен теориялар Киелі Кітаптан өзгеше сөйлейтін болса, онда олардың ешқандай жарығы жоқ (Ишая 8:20). Тағы да: «Дауысыңды тежемей қатты сөйле. Дауысың кернейдің дыбысына ұқсас шықсын. Таңдап алған халқыма опасыз істерін ашық айт. Жасаған күнәларын беттеріне басып, Жақыптың үрім -бұтағын әшкереле» деген бұйрық шығып түр (Ишая 58:1). Бұл сөздер құдайсыздарға емес, Құдай халқымыз дегендерге арналған. Әрі қарай: «Олар күнде Мені іздейді. Менің жолымды білгілері келеді. Өздерін Киелі завды бес саусақтай орындап жүрген Құдай халқымыз деп есептейді” делінген (Ишая 58:1-2). Бұл жерде өздерін тап-таза кіршіксіз санап, Құдайға адал қызмет етіп жүрміз деп ойлайтын адамдар туралы айтылып тұр. Бірақ пенделердің жүректерін көріп тұратын Шексіз Алла Құдай заңын аяқ асты ететін олардың ниеттерін жақсы біледі. Көпшілік елеусіз қалдырған заң туралы пайғамбар: «Сен ұрпақтарың нық тұра алатындай негізді қайта кұрасың және сені халыққа жолды жаңартқан, қираған үйіндінің қайта құрушысы деп атайтын болады. Егер сен сенбі күні өз қалауыңмен жүрмес үшін аяғыңа тежеу қоя алатын болсаң, өдеттегі шаруаңды қоя тұрып, Менің киелі күнім - сенбіні, қуаныш күні деп есептесең, шынымен де Құдайдың беретін куанышына кенелетін боласың” (Ишая 58:12,13). Бұл аянның біздің заманымызға тікелей қатысы бар. Рим сенбіні өзгерту арқылы Құдай заңын тесіп өтіп, оны шұрық қылып тастады. Қазір сол шүрықты жамап Киелі заңды қалпына келтіретін заман туды.ҮШ 290.2

    Адам ата күнә жасамас бұрын да, күнәкар болып, Бейіш бағынан қуылғаннан кейін де Алла нұрландырған қасиетті сенбі күнін кұрметтеген және бұл заңды мүдіртпей орындаған. Оны Әбілден бастап Нұхқа дейін және Ыбырайымнан бастап Жақыпқа дейінгі бабаларымыз бен барлық пайғамбарлар орындаған. Исраил халқы Мысыр елінде құлдьщта болған кезінде пұтқа табынатындардың ортасында жүріп Құдай заңын ұмытып қарайып қалған, бірак Құдай оларды құлдықтан босатып алғаннан кейін Өзінің Киелі заңын оларға қайта сыйға тартқан. Сол замандардан бастап казіргі уақытқа дейін Құдай заңын үзбей орындап келе жатқандар аз емес. «Күнә адамы” келіп, Құдайдың қасиетті заңын өзгерткеннен кейін де, оны сол қалпында, құпия түрде орындаған адамдар бар. Реформация кезінен бастап, әрбір ұрпақтың ішінде қуғын-сүргінге қарамастан занды бұлтартпай орындап, сенбі күнін сақтап қалғандар кездесіп отырған. Бұл ақиқат Исаның жер бетіне келер алдындағы, Оның қауымын айқындап тұратын белгі. Сонан соң Құдай заңын орындайтын және Исаға сенетін халық бөлектеніп шығады. Бұл соңғы хабар. Осы хабар жарияланып болысымен, Иса Мәсіх жердің бетіне Өз халқын көтеріп әкету үшін, періштелерін ерітіп, салтанатты түрде келетін болады. Бұл хабарды естігендердің жүректері қуанышқа толып, сол қуаныштарын басқалармен бөліскісі келген. Дегенмен өздерін Исаның ізбасарларымыз деп санайтындардың көпшілігі айтулы хабарға мән бермеген. Сенбіге байланысты заңды олар өздерінше талқылаған. Бізден бұрын өмір сүрген аталарымыз жексенбі күнін сақтаған. Кептеген мейірбан жандар жексенбіні сақтапақ, солай өмірден еткен және пөк деп саналған. Егер бұл сұрақ бойынша олар әділетті болып саналса, неліктен бізге де сол жолмен жүрмеске? Және де сенбіні сақтайтын азғантай ғана топ қалайша барлық әлемге қарсы тұрмақ? Осындай дәлелдемелерін ұсынып, Мәсіхтен бас тартатын яхудейлер де өздерін ақтамақшы болған. Бізден бұрынғылар құрбан шалып отырған және сол құрбандықтарын Құдай қабыл алған, ендеше бізде сол жолмен жүріп, құтқарылуға жете аламыз - деп тұжырымдаған олар. Лютердің заманында да папалықтар пөк болып саналу үшін, ақталудың осы жолын тандаған. Егер шынайы мәсіхшілер католик болып жүріп-ақ өмірден өтсе, бұл дінді қүтқаруға жеткізетін дін емес деп кім айта алады? Мұндай тұжырым діни өмірдің өркендеуіне орасан зор кедергі жасайды.ҮШ 291.1

    Кепшілік халық жексенбіні сақтау ата-бабаларымыздан қалған дәстүр, ендеше ол ежелден келе жатқан заң деп қателеседі. Олар сенбі жайлы заңның жер шары жаралғаннан бері келе жатқанына және бұл Құдайдың әмірі екеніне көңіл аудармайды. Жер жаралғаннан кейін адамзат баласына тыныштық күні ретінде сенбі берілген (Әйүп 38:6,7; Жар. 2:1-3). Мінекей сол себепті де, біз сенбі күнін сақтауымыз керек, өйткені бұл заң бізге «Күндер Көнесімен», яғни мәңгі жасап келе жатқан Құдай Тағаламен берілген және Ол заңның орындалуын талап етеді. Халық сенбінің шынымен өзгергеніне көңіл аударған кезде, шіркеу қызметкерлері Киелі Жазбаны өздерінше талқьшап, жұртты алдаған. Киелі Жазбаны өз беттерінше зерттеген жандар ақиқаттың анық - танығына толық көз жеткізе алмағандықтан, бұл өтірікке қатықтай ұйыған. Ал ақиқатты танып білгендер мен түнекте жүргендердің арасында шиеленіс әрі қарай жалғаса берген. Түнектегілер өздерінің қарсыластарына: «неліктен біздер осы өлемнің үлыларының сөздерін қоя түрып, сендерге сенуіміз керек?» деген сүрақтар қойған. Жауап біреу ғана. Өздерін қүдай санап жүргендер Қүдайды қайтсын? Жаңартып қайта қүру жүмыстарына Алла, өз көзқарастары мен сезімдеріне көбірек сенетін осы өлемнің үлылары мен данышпан саналатын ғалымдарды пайдаланбайды, керісінше Қүдайдың даналығымен қаруланған қарапайымдарды таңдайды. Даналықтың қайнар көзіне жақын түрғандар ғана Киелі Жазбаны түсіндіре алады. Қүдай, Оның алдында мойын үсынып, Оған бағынатындарға ғана ақиқатты уағыздауды сеніп тапсырған. Дөл осы жандар Қүдайдың үлылығының қасында түкке түрмайтын адамның қүрметіне емес, Қүдайдың қүрметіне ие болады. Кептеген адвентистер ақиқаттан бас тартқандықтан қатты қателескен, олар «Алланың келетін мезгілін ешкім білмейді» - деген шындыққа көңіл аудармай, Қүдайдың келетін мезгілін есептеп шығарамыз деп жүріп, ақыры дегендері орындалмай қалғанда көңілдері қүлазып, удай қасіретке душар болды. Бүл жөнінде Исаның сүйікті шөкірті Пауыл: «Абай болыңдар, ешкім сендерді қызықтырып, алдайтын болмасын» - деп ескертеді (2Сал.2:3). Салоникалықтарға жазылған бүл хаттьщ, ақыр кезінде түрып жатқан біздер үшін де тәрбиелік мөні өте зор. Көпшілік адвентистердің ойынша «Алла осындай уақытта келеді» дегенге сенбегендіктері өздерінің қарсы алу жұмысына немқұрайдылық танытуларының дәлелі демек. Шындығына келетін болсақ, олардың жанданып келе жатқан үміттері сөніп қала бергендіктен, сенімдері де соншалықты соққыға ұшырап, ұлы ақиқатты танып білуге шамалары келмей қалды.ҮШ 292.1

    Бірінші хабарда айтылған соттың уақыты Құдайдың еркі бойынша тағайындалған. 2300 күннің 1844-ші жылдың күзінде аяқталатыны жайлы пайғамбарлық периодтың дұрыс саналғанына еш күмән келтіруге болмайды. Оны кояр да қоймай қайта - қайта санай беру жұртты әбден шатастырып, ақиқаттан алыстатып жіберді. Құдайдың жер бетіне келетін мерзімі неғұрлым жиі тағайындалып және ол туралы кең түрде уағыздалса, соғұрлым албастының көздегені орындала түседі. Ал айтулы мерзім өте шыкканнан кейін уағыздалған «аян» орындалмағандықтан, жұрттың көкейінде неше түрлі күдік пайда болады. Осылайша 1843-ші және1844-ші жылдардағы адвентистік козғалысқа көлеңке түсті. Адасып жүргендерін мойындамай қасарысқандар Алланың келетін мезгілін болашақта болатын оқиға қылып апарып тастайды. Тағы да алданғандар, енді ештеңеге сенбейтін болып, мәңгілікті біржола жоғалтады. Осы арада ежелгі Исраилдің тарихы тамаша көрнекілік болып табылады. Құдай кезінде Өз халқын Мысыр елінен алып шығып жетелегендей, жоғарыда сез болған қозғалыс кезінде де адвентистерді жетеледі. Олардың да сенімдері неше рет сынаққа түсті. Егер де сол кезде халық үшінші періштенің хабарын қабылдап, Киелі Рухпен шабыттанып Ұлы Құдайдың соңынан сеніммен ере білгенде, бұл планетаның тағдыры ендігі шешілген болар еді. Ежелгі Мысыр елінен шыққан Құдай халқы, Оның жарлығынан қайта - қайта тайып кетіп, сенімсіздік танытып, уәделі жерге кіргенше қырық жыл бойы шөл далада босығанындай, қазірде Құдай халқы сол адасушылықтарының салдарынан, уәделі жерге жете алмай, әлі күнге босып жүр. Адамзатты Құдаймен бөліп тұратын кедергі оның шала сенімі (Евр. 3:19). Тек Мәсіх Исаның мейірімінің арқасында ғана, Құдайдың қаһары жерге тегілмей, қүтқарылу мерзімі шегіндіріліп, адамзатының тәубасына келуіне уақыт беріліп түр. Бұрында, қазірде күнәсін бетіне бажырайтып тұрып айтқан ешкімге де ұнаған емес, ұнамайды да. Ондайлар жайлы: «Зұлымдық жасайтындар жарықты жек көреді және оған қарай жүрмейді, өйткені жарық жерде олардыц істері әшкереленеді» деп жазылған (Жох. 3:20). Сол себепті де олар өздеріне «ыңғайсыз ақиқатты» уағыздайтындарды жек кереді. Бұлар Құдайдың Рухы емес, Оның қарсыласының рухымен қаруланғандар. Дәл сол имансыздар пайғамбарларды жек көріп, оларға неше түрлі атақ таққан. Ильясты азғырушы, Еремияны сатқын, ал елші Пауылды ғибадатхананы ластаушы деп атаған. Қазіргі кезде де сол кездегідей ақиқатты жақтайтындарға неше түрлі ат қойылады. Ақиқатты қабылдауға батылдығы жетпейтін, иманы шалалар ондай өтірікке әбден сенеді. Мұндай жағдайлар енді азаймайды, керісінше көбейе түседі. Мемлекет заңыньщ Құдай заңына қарама-қайшы келетін уақыты тақап қалды, сонда Құдай заңын орындаушылар қоғамға зиян келтіретін бұзақылар деп табылып, неше түрлі жазаға тартылатын болады. Сондай уақыт келгенде ақиқаттың туын ұстаушылар не істеулері керек? Сенімдерінен бас тартулары керек пе? Әрине жоқ. Бір кездердегі реформаторлар секілді, оларда ақиқатты уағыздауларын тоқтатпаулары керек. Сенімдері мен ақиқат үшін жаза тартқандардың есімдері тарихта біз үшін үлгі ретінде қалдырылған. Әр кезеңнің өзінің ақиқатты уағыздаушылары болған, олар Құдайдың берген жарығын жан жаю ағыларға көрсете білген. Біз де дәл солай істеуіміз керек. Бұл женінде Шексіз Алла: «Олар қасарысып алған. Сонымен тыңдаса да, тыңдамаса да, Менің сөзімді оларға жеткізіңдер»дейді (Езк. 3:7;2:7). «Дауыстарың кернейдің үніндей болып қатты шығатын болсын, олардың күнәларын беттеріне басыңдар”. Ақикатты уағыздау, оны жан жақтағыларға айтып жеткізу біздің парызымыз. Өйткені Киелі Жазбада: «Мен сені күзетке қойдым, сен Менің сөзімді халыққа жеткізуің керек. Егер сен оларға айтпасаң күнәкарлар күнәсі үшін өледі, бірақ олардың қанын сенің қолыңнан табамын” деп жазылған (Езк. 33:7-9).ҮШ 293.1

    Ақиқаттың таралуы мен бекуіне оны уағыздаушылардың басына түсіп тұрған қиындықтар мен көріп жүрген қорлықтары кедергі келтіреді. Ақиқатты қорғаушылар «қате” - деп айта алмайтын жалғыз ғана айғақ осы. Бірақ бұл бөгеттерге Мәсіхтің ізбасарлары қарамаулары керек, қиындыққа мойымай, алға адымдағандары абзал. Ақиқатты күллі адамзат балалары құшақ жая қарсы алады екен деп ойламаңдар. Бұл жөнінде Мәсіхтің шәкірті Пауыл өте жақсы түсініктеме береді: «Уақытша көретін жеңіл азаптарымыз бізді өздерінен әлдеқайда зор, тіпті шексіз де мәңгілік ұлылыкка жеткізеді! Осылай Мұса (Құдай уәде еткен) Мәсіх үшін масқара болуды Мысырдың қазыналарынан аргык байлыкка санады. Себебі ол болашақтағы зор сыйды көздеді” (2Қор. 4:17, Евр. 11:26). Ендеше аз күн тірлік опасыз жалғанда дүниенің байлығына қызығып қара басымыздың қамын ойлағанша, Алланың айтқанын орындап мәңгілікке бірге аттанып, Құдайдың беретін сыйын қабыл алайық. Біз шындыкты шындықтың өзі үшін таңдауымыз керек, арғы жағын Құдайдан күтеміз. Алла бізге Киелі Жазба арқылы: «Жүректерінде Құдайдың заңы бар, шындыкты білетіндер Мені тыңдаңдар! Адамдардан қорықпаңдар! Күйе түсіп түтіліп қалған киімдей, оларды құрт жейтін болады. Ал Менің шындығым мәңгілікке қалады» - дейді (Ишая 51:7,8).ҮШ 294.1