Loading...
Larger font
Smaller font
Copy
Print
Contents
ҮЛЫ ШАЙҚАС - Contents
  • Results
  • Related
  • Featured
No results found for: "".
  • Weighted Relevancy
  • Content Sequence
  • Relevancy
  • Earliest First
  • Latest First
    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents

    27-тарау - Біздің заманымыздың рухани оянуы

    Құдай сөзі уағыздалған барлық жерлерде Алланың үлылығын көрсететін жемістер пайда бола бастады. Бұл қасиетті еңбекті атқару кезінде Құдайдың адал қүлдарын Оның Рухы жетеледі. Күнәкар кауым ояна бастады. Алланың сөзі адамдардың көкейлеріне жетіп «қүпия істері» айқындалды. Күнәнің не екенін ұққаннан кейін және сол үшін Алланың алдында жауапқа тартылатынын түсінгеннен соң, естерін жиып, олар тәубаға келді. Жүректерді оқи білетін Киелінің алдына келетіндері көздеріне елестеген кезде, олар өздерінің қаншалықты күнәкар екенін ұғып, жүректеріне қоркыныш орнады. «Мынау күнәкар денеден” қалайша құтылмақпыз деп жандары қатты қиналды. Ғолғота жайлы ақиқат саналарына енген сайын, солар үшін кұрбан болған Мәсіхсіз енді күндері жоғын біліп және белшелерінен күнәға батқан кесірлі қауымды Көктегі Әкемен татуластыратын тек қана Иса екенін жақсы ұқты. Осылайша олар Мәсіх Исаның құрбандығын сеніммен қабылдады. Сөйтіп олар шынымен де төубаға келді. Айтулы қауым иман келтірді, суға шомылу рөсімінен өтті және жаңа өмірге қайта тірілді. Жаңаша өмір сүре бастаған олар бұрын жек көрген істерді енді жақсы көріп, жаман әдеттерін артга қалдырып, жақсылыққа қарай бет бұрды. Бұрынғы қырсықтар мен өзімшілдер енді қарапайым момын жандарға айналды. Мақтаншақтар мен өркөкіректер сыпайы және салмақты болды. Әдепсіздер әдеп сақтап, ішкіштер ішімдіктерін тастап, бұрынғы бұзақы тобыр, енді саналы да сабырлы жандардың қатарына қосылды. Олар кұйбең тірліктерін тастап, сыртқы сұлулығы емес, ішкі сұлулығын реттейтін істермен айналысып, Құдайдың көңілінен шығудың қамын ойлады.ҮШ 295.1

    Рухани оянудың нәтижесі барлық жерлерде жақсы байқалды. Ерлер де, әйелдер де басқа жандар үшін дұға оқып, Құдайдан адал тілек тіледі. Исаны қабылдағандардың өмірлері күрт өзгеріп сала берді, олар жан жағындағыларға жақсы әсерін тигізді. Құдайды танып білгендер үшін ең бастысы: «Сендердің керіктерің сыртқы әшекейлерге, шашты ерекшелеп жинау, алтын әшекей бүйымдар тағып, көз тартарлық әдемі киімдер киюге тәуелді болмасын. Қайта керіктерің жүректеріңдегі көзге көрінбес қасиеттеріңнен тұрсын, мейірімді де сабырлы жан дүниелеріңнің мәңгі солмайтын көркі Құдай алдында аса бағалы» (ІПетір 3:3,4) — деген ешқашан өшпес тәлімдер болды. Адамдар жүректеріне терең үңіліп, тәубеге келді. Барлық салтанатты уағыздар, жолдарында Иса құрбан болған, күнәкарларға бағытталды. Әйелдер де ер азаматтар да барлық адамдар үшін дұға оқып, мінәжат етті. Бұл рухани оянудың нәтижесі әлбетте көрінді. Адамдар имандылыққа бет бұрып, Исаға бой ұсынды. Олар жайлы: «Сендер тәубаға түсу үшін кайғырдыңдар”. «Құдай үшін қайғыру құтқарылуға жеткізеді, ал жалған дүние үшін қайғыру елімге әкеледі. Құдай үшін қайғырған кездеріңде, қандай тамаша өзгерістерге кенелдіңдер. Өздеріңнің таза екендеріңді көрсете білдіңдер” деп жазылған Киелі Кітапта (2Қор. 7:9-11).ҮШ 295.2

    Бұл Құдайдың Киелі Рухының әсері. Болған өзгерістер тәубаға келгеннің нәтижесі. Егер кұнәкар Құдайға берген уәдесін орындаса, Құдайды және жақынын жақсы көре бастаса, біреуден тартып алған дүниесін оған қайтып берсе ол Құдаймен татуласқанының белгісі. Қазіргі кездегі рухани ояну бұрынғы кездегімен салыстырғанда өзгеше. Адам баласының қызығушылығының кеңее түскені рас. Шіркеулер көбейіп, Құдайға бет бұрғандардың да саны көбеюде, дегенмен адамдардың ниеттері шынайы деп айтуға қиынсынасың. Өйткені Құдайдың берген сәулесі олардың жүректерінде жарқ етіп жанады да, артынша тез сөніп қалады, ал түнек болса алғашқысынан да қоюлана түседі. Жаңашаға және кұпияға құштар жандар сезімге тез беріледі. Егер олар рухани оянуға осындай жолмен жетсе, әрине кейін олар дәл солай оп - оңай шегіне салады. Айтылып жататын уағыздарда көрнекілік жетіспесе оны тыңдағылары келмейді. Тек шынайы жандар ғана Құдаймен екі аралық қарым-қатынасты бағалай біледі.ҮШ 296.1

    Қазіргі кезде Құдайға бұрылдык дегендердің көпшілігі, мынау жалған дүниені әлі де болса жақсы көреді. Олар үшін дін ойыншық сияқты. Көпшілік шіркеулердің Құдайға деген ықыласы жоқ. Шіркеулерде болып жататын сахна құру, көрмелер ұйымдастыру, ойын сауык жасау Құдай туралы ойлауға жүрттың шамасын келтірмейді. Дүниенің қызығына салынып алған адамзат баласы үшін, мәңгілікке жеткізетін құралдар ұсақ-түйек болып көрінеді.ҮШ 296.2

    Соған қарамастан осы шіркеулерде Мәсіхтің шынайы ізбасарлары да бар. Ақырдың соңғы белгілері жер бетіне жеткенше, Құдай халқының арасында елшілердің заманынан бері бүрын соңды болмаған рухани ояну басталады. Құдайдың балаларына Оның Рухы мен күші тегіледі. Сол кезде діни қызметкерлер мен қарапайым халық ақиқатты қуана қабылдап, Исаның екінші рет жер бетіне келетін мезгіліне көпшілікті дайын қылу үшін жалынды түрде еңбектене бастай- ды. Бірақ адамзаттың жауы шындықты өтірікпен алмастырып, бұл қозғалысқа кедергі жасауға тырысады.ҮШ 296.3

    Ібіліс жүзіне бет пердесін тағып алып, жұртты ақиқаттан тайдырып, өз жолына салғысы келеді және өз әсерін күллі мәсіхшілер әлеміне таратуға тырысады. Көптеген діни қозғалыстарда бұл әсер азды-көпті болса да байқалуда және ақыр тақаған сайын оның әсері ұлғая түспек. Адамдардың сезімдері дүрлігіп, ақикат етірікпен араласып, жұрт сең соққан балықтай естерінен айрылып, адаса бастайды. Бірақ біздер үшін қакпанға түсіп қалмаудың жолы бар. Киелі Жазбаны зерттеп, оны жаксы білген адам, бұл қозғалыстардың табиғатын бірден айырады. Киелі Жазуды итеріп салып отырып, Құдайдың батасына ие болу мүмкін емес. «Оларды жемістеріне қарай танисындар» дейді Иса Мәсіх Өз ережесінде (Матай 7:16). Құдай сөзін оқитындар ғана Оны танып біле алады және шайтанның алдауына түспейді. Жер бетінде зұлымдық, адамдар Құдай сөзін окымағандықтан кебейіп кетті. Құдай сөзінің маңыздылығы адамзаттың көңілінен тыс қалды. Шіркеулердің, Құдайдың Рухымен және Оның күшімен қарулана алмағандығының себебі де осында жатыр. Осыны жақсы түсінетін адамдар бұған қатты күйзеледі. Бұл жөнінде Эдуард А.Пэрк: «Халыққа төніп тұрған қауіптің бір көзі, олардың Құдай заңы туралы мінбелерден айтылатын уағыздарды тыңдамауында. Ежелгі кезде ондай уағыздар адамның арының дауысы болып табылатын. Уағыздаушылар Құдайдың заңы мен Оның салатын тыиымдарына көп көңіл бөлген. Өйткені Құдай заңы адамзаттың күнәсін көрсетіп түратын айна іспетті. Құдайды жақсы көретіндер, Оның заңын да жақсы көреді, кемелденуге ұмтылады. Заңның әділеттілігі қаншалықты биік және ұлы болса, оны орындамайтындардың зұлымдығы да соншалықты көп болады» деп жазған.ҮШ 297.1

    Бұған Құдайдың әділеттілігін бағаламау қаупі қосылады. Осы заманның уағыздаушылары әділеттілікті мейірімділіктен бөліп кояды. Және мейірімділікті ұстаным ретінде көтергеннің орнына, оны керісінше сезім деңгейіне дейін түсіріп тастайды.ҮШ 297.2

    Қазіргі заманның теологтары (дін зерттеушілер) Құдайдың біріктіріп қойғанын ажыратып жатыр. Құдай заңы дегеніміз не? Бұл игілік пе, не болмаса зұлымдык па? Әрине игілік. Ендеше әділеттілік те игілік, өйткені ол заңның орындалу ұстанымдарын айкындайды. Құдайдың заңы мен әділеттілікті бағаламай кұнығып алған адам, күнәдан арашалайтын игілікті де бағаламайды. Адам үшін Ізгі хабар құнсызданып, ол Киелі Жазбадан бас тартуға дайын тұрады. Көптеген діни ұстаздардың тұжырымдауынша, Иса айқыш ағашта өлгеннен кейін заң өзінің күшін жойған, сондықтан адамдарға заңды орындау міндетті емес делінеді. Заңды орындау мүмкін емес, өйткені ол бізге ауыр жүк, біз жаңа өсиет бойынша Алланың рахымымен құтқарыламыз, ал заңның қажеті жоқ дейтіндер де аз емес. Ал пайғамбарлар болса Құдайдың қасиетті заңына басқаша қараған. Дәуіт патша: «Сенің еркіңді таптым, енді жеңіл жүретін боламын” дейді (Жыр. 118:45). Ал Жақып Құдай заңын «Бостандық заңы» деп атаған (Жақ. 2:8; 1:28). Сол сияқты Жохан пайғамбар Иса Мәсіх айқыш ағашқа керілгеннен кейін, 50 жыл өткен соң, былай деп жазған: «Құдай заңын орындап отырғандар өмір ағашына қүқылы болып, қалаға қақпамен кіретін болады» (Аян 22:14). Иса Өзінің өлімімен Құдай заңын алып тастады - деген сөздің ешқандай негізі жок. Егер заң керек емес болса, онда Исаның өлімінің де мағынасы болмағаны. Иса заңды бұзғандар үшін келіп, солар үшін жанын пида қылды. Құдайдың рухани Ұлы Оның заңының дәрежесін көтеріи, Алланың атағын шығару үшін келді (Ишая 42:21). «Мен заңды бұзу үшін келді екен деп ойламаңдар» дейді Ол. «Қасиетті Құдай заңының бір сызығы да өзгермейді» (Матай 5:17,18). Тағыда: «О Құдайым Мен Сенің заңыңды орындау үшін келдім және ол менің жүрегімде” дейді Иса Масіх ( Жыр. 39:9).ҮШ 297.3

    Құдай заңы, оның табиғатына үңілетін болсақ, ешқашан өзгере алмайды. Заң бізге оның Авторының еркі мен мінезін көрсетеді. Құдай дегеніміз Махаббат және Оның заңы да махаббат. Оның екі ұлы ұстанымы бар - Құдайға деген махаббат және адамға деген махаббат. «Махаббат дегеніміз заңның орындалуы” (Рим. 13:10). Забур жырларында: «Сенің заңың - ақиқат». «Ережелерің әділетті» (Жыр.ҮШ 298.1

    118,142). «Құдай заңы киелі, әділетті және мейірімді” - деп жазылған келесі хатта. (Рим. 7:12). Құдай заңы оның Авторы секілді мәңгі. Құдаймен татуласқан адамдар, Оның заңын орындай бастайды. Ең басында Адам ата Құдайдың бейнесіне ұқсастырылып жаратылған. Ол табиғаттың және Құдай заңының ырғағына сай болған, оның ұстанымдары адамның жүрегінде өмір сүрген. Бірақ күнә адамды оның Жаратушысынан бөліп тастады. Адам Тәңіріне карсы соғыс жариялады. Төннің талабы - бұл Құдайға деген өшпенділік, өйткені ол Құдай заңына бағынбайды және бағына да алмайды (Рим. 8:7). Бірақ Құдай адамзат баласымен татуласу мақсатында, Өзінің рухани ұлын адамдар үшін құрбандыққа берді. Иса Мәсіхтің арқасында адамдар бұл үйлесімді қайта қалпына келтіре алады. Ол үшін адам өз жүрегін тазартып, жаңа өмірді қабыл алуы керек. Бұл өзгеріс - екінші рет туылу деп аталады, онсыз адам Алланың патшалығына кіре алмайды.ҮШ 298.2

    Құдаймен татуласу үшін адам әуелі күнәсін мойындауы керек. Күнә дегеніміз заңсыздық. «Күнәні тек заң орындалуы арқылы ғана тануға болады» (ІЖох. 3:4; Рим. 3:20). Адам өз күнәсін керу үшін әуелі Құдай заңымен салыстырылуы керек. Заң адамдардың кемшіліктерін немесе күнәләрін көрсететін айна.ҮШ 298.3

    Заң адамның күнәсін ғана көрсетеді, бірак, одан кұтқармайды. Занды орындайтындар ғана өмірге ие бола алады, ал оны бұзатындардың үлесі - өлім. Тек Мәсіхтщ Ізгі хабары ғана адамзатты күнәнің қарғысынан құтқарады. Адам Құдайдың алдына келіп, кінәсін мойындауы керек. Сонан соң ол бойындағы кемшіліктерін арылып, Алла табиғатының бір бөлігіне айналады. Осылайша адам Құдайдың баласы аталып, Оны әке деп атайтын кұкыкка ие болады. Осыдан кейін адамға Құдай заңының талаптарын орындамай - ак қоюға бола ма? Жок. Бұл жөнінде Жохан пайғамбар: «Алланың заңын орындау оған деген сүйіспеншілігімізді көрсетеді және оны орындау қиын емес» дейді (Рим. 3:31; 6:2; ІЖох. 5:3). Қайта туылған кезіңде, сен Құдаймсн ғана татуласып қоймай, Оның оерген заңымен де татуласасың. Осындай керемет өзгерістен кейін адам өлімнен өмірге, күнәдан киелілікке, заңсыздықтан адалдыққа етеді. Ол үшін сүйіспеншілікке толы жаңа өмір басталады. Сонда адам: «Сенің заңыңды соншалыкты жаксы көремін, күн сайын ол туралы ойлаймын» дейтін болады (Жыр. 118:97). «Жаратканның тағылымдары - кемелді, жан дүниеңді тазартады” - деп жазылған Киелі Жазбада (Жыр. 18:7). Заңсыз адам касиеттілік пен тазалықтың не екенін білмейді. Тіпті ол күнәкар екенін сезбейді де және тәубаға түсу қажеттігінен жұрдай болып жүре береді. Мұндай күйдегі адамға Мәсіхтің адамзат үшін төгілген қанының мәні жоқ. Кейінгі кездерде Исамен тығыз қарым қатынасы жоқ, ақикатты үстіртін ғана қабылдаған жандар шіркеуге көптеп қосылып жатыр. Құдай заңына немқұрайды қарау немесе одан бүтіндей бас тарту қазіргі кезде көбейіп кетті. Жиілеп кеткен мұндай жағдайлар үлкен кателік және адам өміріне өте кауіпті. Басым көпшілік жүрттың осындай теорияны жылы қарсы алып жатқаны жайлы дерек, Киелі Жазбаны зерттеудің соншалықты кажет екенін керсетеді.ҮШ 299.1

    Шынайы жарық (білім) - бүл Киелі Жазбаны зерттеу. Елші Пауыл салоникалықтарға жазған хатында: «Сендердің жарыққа бөленіп, сауаттарыңның ашылуы - Құдайдың еркі» дейді (1Сал.4:3;5:23). Жарыққа бөлену дегеніміздің не екенін Киелі Жазба жақсы түсіндіреді. Құтқарушы Өзінің шәкірттерінің тілектерін тілей отыра: «Оларды акикаттың нүрына бөлей гөр, өйткені Сенің сөзің - ақиқат» дейді (Жох. 17:17-19). Пауыл да имандыларға: «Киелі Рухпен нұрланыңдар” деп үйреткен болатын (Рим. 15:16). Киелі Рух қандай жұмыс атқарады? Иса Өзінің оқушыларына: «Ақикаттың Рухы келіп, сендерге шындықты үйрететін болады» деген екен (Жох. 16:13). Құдай заңының ұлы ұстанымдары адамзат баласына Құдай сәзі мен Киелі Рух арқылы ашылды.ҮШ 299.2

    Құдай заңы қаншалықты «киелі, әділетті және мейірімді” болса, сол заңға бағынып, қалыптасқан мінез де әділетті болады. Иса Мәсіх осындай мінездің тамаша үлгісі. «Мен Әкемнің өсиеттерін орындаймын. Күллі істерімді Оның еркі бойынша жасаймын» - дейді Иса Мәсіх (Жох. 15:10,8:29). Исаның ізбасарлары Да Киелі заңның ұстанымдарына үйлесімді келетін мінезге ие болулары керек. Нүрлану дегеніміз осы. Мұндай жетістіктерге Исаға сенетіндер ғана жете алады. «Өз құтқарылуларыңа немқұрайды қарамаңдар, ол үшін жан ұшырып, қорқа отыра еңбектеніңдер, өйткені ұнайтын істерді қалап, жүзеге асыруларыңа түрткі болушы - Құдай” (Флм. 2:12,13). Күнә имандыларды үнемі қызықтыра отыра, өзіне баулыйды. Дәл осы кезде оларға Мәсіхтің комегі қажет. Адамның әлсіздігі Құдайдың күшімен біріккен кезінде, ол жеңіске жетеді. «Бізге Иса арқылы жеңіс сыйлаған Жаратқанға мың рахмет!” (ІҚор. 15:57).ҮШ 300.1

    Нұрлану жұмысы - бұл үздіксіз үдеріс. Күнөкар пенде тәубаға келіп, Исаның кұрбандығын қабылдағаннан кейін, оның Құдаймен бірге жаңа өмірі басталады. Бөрі осымен аяқталып қоймайды, енді адам кемелденуге жету үшін тырысуы керек. Пауыл: «Артта қалған өмірімді ұмытып, кәздеген мақсатыма жету үшін алға қарай ұмтыламын” - деп жазған (Флм. 3.13,14). Иса Мәсіхтің шокірті Петір біздің алдымызға жетістіктерге жеткізетін баспалдақ қояды: «Енді сендер тырысып, ынгамен сенімдерінде жақсылық, жақсылықта пайымдау, пайымдауда ұстану, ұстануда шыдамдылық, шыдамдылықта қайырымдылық, қайырымдылықта бауырмалдық, бауырмалдықта сүйіспеншілік көрсете біліңдер. Осылай істесеңдер ғана ешқашан сүрінбейсіңдер» - деп үйретеді (2Петір 1:5-10).ҮШ 300.2

    Нүрлануды басынан өткізгендер Құдай Рухына мойынсүнады. Нұрланудың тағы да бір жақсы үлгісі Даниял пайғамбары. Ол Қүдайдың сүйікті құлы болған. Соған қарамастан ол өзін күнәкар Исраил халқымен бір деңгейге қойып, Құдайдың оларға арашашы болуын сұрайды. «Біз езіміздің әділеттілігімізге емес, Сенің мейірімділігіңе үміттенеміз”. «Біз кінәліміз, өйткені күнә жасадық”. «Мен ез күнәмді және өзімнің халқымның күнәсін мойындаймын”. Кейін Құдайдың рухани ұлы оған насихат айтуға келген кезін еске ала отыра Даниял: «Менің түрім қатты өзгеріп, бойымда бір де күш қалмады” - дейді (Дан.9:18,15,20;10:8).ҮШ 300.3

    Әйүп пайғамбар дауылмен араласып шыққан Қүдайдың дауысын естіген кезде: «Сенің алдыңда күл мен қара жердей болдым, өткен істеріме шынымен екінемін және бұрынғы айтқандарымнан бас тартамын» - дейді (Әйүп 42:6). Ишая пайғамбар Құдайдың даңқын көріп, періштелердің екпінді дауыстарын естігенде: «Жалындаған періштелер бір біріне дауыстап «Әлемнің Иесі киелі, қастерлі, қасиетті! Бүкіл дүние Оның салтанатты ұлылығына кенелген! - десіп тұрады. Олардың бұл айғайынан киелі үйдің есік жақтаулары мен табалдырықтары шайқалды. Үй іші түтінге толып кетті. Сонда мен дауыстап «Қасіретке қалдымау, енді құритын болдым! Себебі мен күнәкармын, аузымнан шыккан сөздерім арам, әрі сөйлеген сөздері арам халықтың арасында тұрып жатырмын. Сонда да мен патшалардың Патшасын, әлемнің Иесін ез көзіммен көрдім! - дейді (Ишая 6:3,5). Иса Мәсіхтің шәкірті Пауыл үшінші аспанға дейін көтеріліп, адамға айтып жеткізу мүмкін емес сөздерді естіген кезде: «Мен барлық тақуалардың ішіндегі ең лайыксызымын» (Еф. 3:8) деген болатын. Исаның шөкірттерінің ішіндегі ең сүйіктісі болған Жохан, Исаның даңқын керген кезде, періштенің аяғына жансыз адамдай құлап түсті (Аян 1:17).ҮШ 300.4

    Ғолғота айқыш ағашының көлеңкесі түскендер, енді біз күнәдан боспыз деп мақтануына болмайды. Менің күнәмнің кесірінен Құдайдың рухани Үлы қасірет шекті деген ой, пенделерді одан бетер кішірейте түсуі керек. Мәсіх Исаға жақындай түскен адам, өзінің күнәсінің қаншапықты жиренішті екенін кереді және солар үшін Исаның жазықсыз төгілген қанынан үміткер болады.ҮШ 301.1

    Қазіргі кездегі діни әлемнің ұстанымы бойынша нұрлану Құдай заңына деген немқүрайдылық пен өркөкіректікке толы. Осы теорияны жақтаушылар былай деп үйретеді. Нұрлану бір - ақ рет болатын акт және сол бір реттің өзінде-ақ адам сснім арқылы қасиеттілікке қол жеткізеді. «Сенсең болғаны, батаға ие боласың” дейді олар. Олардың түсінігінше мұншалықты батаға ие болу үшін ешқандай күш жұмсаудың қажеті жоқ. Сонымен қоса олар, оны орындап жатудың да қажеті жоқ деп, Құдай заңының беделін жоққа шығарады.ҮШ 301.2

    Сіздердің ойларыңыз қалай? Жаратушының заңын орындамай қасиеттілікке жету мүмкін бе? Сөйтіп олардың пікірінше киелілікке қол жеткізу киын емес, иман келтірсең болғаны , күресті қажет етпейді, жеңіл де ыңғайлы ілім деп түсінеді және бұл кеңес кеңінен тараған. Осы жөнінде Жақып пайғамбар: «Бойында иманы барлардың істеген істері көрінбесе, бұл имандылық оны құтқара ала ма? Ондай имандылықтың қандай пайдасы бар? Санасыздар, тындаңдар: «іссіз немесе әрекетсіз иман өлі”. Бабамыз Ыбырайым тіршілікте ісімен акталмады ма? Имандылығы ісіне басшы болды емес пе?” дейді. «Адам тек имандылығымен ғана емес, оған қоса ісімен де ақталады”, басқаша айтқанда Құдайға иман келтірумен қатар оған лайықты ісің болмаса немесе бойыңдағы әрекетің имандылығыңа сәйкес келмесе күнәдән арылдым деп санауға болмайды (Жақ.2:14-24).ҮШ 301.3

    Іс-әрекетсіз имандылық жайлы ілімнің қателігін Киелі Жазу дәлелдейді. Жоғарғы жақтан келетін батаға ие болғысы келетін, бірақ оның шарттарына бағынғысы келмейтін имандылық, бүл алдамшы, озбыр түрде Құдайға емес өзіңе сенім арту деген сөз. Ал Алланың Сөзі бойынша адамға сенген адамды ләғынат атсын! - делінген. Құдай заңының бір бабын бұзған адам киелілікке ешқашанда жете алмайды. Алдын ала ойластырылып қойылған күнә Киелі Рухтың дауысын естіртпейді және адамньщ жанын Құдайдан алыстатып жібереді. «Күнә дегеніміз - заңсыздық. Ал күнә жасайтындар Құдайды танымайды” (ІЖох. 3:6). Жохан пайғамбар өз кітабында сүйіспеншілік жайлы көп жазады, дегенмен тақуамын дей түра Құдай заңын бұзатындарды ол еш бұлтарусыз әшкерелейді. Кімде кім: «Мен Құдайды танимын дей тұра, Оның заңын орындамаса, сол адам өтірікші, ал Құдайды тыңдайтын адамның бойынан шынымен Киелінің махаббаты көрініп түрады»( ІЖох. 2:4,5). Осы жерде әрбір пенденіңсенімі сынаққатүседі. Жердегі де, көктегі де пәктіктің жалғыз ғана өлшеуіші Құдайдың қасиеттілігімен сынаққа түспеген адамның тазалығы жайлы сөз айту мүмкін емес. Құдай заңының талаптарын жеткілікті деңгейде бағаламайтын, заңның бір бабын болса да бүзып, солайша басқаларға үйрететіндер Құдайдың батасынан жұрдай қалады, олардың наразылықтарының негізі жоқ, қарсылықтары қабылданбайды. Өзін күнәсізбін деп санайтын адам қасиеттіліктен өте алыс. Күнә жайлы да, пәктік жайлы да ештеңе білмейтін адамдар ғана солай сөйлейді. Масіх пен адамның арасындағы арақашықтық қаншалықты көп болса, соншалықты адам өзіне өзі күнәсіз болып көрінеді. Киелі Кітапта сөз болатын пәктік адамның жанына, тәніне және түгел болмысына тікелей қатысы бар. Елші Пауыл салоникалықтарға жолдаған хатында: Иса Масіх жер бетіне екінші рет келгенше олардың мінсіз болуларын, рухтары мен жан тәндерін кіршіксіз пәк сақтауларын өтінеді (ІСал. 5:23). Сөзін әрі қарай жалғастыра келе ол: «Сонымен бауырластарым, бізге осындай мол мейірімін төккені үшін өздеріңді Құдай жолындағы қызметке арнауға шақырамын. Өмірлерін, Құдайға ұнамды толықтай бағышталған тірі кұрбандықтай болсын» (Рим. 12:1). Ежелгі Исраилдіктердің заманында құрбандыққа шалынатын мал мұқият тексерістен өтетін болған. Жануардың мүшесінде кемістігі болса, Ол құрбандыққа жарамаған. Өйткені Құдай пендесінен «кемістіксіз құрбандықты” талап етеді. Дәл сол секілді Құдайға сенетін адамдардың да мінездерінде ешқандай кемшіліктері болмауы керек. Ол үшін адам өзін күтіп ұстағаны дұрыс болады. Күші мен ой - парасатын әлсіретіп жіберетін жаман кылықтардан аулақ жүргені жақсы, өйткені олар адамды Құдайға қызмет етуге жарамсыз қылып тастайдБі. Егер де келіспесеңіз тәжірибе жасап көріңіз, өмір мектебі үйретеді. Мәсіх Иса: «Құдайыңды бар жүрегіңмен, шын ықыласыңмен жақсы көр” дейді. Құдайды шынымен жақсы көретіндер Оның дегенін мүлтіксіз орындайды, рухын да, жанын да, тәнін де таза сақтап Оған өмірлерімен қызмет етеді. Құдайды шын жақсы көретіндер ессіз қүштарлықпен, қажетсіз қомағайлықпен жанын ластамайды.ҮШ 301.4

    «Жандарыңа қарсы тұратын жаман қылықтардан аулақ болыңдар» - дейді Петір (ІПетір 2:11). Кез келген «ләззат” адамды рухани жағынан өлсіретіп жібереді, ондай адамның Құдайдың дегенін орындайтын қабілеті нашарлайды. Пауыл қорынттықтарға жазған хатында: «Жандарыңды қоқыстан тазартыңдар! Құдайдан қорқыңдар!» дейді (2Қор. 7:1). Сонымен қоса Киелі Рухтың жемістері - махаббат, қуаныш, бейбітшілік, шыдамдылық, нәзіктік, момындық, сенім және мойынсүнуға пайғамбар ұстамдылықты да қосады (Fan. 5:22,23).ҮШ 303.1

    Осы айтылған ескертулерге көңіл аудармай көптеген мәсіхшілер дүниеқорлыққа, сәнқойлыққа, ашқарақтыққа, маскүнемдікке салынып, ол аздай басқада жаман қылықтарға жақын тұрады. Ал шіркеу болса осыны көре тұра тыйым салғанның орнына, қазынасын толықтыру мақсатында оларды қолдайды. Өйткені ол жүрегіндегі бос орынды Құдайдың махаббатымен толықтыруға қабілетсіз болып қалған. Мұның басты себебі сүйіспеншіліктің жетіспеуі. Осындай шіркеуге Иса Мәсіх қазіргі кезде келген болса, біреуін де калдырмай, барлығын қуып шыққан болар еді.ҮШ 303.2

    Елші Жақып : «Көктен келетін даналық таза» - деп жазады. Егер ол демінен темекінің иісі бұрқырап тұрған, таза емес аузымен Құдайдың атын атайтын мәсіхшілермен кездескен болса, оны шайтанның құлы деп жазғырған болар еді. Бейіш бағына кіреміз дейтін ондай үміткерлерге Киелі Жазба: «Ал арамдардың, жексұрын істер жасайтындардың және жалған сөйлейтіндердің ешқайсысы да Құдай патшалығына кірмейді» - дейді (Аян 21:27).ҮШ 303.3

    «Әлде денелерің Киелі Рухтың мекендейтін ғибадатханасы екенін білмеп пе едіндер? Сендер Құдайдан қабылдаған Киелі Рух бойларыңнан орын алды. Енді сендер өз меншіктеріңде емессіңдер, Иеміз сендерді үлкен құн төлеп, күнәнің құлдығынан азат етті. Ендеше денелеріңмен Құдайдың даңқын арттырыңдар!» (ІҚор. 6; 19,20). Кімнің жүрегі Құдай Рухы мекендейтін киелі үй болса, сол адам жамандық атаулыға жақындамайды. Керісінше ол барлық күшін Аллаға қызмет етуге жұмсайды. Өзіне сеніп тапсырылған қазынаны қалай болса солай шашқан адам, кінөлі болмай қоя ма? Өздерін мәсіхшілерміз деп есептейтін жандардың көпшілігі маңайындағылардың Құдай сөзін естімей өліп жатқандарына қарамастан, ақшаларын керексіз дүниелерге, ойын сауықтарға, той домалақтарға жұмсайды. Осылайша Ізгі хабардың таралуына тиісті қаражат, олардың неше түрлі кесірлі әдеттеріне жұмсалады. Олар Күдайды бітір садақалармен де тонайды. Егер Исаның ізбасарлары қаражаттарын не болса соған жұмсамай, Құдайға қызмет етуге жұмсаған болса, онда олар мынау дүниеге жарық әкелуші шырақтармен бірдей болар еді.ҮШ 303.4

    Бар әлем неше түрлі ойын - сауық пен тәндерін қанағаттандыру жолына түсіп кетті. Тәннің талабы - көрсе қызарлық, менменшілдік, өркөкіректік, тойымсыздық. Мінекей қазіргі адамдар осындай әдеттермен қаруланып алған.ҮШ 304.1

    «Ондай ортадан шығыңдар, бөлініңдер, оларға жұғыспаңдар” - дейді Алла. Күнәкар әдеттерден арылмайынша адам таза, шынайы болып саналмайды. Ал жоғарыда айтылып кеткен Құдайдың ұсынысын қабыл алатындарга Ол: «Мен сендерді қабылдаймын, сендердің өкелерің боламын, ал сендер Менің үлдарым мен қыздарым атанасыңдар” - деген уәде береді (2Қор.6:17,18). Кез келген мәсіхшы рухани өмір сүруге тиісті. «Мен дүние үшін Нүрмын. Маған ерген кісі енді түнекте жүрмей, шынайы өмірдің нүрына ие болады» - дейді Иса Мәсіх (Жох. 8:12). «Әділдің жолы таң шуағы іспетті, тал түс болғанша жарқырай түседі» (Нқл.4:18). Сенімнің әрбір қадамы жөне Құдайға бағыну адамды мөңгілік емір Иесі, бар ғаламның Әміршісі, Шексіз Аллаға жақындата түседі. Үлы Жарықтың барын дәлелдеп тұратын жұлдыздар секілді бізде бар ғаламның Патшасын бұл әлемге көрсете білуіміз керек. Оны мадақтауымыз және Оған ұқсас болуға тырысуымыз қажет.ҮШ 304.2

    Пауыл қолостықтарға жіберген жолдамасында Құдайдьщ балаларына уәде етілген жомарт сый туралы жазады: «Сол себептен де біз мұны естіген кезден бері сендер үшін ұдайы Құдайға сыйынып келеміз. Сендердің Оның еркін толықтай біліп, өте парасатты да рухани көреген болуларыңды Құдайдан өтінудеміз. Осылайша Иеміздің халкына лайық, Оны риза қылатындай өмір сүрулеріңді, әр түрлі игі істер істеп, өсіп-ене беріп, Құдайды неғұрлым жақынырақ тануларыңды тілеп келеміз. Сендер Оның үлы құдіретінен мол қуат алып, әрдайым төзімділік пен ұстамдылық таныта алсын әрі қуанышқа кенеліп, Құдай Әкеге шүкірлік ете берсін деп мінажат етудеміз» - дейді (Қол. 1:9-11). Осыған ұқсас үндеуді ол хат арқылы ефестік бауырларына да жолдайды. Ол адамдарға қалайша Құдайдың үлдары мен қыздары атана алатындай керемет күш пен білімге ие болу мүмкіндігі барын карапайым тілмен тамаша түрде жеткізе білді: «...адамның санасы жетпейтін осы сүйіспеншілікке ие болсандар екен» - деген тілегінде елшінің дұғасы кернеудің ең жоғарғы нүктесіне жетті (Еф. 3:16,18,19). Бұл мәтіндерде егер Құдайдың талаптарын орындай білсек қаншалықты рухани деңгейге көтеріле алатындығымыз жазылады. Алланың еркін орындай білсек, сенім арқылы көптеген жетістіктерге жетеміз, ұлы күш Иесінің тағына жақындай түсеміз. Жаратушы - Тәңіріміз рухани баласына Киелі Рухын берген, ендеше біз де Онымен бірге болсақ толығу шағына жете аламыз. Иса Өз сөзінде: «Егер сендер зұлым бола тұра балаларыңа жақсылық жасай білсеңдер, рақымды да , мейірімді Құдай Ие сұрағандарға Киелі Рухын беретіні шүбәсіз” (Лүқ. 11:13). «Менің атымды атап сұрасандар, сұрағандарыңды аласыңдар». «Қуаныштарың толық болу үшін сұраңдар, Мен тілеулеріңді беремін” - дейді Алла (Жох. 14:14; 16:24).ҮШ 304.3

    Имандылар Құдайға мойынсұнып жүрулері керек деген сөз, олар үнемі мүңлы, көңіл күйсіз, өздерін - өздері кінәлі сезініп, бастарын түсіріп жүру керек деген емес, керісінше олар көңілді, әрқашан куанышта, еңсесі жоғары, белсенді болады, себебі Құдай біздің жанымыздың күйзелісте болғанын қаламайды. Мойынсүну - Құдайдың алдында арын таза ұстап, рухани өмір сүру деген мағынаны білдіреді. Иса Мәсіхті қабылдап, тәннің талабымен емес, Рухтың талабымен өмір сүретіндер сотқа тартылмайды (Рим. 8:1).ҮШ 305.1

    Адам атаның бүзақы балалары Иса Мәсіх арқылы Құдайдың балалары атанды. «Адамдарды Оған бағыштаған Мәсіх те, сол адамдар да бір Әкеден тарайды. Сондықтан да Мәсіх оларды бауырларым деп атаудан ұялмайды (Евр. 2:11). Мәсіхшілердің өмірлері Тәңір Иенің арқасында қол жетімді имандылыққа, жеңімпаздыққа және қуанышқа толы болуы керек. «Өйткені Құдайдың рухани балалары осы күнөкар дүниені жеңеді. Біздің сеніміміз - осы дүниені жеңген күш (Жох. 5:4). Құдайдың адал құлы Нехемия: «Сонымен қайғырмаңдар! Себебі жаратқан Иеге деген қуаныштарың сендерге күш-қуат беріп, паналарың болады» - дейді (Hex. 8:10). Елші Пауыл былай дейді: «Әрдайым Иемізбен байланыста болғандарыңа қуаныңдар. Тағы да айтам: Қуаныңдар!» «Әрдайым куанып, Құдайға үздіксіз сыйыныңдар. Оған барлық жағдайларда да алғыс айтыңцар! Иса Мәсіхтің жолымен жүруші сендерден Құдай осыны күтеді» (Філ.4:4, 1Сал.5:1618). Құдайдан туылғандар күнәні жеңе біледі. Адам Құдаймен байланысын еш уақыт үзбеуі керек. Имандылардың кемеліне келе алмай жүргендерінің басты себебі Құдай заңының ұстанымдарын дұрыс орындамауларының нәтижесі. Олай болса шіркеулерде тазалықтың, игіліктің аздығына несіне таң қаламыз? Егер шіркеулер Құдай заңын орындағанның орнына, адамның тағайындаған заңына көбірек көңіл аударса солай болмай қоя ма? «Себебі Менің халқым екі зұлымдық жасады» - дейді Алла. «Мөлдір судың қайнар көзі - Мені тастай беріп, өздеріне су ұстай алмайтын бүлінген кұдықтар казып алды» (Ерм. 2:13).ҮШ 305.2

    «Зұлымдардың жиындарына бармайтын адам бақытты... Ол күн-түні Құдайдың заңы туралы ойлайды және Оның еркін орындайды! Ол шалғынды жерге отырғызылған ағаштай гүлдеп, уақытында жемісін береді, оның жапырағы ешқашан сарғаймайды, істеген ісі сәтті болады, барлық жерде үлгереді» (Жыр. 1:1-3). Адамдар Құдай заңын қошеметтеп, биікке көтерген кезде ғана, олардың бойындағы имандылық жаңарады. Жаратқан Иеміз пайғамбар арқылы: «Халқым тоқтаңдар! Жан жақтарыңа қараңдар, бұрынғылардан дұрыс жол қайда деп сүраңдар және сол айтылған жолмен жүріңдер. Сонда сендердің жандарыңа тыныштық орнайтын болады» дейді (Ерм. 6:16).ҮШ 306.1

    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents