Loading...
Larger font
Smaller font
Copy
Print
Contents
ҮЛЫ ШАЙҚАС - Contents
  • Results
  • Related
  • Featured
No results found for: "".
  • Weighted Relevancy
  • Content Sequence
  • Relevancy
  • Earliest First
  • Latest First
    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents

    4-тарау - Сенімін қорғаған вальдендіктер

    Рим папасы билік құрған кесапат заманның өзінде шындықтың шырағы сөнген емес. Құдай заңын мүлтіксіз орындап, Оған шын жүректен сенген адамдар барлық ғасырларда да болған. Бірақ адамзат ешқашанда олардың еңбегін жеткілікті дәрежеде бағалай алмайды. Оларды «діннен тайғандар” деп жазғырып, жазған еңбектерінің мағынасын өзгертіп, кейбір еңбектерін тіпті жойып жіберген. Соған қарамастан олар өз сенімдерін келер ұрпаққа таза күйінде жеткізе білген.ҮШ 37.1

    Құдайдың қалаулы халқының тарихы періштелердің кітаптарында жақсы жазылған, ал адамдардың жылнамаларында олар жайлы әлсіз ғана аталып кеткен. Рим өзінің шығарған іліміне қарсы келетін кез келген жазбаны және сол жазбалардың иелерін жойып жіберуге бар күшін салған. Рим папасының догматтарына қарсы келгендер бай болсын, кедей болсын, атақты болсын, қарапайым болсын өлім жазасына ұсынылған. Ал қуғын-сүргінге ұшырағандардың өмірі жайлы кітаптар мен қолжазбаларды өртеп жіберуге бұйрық берілген. Ол кезде баспа деген болмағандықтан кітаптар аз шыққан, ал қолжазбалар Рим шіркеуінің құртып жіберуіне ыңғайлы болған.ҮШ 37.2

    Рим папалығының қол астындағы шіркеулер оның дегеніне көнген, бара-бара ол өз билігін басқада шіркеулерге жүргізген.ҮШ 37.3

    Ұлыбританияға дін ерте кезде-ақ енген. Алғашқы ғасырларда Ізгі хабарды қабылдаған британдықтар үшін дінге қатысты Римнің шығарған жаңа ілімі бос сөз болып көрінді. Шеткері жатқан Британия елінің шіркеулеріне жеткен қуғынсүргін, оларға Алланың жіберген рақымының бір түрі еді. Ағылшын жерінен қашып шыққан мәсіхшілер Шотландиядан, Ирландиядан пана тауып, осылайша Ізгі хабар жер жерге тарай бастады.ҮШ 37.4

    Британияны жаулап алған саксондықтар ол жерде ез ілімдерін таратып, ал өз құлдарынан бірдеңе үйренгенді өздеріне ұят санап, мәсіхшілерді қуғындай бастады. Мәсіхшілерге жерлерін тастап тау тасты, жазық даланы паналап кетулеріне тура келді. Дегенмен шындықтың шырағы сөнген жоқ. Бір ғасыр өтсе де оның жарығы Шотландияға, одан әрі шеткері жатқан мемлекеттерге жетті. Ирландиядан шыққан Колумба өзінің әріптестерімен бірге барлық мемлекеттерден Жаратқанның жолында жүргендерді Иона аралына жинап, ол жерді Құдай жолында қызмет ететін еңбек орталығына айналдырды. Сол адамдардың ішінен сенбі күнін сақтайтын адам шығып, ол арқылы сенбі туралы заң барлық халықтарға тарай басгады. Иона аралында мектеп ашылып, одан ілім алып шыққан ақиқатты уағыздаушылар тек Шотландия және Англияда ғана еңбектеніп қоймай, олардың үні Германия, Швейцария, тіпті Италия елдеріне де жетті. Осы мезетте Рим Британия еліне көңіл аударып, оны өз күшіне бағындырмақ болды. VI - шы ғасырда католиктер саксондықтарды өз діндеріне түсіру мақсатында жұмыс жүргізді. Бұл қанішерлер католиктерді жылы қарсы алып, арада кеп уақыт өтпей-ақ, олар Римнің дініне кіре бастады. Римдіктер және олардың дінін қабылдаған саксондықтар шынайы мәсіхшілермен жолыққанда, араларындағы айырмашылық жер мен көктей еді. Құдай сөзімен сусындаған мәсіхшілер момын, көмпіс болса, керісінше олардың қарсыластары ырымшыл, өркөкірек, қатыгез болатын. Римнің елшілері мәсіхшілердің папалыққа тұтастай бағынуын талап етті. Британдықтар, барлығымен тату-тәтті қарым - қатынаста болғылары келетінін айтып, дегенмен, олардың ілімі Құдай сөзіне қарама-қайшы келсе, ондай ілімді қабылдай алмайтындықтары туралы ниет білдірді. Рим оларды өз дегендеріне көндірмек болғанымен, олар айтқандарынан қайтпады. «Алладан басқа Құдай жоқ, біз тек Құдайдың дегенін орындаймыз»деп табжылмай тұрып алды. Осы кезде Рим папасының арам ниеті әшкереленді. Ол британдықтарға соғыс жариялады. «Біздің дегенімізге көніп өмір сүргілерің келмесе, өлесіңдер»деп, ашық хабарлады. Бұл жай ғана айтыла салған сөз емес еді. Шынымен де, Рим қантөгіске дейін жетіп, ақыры көнгендерін өздеріне бағындырып, көнбегендерін өлтіріп қүртты. Рим империясының қарамағына кірмейтін мемлекеттерде, көптеген жылдар бойы, папаның саясатына ешбір қатысы жоқ мәсіхшілер өмір сүрген. Жан жағындағы басқа діннің өкілдері оларды өз ырым - жырымдарына сендірмек болғанымен, олар үшін шынайы сенімнің мөлшері болып Киелі Кітап табылатын. «Құдай заңына өзгеріс енгізуге ешкімнің де құқысы жоқ»деп, олар сенбі күні туралы заңды мүлтіксіз орындады. Мұндай шіркеулер Орталық Африкада, армяндар қоныстанған Азияда болды. Дегенмен, папаның үстемдігіне шешімді түрде қарсы шыққандардың ішінде, бірінші орында тұрғандар - вальдендіктер еді. Олар дөл папаның билік орнатып тұрған жерінде зұлымдық пен өтірікке қарсы жақсы тойтарыс жасады. Көптеген ғасырлар бойы тәуелсіз болып келген Пьемонттағы шіркеулерді де кейін Рим өз билігіне бағындырды. Тұтас дүние жүзін бағындырған сияқтанған Рим диктатына қарсы сәтсіз шабуылдан кейін, бұл шіркеулер Рим билігін амалсыз мойындады. Айтқанмен, оның дегенін орындаудан бас тартқандар да болды. Олар Құдайға адал болып қалуды ойлап, өз сенімдерінің тазалығын қорғады. Шіркеудегілердің арасына жік түсіп, бөлінуге тура келді. Ежелгі дінді жақтаушылар сейіліп тарап кетті. Кейбіреулері туған Альпасын тастап, баска мемлекеттерде ақиқаттың туын орнатты. Енді біреулері даланы, тау-тасты, үңгірлерді паналап Құдайға еркін құлшылық жасады.ҮШ 37.5

    Вальдендіктердің сенімі мен Рим доктриналарының арасында үлкен қарамақайшылық болды. Барлық әлемнен алыстатылып бөлек қалған, жер өңдеп, мал асырап, қарапайым үйлерде тұрып жатқан бұл еңбекші халықтың діні айдаладан алынған емес, Құдай сөзіне негізделген еді. Олардың сенімі - бабаларының артына қалдырған мұрасы, «бір кездері тақуаларға берілген сенімді” олар белдеріне бекем буған болатын (Яхуда 3). Жапан түзде жалғыз тұрған бұл шіркеу - Исаның ізбасарларының, Оның қалдырған ілімін әрі қарай халыққа таратушылардың біріккен тобы еді. Бұл шіркеудің Римнен бөлініп кетуінің басты себебі, заңның төртінші бабының, яғни сенбінің орындалмауы. Пайғамбарлардың айтуы бойынша ақиқат тұрғысынан бақылайтын болсақ, Рим папалығы шындықты бүкпелеп, жерге енгізген екен. Құдай заңы аяқ асты етіліп, адамның шығарған заңы кошеметтелді. Папаның қол астына қарап тұрған шіркеулер онымен жексенбі күнін сақтауға мәжбүрленді. Толып кеткен неше түрлі ырым - жырымдардан басы айналған халық, сенбі күніне қоса жексенбі күні де еңбектерін хастап дем алған. Мұны қанағат тұтпаған Рим папалығы киелі сенбі күнін сақтауға тыйым салып, бұл күні халыкка жұмыс істетіп, «тек жексенбі күні ғана Құдайға табынасыңдар»деп бұйрық берген. Рим папалығынан алыста, қуғын-сүргінде жүрген халықтың ғана Құдай заңын орындауға мүмкіндігі болды.ҮШ 39.1

    Реформациядан жүздеген жылдар бұрын Еуропада бірінші болып Киелі Кітапты өз тілдеріне аударып оқи бастаған осы вальдендіктер еді. Олардың қолдарында Алланың сөзі, ақиқаттың айғағы - Киелі Кітап болғандықтан, оны жақсы зерттеген валъдендіктер, аянда суреттелгендей Римді ақиқаттан шегінген Бабыл деп жариялап, сол үшін оларға жек көрінішті болып, қуғын-сүргінге ұшыраған. Ұзаққа созылып кеткен бұл қиындыққа шыдамаған кейбір мәсіхшілер Римнің дегеніне бағынған, ал енді біреулері Құдай заңынан бас тартпаған - бұлар күңгірт ғасырларда сенбі күнінің киелілігін дәлелдеп, оны сақтаған вальдендіктер болатын. Олар - Құдай заңының пәктігін және өз сенімдерін қанымен дәлелдеген, найзаның ұшына ілігіп, инквизицияның отына өртенген ары таза азаматтар еді.ҮШ 39.2

    Барлық ғасырларда да қуғын-сүргінге ұшырағандардың панасы болған биік шыңдардың арғы жағы вальдендіктердің де бас паналайтын жеріне айналды. Сол арадан шыққан ақиқаттың жарқыраған шамшырағы басып тұрған түнекті сейілтті. Бүтіндей мың жыл бойы акиқаттың куәгерлері өз сенімдерін сақтай білді.ҮШ 39.3

    Құдай бұларға, қолдарына сеніп тапсырылған шындыкка сәйкес келетіндей, ғибадатхана әзірлеп қойды. Бұл сергелдеңнің құрбаны болған адал жандарға мынау шыңдар Алланың пәктігінің белгісіндей көрінді, Құдай сөзінің де, Өзінің де өзгермейтіндігі жайлы хабарлап тұрғандай болатын. Бұл шыңдарды Алланың күшінен басқа ештеңе орнынан қозғалта алмайды. Дәл солай Алла Өз заңын да бекем етіп бекіткен, Оның заңы жердің де, көктің де тірегі болып табылады. Осы тәлімді олар өз баларының да бойларына сіңіре білген. Адам тек біреуді өлтіруге ғана қолы жете алады, ал Құдай заңын өзгертуге, Оның еркін орындауға ұмтылыс жасайтындарға арнайы берілген өсиетті өзгертуге ешкімнің де әлі келмейді. Осынау таулар қаншалықты мықты болса, Құдайдың парызын орындаушылар да соншалықты мықты болулары керек. Бұл адамдар үшін осы таулар да, оны қоршап тұрған далалар да Алланың күші мен Оның берген уәдесінің куәгерлеріндей болатын, сол себепті бұл қарапайым халық осынау үнсіз рәміздерді жақсы көрді. Олар өздерінің соншалықты қиын өмірлеріне шағым жасаған емес, керісінше халықтың қатыгездігі мен назасынан қорғағаны үшін Аллаға шүкіршілік айтқан. Құдайға еркін мінәжат жасай алатындай мүмкіншілік пайда болғанына қатты қуанған. Жауларынан кашын тығылған кезде бұл ұлы таулар оларға пана болды. Шыңның жоғарғы жағынан Алланың есімін мадақтап жатқан әндері естілгенімен, Рим сарбаздарының олардың дауыстарын өшіруге әлі келмеді. Бұл - Исаның ізбасарларының жандары таза, сенімдері пәк, жүректері оттай лаулап тұрды. Олардың шындықты қорғағаны соншалықты, оны өздерінің үйлерінен, жерлерінен, туғандарынан, тіпті өздерінің жандарынан да жоғары қоятын. Ақиқат болашақ ұрпақтың жүректерінде таңба салғандай жазьшып қалуы үшін олар аянбай қызмет етті, жастарға Құдай заңын кұрметтеуді үйретті. Киелі Кітап қолжазбалары аз болғандықтан, көпшілік қауым бұл бағалы жазбаларды жадында сақтап, жатка айтты. Күнделікті өмірдегі Құдайдың оларға беріп тұрған мейірімі және соны дәлелдеп тұрған табиғаттың сұлу көріністері олардың Аллаға деген сенімдерін шыңдай түсті. Бұл момын жандар өздерінің балаларына кішкентай кезінен бастап Құдайға құрметпен қарауды үйреткен. Атааналары оларды бала кезінен емірдің ыстық - суығына төзетін қылып тәрбиеледі. Жанкештілік, парасаттылык, кішіпейілділік, адалдық секілді қасиеттерді бойпа- рына сіңірді. Ерте кездің өзінде-ақ олар ата-аналарын тыңдауды, байкап сөйлеуді үйренді, жауапкершілік дегеннің не екенін білді. Байқаусызда айтылған бір сөз, тек сол сөзді айтқан адамның өзінің ғана емес, оның бауырларының да өмірлеріне қауіп төндіретін, өйткені дін бостандығын қорғаушылардың жаулары оларды жемтік аңдыған қасқырдай аңдып отырды.ҮШ 40.1

    Вальдендіктер шындык жолында көп касірет шекті, бір үзім нан тауып жеу үшін маңдай терін төгіп еңбектенді. Олар тау мен тастың арасындағы алақандай жерлерді өндеп, ақыры еңбектері жанып, құнарсыз жерлер өнім бере бастады. Олардың балаларының алған бар еншісі - тәрбиенің бір бөлігі болып саналатын - тапшылық пен үнемділік. Өмір мектебінен алып шыккан білімдері - имандылық, жақынына қамқорлық жасау, алды-артын бақылау, еңбектену. Бұл адамды кажытатын еңбек, десе де адамды адам ететін тәрбиенің басты бөлігі. Үлкендер жастарды ауыр жұмыстан, жоқшылықтан қорықпауға, сонымен қатар Құдайдың адамға беретін сыйын бағалай білуге және берілген қасиеттерді әрі қарай толықтырып отыру керегін мойындатып тәрбиелеген, Құдай жолында қызмет етуге талпындырған.ҮШ 41.1

    Вальдендіктердің шіркеулері қарапайымдылығы мен тазалығы жағынан ұлы елшілердің кезіндегі ғибадатханаларға ұқсас болған. Киелі Кітапты басшылыққа ала отырып, олар халыққа қызмет еткен. Менменшіл, тәкәппар жандардан бөлініп кеткен бұлар әсем ғимараттарда емес, тау бектерлерінде, ал қауіпті кездерде үңгірлерде Құдайдың адал қызметкерлерінен ілім алған. Дін ұстаздары тек Ізгі хабарды ғана уағыздап қоймай, ауырып қалған адамдардың көңілдерін біліп, балаларға тәрбие беріп, Құдай жолынан тайғандарға көмек жасап, қику - тартыс кезінде билік жүргізіп, халықты бірлестіруге, ынтымақтастыруға қызмет еткен. Тыныштау замандарда олар садақа - нәзірге күн көрсе, киыншылық уақыттарда, кезінде қос жасап тамағын тапқан елші Пауыл секілді, өз күндерін көру үшін бірбір мамандықка ие болуға тырысқан.ҮШ 41.2

    Жастарды діни мұғалімдер оқытқан. Жалпы білім беруге көп көңіл бөлінгенімен, негізгі сабақ ретінде Киелі Кітап талқыланған. Матай және Жохан жазған Ізгі хабарларды басқа да көптеген жазбалар секілді жұрт жаттап алып, айтып жүрген. Сондай-ақ Киелі Кітапты бірінен бірі кешіріп алып, таратумен де айналыскан. Құдай сөзі осылайша бірден бірге тараған. Қараңғы үңгірлерде әлсіз майшамның жарығымен бұл адамдар бір сөз, екі сөз ғана емес, бүтін тарауларды көшіріп жазып, түнекті сейілтетін шындыктың шырағын жарқыратқан. Оларға Алла жар болып, Құдайдың көрінбейтін періштелері желеп-жебеп отырған.ҮШ 41.3

    Шайтан Құдай сөзін қаншалықты қоқысқа көмгісі келгенімен, күңгірт ғасырлардың өзінде Киелі Кітап жойылып кетуден сақталып қалды. Кейбіреулер Киелі Кітаптың мағынасын өзгеше түсіндіріп, оған өзгерістер енгізгісі келген, дегенмен олардың балтасы тасқа шабылып дегендері орындалмады, себебі бұл кітаптың авторы - Жаратушы Құдай Ие. Шынында оның мағынасын түсіну оңай емес. Дегенмен, кім шын ниетімен Жазудың мағынасын ұққысы келсе, соның тілегін тілесе, ондай адам Киелі Рухтың жетелеуімен бұл Кітапта ашылған ақиқатты құмға сіңген судай сіміре алады. Құдайдың қалауы бойынша Киелі Жазбаны біз өмір бойы оқып, одан тәлім тәрбие алып отыруымыз керек, өйткені Құдай мен адамның арасындағы қарым-қатынастың құралы болып Киелі Кітап табылады.ҮШ 42.1

    Құдайдан қорқу - даналықтың басы екенін вальдендіктер жақсы білгенімен, бұл дүниемен қарым-катынас жасау ой-өрістерінің кеңеюіне қажетті екенін де жақсы білді. Мектепті тау ішінде тамамдаған жастар Францияның, Италияның оқу орындарына жіберілді, бұл жерлерде олардың санасы мен жан дүниесінің өркендеуіне үлкен мүмкіншіліктер ашылды. Олар зорлық-зомбылык, кулықсұмдық, өтірік тағы да басқа әзәзілдің неше түрлі әрекеттерімен танысты. Бала кездерінде алған тәрбиелері оларға осы қиыншылықтарға шыдауға көмектесті.ҮШ 42.2

    Жас кездерінен өздеріне артылған міндеттерге жауапкершілікпен қарап үйренген олар, киімдерінің әрбір жерлеріне тығып үстап жүрген, Құдай сөзі жазылған парақтарды, Аллаға беті бұрылып келе жатыр-ау дегендердің қалталарына салып жіберіп, осылайша Құдай сөзі бірден бірге тараған. Сол оқу орындарында кептеген жастар осылайша Алланы шын ниетімен қабылдап, Оның сөзіне иланды. Папаның қолбасшылары жағдайды барынша бақылап отырғандарымен бұл «ілімнің» қалайша тарап кеткенін ұға алмай әуреге түсті.ҮШ 42.3

    Шындығында Мәсіхтің рухы — елшілік рух. Ақиқатты танып білген жандар өзгелерді де Құтқарушыларымен таныстыруға үмтылады. Вальдендің мәсіхшілердің бойында да дәл осындай рух болды. Өздері естіп, біліп қана қоймай, Ізгі хабарды баршылыкка таратып, күнәларынан арылтып, құтқарылудың жолын көрсету вальдендіктердің негізгі мақсаты еді. Шындықты таза күйінде сақтап, оның шырағын түнекте отырғандарға жеткізу міндет екенін олар жақсы білетін. Құдай сезін тарату арқылы олар халықты Рим шіркеуінің құлдығынан босатқысы келді. Вальдендік қызметкерлер елшілер секілді тәрбиеленді. Құдай егістігінде қызмет еткісі келгендерге Ізгі хабарды жеткізе алатындай тәжірибе қажет болатын. Сол себепті өз жерлеріндегі шіркеулерге жетекшілік ете алулары үшін олар әуелі өзгс жерлерде үш жыл бойы сол бағытта тәлім алулары керек болды. Осы қажырлы еңбекке бата беріліп аттандырылған жастар, оларды күтіп түрғаны рахат пен атақ емес, керісінше жолдарында жокшылық пен тапшылық, қауіп пен қатер, азап пен қаза бар екенін жақсы түсінетін. Бұл жолға ақиқаттың хабаршылары екі-екіден аттандырылды және олардың жандарына орта шамадағы егде жасқа жетіп қалған бір адам қосылып берілді. Жастар үлкендеріне бағынып, оның тапсырмасын орындап отырса, керісінше үлкендері жас достарына қамқоршы болды. Бүлар үнемі бірге жүрген жоқ, кей кездері бөлек-бөлек кетіп мінәжат етер кезде ғана бастары косылып бір бірінің еңсесін көтеріп, Құдайға деген сенімдерін шыңдай түскен.ҮШ 42.4

    Егер олар өз мойындарына артылған тапсырманы ашық жарияласа, міндетті түрде жеңіліске ұшырайтын еді, сондықтан айтулы елшілер қандай тапсырмамен жүргендерін ешкімге білдіртпей кұпия түрде қызмет етті. Олардың әр қайсысы әр түрлі кәсіпке ие болғандыктан, бұл хабаршылардың қандай жұмыспен айналысып жүргенін ешкім бақылай алмаған. Ақиқатты уағыздаушылардың көпшілігі саудамен айналысып, адамдарға алтын мен алмастан да артық қазынаны сыйлаған. Киелі Кітаптың қолжазбаларын жартылай немесе тұтас күйінде жасырын түрде ұстап жүріп, реті келген жерлерде оны адамдарға оқып беріп, ал шын кызыққандарына қолжазбаларды сыйға тартқан. Бастапқы кезде бұл хабаршылар маңындағылармен жұмыс істесе, кейін олардың еңбектенетін жерлерінің шекарасы кеңейді. Үсті бастарын шаң басқан, жалаң аяқ жолаушылар жер жерге жүріп отырып, шеткері жаткан мемлекеттерге дейін жетіп, Құдай сөзінің тұқымын барлық жерлерге еккен. Олар жолдарында азап пен қаза барына көңіл аудармай, Қүдайға адал қызмет етуге тырысқан. Қиямет күні бұл ақиқаттың қарлығаштары еңбектерінің жемісін көретін болады. Осылайша Құдай сөзі ел елге құпия түрде тарап, халықтың жүрегіне ұялаған. Киелі Кітапты зерттей отыра вальдендіктер ежелгі уақыттағы Құдайдың адамдармен жасаған қарым-қатынасын айқын көрген және нақтылы кездегі де өздерінің мақсаттарын дұрыс ұккан, сондайақ болашақта да адамзаттың жолында қандай қатер барын білген, оның соңы даңқпен аяқталатынын да түсінген. Олар қиямет күнінің жақын екеніне сенген, Киелі Кітапты мінәжат ете және көз жастарына тұншыға отыра зерттеп, ондағы ақиқаттарды бойларына сіңірген сайын, өзгелермен де сол қазынамен бөліскілері келді. Вальдендіктер Киелі Кітапты жақсы түсінгендіктен, Құдайдың адамзатты құтқару жолындағы жоспарының маңызды екенін жақсы білген және сол білімдері оларға тыныштық пен үміт сыйлаған.ҮШ 43.1

    Олардың басты мақсаты Рим папасы және оның қарамағындағы діни оқытушылардың жалған ілімін әшкерелеу еді. Себебі өздерінің күнәсін түсінген халық діндарлардың насихаттауы бойынша жандары мен тәндерін азапқа салып, кейбіреулері достарын тастап монастырға кетіп, енді біреулері өздерінің арын тазаргу үшін аштық жариялап, түнде суық жерлерге жатып астарынан сыз өткізіп, «киелі жерлерге» саяхат жасап, өздеріне өздері неше түрлі қорлықты ойлап тауып, Құдайдың алдында тазарудың қамын ойлаған. Осының барлығы босқа жасалатын әрекет екенін олар түсінбеген. Күнәлары жандарын жегідей жеген кезде, «Құдайдың қарғысынан» қорыққан көпшілік жандар өздерін азапқа сала - сала, ақ қараны айыруға шамалары келмей, үміттері үзіліп, көрге түсіп тыным тапқан.ҮШ 44.1

    Вальдендіктер мейірімді Құдайдың асыл сөздерін осындай көкірегі соқыр болған жандарға жеткізуді аңсаған және сол үшін аянбай қызмет еткен. Біреуге жақсылық жасай салып, «күнөмнен арылдым” дейтін жандар өздерін өздері алдайды. Құдай алдында өз қатеңді шын ниетіңмен мойындасаң, Одан кешірім сұрасаң және Оның сен үшін құрбан болғанына сеніп, осы құрбандықты қабылдасаң ғана күнәдан арыласың. Өз жанын азапқа салу, жақсылық жасау арқылы төлем беру немесе ақша телеп (индульгенция) күнәдан арылу мүмкін емес. Бұл түбегейлі қате ілім. Өліп қайра тірілген Исаның адамзатқа сіңірген еңбегі мәсіхшілердің сенімінің негізі болып есептеледі. Адам өз ағзасымен қандай тығыз байланыста болса, Исамен де сондай тығыз байланыста болуы керек.ҮШ 44.2

    Папаның діни ұстаздары халықты Құдай мен Мәсіхті қатігез және ашулы қылып қабылдайтындай жағдайға жеткізіп, адамдар мен Құдайдың арасында байланыстырушы ретінде киелі әке және әулиелер тұруы керек деп үйретті. Ал көкіректері Құдай сөзімен нұрланған жандар сол адамдарға Исаның мейірімді, жүрегі сүйіспеншілікке толы, күнәкарларға қолын созып, мұң-мұқтаждарымен тек Оған ғана келуін өтініп түратын Құтқарушы екенін түсіндіруге ұмтылды. Ақиқатты уағыздаушылар сол кісілердің Мөсіхке келетін жолына шайтанның қоятын кедергісін алып тастауға тырысты.ҮШ 44.3

    Ал вальдендік елші болса жүртпен Ізгі хабардың ақиқаттармен тамаша түрде бөлісе білді. Киелі Жазбадан жазылып алынған тарауларды тыңдаушыларына дайындар кезде ол өте байқаулы болды. Құдайды тек өш алатын тергеуші деп қана танитын жаны жаралы адамдарға үміт сыйлауды ол өзіне бақыт санады. Күнәкардың жалғыз ғана үміті туралы бауырларымен бөлісер кезде, ғаламның Иесінің алдында жиі тізе бүгіп, мінәжат етер алдында оның көзі жасқа толып, еріндері дірілдеп, қатты қобалжыды. Сондай шақтарда жандары түнекке оранған адамдардың жан дүниесін ақиқаттың шырағы нұрландырды. Тыңдаушыларының өтініші бойынша Киелі Жазбаның кейбір жерлерін ол бірнеше қайталап оқып отырған, сөйтіп ақиқатқа олардың көздерін толық жеткізуге тырысқан. Әсіресе: «Тек Исаның төгілген қаны бізді барлық күнәларымыздан босатады». «Мұса пайғамбар айдалада мыс жыланды жоғарыға көтеріп қойғанындай, көктен келген Билеуші де көтеріліп қойылуға тиісті. Сонда ғана Оған сенуші әркім мәңгілік өмірге ие болады» (1 Жох. 1:7, Жох. 3:14,15) - деген жерлерді жиі уағыздаған.ҮШ 44.4

    Енді олар Римнің жалған ілімдерінен бас тартып, Құдай туралы шындықты бар ниеттерімен қарсы алды. «Иса Мәсіх біз үшін құрбан болды, Ол біздің Иеміз, ендеше біз Оның алдына кез келген мүдцелерімізбен бара аламыз»деген ой халықты қатты толғандырды, бұл жөнінде олардың қуаныштарында шек болмады. Олар көмектің жалғыз ғана кезі - Исаға бой ұсынып: «Ал сенім артпай Құдайға ұнау мүмкін емес. Исадан басқа ешкім де бізді құтқара алмайды. Аспан астында бізді құткаратын ешкімнің есімі адамдарға бұйырмаған» - деп жиі қайталады. (Евр. 11:6, Елш. 4:12).ҮШ 45.1

    Әбден жаны азапқа түсіп, кажьпт шаршаған кейбір жандар, Алланың махаббатының шексіз екеніне көздері жеткенде өздерін жеңіл сезінгендері соншалықты, көкке көтерілгендей болды. Енді олар өздерін Құдайдың қолына тапсырып, ажалдан да қорықпайтындай өжеттілікке ие болып, Құдай жолында қүрбан болуға да дайын екендіктерін көрсетті. Киелі Кітап көзге түспейтіндей таса жерлердің бәрінде кейде бір адамға, кейде бір топ адамға уағыздалып отырды. «Менің Құдайға керегім бар ма екен?»деп күдіктенген жандар: «Барлық қамыққандар мен шаршағандар Маған келіңдер, Мен сендерге тыныштық сыйлаймын” (Мат.11:28) деген Кітап сөзінен сұрақтарына жауап алды.ҮШ 45.2

    Алла, Оның алдына шын ниетімен келіп, бар ішкі дүниесін ақтарған жандарды кері қайтармайды. Бұл жанға жайлы хабарды естіген адамдардың жүректері қуанышқа бөленді, себебі күнәларына кешірім алу үшін енді «киелі жер” іздеп сабылудың қажеті жоқ еді.ҮШ 45.3

    Олар естіген хабарды маңайындағылардың бәріне таратып, осылайша шындық жер жердің бәріне жеткен, ал оны уағыздаушылар бір минут уақыттарын зая жібермей еңбектенген. Ешкім оларға «қайдан келдің?, қайда барасың?»деген сұрақтар қойған емес. Кейбіреулері оларды «көктен түскен періштелер ме екен?” деп те таң қалысқан. Бұл тыңдаушыларын нандыратын Алланың дауысы еді. Осы ақиқаттың қарлығаштарының кейбіреулерінің ғұмыры жүрген жерлерінде аяқталса, кейбіреулері қамауға алынып, түрменің ішінде жарық дүниемен қоштасқан, бірақ олардың өздері өлгендерімен айтып кеткен сөздері өлген жоқ. Айтылған сөз адамдардың жүректерінде өз ісін істеді, тек қиямет күні ғана біз сол еңбектің нәтижесін керетін боламыз. Бейнеттің міндетті түрде зейнеті болады. Алланың туын көтерушілердің қатары көбейді. Вальдендіктер ібілістің шекарасына шабуыл жасады. Егер халық Құдай туралы шындықты білсе, онда жалған істерімен ұсталынып тұрған Римнің абыройы айрандай төгілмек, сондықтан олар әрбір елшінің басқан ізін сақтықпен аңдып, жағдайды үнемі бақылап отырды. Егер ақиқат жарығы жерді нұрландырса, онда халықтарды орап тастаған адасушылык бұлты сейіліп, адамдардың ойлары тек Жаратқан Иеге ғана бағытталатыны анық, ал мұның соңы Римнің жоғарғы билігінің құлауына әкеліп соқпақ.ҮШ 45.4

    Алғашқы шіркеудің таза сенімін сақтап қалған мұндай халықтың бар болғаны Римнің шегінушілігін дәлдеп корсетіп тұратын куәлік еді. Римнің оларды жек көріп, куғындауының да басты себебі осы болатын. Айтулы адамдардың Киелі Жазбадан бас тартпағандары Римді қорлап гұрғанмен пара-пар бағаланды. Ал жүрек тазалығы мен шынайы сенімді қорғаған бұл қауым Римнің өкшесіне қадалған шөңгірмен бірдей болды, сол себепті Рим олардан біржола құтылудың жолын іздестірді. Құдайдың қалаулыларына қарсы қанды жорық басталды. Күллі жерлерде инквизиторлар жүріп, ежелгі уақыттағы Қабылдың Әбілге жасаған зұлымдығы сансыз рет қайталанып жатты. Римдіктер олардың жүрген жерлеріне топалаң орнатып, мекен жайларын бұзып, шұрайлы егістіктерін өртеп, жемгігін іздеген жыртқыштай шабуыл жасап, олардың қандарын судай ағызды. Құрбандарының төгілген қандарын, жан азабын көргенде папалықтардың өшпенділіктері өрши түсті. Жаулары сенім тазалығын сақтап қалған бұл куәгерлердің соңына түсіп, оларды жапан түзден де, орманнан да, таулы аймақтардан да іздеп, үнемі аңдумен болды. Бірақ бұл шамалы халықтың сенімдері мықты, мінездері мінсіз, жандары таза болатын, олардың әдепті екенін тіпті жаулары да мойындаған. Бұл жандардың бар кінәсі - Құдайға шынай құлшылық еткені, сол себепті де олар шайтанның азғыруында жүрген арсыздардың ойлап шығарған қуғын-сүргіндерінің құрбаны болды.ҮШ 46.1

    Ақыры папа оларды есерсоқтар - деп жазғырып, олар өлім жазасына ұсынылсын деген заң шығарды. Бұларды ешкім жалқау, өнегесіз, бұзақы деп жазғыра алмады, есесіне оларға «халықты түзу жолдан тайдырушылар»деген кінә тағылды. Папа, ыңғайларына көнбеген жағдайда «улы жылан сияқтанған» осы тобыр қырылсын деп бұйырды. Сонда бұл өркөкірек меңгеруші: «Жақындарыңа жасаған істерің Маған жасағандарыңмен бірдей» (Мат. 25:40)деген Құдірет Иесінің сөзін ойына алды ма екен?ҮШ 46.2

    Айтулы булла бойынша «Кімде кім есерсоқтарды жоюға арналған қанды жорықтарға қатысса, оларға барлық күнәлары кешіріледі, кімге болса да берілген кез келген уәделерінен босатылады, заңсыз түрде пайдаланып жатқан мүліктеріне заң бойынша ие болуға құқық беріледі, ең болмағанда бір есерсоқты өлтірген жанның барлық күнесі жуьшады»деген уәде беріліп және ол хабарландырылды. Вальдендіктердің пайдасы үшін бекітілген кез келген келісім шарт күшін жоятын болған. Оларды от басы мүшелерінен айырған, оларға қандай да көмек көрсетілуге тыйым салынған және олардың дүниесін тартып алуға кім болса да құқылы болған. Бұл құжат оның нақтылы шығармашысы жауыздығының куәсі. Әрине бұл Алланың үні емес, айдаһардың ақырған дауысы екені иманды адамға белгілі.ҮШ 47.1

    Папаның жетекшілері халықты Құдай заңына емес, ездерінің шығарған заңдарына бағындырып ұстағысы келді. Римнің еркі осы болатын. Ал Құдайға бағынушылардың өмірі трагедиямен аяқталып жатты. Азған, бұзақы дін қызметкерлері мен прелаттар шайтанның жұмысын жасаған. Олар мейірімділік дегенді білмеген. Мәсіхті айкышқа шегелеген, елшілерді өлтірген, кезінде қанішер Неронды мәсіхшілерге қарсы қойған рух Құдайдың сүйіктілерін құрту үшін әрекет жасады.ҮШ 47.2

    Кептеген ғасырлар бойы Алланың адал құлдары қатты қуғындалған. Қанды жорықтарға, аяусыз қантөгістерге қарамастан Жаратқанның адал перзенттері ақиқатты жер жерге тарата білген. Құдайдың сүйікті құлдарының қандары судай төгіліп жатқанымен, шындықтың туын көтерушілердің қатары азайған жокОсылайша Алланың адал куәгерлері - вальдендіктер, Мартин Лютердің заманына дейін ғасырлар бойы еңбектенген. Бұл қажырлы халық Уиклифтің уақытында басталып Мартин Лютердің заманында кең етегін жайған Реформацияның тұқымын себушілер және бұл еңбек акыр заманға дейін Құдайдың қалдырған өсиетін келер ұрпаққа жеткізу жолында қызмет етуге, «Құдай Сөзі және Мәсіх үшін азап шегуге» дайын халық арқылы жалғасын таппақшы (Аян 1:9).ҮШ 47.3

    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents