Loading...
Larger font
Smaller font
Copy
Print
Contents
ҮЛЫ ШАЙҚАС - Contents
  • Results
  • Related
  • Featured
No results found for: "".
  • Weighted Relevancy
  • Content Sequence
  • Relevancy
  • Earliest First
  • Latest First

    14-тарау - Британия аралдарында Ізгі хабардың қанат жаюы

    Германияда Лютер Киелі Кітапты өз тілдерінде халыққа таратып жатқан кезінде, Англияда дәл осы жұмыспен Құдайдың бастауы бойынша Тиндаль айналысып жатқан еді. Уиклифтың Киелі Кітабы латын тілінен аударылған болатын және онда көптеген қателіктер бар болды. Ол басылымнан ешкашан өтпеген еді, ал қолдан жазылған кітаптың бағасы да өте қымбат болды. Оны алып оқуға тек байлардың ғана мүмкіндігі жеткен. Сонымен қатар оған шіркеу тыйым салып, бұл кітап көп тарай да алмады, 1516-шы жылы Лютердің тезистері пайда болмастан бір жыл бұрын, Эразм грек тілінде Жаңа Өсиетті алғаш рет баспадан өткізді. Кейін ол латын тілінде де шықты. Енді алғашқы рет Киелі Кітаптың түпнүсқасы пайда болды. Бұл жолы Оның қателері түзетіліп, өңдеуден өтті. Білімділердің қолына түскен бұл кітап, олардың ақиқатты тереңірек зерттеулеріне және Реформация ісінің өркендеуіне мүмкіндігін берді. Бірақ Киела Кітап бұрынғысынша қарапайым халықтың колына түсе бермеді.ҮШ 155.1

    Тиндаль Уиклифтің бастаған ісін аяқтап, Киелі Кітапты өзінің отандастарына ұсынуға тиісті болды. Ақикатты іздейтін, оны терең түрде зерттей білетін жалынды қайраткер, грек тілінде Эразм басып шығарған Жаңа Өсиетті оқыған соң, Ізгі хабарды қабыл алып, оны жұртшылыққа батыл түрде уағыздады. Кез келген ілім Киелі Кітап арқылы тексерілуі керек - деді ол. Ал папалықтардың: «Киелі Кітапты шіркеу берді, ендеше ондағы жазуды шіркеу ғана ширатып бере алады” - деген талабына, Тиндаль: «Қыран құстың алдына ешкім асын әкеліп қоймайды, ол өз азығын өзі іздейді. Сол секілді Тәңірін іздеп ашыкдан халықты Киелі Жазбадан Құдайды іздеуге Оның Өзі итермелейді” - деп жауап берген болатын. «Киелі Жазбаны халыққа сендер берген жоқсыңдар, керісінше оны халықтан жасырып тығып тастадыңдар, шамаларың келсе оны өртеп жіберуге де дайынсыңдар” - деп Тиндаль жауларының пиғылдарын ашық түрде әшкереледі.ҮШ 155.2

    Тиндальдың уағыздары көпшіліктің көңілінен шыкты, сөйтіп ақиқатты қабылдағандар да аз болған жоқ. Папалықтар болса өте сақ болуға тырысты. Тиндаль кетсімен олар біреуді алдап, біреуді арбап, кері жұмыстар жүргізіп, уағыздаушының еңбегін зая кетіріп отырды.ҮШ 155.3

    He істеуге болады? - деп абыржыды Тиндаль, - бір жерге тұқым сеуіп кетсем, жау келіп сол араны қопарып тастайды. Мен барлық жерде бірдей бола алмаймын. Шіркін халық Киелі Жазбаны өз тілінде оқи алатын мүмкіндігі болса ғой, онда жаудың өтірік даналықтарын бірден ұққан болар еді. Киелі Кітапсыз халықтың ақиқатқа деген сенімін бекіту мүмкін емес. Осы ой Тиндальдыңтынышын кетірді. Исраил халқы өз тілдерінде сөйлеген, өз тілдерінде Құдайға арнап ән салған, олай болса біздің арамызда Ізгі хабар ағылшын тілінде неге уағыздалмасқа? Шіркеуге жарық таң сәріден гөрі сәске түсте аз түсе ме? Мәсіхшілер Жаңа Өсиетті өз тілдерінде оқуға тиісті. Шіркеу оқытушылары мен дін уағыздаушылар кейде әр түрлі сөйлейді. Айтушылар ете көп, жұрт кімнің сөзіне сенерін білмей дал болады. Ақиқатты жалған сөзден ажырата білу үшіы оларға Киелі Кітап қажет.ҮШ 155.4

    Арада біраз уақыт өткен кезде, Тиндаль мен католик шіркеуінің дін зерттеушісінің арасында болған пікірталас кезінде, сол діндәр былай деген болатын: «Біз үшін папаның заңынсыз өмір сүргенімізше, Құдайдың заңынсыз өмір сүргеніміз артық». Оған Тиндаль: «Менің папаның өзінде де, оның заңында да шаруам жоқ. Егер Алла жазып, өмірім жетсе, соқаның соңында жүрген балаға дейін Киелі Жазуды сізден артық білетін болады» - деген еді.ҮШ 156.1

    Ендігі Тиндальдың алдына қойған мақсаты Жаңа Өсиетті халыкка өз тілінде ұсыну болды. Ол дереу жұмысқа кірісіп кетті. Үйінен қуылған оған Лондонға келіп біраз уақыт осы жерде еңбектенуге тура келді. Бірақ папалықтардың қаһары оны тағы да қашуға мәжбүр етті. Сол себепті ол бұл жерде де көп тоқтала алмады. Оған барлық Англияда жер қалмағандай болды. Сөйтіп ол Германияға кетуге шешім қабылдады. Осы жерде ол Жаңа Өсиетті баспадан өткізіп дайындамақшы болды. Кедергілердің салдарынан жұмысы екі рет тоқтатылды. Бір қалада оған баспамен жұмыс жасауға тыйым салынғанда, ол басқа калаға аттанды. Ақыры ол, кезінде Лютер сеймнің алдында тұрып Ізгі хабарды қорғаған көне қала - Вормске келді. Бұл жерде реформацияның жанашырлары көп болғандықтан Тиндаль ез еңбегін еш кедергісіз жалғастыра берді. Біраз уақыттан соң Жаңа Өсиеттің үш мың данасы дайын болды. Баспа жұмыстарын әрі қарай жалғастыру қажеттігі туындады. Сондықтан ол табанды түрде өз ісін жалғастырды. Ағылшын басшыларының қырағылығына қарамастан, Құдай сөзі порт арқылы құпия жолдармен Лондонға жеткізіліп, ол жерден барлық елге тарады. Папалықтар ақиқатты тұншықтырып құртамыз деген ойда болғандарымен, олардың ойлары іске аспай қалып жатты. Бірде Дархэм деген жердің епископы кітап сатушы Тиндальдың досынан Киелі Кітаптың барлық данасын сатып алды, сөйтіп реформация ісіне кедергі жасаймын деп ойлады. Бірақ бәрі оның ойлағанындай емес, керісінше болды. Алғашқы даналардың сатылған акшасьша қайра жақсартылып өңделген кітаптар басылып шықты.ҮШ 156.2

    Тиндаль қамауда жатқан кезінде: «Егер Киелі Кітапты басып шығаруға көмектескен адамдардың аттарын айтсаң, бостандыққа шығарыласың»деген уәде берілді. Дархэм қаласының епископы бәрінен де артық көмегін берді. Ол бас кезінде шыққан кітаптарды сатып алмағанда, біздің әрі қарайғы еңбегіміз соншалықты жемісті болмаған болар еді - деп жауап берген болатын ол. Тиндаль жауларының қолына түсіп, азаптанып өлтірілді, бірақ оның қалдырған қаруы келесі жауынгерлерге, тіпті біздің уақытымызға дейін ақиқат жолында шайқасып жүргендерге көп көмегін тигізді.ҮШ 157.1

    Мінбеден сөз сөйлеген Латимер: «Киелі Жазба әр халықтың өз тілінде оқылуы керек. Киелі Кітаптың авторы - Жаратушы Құдай, ал Оған бағынбайтын бірде бір патша, бірде бір император жоқ. Біз де айналшықтай бермей, өз өмірімізде Киелі Кітапты басшылыкка алуымыз керек. Ата - бабаларымыздың жолымен жүрмей, олар жүруге тиісті болған жолмен жүрейік” - деген болахын. Тиндальдың жақын достары Барнс пен Фрайт ақиқатты жақсы қолдады. Олардың өнегесі бойынша Ридлиз бен Крэнмер де осы жолға түсті. Ағылшын реформациясының басшылары өте ақылды және дарынды жандар болған және олардың кейбіреулеріне католиктер шіркеуі құрметпен қараған. Олардың «киелі тақтың» адасушылықтарымен таныс болуы, папалыққа қарсы шығуларына себеп болды. Бабылдың кұпияларын жақсы білгендіктері оның заңсыз істерін әшкерелеуде кеп көмегін берді.ҮШ 157.2

    Латимер уағыздау кезінде тыңдаушыларына былай деп сұрак қойған болатын: «Барлық Англия бойынша ең ынталы епископ және прелат кім деп ойлайсыздар?». Жауабын естуге асығып тұрған боларсыздар. Қойылған сұраққа мен өзім жауап берейін. Бұл - албасты. Ол өзінің епархиясын* ешқашан қалдырмайды. Ол үнемі үйінде, үнемі еңбектену үстінде. Ол ешқашан жай қарап отырмайды. Ібіліс орныққан жерде кітаптар жойылады, орнына майшамдар жағылады. Киелі Кітап жоғалады, есесіне ташпықтар пайда болады. Халық Ізгі хабардың жарығынан тасаланып қалады. Папа тал түсте майшамын жағады. Ол Құдайға сенушілерді бітеудей тонау үшін Мәсіхтің айқышын аяқ асты қылып, тазартқыштың мәртебесін көтереді. Мүгедектер мен мұқтаждарға жәрдем бергеннің орнына, табынатын пұттарын сәндейді, адамның шығарған заңын бекітіп, Алланьщ заңын алып тастайды. Албасты арам шөпті қалай өсірсе, прелаттар жақсылыктың дәнін солай ексе ғой, қандай ғаламат іс тындырылған болар еді. Реформаторлардың қорғаған басты ұстанымдары, сол баяғы вальдендіктер, Уиклиф, Ян Гус, Лютер, Цвингли және олардың соңынан ергендер қорғаған ұстаным, атап айтқанда өмір мен сенімнің негізгі өлшеуіші - Киелі Кітаптың абыройын көтеру. Реформаторлар дінге байланысты адамның ар-ұжданын бақылап отырғысы келген папаның, собордың, шіркеу әкелерінің, патшалардың құқықтарына қарсы болды. Кез келген көзқарас, кез келген ілім Киелі Жазба арқылы тексеріліп отырылуы керек - деп есептеді олар. Бұл талап әрине папаның көңілінен шықпады, сондықтанда ол ақиқатты зерттеушілерді, оны табандылықпен қорғағандарды қырғынға ұшыратты. Өртеу жазасына кесілген Латимер, алау жақындаған кезде жанындағы досын: «Уайымдама достым! Бүгінгі біздің барлық Англия бойынша жаккан жарығымыз Құдайдың мейірімінің арқасында ешқашан өшпейтін болады» - деп жұбатқан еді.ҮШ 157.3

    Шотландияда Колумба және оның серіктестерінің еккен дәндері жойылып кеткен жоқ, көп уақыт бойы өз жемісін беріп отырды. Жүздеген жылдар бойы Англия бойынша барлық шіркеулер Римге бағынғанының өзінде, Шотландия шіркеуі өздерінің діни бостандықтарын табандылықпен қорғады. XII ғасырда папа бұл жерге де өз тамырын кең жайды. Соған қарамастан Англиядан Киелі Кітап пен Уиклифтың еңбектерін алып келген лоллардтар ақиқатты тарату жолында көп еңбектерін сіңірді. Әрбір ғасырларда да шындық үшін азап шеккен куәгерлердің саны аз болған жок. Ұлы Реформацияның басталуымен бұл жерде Лютердің шығармалары және Тиндальдың аударған Жаңа Өсиеті пайда болды. Рим Шотландияда төрт ғасыр бойы ез билігін жүргізгенімен, папаның назарынан тыс жүріп еңбектенген хабаршылар аз болған жоқ. Олар үнсіз таулардан, жазықтардан өтіп, Шотландияда өшуге тақап қалған шындықты жандандырып, жүрген жерлерінің барлығына ақикаттың шүғыласын шашып отырды.ҮШ 158.1

    Шеиттердің төгілген қаны бұл қозғалысқа жаңа күш берді. Пайда болған қауіпті байқаған папалық билеуші ұжымдар Шотландияның зиялы азаматтарының біразын өртеп жіберді. Бірақ олардың бұл қылықтары халыкты Римнің кісенін бұзып шығатындай етіп жігерлендірді. Реформация ілімін кабыл алған текті және мейірбан жандар Гамильтон мен Уишарт тірідей алауға тасталды. Десе де Уишарт өзінің соңынан Шотландиядағы папалыққа ойсырата соққы берген ізбасарын қалдырды. Бұл азамат папаның зиянды дәстүрлері мен сиқырларынан бас тартып, реформаторларға қосылған Джон Нокс болатын. Достары оған уағыздаушы міндетін қабылдауды ұсынды. Бас кезінде ол бұл ұсыныстан бас тартқанымен, кейін бірнеше күн бойы салауат айтып, көп ойланып барып осы міндетті қабылдауға келісімін берді. Джон Нокс өмірінің соңына дейін Құдайға адал қызмет етті. Ол жалыннан да, найзадан да қорықпайтын жүректі азамат болатын. Төбесінен қылыш түсейін деп тұрса да өз көзқарасын өзгертпейтіндей айбарлы болды және пұтқа табынушылыққа қарсы соққыны берген үстіне бере түсті. Кептеген протестанттар жасып қалатын Шотландияның патшайымының алдында ол ақиқатты еш корқынышсыз қорғады. «Сен халыққа, мемлекет тыйым салған ілімді тарату арқылы, оларды үкіметке карсы шығуға бастайсың, осылайша «зайырлы билікке бағыныңдар» - деген Құдай заңын бұзасың” деді патшайым. Онысына Джон Нокс: «Шынайы дінді үкіметті билеп отырғандар берген жоқ, ол Алланың ісі, сондықтан халық ханзадалар неге сенсе, соған сенуге міндетті емес. Егер Ыбырайымның ұрпағы ұзақ уақыт бойы Перғауынның жерін мекендегенде, олардың құдайларына сыйынса, онда қымбатты патшайым қазіргі кезде бар әлем қандай құдайға бағынған болар еді. Ал елшілердің заманын алып қарайтын болсақ, егер барлық жандар Рим кесарьларының* дінін қабылдаған болса, онда қазіргі кезде жер бетінде қандай сенім болған болар еді. Сонымен үкімет халықты өз билігіне бағындырғанымен, ез дініне енгізуге еш кұкығы жоқ” - деп жауап берді. «Сіз Киелі Кітапты өз бетіңізше талқылайсыз, ал католиктер өз беттерінше талқылайды, сонда мен кімге сенуім керек, сендердің төрешілерің кім болмақ?” - деп абыржыды патшайым. «Ешкімге де сенбеңіз, Құдайға ғана сеніңіз” - деп жауап берді Джон Нокс.ҮШ 158.2

    Киелі Кітапты окысаңыз, бөрі де түсінікті болады, ал егерде түсінуге қиын соғатын жерлері кездессе, Өз Өзіне қарсы келмейтін Құдайдың Қасиетті Рухы Киелі Жазбаның басқа жерлеріндегі өлеңдерді нұсқау арқылы оны ширатып береді. Тек адам надандығымен қасарысып алмаса болғаны. Осылайша бұл жалынды реформатор басын кауіпке тіге отырып патшайымның алдында ақиқатты батылдықпен қорғаған. Шотландия папаның құлдығынан босап шығып діни бостандығын алғанша, Джон Нокс кездеген мақсатына жету үшін Құдайдың берген күшін пайдалана отырып, еш қорқынышсыз шайқасты.ҮШ 159.1

    Англияда протестантизм діні заң бойынша қабылданып, куғын-сүргіндерге тосқауыл қойылғанымен, оған қоса католиктердің көптеген доктриналары* алынып тасталғанымен, олардың кейбір дәстүрлері бәз баяғысынша қалды. Папаның жоғарғы билігі мойындалмады, оның орнына шіркеудің басы ретінде монарх келді. Құдайы кызметте тазалық пен қарапайымдылық жетіспеді. Діннің негізгі ұстанымдары әлі де болса орындалудан алыс еді. Протестант көсемдері есерсоқтыққа қарсы Римнің жасаған қатыгездіктерін аса жасай қоймағанмен, адамдардың, Құдайға, арына сай қызмет ету құқығы соншалықты мойындалған жоқ. Халық осы шіркеуге бағынуға тиісті болды, ал басқаша ойлайтындар аздыкөпті болса да қуғындалып жатты.ҮШ 159.2

    XVII ғасырда көптеген діни тәлімгерлер өз қызметтерінен шеттетілді. Арнайы хұқығы бар шіркеудің бекіткенінен басқа діни жиындарға баруға тыйым салынды. Болмаған жағдайларда сенетіндерге айып-пұл тағылды, қамауға алынды, жер аударылды. Осыған қарамастан Құдайдың адал құлдары әр жерлерде тасаланып жүріп кездесіп, ауа райының жылы кездерінде түнделетіп тоғайға келіп, Құдай алдында ішкі дүниелерін актару үшін, Жаратушыларына бар сырларын айту үшін, салауат айтып дұға оқу үшін, Құдайдың Қасиетті Рухымен қаруланып алып еңбектену үшін аспан астындағы ашық ғибадатханада жиналатын. Олар қаншама байқаулы болғанымен, билікте отырғандардан тасаланып қала алмады. Жанұялар быт-шыт болып бұзылды, түрмелер толды, көпшілігі туған жерлерінен қуылды. Мұхиттың арғы жағына кетуге мәжбүр болған азаматтар, бөтен жерде жүрсе де өз еңбектерін тоқтатқан жоқ. Америкаға орныққан олар осы жерде, кейіннен бұл мемлекеттің атын шығарған, азаматтық және діни бостандықтың негізін қалады. Осылайша елшілердің заманындағыдай қуғын-сүргін Ізгі хабардың кең етек жайып, әрі қарай таралуына себепкер болды.ҮШ 160.1

    Қылмыскерлер мен бұзақыларға толы жер астындағы жаман түрмеде жатқан Джон Буниан, өзінің көкке жақын екенін сезінді. Осы арада жатып ол пилигримнің ажал елінен көктегі шаһарға аттанғаны туралы тамаша бейнелеме әңгімесін жазды. Алғашкы рет Бедфорд түрмесінен шыққан бұл дауыс 200 жыл бойы халықтың жүрегіне тасталған үндеудей болды. «Пилигримнің саяхаты”, «Алланың ең күнәкар пендеге деген мейірімі» атты Бунианның жазған әңгімелері көпшілік жандарға ақиқат жолын табуға көмектесті. Бакстер, Флавел, Аллеин сияқты өнерлі азаматтар Құдай жолында жалынды еңбектенді, «бір кездері тақуаларға берілген» ақиқатты жан дүниесімен қорғады. Олардың қуғындалып, азаматтық хұқығынан айрылып жүріп істсген еңбектері ешқашанда өз мәнін жоймайды. Флавелдің «Өмір бастауы”, «Ракымшылықтың өсері», Бакстердің «Киелілердің мәңгі тұрағы» атты еңбектері Құдай ісінің өркендеуін аңсаған жандарға берекелі болып, көптеген адамдарды иман жолына түсірді.ҮШ 160.2

    Ал одан бір ғасыр өткеннен кейін діни түнекке батып жатқан адамдарды сол түнектен шығару үшін Уэсли мен Уайтфильд еңбектенді.ҮШ 160.3

    Мемлекеттік шіркеу басшылық етіп тұрған кезде, Англия халқы діни құлдырауға ұшырады. Оларды тіпті құдайсыздардан ажыратудың өзі қиын болып қалды. Діндарлар өздерінің шығарған дінін зерттеумен айналысты, игі іс қоғамның бетке ұстарлары дегендердің мазағына айналды, қоғамның төменгі саласындағы халық тоқшарлық пен азғындыққа ұшырады, ал шіркеудің ақиқатты құтқаруға батылы да бармады, сенімі де жетпеді. Лютердің «адам сенімі арқылы ақталады» - деп, қалыптастырып кеткен ұстанымы мүлдем ұмытылды, оның орнына «адам жақсы істерімен ақталады» - деген католиктердің ұстанымы ұсынылды. Уайтфильд пен ағайынды Уэслилер мемлекеттік шіркеудің мүшелері ретінде кейінгі аталған ұстанымды мұқият түрде орындап жүрді.ҮШ 160.4

    Бірде Чарльз Уэсли қатты ауырып өлім халінде жатты. Оған: «Сен мәңгі өмірге ие болатыныңа сенімдісің бе?” - деп сұрак қойғанда, «Мен Құдайға бар күшіммен, бар пәрменіммен қызмет еттім” - деп жауап берді ол. Сұрақ қоюшы бұл жауапқа қанағаттана алмады. «Мен жақсы істеріме ғана сене аламын, басқадай еш нәрсеге үміттене алмаймын» - деді ол тағы да. Мінекей шіркеу осындай түнекке оранып жатқан болатын. Құтқарылудың жалғыз ғана жолы Исаның жазықсыз төгілген қаны және осы құрбандықты қабылдау қажет екендігі жайлы олар ештеңе білмеді. Ең бастысы жүрегіңді таза ұстап, күнәдан аулақ болып, жақсы істерді көбірек жасау керек - деп ойлады олар. Салауат айту арқылы күнәға деген бейімділіктерін жеңбек болды. Мінекей Уэсли және оның серіктестерінің пікірлері осындай болатын. Жаксы істерімен киелілікке жетеміз деп қанша тырысқандарымен, бұл әрекеттерінен түк шығара алмады. Бір кездері Эрфурт монастырының кельесінде Лютер де дәл осындай шайқасты басынан өткізген. «Адам Құдайдың алдында қалайша ақтала алады ?” (Әйүп 9: 2) деген сұрақ олардың жандарын қатты күйзелтті. Протестантизмнің мехрабында сөніп қалған Жаратқанның алауы ьогемия мәсіхшілерінің ұрпақтарына қалдырған ежелгі шырағынан тұтануға тиісті болды. Реформациядан кейін Богемиядағы протестантизм Рим ордасымен басылып тасталған болатын. Ал ақиқаттан бас тартқысы келмегендер қашып құтылуға мәжбүр болды. Саксонияға келіп, бас сауғалап жүрген осы мәсіхшілердін ұрпақтарынан Уэсли және оның серіктестері ақиқат нұрын қабыл алды.ҮШ 161.1

    Джон және Чарльз Уэсли Құдай жолында қызмет атқаруға тағайындалғандарынан кейін, олар миссионерлік жорықпен Америкаға аттанды. Жол-жөнекей келе жатқан кемелерінің ішінде бір топ моравтық бауырластары да болды. Кенеттен дауыл басталып кемелері теңіздің түбіне кететіндей болып көрінді. «Өліммен бетпе-бет кездескен кезімде, мен өзімнің Алламен татуласып үлгермегенімді сезіндім» - дейді Джон Уэсли. Ал немістер болса ездерінің сабырлықтарымен және Құдайға деген сенімдерімен мені таң қалдырды. «Мен олардың соңдарынан ұзақ бақыладым — дейді ол - өздерін керемет ұстай біледі екен. Олардың жайбырақат мінездері басқа адамдарға көмек жасаған кездерінде де жақсы байқалды. Құтқарушының олар үшін бүұдан да артық қызмет жасағанын айтып, куәгерлік етті. Ағылшындар болса, немістердің істегенінің ширегін де істеген жоқ, тіпті істейміз деп ойлаған да жоқ, бұлардың мінезі тіпті өзгеше еді. Құдайға қызмет ету рәсімі басталғанда, Алланың есімін мадақтап ән салып жатқан кездерінде, кемені үлкен толқын жауып жіберді. Барлық жан тұңғиықтың түбіне кетіп жоқ болатын секілді көрінді. Кемедегілер қатты үрейленді, ағылшындардың арасынан зарлаған үн шықты. Немістер болса қызметтерін әрі қарай жалғастыра берді. Кейін мен олардың біреуінен «Сіздер қорықпадыңыздар ма?” - деп сұрадым және «Құдайға шүкір, жок” - деген жауап алдым. Сонан соң тағы да: «Сіздердің әйелдеріңіз бен балаларыңыз қорыққан жоқ па?” - деп едім, ол бірден: «Жоқ, біздің балаларымыз да, әйелдеріміз де өлімнен қорықпайды» - деп жауап қайтарды.ҮШ 161.2

    Саваннаға келіп түскенде Уэсли моравтық бауырларымен біраз уақыт бірге тұрды және олардың мәсіхшіл мінездеріне таң қалмай қойған жоқ. «Олардың Құдайға қызмет етулері ағылшындардың жансыз формализмдерінен мүлдем озгеше болды. Құдайлық қызметтерінің керемет қарапайымдылығы, сонымен қоса салтанаттылығын көргенде өзімді он жеті ғасыр шегерілген кезге түскендей сезіндім. Құдайға қызмет етуді басқарып жүрген адамдар қос жасаушы Паул мен балықшы Петрге ұқсас көрінді. Ешқандай керексіз сырттай салтанаттылық пен нысаншылдық жоқ. Сонымен қоса істеген істерінен Киелі Рух пен Оның күші байқалады” -дейді ол.ҮШ 162.1

    Англияға қайтып оралғаннан кейін Уэсли моравтық дін тәлімгерінің қол астында жүріп, Киелі Кітапты тереңірек ұға бастады. Ол адам өз еңбегінің арқасында емес, Құдайдың құрбандығының арқасында құтқарыла алатынын жақсы түсінді және соны мойындады. Бірде Лондонда өткен Құдайға қызмет ету жиыны кезінде Лютердің Алланың Киелі Рухының адамның жүрегіне қалай әсер ететіні жайлы жазылған сөздері оқылды. Мұны естіген Уэслидің жүрегіндегі сенімі лаулай түсті. Ол өзін мойнындағы ап-ауыр жүгі түскендей сезінді және соған қатты қуанды. «Құтқарылу үшін Исаға, тек Исаға ғана үміт арту керек. Ол менің күллі күнәдан арылтып, күнә мен ажал заңынан кұтқаратындай көрінді” - дейді ол. Себебі бұрын ол сеніміне сеп болмағанымен, Құдайдың көңілінен шығу үшін көп нәрседен бас тартып, азап шегіп, езін неше түрлі сынақтарға салатын. Енді міне Уэсли тірі Құдайды жаңа ғана тапқандай болды. Бұрын ол Алланың мейіріміне бөлену үшін құдайы таратып, садақа беріп, ораза ұстап, дұға оқыса, енді рақымшылық - Құдайдың сатусыз сыйы екенін түсінді. Қуанышты хабарды естіген ол, жаңалығын басқа да адамдарға айтып жеткізгісі келді және соны басты міндетім деп санады. «Қайда жүрсем де тыңдағысы келген адамдардың барлығына осы қуанышты хабарды жеткізу менің құқығым, міндетім және қасиетті борышым” - деген болатын ол. Ол бұрынғысынша көп нәрседен бас тартып, сабырлы, ұстамды болуға тырысты, бірақ бұл бұрынғыдай негізгі мақсаты болған жоқ, тек сенімінің нөтижесі ғана болды. Құдайдың адам баласына Иса Мәсіх арқылы беретін игілігі - оның сенімінің негізі болып табылады және бұл адамның Құдайдың еркіне бағынуынан байқалады. Адамзат баласының Исаның жазықсыз төгілген қаны арқылы ғана құтқарыла алатыны және Құдайдың Киелі Рухының ғана, Исаның үлгісі бойынша өмір сүретін, адамды жақсы жаққа қарай өзгерте алатыны жайлы игі хабарды басқа жандарға айтып жеткізуге Уэсли бар өмірін арнады.ҮШ 162.2

    Уайтфильд пен ағайынды Уэслилер, Исаның ержүрек жауынгерлері ретінде, неше түрлі сынақтан өтуге университет қабырғасында жүрген кездерінен бастап дайын болатын. Олар неше түрлі қорлықтан, мысқылданудан, тәлкектен, жәбірленуден, қуғындалудан өтіп, ездерінің аянышты, сорлы күйлерін анық сезініп, болашақтағы қызметке пісіп, қатып жетілді. Атеист (Құдайға сенбейтін) достары оларды сол кездің өзінде-ақ методистер деп атап кеткен. Ал қазір методистер деп Англия және Америка елдеріндегі мәсіхшілердің ең сыйлы біріккен топтары аталады.ҮШ 163.1

    Англия шіркеуінің мүшелері ретінде олар Құдайға қызмет ету рәсіміне көп көңілдерін бөлді. Құдай оларға қызмет етудің жаңа үлгісін көрсетті. Киелі Рух оларды Мәсіхтің айқыш ағашының мәнісін зерттеуге талпындырды. Алла барльгқ істе оларға көмекші болды. Тәлімгерлерінің сөздерінің ақиқат екенін ұққан халық айтулы хабарды қуанышпен қарсы алды. Шыныменен де бұл үйір қасқырлардың шабуынан қорғануға мұқтаж болатын. Уэсли басқа қауым құрам деген ойы да болған жоқ, керісінше сенімдегілерді методистермен біріктіріп, бір қауым еткісі келді. Бұл ақиқатты уағыздаушылармен мемлекеттік шіркеу шайқасқа түсті. Құдайдың даналығының аркасында реформа шіркеудің өзінен басталды. Сырттан келгендерге мұнша өзгеріс енгізу мүмкін емес еді. Айтулы өзгерістерді енгізген шіркеудің тәлімгерлері болғандықтан, ақиқат кеңінен етек жайып тарай бастады. Діни ұстаздар қолдарын байлап тұрған рухани тұзақты ағытып тастап, шындық жолында кұлшына еңбектенді. Нысаншылдықпен (формализм) жарақаттанған шіркеу енді жаңа өмірге оянды. Уэслидің заманында бұрынғы ғасырлардағыдай Құдайға қызмет ететіндер дарынды адамдар болды. Кей кездері олардьщ арасында да шіркеу ережелері (доктриналар) бойынша түсінбестіктер болғанымен, негізгі мақсаттарын жақсы білетін олар, ортақ тіл тауып, қызметтерін жалғастыра білген. Бір кездері Уайтфильд пен ағайынды Уэслилердің арасында болған қарама қайшылық шіркеудің бөлініп кетуіне қаупін тигізді. Бірақ Исаның мектебінен тәлім алып, момындыққа тәрбиеленген олар күнәкар жандарды мәңгілік өлімнен құтқару үшін араларындағы алауыздықтарын ұмытып, еңбектерін жалғастырды. Өйткені дауласушылық, адасушылық жан-жақтың қыспақтап, күнәкарлар өлімге апаратын жолға түсіп алып тура тартып бара жатқанда ара катынастарын анықтап жүру жағдайсыз болды.ҮШ 163.2

    Аз уақыттан соң Құдайдың қалаулы қызметкерлері тікенді жолға тап болды. Оларға әр түрлі білімді, өтімді адамдар қарсы шықты. Сонымен қоса оларға діншілдер гаһарын төкті. Таза сенім мен оны уағыздаушылардың алдынан шіркеулер есігі жабьшды. Зұлымдық көшбасшылары бұларға қарсы имансыз, надан адамдардың жауыздығын қоздырып, сол аталғандар шынайы сенетіндерді мінбелерден келеке мазақ етті. Неше рет олардың бастарына қауіп төнді. Джон Уэсли Алланың мейірімінің арқасында талай рет өлімнен қалды. Бірде ол ызалы қара тобырдың арасына түсіп қалған кезінде, адам бейнесіне енген періште оны құтқарып алды. Сөйтіп Исаның жауынгері қауіпті жерден зиянсыз шықты. Осьшдай кездердің бірін еске ала отырып ол: «Мен тайғанақ жотамен түсіп келе жатқанымда қуғыншыларым мені талай шалып күлатпақ болды. Бірақ мен қүлаған былай түрсын, тайғанаған да жоқпын. Жұлқылауға түскен кезімде қалтам жыртылды, ал екінші, ақшасы бар қалтам жартылай ғана жыртылды. Алпамсадай біреу қолындағы сойылын неше рет жұмсағанымен, сойыл мені жанап өтіп қана отырды. Алдымнан шыға келген біреу маңдайдан соққысы келіп еді, қолы жөнді жетпеді, тек жанап қана өтті. «Мынаның шашы неткен жұмсақ» - деді, сонда ол. Осы айтылған баскесерлер, солардың бірі аюмен күрескен балуан болатын, кейін маған деген көзқарастарын өзгертті. Құдай бізді әр түрлі сынақтардан өткізіп шыңдайды, сенімімізді нығайтады. Осыдан екі жыл бұрын үстінен түскен кірпіш, оның иығын жаракатгады. Ал бір жылдан соң біреу таспен соғып, кеңсірігін сындырды. Бір ай бұрын ол тағы да қатты соққыға ұшырады, ал бүгінгі кеште оидай таяқты екі рет жеді, әуелі қалаға кірер кезде, сонан соң одан шыккан кезде. Еңгезердей бір еркек оны кеудесінен соқты, ал екіншісі аузынан қойып қалды, сол-ақ екен қан мұрнынан судай ақты. Жеген соққысы ауыр болды, бірақ қаншалыкты дәрежеде екенін ол тіпті сезбеді де.ҮШ 164.1

    Алғашқы жылдары методистер мен Құдайға қызмет етіп жүргендер, кәпірлерден ғана соққы жеп қоймай, шіркеудің мүшелерінен де көп жаза көрді. Олар сотқа тартылып және оларға неше түрлі үкім шығарылды. Бұларын сот деп атауда қиын, нағыз озбырлық десе тура болар, себебі ол жерде әділдік деген өте сирек кездесетін қонақ болатын. Бейшаралардың үйлерін сындырып, мүліктерін киратып, ездерін сойылдың астына алатын. Кей кездері осы масқаралардың өтілетін жері мен уақыты белгіленген жарнамалар алдын ала ілініп, жазалаушылар халықты сол жерлерге әдейілеп жинап отырды. Ал жазаланушылардың жазығы халықты жаман жолдан тайдырып, жақсы жолға түсіру мақсатында еңбектенгендері ғана. Дұшпандарының таққан кінәларына Джон Уэсли: «Кейбіреулер бұл ілімді кате санап, ал оны қолдаушыларға фанаттар деп ат қойып, оларды жек көрді. Шын мәнінде бұлай деп кінә тағуға еш себеп жоқ, себебі бұл ілім Киелі Жазбаға қарама-қайшы келмейді. Егер Жазба ақиқат болса, онда бұл ілім де ақиқат. Кейбіреулер бұл ілімді қатал деп санап, бұл жолды өте тар деп есептейді. Методистерге тағылатын жалғыз кінә осы. Бірак Мәсіх Иса мен Оның елшілерінің жолын тарылтқан методистер ме екен? Олардың ілімі Киелі Кітапта жазылған заңнан қатал ма екен? Айта келсек: «Құдайыңды бар жүрегіңмен, жан тәніңмен, бар пәрменіңмен жақсы көр», «Адам аузынан шыққан сөзі үшін қиямет күні жауап береді», «Ішсең де, жесең де немесе басқа бір іс істесең де барлығы Алланы мадақтап тұруы керек” делінбей ме? Егер олардың ілімі осы айтылған накыл сөздерден өзгеше болса бір жөн, бірақ олай емес екені бәріңе де белгілі. Құдай сөзін өзгертпей, оған жаңалыктар енгізуге бола ма? Қасиетті Қазынаның бір сөзін өзгерткен Құдайдың құпиясының күзетшісін сенімді деп атауға бола ма? Әрине жоқ. Ол бұл жазуға ештеңе қоса да, алып тастай да алмайды. Сол қалпында жеткізуге міндетті. «Мен Киелі Жазбаны сендердің талғамдарыңа сай келтіре алмаймын. Сендер бұл заңды орындауға мәжбүрсіңдер, болмаған жағдайда мәңгілікке жойыласыңдар”. Сондықтанда халық: «Мыналарда сүйіспеншілік деген жоқ” - деп шулайды. Here олай дейсіңдер? Олар жалаңаштарды киіндіріп, аштарды тамақтандырып жатқан жоқ па? Бұл жағынан оларға кінә таға алмайсыңдар. Олардың «айтулы үлгімен өмір сүрмеген адам кұтқарыла алмайды” деген тұжырымдары тым қатал, өйткені солай болатынына олар сенімді»деп жауап береген болатын.ҮШ 165.1

    Уэсли келместен бұрынғы Англияның рухани құлдырауы Құдай заңын орындамағандарының салдары болатын. Халықтың басым көпшілігі Мәсіх Иса енеге ережесін қыскартты (алып тастады), сондықтанда мәсіхшілер рухани заңды орындауға міндетті емес және «адам жаксы іс жасау құлдығынан бос” - деген тұжырымда болды. Енді біреулер Құдай заңы барын білгенімен, уағыздаушыларға оны үйретудің қажеті жоқ, өйткені Құдай құтқарам деп белгілеп қойғандар Оның игілігінің арқасында өздерінен өздері жақсы адамдар болып шыға келеді және де мәңгілік өлімге кетуге тиістілер Құдай заңының талаптарын орындауға шамалары келмейді. «Қалаулылар Құдайдың мейірімінен құр қала алмайды” - дейтіндер алғашқылардың айтқандарынан да сорақы нәтижені ұсынып, ондай адамдар қандай заңсыздық жасаса да Алланың алдында ол күнә және Жаратқанның заңын бұзғандык болып саналмайды, ендеше оларға тәубаға келіп, Алладан кешірім сұраудың да қажеті жоқ деп шығарды. Сол себепті де Құдай заңының дөрекі түрде бұзылғандығынан пайда болған күнәнің өзі, егер де оны қалаулы жасаса, Алланың алдында күнә болып табылмайтын болып шықты. Қалаулы Құдайға жакпайтын іс жасай алмайды, оның өзгелерден өзгешелігі де сонда. Осы ережелерді ойлап шығарған дін әкелері мен дін зерттеушілері: «Әділеттіліктің өлшемі болып саналатын, әдейілеп шығарылған Құдай заңы жоқ, әдептілік ережесін қоғам өзі шығарады және бұл ережелер езгеріп отыруы мүмкін»деп жариялады. Бұл әуел баста Адам ата мен Хауа ананы азғырып, ақиқат жолынан тайдырған зұлымдықтың әкесі ібілістің шығарған ережесі екенін барлық адамзат баласы білгені абзал. Адамның тағдырын Құдай ол баста шешіп қояды деген қате пікір халықты өз бетінше омір сүруге әкеліп тіреді. Уэсли бұл пікірдің қателігін дәлелдеп және өның Құдай заңына қарама-қайшы келетінін айтып, халықтың уланып қалған санасын тазарту жолында аянбай еңбектенді. «Адамзатты құтқаруға бағытталған Алланың игілігі оларға жетті», «Өйткені бұл жақсы және Құдайдың еркі де солай, өйткені Ол ешкімнің өлгенін қаламайды, керісінше барлық адамдардың ақиқатты меңгергенін қалайды. Құдай біреу, Құдай мен адамның арасындағы Келістіруші де Біреу, Ол - адам ( адамның табиғатын қабылдап дүниеге келген) Иса Мәсіх. (Тит 2:11), (ІТім 2: 3-6).ҮШ 165.2

    Киелі Рух бұл сыйды барлық адамзат баласына ұсынады. «Дүниеге келетін әр адамға сәулесін түсіретін шынайы Нұр - Мәсіх Иса (Жох. 1:9). Ал өмір сыйынан бас тартқан кез келген адам өз еркімен мәңгілік өлімді таңдайды.ҮШ 166.1

    Мәсіх Иса біз үшін қанын төкті, енді бізге ешқандай заңның қажеті жоқ дейтіндер қателеседі және оларға Уэсли былай дейді: «Қүдайдың он заңында жазылған, пайғамбарлар орындаған өнеге ережелерін Иса Мәсіх ешіріп тастаған жоқ. Ол Қүдай заңының бір бөлігін алып тастау үшін келген жоқ, Қүдай қандай мәңгілік болса, Оның заңы да сондай мәңгілік. Жаратылыстың басында жазылған бұл заң тасқа емес, адамның жүрегіне жазылған болатын. Адамзат күнәнің салдарынан Киелі заңға өздігінше өзгертулер енгізгенімен, жақсылық пен зұлымдықтың түсінігі бойында тұрғанда ол ережелерді түбегейлі құртып жібере алмайды. Құдайдың табиғаты мен адамның табиғаты және олардың өзгермейтін қарама қатынастарына негізделіп тұрған бұл заң заманына, уақытына, жеріне сай өзгеріске ұшырап тұратын емірге баланысты өзгере бермейді, ол барлық ғасырларда өмір сүріп жаткан адамзат балалары үшін өзгеріссіз қалады».ҮШ 166.2

    «Мен заңды өзгерту үшін емес, оны орындау үшін келдім”... Күмәнсіз бұл жерде Иса (бұрынғы және кейінгі айтылған сездеріне) сай пікірді ұсынып тұр. Мәсіх адамдардың күллі түсінігіне қарсы заңды толығымен қалыптастыру үшін, түсініксіз жерлерін соңына дейін түсіндіру үшін, заңның әр тармағының шынайы мағынасын ұғындыру үшін, адамдардың көздерін ашып заңның тазалығын, кеңдігін, тереңдігін, биіктігін керсету үшін және адамдарды мәңгілік өлімнен құтқару үшін құрылған Құдайдың жоспарын орындау үшін келді.ҮШ 167.1

    Уэсли Құдай заңы мен Ізгі хабардың үйлесімділігін уағыздады. Заң Ізгі хабарға жол салады, ал Ізгі хабар бізді Киелі заңды орындауға бағыттайды. Алланың заңы бойынша адам Құдайды және жақынын жақсы көруі керек. Бірақ біз ез бетімізбен бұл бұйрықты орындай алмаймыз. Дегенмен Алла бізге осындай махаббатты, өз ара сүйіспеншілікті беруге және бізді момын етуге уәде берді, тек бізден талап етілетіні ықылас қойып, Оның еркіне бағыну. Ізгі хабар дегеніміз осы. Біз Иса Мәсіхке деген сенім аркылы ғана Алланың заңының әділеттілігін мойындай және оны орындай аламыз. Заңның тақуалығы Исаға деген сенім арқылы біздің санамызда өз ісін жасайды.ҮШ 167.2

    Құдай заңының ең жеңіл деген немесе ең ауыр деген тармақтарының бірін ғана өзгертіп, солай басқаларға үйретіп және сонымен шектеліп қоймай, оны түп-түгел жоққа шығаратындар Ізгі хабардың ең жауыз дұшпандары болып табылады. Исаның Өзін сыйлап, заңын жоққа шығаратын, Қызметін мадақтай тұра, Оның берген ілімін аяқ асты ететіндер және соған өздері қатты сенетіндерді түсіну мүмкін емес, қайран қаласың. Мұндай адамдар сатқындық жасап тұрып, соған карамастан келіп «Қуаныңыз Раббы!» - деп, Мәсіхтің бетінен сүйген Яхудаға ұқсайды. Кез келген осындай адамға Алланың: «Бетімнен сүйіп тұрып, қалайша Маған сатқындық жасайсың?” - деп, айып тағуына толық негіз бар. Егер Исаның жазықсыз төгілген қаны туралы халыққа уағыздап, сонымен қатар Оны басындағы тәжінен айырсақ, Оның қасиетті заңының бір бөлігін кысқартып, бұл Ізгі хабардың сәтгі болуы үшін қажет деп сылтауратсақ, бетінен сүйіп тұрып, сатқындық жасау деген осы емес пе? Мұндай адамдардың саны қазір де аз емес. Шынында ақиқатты уағыздаушы кім де кім заңға бағынуды тура немесе жанама түрде шегеріп тұрса, заңның ең жеңіл деген бір тармағын кажетсіз етсе немесе оны түгелдей алып тастаса, ондай уағыздаушы жауапсыз қалмайды. «Ізгі хабардың уағыздалуы Құдай заңының барлық талаптарына сай келіп тұр” деушілерге Уэсли былай деп жауап берді: «Бұл тұжырым қате. Қасиетті заңның ең негізгі талабы - күнәкардың қатесін бетіне айту, дозақтың шетінде қалғып тұрғандарды ояту секілді бөліктерінің өзі орындалып жатқан жоқ”. Бұл жөнінде елші Паул: «Күнәкар екеніңді Құдай заңы арқылы ғана көре аласың» - дейді. Адамдар өздерінің күнәкар екендерін мойындамай, Исаның қаны арқылы ғана тазара алатындарын түсіне алмайды. Құтқарушымыздың Өзі де солай деген: «Дені сауларға ем керек емес, тек сырқаты барлар ғана емді қажет етеді”. Шынымен де дені сауларға немесе сырқаттарын сезбейтіндерге дәрігердің көмегін ұсыну ақымақтық болып табылады. Әуелі оларға сырқаты барын дәлелдеп беру керек, сонан кейін ғана ем ұсынылады. Жүрегі шын мәнінде қайғырып, жан азабына түспегендер Исаны қажет етпейді. Ондайларға Исаның кұрбандығын ұсыну ақымақтық. Осылайша Уэсли Құдай заңының мәртебесін көтере отырып, бар күші мен жігерін салып Ізгі хабарды халыққа уағыздады. Ол Құдайдың өзіне сеніп тапсырған ісін тиянақты түрде орындай білді және еңбегінің жемісін де көрді. Сексен жасқа келген Уэсли жарты ғасыр уақытын миссионерлік жорықтарда жүріп Аллаға қызмет етуге жұмсады. Оның соңынан ергендердің саны жарты миллионға жетті. Тек Құдай патшалығына кірген кезде ғана біз оның атқарған еңбегінің жемісін, яғни қанша жанның күнәнің үйіндісінен шығып Киелінің жолына түскенін көре аламыз. Оның өмірі кез келген мәсіхші үшін баға жетпес үлгі болып табылады. Сол кездегі Исаның сенімді жауынгерінің өз ісіне берілгендігі, кажымас қайраты, иманы қазіргі ғибадатхана мүшелерінің бойларынан табылмайтындығы қатты өкіндіреді.ҮШ 167.3