Loading...
Larger font
Smaller font
Copy
Print
Contents
ҮЛЫ ШАЙҚАС - Contents
  • Results
  • Related
  • Featured
No results found for: "".
  • Weighted Relevancy
  • Content Sequence
  • Relevancy
  • Earliest First
  • Latest First
    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents

    25-тарау - Өзгермейтін мәңгілік Құдай заңы

    «Сонда көктегі Құдайдың киелі үйі ашылып, ондағы Өсиет сандығы көрінді. Найзағайлар жарқылдап, қатты дауыстар мен күннің күркірегені естіліп, жер сілкініп, бұршақ катты жауды” (Аян 11:19). Өсиет сандығы киелінің Киелісі ішінде сақталған. Жердегі діни қызмет кезінде киелінің Киелісі жылына бір рет, татуласу күні ғана, қасиетхананы тазарту үшін ашылған. Сондықтан көктегі Құдай үйінің есігі ашылып, өсиет сандығы көрінді - деген сөз, Мәсіхтің көктегі киелінің Киелісіне кіріп, Өзінің қызметінің соңғы бөлімін орындауға кіріскенін білдіріп тұр. Ал бұл ұлы окиға 1844-ші жылы басталды. Сеніммен Оның соңынан ере білгендер, бұл өсиет сандығын көрді және Оның қызметіндегі өзгерісті де байқады. Иса Мәсіх Өзінің қанымен киелінің Киелісіне кіріп, Құдайдың киелі заңы сақтаулы өсиет сандығының алдында тұрып, әрбір күнәкар пенде үшін өтініш жасап тұр. Өсиет сандығы Құдайдың заңы жазылып тұрған екі бет тастың сақталған орны ғана, оның құндылығы және қасиеттілігі Құдай заңының мағынасында жатыр. Бұл заңды Құдай Тұр тауының үстінде, күннің күркіреіені сскілді зор дауыспен жариялап, Өз қолымен тас беттеріне жазып, адамзат баласына берген болатын. Кектегі Құдай заңы Мұса пайғамбарының қолына ұстатылған заңның түп нүсқасы және ол туралы пайғамбардың кітабында аньщ жазылған. Мұның маңыздылығын ұқкан адам, Құдай заңының қасиеттілігіне, өшпейтініне, өзгермейтініне, мәңгілік екеніне көзі жетеді.ҮШ 279.1

    «Сондықтан сендерге шын айтамын: Аспан мен жер жойылып кетпейінше Құдай заңының бірде бір әріпі, тіпті бір кішкентай сызығы да барлығы орындалғанша күшін жоймайды» (Матай 5:18).ҮШ 279.2

    Құдай заңы көктегі сенімді куәгер - Құдайдың мінезін және Оның еркін бізге жақсы көрсетеді. Оның заңы өзгермейді. Забур жырларында былай деп жазылған. «Сенің заңың көкте мәңгілікке бекітілген”. «Оның заңы ғасырдан ғасырға мықты жөне сенімді түрде жетеді» (Жыр. 118:89; 110:8). Осы заңның бел ортасында тұрған «сенбі күнінің киелілігін мөңгілік есінде сақта” деген төртінші бабы бар. «Алты күн жұмыс істе және кез келген ісіңді атқар, ал жетінші - сенбі күнін Жаратушы Құдайыңа арна. Бұл күні сен де, балаң да, қызың да, құлын да, күңің де, малың да, үйіңе келген қонағың да ештеңе істемей, тыныштықта өткізіңдер”. Өйткені Құдай алты күн бойы аспан мен жерді, теңізді және ондағылардың барлығын жаратқан, ал жетінші күні дем алған; сондықтан Құдай сенбі күніне Өзінің батасын беріп, оны қасиетті күн деп тағайындаған ( Мыс. 20: 8-11). Құдай Өзінің қасиетті Рухымен Оның заңын зерттейтіндердің жүрегіне әсер етті. Төртінші заңды білмегендерінен оны орындамағандары жайлы ой бұлардың мазасын кетірді. Неліктен адамдар жетінші сенбі күнін бірінші жексенбі күніне ауыстырып қойғандарын мұқият зерттей бастады және бұларына Киелі Жазбадан еш себеп таппады. Сенбіні жексенбіге ауыстыруға немесе бұл заңды мүлдем алып тастауға ешқандай бұйрық жоғын және болмаған да екеніне көздері толық жетгі. Осы уақытқа дейін бұл заң туралы ештеңе білмей, оны орындамай келгендеріне қатты күйінген олар, осы сәттен бастап Құдайға шын берілгендіктерінің дәлелдемесі ретінде сенбі күні жайлы заңды орындай бастады. Олардьщ сенімдерін шайқалтам дегендер де аз болған жоқ. Егер жердегі қасиетхана көктегі қасиетхананың үлгісімен салынған болса және ондағы заң көктегі заңның нақты көшірмесі болғаннан кейін, бұл заңды мойындап қана қоймай, орындау да қажет. Ендеше, Иса Мәсіхтің көктегі қасиетханадағы қызметі жайлы айтып тұрған, Киелі Кітапты дүрыс талқылауға кедергі келтірген қарама-қайшылықтардың сыры да осында жатыр. Адамдар Құдай ашқан есікті жабуға тырысты. Бірақ Құдай ашқан есікті кім жаба алады? Ол жапқан есікті кім аша алады? «Мінекей, Мен сенің алдыңнан есікті аштым және оны ешкімде жаба алмайды” - дейді Иса (Аян 3:7,8). Иса күнәкар пенделер үшін есікті ашты, яғни киелінің Киелісінде Өз қызметін бастады және ашулы есіктен шыққан жарық (білім) жан жақты нұрландырды. Адамдар онда сақтаулы заңның бір бөлігі - төртінші заңның барын өз көздерімен көрді. Сонда Құдайдың бекіткенін өзгертуге кімнің хақысы барды екен?ҮШ 279.3

    Исаның қызметінің мәнісін үққандар, Құдай заңының өзгермейтіндігін танып білгендер, аянның 14-ші тарауында дәл осы ақиқат жайлы айтылып тұрғанын түсінді. Бұл тарауда адамзат баласы Исаның келуіне дайын болуы үшін ескерту үш дүркін беріледі. «Сот мезгілі басталды» деген сөз адамзат баласын құтқару жолындағы Исаның қызметі аяқталуына тақау қалды деген мағынаны білдіреді. Иса келмес бұрын, Оның келетіні жайлы хабар барлық жер шарына таралып болуы керек. 1844-ші жылы басталған сот барлық өлілер мен тірілердің тағдыры шешіліп болғанша созылады, яғни ол сынақ мерзімінің соңына дейін барады. Адам сотқа дайын болуы үшін, хабар оларға былай деп бұйрық береді: «Құдайдан қорқындар және Оның Есімін мадақтаңдар!». «Жер мен суды және көкті жаратқанға табыныңдар!». Бұл хабарлардың қабьш болғанының нәтижесі келесі сөздермен тұжырымдалады: «Бұл жерде Исаға сенушілер мен Құдай заңын орындаушы - киелілердің төзімі қажет” (Аян 14:12). Сонымен сотқа дайын болу үшін Құдай заңын орындау керек, өйткені ол адамның мінезіңнің таразысы болмақ. Бұл жөнінде исаның шәкірті Пауыл: «Адамдардың барлық жасырын істері мен ойларына үкімді Құдай Иса Мәсіх арқылы қиямет соты күні шығарады. Құдай заңын бұзғандар айыпталады, ал оны орындағандар ақталады» дейді (Рим. 2:12¬16). Құдай заңын орындау үшін адамға сенім қажет, ейткені «сенімсіз Құдайға жағу мүмкін емес». «Сенімсіз жасалған кез келген іс - күнә» (Евр. 11:6 Рим. 14:23). Бірінші періштенің хабарында былай делінген: «Құдайдан қорқыңдар және Оның есімін мадақтаңцар!». Ал данышпан өз кітабында: «Құдайдан қорк және Оның заңын орында, адам баласына ең керегі де осы” дейді (Уағ. 12:13). Құдай заңына бағынбағандардың қызметі Оған керек емес. Құдайға деген сүйіспеншілігіңнің дөлелі - Оның заңын орындау. Ал Құдайдың заңын орындамайтындардың намазы - жүрек айнытатын жиіркенішті іс (ІЖох. 5:3, Нкл. 28:9). Біз Қүдайға Ол біздің Жаратушымыз болғасын табынамыз, солай істеуге міндеттіміз, бұл біздің қасиетті борышымыз. Киелі Кітапта адамның Құдайды кұрметтеуі мен Оған табынуы талап етілетіні ғана жазылып қоймай, Құдайдың шығармашылык күші де суреттеледі: «Адамдардың қолдан жасаған құдайлары - пұттар, ал Тәңіріміз көкті жаратқан (Жыр. 95:5). «Мені кімге ұқсатасыңцар және кіммен салыстырасындар?дейді Киелі. «Бастарыңды кетеріп көкке қараңцар, осы дүниені кім жаратқанын көріңдер». «Мен, Құдаймын, Менен басқа Құдай жоқ” (Ишая 40:25,26;45:18). Жьфшы бізге былай дейді: «Жаратқанды Құдайымыз-деп мойындаңдар, Ол бізді жаратты, біз Оның меншікті халқымыз. Жаратушы Құдай Ие біздің Ізгі Шопанымыз, ал біз Оның аялап бағатын отарымыз. Теңіздер де Иеміздікі, құрлықтарды да ол жаратты. Келіңдер иіліп Иемізге тағзым етейік, Оның алдында тіземізді бүгейік” ( Жыр. 99:3,94:5,6). Көктегі киелі жан иелері Тәңірге тағзым етуінің себебін былай деп хабарлайды: «Уа, Құдай Иеміз, Сен даңқ пен ұлылыққа, құрмет пен билікке лайықсың! Өйткені бүкіл әлемді жаратқан Өзіңсің, Сенің еркіңмен ол жаратылды және бола да береді» (Аян 4:11).ҮШ 280.1

    Аянның 14-ші тарауында Құдайға табыну керектігі ғана ұсынылып қоймай, Оның еркіне бағынып, Оның қасиетті заңын орындап отырған адамдар жайлы да айтылады. Заңның төртінші тармағында Құдайдың Жаратушы екені тікелей айтылған: «Жетінші күн - сенбіні Құдайыңа арна, өйткені Ол алты күн бойы дүниені жаратты да, жетінші күні дем алды. Сондықтан Ол сенбі күніне бата- сын беріп, осы күнді ерекше касиеттеді» (Мыс. 20:10,11). «Бұл күн Менің Құдай екенімді және бүл дүниені жаратқан да Мен екенімді ескертіп тұратын белгі” - дейді Киелі (Езк. 20:20). Ал мына жолдар бұл айтылғандардың акиқат екенін дәлелдейтін негіз ретінде ұсынылады: «Алты күн ішінде Алла жер мен көкті жаратты, ал жетінші - сенбі күні дем алды» (Мыс. 31:17). Сенбі - жаратылыстың ескерткіш күні. Ол күн біздің шын ниетімізбен Құдайға табынуымызбен мәнді. Өйткені Ол - Жаратушы, ал біз - жаратылғандармыз. Шын мөнінде Құдайға арналған қызмет негізінің өзі сенбіден құралады, өйткені ол адамзатқа ақиқатты анық үсынады. Дегенмен Құдайға табынуымыздың себебі тек сенбіде ғана емес, Ол біздің Құдайымыз, ал біз Оның пенделеріміз, сондықтан да біз Оның алдында бас июіміз керек. Бұл ұлы дерек еш уақытта ескірмейді, оны ұмытуға болмайды. Сенбіні Құдай Бейіш бағында бекіткен. Сенбі күні адамзат баласына Құдайдың Жаратушы екенін, ал біздің Оның пенделері екенімізді еске салып тұратын ескерткіші болып табылады. Егер біз сенбі күнін ұмытпай, осы күні Құдайдың алдына келетін болсақ, онда біздің бар ойымыз, ниетіміз Оған бағытталып, жер бетінде бірде бір пұтқа табынушылар, атеистер және құдайсыздар қалмаған болар еді. Сенбі күнін сақтау Құдайға деген адалдығымыздың белгісі болып табылады. Сондықтан Құдайға табынуға және Оның барлық заңын орындауға шақырып тұратын хабар, заңның төртінші тармағы - сенбіні сақтауды өсіресе еске салады. «Кімде кім хайуанға және оның бейнесіне табынып, оның белгісін маңдайы мен қолына алса, Құдайдың каһарының шарабын ішетін болады» және «олар Құдайдың заңын орындап, Исаға сенетіндерден айрықша бөлек көрініп тұрады» делінген, үшінші періштенің хабарында (Аян 14:9,10). Бұл хабарды дұрыс түсіну үшін берілген рәміздерді дұрыс ширата білген жөн. Хайуан, оның бейнесі және белгісі дегеніміз не? Бұл рәміздер жайлы аян ашық кітаптың 12-ші тарауында аждаһаны суреттеуден басталады. Ол Мәсіх Исаны тусымен өлтірмекші болған. Аждаһа тағы да шайтан деп те аталады (Аян 12:9). Ол Ирод патшаны Құтқарушыны өлтіруге азғырған болатын. Дегенмен мәсіхшілер дәуірінің алғашқы ғасырларында, Мәсіхке қарсы шайқаста, аждаһаның негізгі қаруы Рим империясы болған. Ашық кітаптың 13-ші тарауында (1-10 дейінгі тақпақтар) жолбарысқа ұқсас басқа хайуан жайлы жазылады және «оған аждаһа өзінің тағын, билігін және күшін берді” - делінген. Бұл рәміздер арқылы Рим империясынан оның билігін, тағын және күшін алған Рим папалығы суреттеледі. Жолбарыс жайлы тағы да: «Ол менменшіл түрде, тәкаппарлықпен Құдайды ғайбаттап, күпірлік сөздер сөйлейді» делінген (Аян 13:5-7). «Оған кез келген ел- мен, тайпамен, халықпен және румен шайқасқа түсіп, оларды жеңетін билік пен күш берілді”. Бұл аянның сипаттамасы Даниял пайғамбарының кітабының 7-ші тарауында айтылып тұрған кішкене мүйізбен сәйкес келеді. Күмәнсіз осы жерде Рим папалығы жайлы айтылып түр. «Оған 42 ай бойы әрекет жүргізетін билік берілді. Пайғамбар былай дейді: «Мен бір бастың қансырап, жарақат алғанын көрдім». Тағы да: «Кім біреуді тұтқынға алса, сол өзі тұтқындалады және кім біреуді найзамен өлтірсе, сол өзі найзадан өледі». Қырық екі ай дегеніміз - уақыт, уақыттар және жарты уақыт, яғни үш жарым жыл немесе Даниял пайғамбарының кітабында сөз болған 1260 күн. Осы мерзім аралығында Рим папалығы билікке ие болып, Құдай халқын қуғын - сүргінге ұшыратқан. Алдыңғы тарауларда айтылып кеткен бұл кезең 538-ші жылы басталып, 1798-ші жылы папа француз әскерімен тұтқынға алынғанда аяқталған болатын. Рим папалығы шынымен де өлмелі жарақат алды. Осы оқиға: «Кім біреуді тұтқынға алса, сол өзі тұтқындалатын болады» деген аянның орындалғанының дәлелі. Әрі қарай басқа рәміз туралы айтылады. Пайғамбар: «Тағы да жерден шығып келе жатқан бір хайуанды кердім, оның тоқты мүйізіндей екі мүйізі бар екен» дейді (Аян 13:11). Бұл хайуанның түрі және оның пайда болуы, рәміз арқылы басқа халықтың бейнеленіп тұрғанына нұсқайды. Айта кететін жайт, Даниял пайғамбарына әлемге әмірін жүргізіп тұрған патшалықтар хайуан бейнесінде көрсетілген және олар ұлы теңіз үстінде, төрт жақтан шығып, бір-бірімен шайқасқан желмен салыстырылады (Даниял 7:2). Ашық кітаптың он жетінші тарауында періште су дегеніміз халықтар деп түсіндіреді (Аян 17:15). Ал жел дегеніміз рәміздер арқылы суретгеліп тұрған соғыстар. Бір бірімен шайқасқа түскен желдер дегеніміз патшалықтар арасындағы шайқастар - революциялар мен соғыстар.ҮШ 281.1

    Жерден шығып келе жатқан тоқтының мүйізіне ұқсас мүйіздері бар деген хайуанды басқа шайқасқа түсіп жатқан хайуандардың арасынан іздеуге болмайды. Ол өзі жеке пайда болған мемлекет. Ол ешкімнің иелігінде жоқ, бос жерде пайда болып, біртін - біртін есіп, бейбіт түрде еркендеді. Оны жер шарының жартылай бөлігінің батыс жағынан іздеу керек. 1798-ші жылы қандай ұлт өзіне әлемнің кеңілін аударып, беки түсті? Осы аянға сәйкес келіп тұрған халық , еш күмөнсіз Америка Құрама Штаттары. Бұл хайуан жерден шықты. Лингвистердің тұжырымы бойынша жерден шыққан деген сөз, өсімдік секілді өскен, пайда болған деген мағынаны білдіреді. Шынымен де ол ешкімнің иелігінде жоқ аймақта пайда болды. Белгілі әдебиетші АҚШ-тың өркендегенін сипаттай отырып: «Жерге көмілген тұқымнан пайда болғандай, біз үнсіз өсіп, ұлы империяға айналдық» дейді. Оны тоқтының мүйізіндей екі мүйізі бар еді деген сөз бұл мемлекеттің өте жас, бейкүнә және жұмсақ екенін білдіртеді. Өйткені кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған мәсіхшілердің көпшілігі Америкадан пана тапты. Бұл, бостандықтың туын тіккен мемлекеттің декларациясында былай делінген: «Барлық адамдар бірдей жаратылған, олар емір сүруге, бостандыққа ие болуға және бақытты болуға құқылы». Сонымен қатар олар діни бостандыққа да ие болды. Олардың өркендеуінің және күшті болуының құпиясы да осыида жатқан болатын. Дегенмен «тоқтының мүйізіндей мүйізі бар хайуан айдаһардай сөйлейтін болады» делінген. Бірінші хайуанның билігіндей билікпен әрекет жасап, бар жерді және оның тұрғындарын жарасы жазылып кеткен хайуанға бағындырғысы келеді (Аян 13:11-14). «Тоқтының мүйізіндей мүйіздері бар” және «айдаһар дауысты” деген рәміздер бір біріне қарама қайшы келетіні белгілі. Бір жағынан бұл бостандықтың туын тіккен мемлекет болғанымен, аяндардың барысын барлайтын болсақ, ол «айдаһардай ақыратын болады» делінген. Екі мүйізді айуан өзінің күші мен билігін пайдаланып, барлық жердің тұрғындарын бірінші хайуанға, яғни папаға бағындырғысы келеді. Мұндай әрекеттер айтулы елдің ұстанымдарына, тәуелсіздік декларацияларына* жөне ата заңына қарама қайшы. Бұл ұлтты құрушылар үкіметті шіркеудің әсерінен қорғап қалу үшін барлық жағдайды жасады. Ата заң бойынша конгресс қандайда болса дінді бекітуге немесе дін бостандығына кедергі боларлықтай заң қабылдауға кұқысыз. Сонымен қатар адам қоғамда жауапты қызметке орналасу үшін міндеггі түрде шіркеудің мүшесі болуы тиісті емес. Қандайда болса дінді адамға мойындату, ұлттың бостандығын қорғайтын ұстанымдарды бұзу деген сөз. Мұндай қадам жоғарыда айтылып кеткен рәміздерге сай келетін үкіметті суреттейді. Оның тоқтының мүйізіндей мүйізі бар (тазалық пен пәктіктің белгісі) болғанымен, өзі айдаһарша ақырьга сөйлейді - делінген. Енді аянның барысын барлай отыратын болсақ, бұл мемлекеттің Америка Құрама Штаттары екеніне сөзсіз көзіміз жетеді, себебі ол хайуанның бейнесін жасауды бұйырады. Сонда «хайуанның бейнесі” дегеніміз не? Бұл тоқтыға ұқсас екі мүйізді хайуан болғанымен, бірінші хайуанды бейнелейді. Бұл бейненің негізін және қалай құрылғанын түсіну үшін, біз сол хайуанның өзін, яғни папалықты жақсы білуіміз керек.ҮШ 283.1

    Ежелгі шіркеу ырым - жырымдармен неше түрлі дәстүрлерді қабылдап, өзінің алғашқы тазалығы мен қарапайымдылығын жоғалтып алған кезде, ол үкімет билігінің қолдауын іздей бастады. Нәтижесінде мемлекеттік билікті бақылап отыратын, оны өз еркінше жұмсап, өз ыңғайына көндіріп отыратын шіркеу пайда болды, бұл папаның шіркеуі немесе басқаша айтатын болсақ папалық. Америка Құрама Штаттары хайуанның бейнесін жасауы үшін, діни иерархия мемлекеттің беделін пайдаланып, өз дегеніне жету үшін мемлекетті өзіне бағындыруға тиісті болды. Барлық уақыттарда шіркеу мемлекет билігін пайдаланып, олардың ілімін қабылдамағандарды жазалап отырған. Протестанттық шіркеулер де Римнің үлгісі бойынша үкіметпен одак, құрып, ар бостандығын шектегісі келген. Біз мұны Англия шіркеуінің тәжірибесінен жақсы байқаймыз. Олар ұзақ уақыт бойы ілімін қабылдамағандарды қуғын-сүргінге ұшыратты. XVI және XVII ғасырларда мыңдаған шіркеу қызметкерлері осындай тағдырға душар болып, көбі қамауға алынып, енді біреулері азаппен өлтірілген. Осылайша, хайуан, яғни папалықтың пайда болуына жағдай жасалды. Бұл жөнінде елші Пауыл былай дейді: «Шегінушілік келіп, өлім баласы - күнәкар адам ашылғанша” (2Сал.2.3). Сонымен хайуанның пайда болуына шегінген шіркеулер себеп болды.ҮШ 284.1

    Киелі Кітапта: «Исаныңкелер алдындағы адамзат балаларының діни құлдырауы алғашқы ғасырлардағыдай болады» - делінген. Есіңде болсын, соңғы күндері қиыншылық көп болады. Халық өзімшіл, ақшақұмар, өркөкірек, балағатшыл, ата анасына бағынбайтын, қайырымсыз, меірімсіз, ешкімге жақсылығы жоқ, жаманшылыққа жақын, іші тар, достығы жоқ жауласымпаз, татуласпайтын, жалақор, өтірікші, сенімсіз, ұстамсыз, қатыгез, сатқын, бетсіз, имандылықтан гөрі ойын-сауыққа жақын, озбыр, Құдайдан өзін артық жақсы көретін, сырты бүтін, іші түтін қаныпезерлерге айналады, ондайлардан аулақ жүр - делінген (2Тім.3.1-5). «Шайтанның ілімін қабылдап, иманнан бас тартатындар көп болады» ( 1Тім.4:1). Ібіліс неше түрлі ғажап - кереметтерімен көпшілікті өзінің соңынан ерітіп әкетеді. Ақиқатты қабылдамағандар адасып, өтірікке сенетін болады (2 Сал.2:911). Осы уақыттар келіп жеткенде, нәтиже алғашқы ғасырлардағыдай болады. Көпшіліктің ойынша протестанттық (наразылық білдірушілер) шіркеулердегі доктриналардың көптігі олардың бастарының күшпен бірікпейтіндігінің дәлелі саналады. Десе де олар, яғни протестанттық шіркеулер көптеген жылдар бойы ілімдерінің де ортақ, доктриналарының да ортақ, атап айтқанда бірдей болуына ұмтылып келеді. Олай болуы үшін атаулы шіркеулер Киелі Жазбадағы маңызды сұрақтар маңайындағы алауыздықтарын ұмытып (Жазбадағы айқын ақиқаттарға қарамай), өз ара пікірталастарын тоқтатуы керек.ҮШ 285.1

    Чарльз Бичер, 1846-шы жылы халық алдына шығып сөйлеген уағызында: «протестанттық шіркеулердің діни қызметкерлері арсыз істерді қорыққандарынан ғана істеп қоймай, өздерінің бұзылған табиғатына сай ақиқатты тұмшалап, шегінген немесе кері кеткен биліктің алдында бастарын иеді. Қарап отырсақ Рим де солай істеген емес пе еді? Сонда біз сол тарихты қайтадан басымыздан өткеріп жатқан жоқпыз ба? Болашақта бізді не күтіп тұр? Ненің куөсі боламыз? Басқа дүниежүзілік собор (шіркеу)! Барша әлемнің келісімі! Мәсіхшілердің одағы мен барлығына ортақ бір доктрина!ҮШ 285.2

    Осы айтылғандар орындалып болғаннан кейін, халықты дегендеріне зорлап көндіруге бір адым ғана қалады. Америка Құрама Штаттарының жетекші шіркеулері бір доктринаның маңайына шүйіркеленген кезде, өздерінің бекіткен заңдары орындалуы үшін, олар мемлекетке әсер ете бастайды және оның билігін пайдаланып, көздеген мақсаттарына жеткісі келеді. Сол кезде протестанттық Америкада Рим иерархиясы құрылды деп айта беруге болады және олар басқаша ойлайтын азаматтарды қысымға ұшыратады. Басқаша айтатын болсақ екі мүйізді хайуан барлық қарапайымдар мен ұлылардың, байлар мен кедейлердің, бостандықтағылар мен құлдардың маңдайы мен оң қолына хайуанның белгісін алуды талап етеді. Ондай белгісі немесе нұсқасы, иә болмаса оның атының саны жоқтар сата да, сатып ала да алмайды ( Аян 13: 16,17). Бұл жайында үшінші періште: «Кім де кім хайуанға бас иіп, маңдайына, иә болмаса қолына оның белгісін соғатын болса, сол Құдайдың қаһарының шарабын ішетін болады» деп ескертеді. Бұл жерде әңгіме етіліп отырған, екі мүйізді хайуан баршаны оған күштеп тағзым еткізетін, бірінші немесе түрі жолбарысқа ұқсас хайуан - папалык (Аян 13 тарау). «Хайуанның бейнесі” дегеніміз шегінген протестантизмнің қалыбы және ол, протестанттық шіркеулер өз доктриналарын мәжбүрлеу тәсілімен көпшілікке тарату үшін азаматтық биліктен көмек сұрайтын кезде пайда болады. Енді хайуанның кескініне қатысты сұрақты шешіп алу қажет. Хайуанға және оның бейнесіне тағзым етпеңдер деген ескертуден кейін, аянда тагы да былай делінген: «бұл жерде Исаға сенетіндер мен Құдайдың заңын орындайтын киелілердің төзімі қажет». Құдайдың заңын орындайтын имандылар мен хайуанның заңын орындайтындардың мінездері бір - бірлеріне қарама қайшы келіп тұр. Соның нәтижесінде, яғни Құдай заңының орындалуы, иә болмаса орындалмауынан біз кімнің қай жақ екенін тура айыра аламыз. Хайуанның, ендеше оның бейнесінің негізгі ерекшелігі Құдай заңын бұзуында. Кішкене мүйіз немесе папалық жайлы Даниял пайғамбары былай дейді: «Ол мейрам күндері мен заңды алып тастауды армандайды» (Дан.7:25). Дәл осы билікті Пауыл «күнә адамы” деп атаған болатын. Қарап отырсақ бір аянды екінші аян толықтырып тұр. Папа Құдай заңын өзгерту арқылы өзін Құдайдан жоғары санап тұр. Ал оның заңына бағынатындар Аллаға бағынбайтын бұзақылар болып саналады. «Бейнелерге табынбаңдар” деген екінші тармақ заңнан мүлдем алынып тасталған. Папалықтардың тұжырымдауынша бірінші және екінші заң ұқсас, яғни біреу дегілері келеді. Ал заңның төртінші тармағы, яғни «сенбіні естен шығармаңдар” деген қағиданы жексенбі күнімен алмастырылып тұр. Бұл заңның әдейілеп өзгертілгеніне күмән келтіруге болмайды, өйткені аянда «ол мерекелік мезгілдер мен заңды алып тастауды армандайды» делінген. Олар шіркеу заңды өзгертуге хұқылы деп, өздерінің атақтарын Құдайдан асырып түсіргілері келеді. Ал шынайы сенетіндердің басқалардан айырмашылығы, төртінші заңды мүдіртпей орындауында. Өйткені бұл күн Алланың ерекше батасын беріп, тағайындаған күні - уақыт ішіндегі ескерткіш. Хайуанға табынатындар, аты атаулы күнді жоққа шығарып, Римнің мәртебесін көтеретіндер. Папа Құдай заңына өзгеріс енгізіп, жетінші күнді бірінші күнмен айырбастап және үкімет билігін пайдаланып, барша халықты осы күнді сақтауға зорлап көндірген. Ал Киелі Жазба: «Құдайдың батасын берген күні жетінші - сенбі күні» дейді. Мәсіх Иса: «Алла сенбі күнінің әміршісі» дейді. Ишая пайғамбары арқылы Құдай сенбі күнін: «Менің киелі күнім” деген сөздермен анықтайды (Ишая 58:13). Бұл күнді Иса Өзі езгерткен деген лақап сөзге біз былай деп жауап бере апамыз: «Мен Құдай заңы мен пайғамбарлар жазбаларының күшін жою үшін келді деп ойламандар, Мен оларды жою үшін емес, толық мағынасында жүзеге асырып орындау үшін келдім». «Шын айтамын, аспан мен жер жойылып кетпейінше, Құдай заңының бірде бір әріпі, тіпті бір кішкентай сызықшасы да күшін жоймайды, әуелі бәрі де жүзеге асады”. «Кім де кім өсиеттердін тіпті ең болымсызын бұзып, адамдарды солай үйрететін болса, ол Аспан Патшалығында мардымсыз болып саналады, ал кідекім заңның тұтастығына үйретсе ол Аспан Патшалығында ұлы болып саналады» (Матай 5:17-19).ҮШ 286.1

    Сенбі күнін өзгертуге Киелі Жазбада берілген ешқандай негіздеме жоғын гіротестанттар жақсы біледі. Ол туралы Америка қоғамының белгілі баспасөз және Америка жексенбілік мектебінің бұқаралық ақпараттары анык жазады. Осындай мақалалардың бірінде: «жексенбі күнін сақтау туралы заңға байланысты сұраққа Жаңа Өсиет жауап бермейді» деп жазылған. Сол секілді мынадай да пікір бар: «Иса Мәсіх елгенге дейін бұл күн өзгертілген жоқ, дегенмен Жазбаға сүйенетін болсақ, кейіннен де, Киелі Кітапта елшілермен сенбі жексенбіге ауыстырылды деген нұсқау жоқ”.ҮШ 287.1

    Рим католиктік шіркеуі сенбі күнін жексенбіге ауыстырғандарынан бас тарт- пайды, сонымен қоса протестанттар жексенбі күні туралы заңды орындай отыра, біздін абыройымызды мойындайды деп ашық жариялайды. Католиктердің катехизистерінде (заң нұсқасында) бұл сұрақ туралы былай деп жазылған: «Заң бойынша әрине сенбі киелі күн, бірақ Иса Масіхтен тәлім алған және Киелі Рухпен шабыттанған шіркеу сенбіні жексенбіге алмастырды. Сондықтан да біз үшін енді киелі күн - жексенбі - деп шайтанның демеуін қолданады». Папалықтар сенбіні жексенбіге ауыстырғандарын және протестанттардың олармен келіскендерін мақтан тұтады. Олардың ойынша сенбіні жексенбіге ауыстыру әрекетінің өзі католик шіркеуінің абыройының рәмізі болып табылады, ал протестанттар болса бұл заңды орындай отыра олардың билігін мойындайды. Осылайша папалықтар шіркеу заңды өзгертуге қүқылы және олардың белгілеп берген заңдарын орындамау күнә деп жариялайды. Сенбіні жексенбіге алмастыру папалықтардың ойынша Рим католиктік шіркеуінің абыройының көтерілуінің белгісі, ал шындығына қарасақ бұл «хайуанның нұсқасының» белгісі.ҮШ 287.2

    Рим шіркеуі жоғарғы билікке ие болу құқығынан бас тартып тұрған жоқ және Құдай заңын емес, олардың заңын қабылдап тұрған бар әлем, сонымен қоса протестанттық шіркеулер бұл билікті мойындап тұр. Протестанттар: «Тек Киелі Кітап қана протестанттардың діні болып саналады» деген басты ұстанымдарынан айнып кетіп түр. Протестанттар кернекілі деректерге коз жүмып, өздерін - ездері алдап тұрғандарын папалықтар жақсы біледі. Ақыры барлық протестанттар Рим туының астына жиналады - деген ой, оларды қатты қуантады. Папалықтар протестанттарға жексенбі күні туралы заңды орындата отыра, оларға өз билігін жүргізіп, өз үстемдіктерін көрсетіп тұр. Басқаша айтатын болсақ папалыққа, яғни хайуанға табындырып тұр. Заңның төртінші тармағының талаптарын қабылдай отыра, сонымен қатар жалған сенбіні, яғни жексенбіні құрметтейтіндер, сол заңцы өзгерткен билікті де құрметтейді. Сондай-ақ мемлекеттік биліктің күшін пайдаланып адамдарға өз діни талаптарын орындататын шіркеулер хайуанның бейнесіне айналады. Ендеше АҚШ та сенбінің орнына жексенбі тыныштык күні деп ресми түрде жарияланып, сол заңды орындау барлығынан ерікті немесе еріксіз талап етілгенде, олар хайуанға және оның белгісіне табынды деп айта беруге болады. Бұрын да, қазір де жексенбі Құдайдың тағайындаған сенбісі - деп шынайы адасып жүргендер қай шіркеуде болса да аз емес. Сондықтан да Құдай олардың шынайы қызметін қабыл алады. Бірақ жексенбілік заң шығып, оны міндетті түрде сақтау талап етілгенде және сенбі күні жайлы ақиқат ашылғанда, Римнің бекіткен заңын орындап, Құдай заңын бұзғандар, папалықты Құдайдан артық қастерлейтіндерін көрсетеді. Бұлар хайуан мен оның бейнесіне табынатындар. Осы қаулы шыққаннан кейін адамзат баласы екі топқа бөлінеді. Бірі Құдайдың заңын мойындап, Аллаға табынатындар, екіншілері папаның (адамның) заңын орындап, хайуанға табынатындар. Үшінші періштенің хабары осы жайлы болып тұр. Бұл маңызды сұраққа қатысты адамдар түсініксіз қалмаулары керек. Қиямет күні келгенше күллі жер бетіндегі қауым Киелі Жазбада берілген ақиқаттарды жақсы білулері керек. Бірінші періште өз хабарын барлық тайпаларға, руларға, ұлттарға және халықтарға жеткізсе, үшінші періштенің хабары осы хабардың жалғасы болып табылады және кең түрде барлық жер бетіне тарайды. Аянда: «Періште аспанның дәл ортасында ұшып келе жатып, халықтарға өз хабарын жариялайды және езіне бар өлемнің көңілін аударады» - делінген.ҮШ 288.1

    Шайкас соңында мәсіхшілер екі топқа бөлінеді, бірі Исаға сеніп, Құдай заңын орындайтындар, екіншілері хайуанға табынатындар. Алланың заңынан тайған шіркеулер мен мемлекет бірігіп, барлық адамзат баласын хайуанның белгісін алуға зорлап көндіреді (Аян 13:14). Бірақ Құдай халкы бұл белгіні еш уақытта алмайды. Сонау заманда пайғамбар, Патмос аралында жатқанда, хайуанды жеңетіндерді өз көзімен көрген болатын. Олар шыны теңізінің үстінде тұрып, Құтқарушы Құдай Иеге арнап жеңіс жырын орындайды (Аян 15:2-8).ҮШ 289.1

    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents